Макетті жасауға қымбат бағалы шынылар мен тастар пайдаланылған.
Жалпы, Ақорданың өзі туралы айтатын болсақ, оның құрылысы 2001 жылы басталып, ғимаратты салу Еуропа мен Қазақстанның белгілі сәулетшілеріне жүктелген еді. Еуропалық әйгілі дизайнерлер М.Гуалаци мен А.Мольтенидің, отандық академик Қ.Монтақаевтың кеңесімен резиденцияның жобасы жасалды. Мемлекеттік маңызды нысанды салуға 20-дан аса ұлт өкілдері қатысып, әлемнің ондаған елінен жұмысшылар тартылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа резиденциясы 2004 жылы салынып бітті. Сол жылдың желтоқсанында тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды. Ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метр. Ғимарат монолитті бетоннан тұрғызылған. Биіктігі – 86 метр. Ғимараттың екі қабаты жер астында, бес қабаты үстінде.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Орынбай БАЛМҰРАТ,
«Егемен Қазақстан»
Пікірлер(0)
Пікір қосу