Ауылдағы баламалы энергия көзі

Қызылжар өңірінен ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесіне қатысу ба­қы­ты­на ие болғандардың бірі – «Зенченко және К» коман­диттік серіктестігі­нің ди­рек­торы Геннадий Зенченко.
Егемен Қазақстан
20.06.2017 581

«Астана көрмесінің күн тәр­тібіне «Болашақтың энергиясы» тақы­рыбының ұсынылуы кездейсоқ емес» дейді ол әңгімелескенімізде. Ол өндіріске ғылым жаңалықтарын енгізудің жолдарын талмай қарас­тырады. Топырақты өңдеудің, шабын­дықтарды суарудың, бидай, кар­топ өсірудің, асыл тұқымды селек­ция­лық жұмыстардың озық тех­но­ло­гияларын алғашқылардың қата­рын­да пайдаланды.

Бір арманы жаңартылған энер­гия түрлерін қарапайым тұрмыс­та қолдану болатын. Осы мақсатын іске асыру үшін жатпай-тұрмай ізденіп, ақыры жел-энергетикалық қондырғысын орнату қажет деп шешкен. Оған шаруашылық есебінен 420 миллион теңге жұмсап, Жалпыұлттық телекөпірде тұсауын Елбасының өзі кесті. Бүгінгі күні желден қуат көзін алатын екі энер­гетикалық құрылғы тұрақты жұмыс істеп тұр. Былтыр 1,3 млн Квт энер­гия өндіріліп, көрші ауыл­дар­ды да қамтамасыз етті. Желден жарық алу қай жағынан болсын өте тиім­ді екенін осылайша дәлелдеді.

Геннадий Геннадьевичтың сөзі­не алып-қосарымыз жоқ. Еліміз дәс­түрлі энергетикалық ресурстарға кен­де болмаса да, баламалы энер­гия көздерін пайдалану арқылы «жа­сыл экономика» құру бағытына ба­сым­дық беруінің бір себебі зиянды зат­тар­дың қоршаған ортаға келтірер за­ла­лын төмендету болса керек. Оның үстіне бүгінгідей жаһандану үрді­сінде ең үздік технологиялық жетіс­тіктерсіз алға басу мүмкін емес. Ха­лық­тық, ұлттық дәстүр мен мә­де­­ниет­тегі жаңа сипаттар да көр­менің басты тақырыптарының бірі еке­ні даусыз. Демек, сан-салалы ауқым­да өрбитін көрменің ұсынары көп болмақ.

Сол сияқты, Қазақстан үшін биылғы жылғы басты оқиғаға бала­на­тын айтулы шараға «БиоТЭС», «Тайынша-Астық», «Угл­жог», «Радуга» секілді кәсіп­орын­дар да қатысып, өз жетіс­тік­терін жар­на­малайтын болады.

Жалпы, солтүстікқазақ­стан­дық­тар қай жағынан болсын ха­лық­ара­лық көрмеге жан-жақ­ты дайындықтармен келге­нін айта кеткен жөн. Ол туралы кәсіп­кер­лік және туризм басқарма­сы­­ның басшысы Құралай Жарова әңгімелеп берді. Оның айтуын­ша, 100 мыңға жуық солтүстік­қазақ­стандық көрмені кезең-кезеңімен қызық­тамақ, олардың бестен бірі– балалар мен зейнеткерлер. Мек­теп оқушылары үшін жергілікті қазынадан қаражат бөлініп, арнайы көліктер бөлінген. Көп балалы от­ба­сыларға, жетім балаларға жеңіл­діктер жасалған.

Агроқұрылымдар да өз тарту-таралғыларымен барып жатыр. Бұл күндері ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылып, астаналықтар мен меймандарға 2851 тонна азық-түлік түрлері, ет, сүт өнімдері қол­жетім­ді баға­ға ұсынылады. Ал, мә­де­ниет күндері аясында өнер ұжым­дары­ның концерттік бағдар­ла­ма­лары тамашаланады. «Этно­ауыл» ұлт­тық-мәдени кешенін қызық­тау­шы­лар қатары қалың болары сөзсіз.

Бір сөзбен айтқанда, әлемдік ауқымда атап өтілетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі техникалық жетістіктермен, баламалы энергия көз­дерінің молдығымен, рухты жа­ңар­тудың, ғылымға ұмтылудың ма­ңыз­дылығымен назар аударары анық.

Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2018

ЕО - Орталық Азия қарым-қатынастарының 25 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

22.02.2018

Бақытжан Сағынтаев отандық сарапшылармен өңірлерді дамыту мәселелерін талқылады

22.02.2018

Астанада «Енді ешқашан: Ашаршылық, Холокост, Камбоджа, Қожалы, Руанда» фотокөрмесі өтті

22.02.2018

Астанада әйелдер күресінің академиясы ашылды

22.02.2018

Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының Хатшысы қызметіне тағайындалды

22.02.2018

Джордже Деспотович: «Біз ертеңгі кездесуде жоғары нәтижеге жетуге тырысамыз»

22.02.2018

Станимир Стоилов: «Ертеңгі кездесуде қорғаныста барынша сақ болып, өз ойынымызды көрсетуіміз қажет»

22.02.2018

Жоржи Жезуш: «Біздің жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндігіміз бар»

22.02.2018

Астананың 20 жылдығына орай өтетін маңызды шаралар белгілі болды

22.02.2018

Желсон Мартинш: «Біз біртұтас команда ретінде ойнаймыз»

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы қаржы пирамидасының басты белгілерін атады

22.02.2018

Ұлттық банк басшысы теңге бағамына қатысты болжам жасады

22.02.2018

Тараздағы «Жеңіс» саябағы қайта жаңғыртылады

22.02.2018

Ақышев: Теңге жыл басынан бері 4%-ға нығайды

22.02.2018

Атырау облыстық театрына «Академиялық» мәртебе салтанатты түрде табысталды

22.02.2018

Мейірбек Сұлтанхан «Астана – биік төрім, Қызылорда – туған жерім!» республикалық айтыста жеңімпаз атанды

22.02.2018

Шетелдік ЖОО-лардың қазақстандық студенттерге қызығушылығы жоғары

22.02.2018

Атырауда мемлекеттік туды 91 метр биіктікке көтереді

22.02.2018

Оңтүстікте тағы үш аудан құру ұсынылды

22.02.2018

Қазақстан – БҰҰ: өзара әріптестіктің серпінді жолы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Даму үшін әділдік ауадай қажет

Әділдік қашанда адамзаттың арманы болып келеді. Жасыратыны жоқ, кейде бір ұжым түгілі, бір отбасының өзінде әділдік кемшін қалып жатады. Осындай жағдайда оның тұтас мемлекетте орнауы орындалмас армандай көрінетіні рас.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Конфессияаралық диалогтың қазақстандық алаңы

Атақты америкалық саясаттанушы Самуэль Хантингтон 1996 жылы өзінің әлемдік ғылыми қоғамдас­тық арасында кең талқылауға түс­кен «Өркениеттер қақтығысы және әлемдік тәртіптің трансформациясы» атты кітабын жарыққа шығарды. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қайтқан малда қайыр бар

Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай бол­­саң, халқыңмен бол!» атты мақа­ламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелері­нің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-эко­номикалық үдерістердің екпі­німен бұл қаржылар сол жақ­тың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпан­ға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Халық тәжірибесі – құндылық

Елшіл қайраткер Смағұл Сәдуақасұлы «Сәрсенбек» атты романында (1922) бас қаһармандарының аузынан «Қазақ неше жылда нағыз Жапониядай болады», «Қазақ Жапония секілді болу үшін өзінің елдігі өзінде болу керек», «Мыңдаған, миллиондаған қазақтар жұмысшы болып істесе, өз жерінің байлығының рахатын көрген емей немене?! Бұл дегенің адам айтқысыз жаңару болар еді» дейтін пікірлер айтқызады. Ел келешегінің мүбәрак жолын меңзеген нұсқа сөз деп қабылдаған дұрыс.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу