Ауылшаруашылық кооперативтері қалай қаржыландырылады?

Елбасы алдағы 5 жылдың ішінде 500 мыңнан астам үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге біріктіру міндетін қойды. Осыған орай, Үкімет Қазақ­стан Респуб­ликасындағы агро­өнер­кәсіп саласын дамытудың мемлекет­тік бағдарлама­сын бекітті, оның негізгі мақсаты бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенінің өнімін нарыққа шығару болып табылады.
Егемен Қазақстан
17.07.2017 2229

Жаңа аграрлық бағдарлама­ның бұған дейін жүзеге асырыл­ған стратегиялардан басты ерек­ше­лі­­гі жеке, шағын шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтардың әлеуетін арттыру үшін, оларды кооперативтерге біріктіріп, осы арқылы ауылдағы әлеуметтік өмір деңгейін жоғарылату болып табылады.
АӨК-ті дамыту бағдар­ла­ма­сы­ның негізгі мақсаттары­ның бірі шағын және орта шаруашылықтарды ауылшаруа­шылық кооперациясына тарту.

Осы күні ауылшаруашылық өнімінің 80%-дан астамы же­ке қосал­қы қожалықтарда шы­ға­ры­­лып, алайда, өңдеу өнер­кәсіптеріне дейін бұл өнім жетпей жатады. Кооперативтерге біріктіру арқылы шешілетін негізгі мәселе – логистика.

Қазақстан жыл сайын, сұйық май, ірімшік, жеміс консервілері, қант және т.б. азық-түлік өнімде­рін импорттайды. 

Кооперация шеңберінде ауыл­шаруашылық тауарын өнді­ру­шілер өз тауарын өндіріп, ал, кооперативтер оны қала немесе кәсіпорынға дейін жеткізіп тұрады. Бұл өте маңызды. 

Жалпы, мемлекеттік саясат ауыл­­шаруашылық коопера­тивтері­нің қызметіне жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған. Шаруа­шы­лықты осы тұрпатта жүргізу үшін салық төлеу, несиелеу мен қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында барлық жағдай қарастырылған.

Ауылшаруашылық өнімін шығарушының шеккен шығын­дарын өтеу тұрғысында мемлекет мал шаруа­шы­лығына және асыл тұқымды мал ша­руа­­шы­­лығын дамытуға; тұ­қым ша­руа­шылығына; өңдеу кәсіпорындарының ауылшаруа­шылық өнімін сатып алып, мал шаруа­­­шылығы мен өсім­дік шаруашылығындағы өнімді терең өңдеуге; өсім­дік шаруашылы­ғындағы сақтан­дыруға; инвестициялық салым шығынының бір бөлігін өтеуге, кепілді және сақтан­дыру несиелеріне; қосымша құн салығының есептелген салығы­ның шегінде бюджетке төленген қосымша құн салығының сомасына; қаржылық тұрғыдан жақсарту мақсатында бөлінетін несие мен лизингтік міндеттемелердің пайыздық жарнасына; несие бо-йынша сыйақы жарналарына және технологиялық қондырғылар мен ауылшаруа­шылық техникасына лизинг бойынша; ауылшаруашылық коопера­тив­терінің ревизиялық одақтары­ның ауылшаруашылық кооперативте­рінің ішкі аудитін өткізу шығынына; көктемгі егіс науқанын несиелеуге субсидия бөледі.

Ауыл шаруашылығы минис­трлігі жоғарыда көрсетіл­ген ба­сым бағыт­­тардың жа­ңар­­тыл­­­ған ережелерін, өнімді жұ­мыс­­пен қамту мен жаппай кәсіпкерлік­ті қолдау бағдарлама­сының шеңберінде микроқаржы ұйымдары мен несие серіктестік­тері­нің ауылды жерлер мен шағын қала­лар­да беретін ми­кро­не­­сиеге кепілдік беріліп, микроқаржылық ұйымдардың операциялық шығындарын субсидиялау ережелерін бекітті.

Негізгі жаңалықтардың қа­та­рында атап өтеріміз, ауыл­шаруа­шылық тауарын өндірушілерден түскен өтінішті қарастырған кезде, жергілікті атқарушы органдар тарапынан ауылшаруашылық кооперативтерін қаржыландыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтама­сыз ету мен әлеуеті зор АӨК бағы­тын­дағы мәселелер, ауыл шаруа­шылығын қолдауға бөлінетін бюд­жеттік қаражатты бөлу жайы бірін­ші кезекте қарастырылатын болады.

2017-2019 жылдарға арнал­ған республикалық бюджетте 2017-2021 жыл­дары Қазақ­стан Республикасындағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту­дың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін, шамамен 571,3 млрд теңге бөлініп отыр. Оның ішінде, 2017 жылы – 226,9 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджетті нақтылау барысында қосымша 41,6 млрд теңге бөлінді. 2018 жылы – 178,5 млрд теңге, 2019 жы­лы 165,9 млрд теңге қарас­тырылып отыр.

Тұрғындарды өнікті жұмыс­пен қамтып, азаматтарды кәсіп­кер­лікпен шұғылдануға тарту үшін, 2017-2019 жылдары өнікті жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шеңберінде, Ауыл шаруашылығы министрлігі 2017-2019 жылдарға 7 жыл мерзімге 18 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беруі үшін республикалық бюджеттен 84,1 млрд теңге бөлініп отыр, оның ішінде 2017 жылы – 27,1 млрд теңге; 2018 жылы – 28,4 млрд теңге; 2019 жылы – 28,6 млрд теңге.

Ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарына микронесиелер «Аграрлық несие кор­пора­циясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қар­жы­лық қолдау қоры» АҚ тарапынан қаржыландырылатын микроқаржылық ұйымдар мен несие серіктестіктері арқылы беріледі.

2017-2019 жылдары өнікті жұ­мыс­пен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарла­масы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020»-ның орнын басты. Осы бағдарлама аясында ауылда өндірістік кооперативтер құру көзделіп отыр. Сонымен қатар, оларға мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары жасалып, соның арқасында ауылды жерлерде жұмыс орындары пайда болады.

Аграрлық саланың жаңа мақсат­­тарын жүзеге асыру ар­қы­­лы ел дамуының тұрақ­ты­лы­ғы қамтамасыз етіліп, еңбек өнімділігі артады, сөй­тіп, тұрғын­дардың басым көпшілі­гінің әлеуметтік өмір деңгейі жоғарылай түседі. 

Қосалқы шаруашылықпен айналысатын ауыл тұрғындары өз өнімін кооперация арқылы тауар өндірісіне тарта алады, сөйтіп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлесін қосады.

Өз кезегінде, ел Үкіметі Қа­зақ­­стан­­дағы агроөнеркәсіп кешенін қалыптастыруға, АӨК экспортты аграрлық өнімді шығару жөнінен әлемдегі ірі кешендердің бірі болатындай барлық жағдайды жасап отыр.

Алмагүл МАЖРЕНОВА, 
Қаржы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешен, табиғи ресурстар, 
құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бюджеті департаментінің директоры
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.07.2017

Астанада XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі ашылды (фото)

22.07.2017

Мемлекет басшысы «Еуразия» кинофестиваліне өз құттықтауын жолдады

22.07.2017

Астанада қағаз жинайтын арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады

22.07.2017

Түркиядағы ҚР Елшілігі Бодрумдағы қазақстандықтармен байланыс орнатты

22.07.2017

Жамбыл облысында егінжай күні өтті

22.07.2017

«Оскар» сыйлығының иегері қазақ киносына түскісі келетінін айтты

22.07.2017

Астанада рұқсатсыз орындарда сауда жасаумен күрес күшейтілді

22.07.2017

«Алматы» ӘКК басқармасына жаңа басшы келді

22.07.2017

ОҚО Сайрам ауданында әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығы ашылды

22.07.2017

Дәурен Абаев Аргентинаның қоғамдық пікір және бұқаралық ақпарат федералды жүйесі министрімен кездесті

22.07.2017

Шығыста мектеп оқушыларына Таласбек Әсемқұлов атындағы стипендия тағайындалды

22.07.2017

Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралды

22.07.2017

Абель Санчес: Головкин қартайып қалды дейтіндер қателеседі

22.07.2017

Роза Рымбаева Астанада өнер көрсетеді

22.07.2017

Солтүстік Қазақстанда жас туристер слеті өтті

22.07.2017

Елордада Ақтөбе облысының жәрмеңке күндері өтіп жатыр

22.07.2017

Солтүстік Қазақстанда кәсіптік даярлық курстарынан 650 адам өтті

22.07.2017

Елордада тіркеу ережесін бұзған пәтер иелеріне 1,5 млн теңге айыппұл салынды

22.07.2017

"Қайраттың" бас бапкері қызметінен кетті

22.07.2017

Бірнеше өңірде бұршақ жаууы мүмкін

КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Жасанды интеллект

Жасанды интеллектіні қол­дай­тын­дар да, қолдамайтындар да көп. Соң­­ғы кездері осы тақырыпқа бай­ла­­нысты кітаптар мен түрлі ма­те­риалдарды оқи жүріп, жасанды ин­теллектіні қолдамайтындар қа­та­рын тағы бір адамға көбейткен си­яқ­тымын.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ осы!

Қадағаңның – атақты ақын Қадыр Мырза-Әлінің «Қазақ осы!» деген атпен кең таралған, тамаша мақамды әнмен шалқыта шырқалатын өлеңін білмейтін адам кемде-кем болар, сірә. Шетелдік мейманға қазақты таныстыру ретімен жазылған өлеңнің айтары астарлы, мағынасы қатпарлы. Осындай форма арқылы кеңестің әр сөзден пәле іздеген қырағы көздерін адастырып кеткен ақын шын мәнінде қазақ деген халықтың жан дүниесін, бекзат болмысын жарқыратып ашып, көзіқарақты жұртқа ұлттың керемет қасиеттерін тамыршыдай тап басып таныта білген.

Әйіп ЫСҚАҚ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Ғылым және жалған атаққұмарлық

Ғылымды көбіне қоғамды материал­дық жағынан қамтамасыз ететін, ілгері­лететін, алға жетелейтін ғылыми-тех­ника­лық прогрестің алғышарты ретінде қарастырып, ал рухани кемел­де­ну тетігі ретіндегі рөлін бағалай бермейтініміз бар. Ғалым тұлғасы қашанда ерекше құрметке ие екенін елеп-ескерудің орнына жалған атаққа ұмтылушылықтың тамырына балта шаба алмай келе жатқанымыз сондықтан болу керек. Адамзат тарихына үңілетін болсақ, өркениеттің шарықтап дамуы ғылымға қалтқысыз еңбек еткен ұлы тұлғалар есімдерімен тығыз байланысты. 

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қырғызстан: сайлау «дүбірі» мен «күбірі»

Көршіміз Қырғызстанда кезекті пре­зиденттік сайлауға кандидат ре­тінде тіркелуге ниеттенген үміт­кер­лердің құжаттарын қабылдау бас­талғанына бір айдан асты. Кан­ди­даттардың сайлаушылармен кез­де­сіп, үгіт-насихат жұмыстары 10 қыр­күйек пен 14 қазан аралығында жүр­гізіледі. Ал президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Бизнес және біздің іс

Жақында бір фирмаға жиһаз жасау жөнінде тапсырыс бердім. Обалы не керек, тапсырысымды сөз айтпастан қабылдап, ақшамды да қағып алды. Сөйтті де, күтіңіз, үш күннен кейін дайын болады деді. Риза болып мен кеттім. Арада үш күн өткенде телефоным шыр ете қалды. Баяғы өзім тапсырыс берген фир­ма екен. «Кешіріңіз, жұмыс көбейіп кет­кендіктен сіздің тапсырысыңызды уа­қытында орындай алмайтын болып отырмыз. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу