Ауыр атлеттер сайысып жатыр

Егемен Қазақстан
03.12.2016 74
02-12-16-shtanga-1Қызылордада екі күннен бері ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған Кубок сайысы өтіп жатыр. Оған Алматы қаласы мен барлық облыстардан 152 спортшының басын біріктірген 15 команда қатысуда. Кешеге дейін әйелдердің – 4, ерлердің 2 салмақ дәрежесі бойынша жүлдегерлер белгілі болды.  Ал 94 килоға дейінгі салмақтың жеңімпазына Илья Ильиннің арнайы Кубогі мен сертификаты табыс етіледі. Жарыстың бірінші күні 48 килоға дейінгілер арасында Алматы облысынан келген Юлия Потасова қоссайыста 125 кг (55+70) салмақты бағындырып, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға осы облыстың келесі өкілі – Наталья Бедрик, үшінші орынға жамбылдық Айнұр Әбдіхалықова орналасты. Сондай-ақ, 53 килода Алматы қаласының атлеті Әсел Амангелді 175 кг (79+96) салмақпен алдына жан салма­ды. Күміс медаль  Алматы облы­сының өкілі Александра Лачковаға, қола медаль ақтөбелік Ақмарал Үргенішбаеваға бұйырды. Ерлер арасында 56 килоға дейінгі салмақтың бас жүлдесін Алматы облысының саңлағы Игорь Сон еншіледі. Ол 235 кг (105+130) нәтижесімен бәрінен басым түсті. Екінші сатыға Алматы қаласының өкілі Асхат Ділдаев, үшінші тұғырға қызылордалық Алмат Асанханұлы жайғасты. Жарыстың екінші күнінде әйел­дердің 58 кг салмағында қос­танайлық Сәуле Сәдуақасова 183 кг (83+100) нәтижесімен топ жарды. Келесі екі орынды шығыс­қазақстандықтар Лидия Ануфриева мен Мәдина Астамирова алды. Бұдан кейін 63 кг салмақтың мықтысы болып қызылордалық Әсем Сады­қова танылды. Ол қоссайыста 195 кг (85+110) салмақты еркін еңсер­ді. Екінші-үшінші орындарға шығыс­қазақстандық Дарья Павлова мен Алматы қаласының өкілі Крис­тина Крахалева көтерілді. Ал ерлердің 62 килоға дейінгі салма­ғында қызылордалық Ерболат  Жола­манов үздік көрінді. Ол бұл үшін жиын­тығында 263 кг (117+146) салмақ­ты төбесіне тік ұстап тұрды. Жүлде­герлер үштігін Алматы қаласының атлеттері Анатолий Савельев пен Тимур Хасаров тиянақтады. Жарыс 5 желтоқсан күні мәреге жетеді. Лаура ШОҢҒАЛОВА ҚЫЗЫЛОРДА
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.07.2018

Әлемнің 20-дан астам елінің үздік сәулетшілері Қазақстанның елордасында бас қосты

18.07.2018

Дәурен Абаев: «Шалқар» радиосының таратылымын кеңейту жұмыстары толық аяқталды

18.07.2018

Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

18.07.2018

Парижден 65 млн еуроға пәтер сатып алған қазақстандық кім?

18.07.2018

«Эйр Астана» Skytrax World Airline Awards сыйлығының жеті дүркін лауреаты атанды

18.07.2018

Түркістан облысында алты айда 202,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

18.07.2018

Триатлоннан өтетін ашық турнирде 300 адам жарысқа түседі

18.07.2018

Ақылы автотұрақ төлемін мобильді қосымша көмегімен төлеуге болады

18.07.2018

Сыр өңірінде жыл басынан бері 228 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

18.07.2018

Қазақстандық суретші «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығын жеңіп алды

18.07.2018

Әміре ауылындағы той

18.07.2018

Қызылордада АӨК саласында 10 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ

18.07.2018

Қамбаш көлінде демалушылардың қатары жыл сайын көбейіп келеді

18.07.2018

Сыр өңірінде жазасын өтеушілер диплом алып жатыр

18.07.2018

Қызылордада қалалық аурухана жаңа құрылғылармен толықты

18.07.2018

Жалағаш ауданында күн электр станциясының құрылысы басталды

18.07.2018

Елімізде жеңіл автокөліктердің саны артты

18.07.2018

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жас офицерлермен толықты

18.07.2018

Ханшалар киген қасаба

18.07.2018

Степ­ногорск қалалық тарихи-өлкетану музейі ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...

Осы айдың басында Иран Ислам Рес­публикасының президенті Хасан Рухани Швейцария еліне жасаған сапары кезінде мұнай импорттаушы мемлекеттер Иранның мұнайын сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтындарын мәлімдеді. Президенттің бұл мәлімдемесі АҚШ билігінің Иран мұнайын сатып алмауға өз одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымына байланысты болса керек.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу