Аяқдоптан алысқа бара алмауымыз неліктен?

Бұл сұрақ жиі қойылады. Оның жауабын үнемі алыстан іздейміз. Бірақ қарапайым жұмыстардан бастауды білмейміз. Отандық футболға бөлінетін қаржы Батыс Еуропадағыдай болмаса да, кәрі құрлықтың шығысындағы кейбір елдерден әлдеқайда жоғары екені жасырын емес. Алайда, сол ақшаны тиімді пайдалану жағы кемшін түсіп жатады.

27.03.2017 190

«Астана» мен «Шахтер» Еуропаның беделді клубтық турнирінің топтық кезеңінде өнер көрсетті. Осы жетістікке қарап, кейбір шенеуніктер қазақ футболы дамып жатыр деп ойлайтын секілді көрінеді. Аталған клубтар жақсы нәтиже көрсетсе, бірінші кезекте білікті бапкер мен легионерлердің арқасы.

Кейде клубтарымыз 2-3 миллион долларға бір легио­нер сатып алғанша, инфра­құрылымды жақсартса ғой деп армандайсың. Мәселен, чем­пионаттың соңғы үшінші турын­дағы алты ойынның тең жар­тысы Астанада өтті. («Ас­тана» – «Ақжайық», «Оқжет­пес» – «Тобыл», «Шахтер» – «Қайсар»). Қалған үш матчтың қайда болғанын тіптен айтуға ұят. «Ақтөбе» мен «Ордабасы» мектептің алаңында ойнады. «Тараз» Алматының «Қайрат» командасын «Ұлан» стадионында қабылдаса, «Атырау» мен «Ертіс» жиі сынға ұшы­райтын «Судремонтикте» кездесті. Жылда көктемдегі жағдай осы. Оған Теміртау мен Затобол қалаларын қосуға болады. Жиырма бес жылда жалғыз стадион салдық. Біздің басшылар стадион де­ген міндетті түрде 30-40 мың адамға арналған болу керек деп ойлайтын секілді. Қазақстанның жағдайында 8-10 мың көрермен отыратын стадиондар да жеткілікті. Бас­тысы, алаңы қолайлы, УЕФА талаптарына сай болса болғаны. Тіпті жаңадан стадион салмай-ақ, бұрынғы алаңдарды жөндеп, төсеніштерін ауыстырып, жарығын оңдап қойса да жетіп жатыр еді ғой. Ешқандай жағдай жасалмаған соң, футболшылардан нәтижені қалай талап етеміз? Еуропадан келген кез келген футболшы мен бапкерлерден сұхбат ала қалсаңыз, осы проблеманы айта жөнеледі.

Ұлыстың Ұлы күнінде Қазақстан мен Кипр құрамалары жолдастық кездесу өткізді. Бұл Александр Бородюктің бас бапкер ретінде дебюттік матчы болатын. Ойынды асыға күттік. Бірақ бірде-бір трансляция жоқ. Телеарна тұрмақ, ғаламтордағы сайттардың өзі көрсетпеді. Youtube желісін қайта-қайта ақтарумен уақы­тымыз өтті. Осындай қара­пайым мәселелерді ретке кел­тірмесек, отандық футбол­дың дамығанын жақын арада көрмейтін шығармыз.

Айтпақшы, Кипр құра­масымен күш сынасқан біз­дің футболшыларымыз 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Ойын­да Таңат Нөсербаев соққан жалғыз допқа  алаң иелері тарапынан Несторас Митидис, Фанос Кателарис және Дими­трис Христофи үш голмен жауап берді.

Кеше кешкісін бет қатталып жатқанда Қазақстан құрама командасы Ереванда 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ке­зеңі аясында Армения аяқ доп шеберлерімен күш сынас­ты.


Бек ТӨЛЕУОВ,

журналист

АСТАНА



КОЛУМНИСТЕР

Гүлзейнеп Сәдірқызы,

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан»

Ұлттарды ұйыстырудың ұтымды үлгісі

1995 жылғы 1 наурызда Мемле­кет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, Президент жанынан басты міндеті мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы әріптестік негізінде этностар мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, тиімді этносаралық іс-қимыл жүргізу, біртұтас саяси, құқықтық, мәдени орта қалыптастыру болып белгіленген жаңа консультативті-кеңесші орган құрылды.

Айбын ШАҒАЛАҚ, "Егемен Қазақстан"

​Елбасы һәм елдік жобалар

Ғасырға бергісіз осы 25 жылдың ішінде біз санамыздағы «сарысулардан» арылып, еңсемізді тіктедік, елдігіміздің іргесін бекіттік. Отарлық саясат құрдымға жібергісі келген ұлттық құндылықтарымызбен қау­ыштық. Дініміз бен діліміз қайта жаң­ғырды. Тағдыр жазуымен түрлі кезеңдерде киелі Қазақ жеріне келіп тұрақтаған ұлыстардың ынтымақ-бір­лігі нығайып, біртұтас халық ретінде қалыптасуға бет алды. Оның бүгінгі айқын көрінісі – Елбасының Мәңгілік Ел идеясының Қазақстан қоғамы тарапынан дұрыс қабылдануы және осы мұрат жолында ұйыса бастауы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

​Тарих кені – туған жер

«Қазағымның көп тарихы Көк­шеде, қаланып тұр Оқжетпестей текшеге»... Осыдан біраз жылдар бұ­рынғы бір өлеңімізде осылай деп­піз. Шын мәнінде де Көкшетау халқымыздың кенен тарихы қат­пар­ланған қасиетті жерлерінің қа­тарынан ойып тұрып орын алатынына сөз бар ма?

Алдан СМАЙЫЛ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

​Ұлтты танып болдық па?

Өткен 25 жылдың ішінде дамыған елдердің үлгісінде технологиялық трансфертті жүзеге асырдық. Алыс-жақын мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды реттедік. Осы үдерістерді қорытындылаған ғылыми орталықтар Қазақстанда экономиканы нарыққа көшіру үрдісі аяқталды деп отыр. Яғни, ендігі кезекте әлеуметтік-рухани, адами-шығармашылық мұрат­тарды сол экономика арқылы баянды етуді шұғыл қолға алу керек.

Пікірлер(0)

Пікір қосу