Айы оңынан туған «Астана Опера»

Астана республикамыздың ресми орталығы ретінде дамып қана қоймай, ел руханиятының да еңселі ордасына айналып келеді. Қазір мұнда қаншама қазыналы мәдениет мекемелері бой көтерді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен ашылған «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры аз ғана уақыт аралығында елорданың ең іргелі өнер ұжымы атанды.
Егемен Қазақстан
05.07.2017 11027
2

Көрнекті композиторымыз Мұқан Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен шымылдық түрген бұл театр бүгінде бүкіл дүниежүзіне белгілі. Оның сахнасында әлемдік классика санатындағы сүбелі туындылар қойылды. Шекесінен шертіп жүріп шедеврлерді шетінен игерген астаналықтардың шеберлігіне Еуропаның, Американың талғамы жоғары көрермендері сүйсіне қол соқты. Соның арқасында атақ-даңқтары алыстарға тарады. Сәулет саласының бұрын-соңды үздік үлгілерімен салынған ғажайып ғимараттың сән-салтанатын көруге көз керек. Аумағы 660 мың шаршы метрден асады. Барлығы 1 250 орындық үлкен залына кірген адамның қайта шыққысы келмейді. Көпшілік көңілін көншітудің кешенді элементтері келісім тапқан. Алғашқы маусымда-ақ Дж.Вердидің «Аттиласымен» аяқтанып, халықаралық тұсаукесерін өткізген «Астана Опера» П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі», А.Хачатурянның «Спартак», С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта», Б.Эйфманның «Роден» балеттерін, сондай-ақ Дж.Пуччинидің «Богема», «Тоска» операларын олжалап үлгерді. Осынау жаһандық жауһарларды ойдағыдай шығару үшін сырттан Ю.Григорович, Ю.Александров сияқты «сырттандар» шақырылды. Екінші маусым дүбірі біраз жерге жеткен «Жібек жолы» халықаралық фестивалімен басталып, Дж.Вердидің «Травиата» және «Аида» операларымен айшықталып, Ғ.Жұбанованың «Қарагөз», П.Чайковскийдің «Шелкунчик», Б.Аса­фьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балеттері­мен бедерленді. Ал үстіміздегі жыл Алан Бөрібаев пен италиялық режиссер Джан­карло дель Монаконың жаңа қойылы­мындағы «Абай» операсының, Л.Мин­кустың «Баядерка», М.Жаррдың «Париж Тәңір анасының соборы» балеттерінің премьерасымен есте қалары анық.
2017 жылдың ең жарқын премьерасы, әрине, тұңғыш қазақ операсы тұғырындағы Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібегі» болғанын атап өткеніміз орынды. Оның жаңаша қойылымын жасаған ресейлік режиссер Михаил Панджавидзе екенін ескерте кеткіміз келеді. Жаңа музыкалық редакцияның авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдинов белгілі қазақ әндері мен күйлерінің үздік үлгілерін үйлесімді пайдаланғаны бай­қалады. Классикалық аспаптар қатарында жанымызға жақын домбыра, қылқобыз, шаңқобыз, жетіген, керней секілді халық аспаптарының орын алуы көңіл көншітеді. 
«Астана Опера» қысқа мерзімде қалыптасып, тез танылды. Алматыда табысты аяқталған әуелгі гастроль әлемдік турнирге ұласты. Сәті түсіп Париж, Роттердам, Нью-Йорк, Торон­то, Антверпен, Санкт-Петербург сапар­ларынан әдемі әсерлермен оралды. «Ас­тана Опера» өзгелерге қонаққа барып қана қоймай, өздері де мейлінше мейман­достық танытып, миландық Ла Скала, неаполитандық Сан-Карло театрларын қабылдап, жерлестерімізді талайды тамсан­дырған тарландардың кесек талантымен табыс­тырды. Алғашқы қадамынан-ақ арын­даған «Астана Опера» төрінде Елена Образцова, Валерий Гергиев, Хосе Кар­рерас, Анна Нетребко, Марсело Альварес, Марко Боэми, Светлана Захарова, Ахмед Агади, Вадим Репин, Денис Мацуев, Иль­дар Әбдіразақов, Ольга Перетятько және басқа да әйгілі әртістер төбе көрсеткені – театр жылнамасында алтын әріптермен жазылар айшықты оқиғалар. 
Кез келген ұжым айналасынан ат оздыру үшін, ең алдымен, ондағы жұмыс істейтін адамдардың қарым-қабілеті жоғары болуы тиіс. Осы орайда, «Астана Опера» айы оңынан туып тұр десек, қателеспейміз. Әсіресе, шығармашылық құрамның ізденістеріне айрықша тоқталған абзал. Өйткені, мұндағы басты буындардың тұтқасын танымал тұлғалар ұстап отыр. Мәселен, симфониялық оркестрдің бас дирижері Вена консерваториясының түлегі Алан Бөрібаев жастығына қарамай, біраз биіктерді бағындырған жампоз. Қалың қазаққа қадірлі Ахмет Жұбановтың жиені. Тектінің тұяғы қазір нағыз шабыт шалқытар шағында. Балет труппасының көркемдік жетекшісі болып кезінде Санкт-Петербургтегі Мария театрының прима-балеринасы атанған, кеңестік бишілер арасынан алғашқылардың сапында шетел асқан, кейіннен ақ түндер қаласындағы А.Ваганова атындағы Орыс балет ака­демиясын басқарған қандасымыз, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова тағайындалды. Айдынына оралған аққу­дай көңіл күйдегі ол тарихи отанының абы­ройын асқақтатуға қомақты үлес қосады деген үміттеміз. Опера бөлімін Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Байғали Момбеков басқарады. 
Музыка мамандары Ержан Дәуітовтің дәргейіндегі хор әншілерінің мүмкіндігі мол екендігін жиі ауызға алады. «Біздің мақсатымыз – еліміздің мәдениет сала­сын­дағы саясатын абыроймен жүзеге асыруға атсалысу. Ұлттық, әлемдік музы­ка мұраларын ұдайы насихаттау, халық­тың рухани байлығын арттыру секілді мерейлі міндеттерді орындауды басты борыш санаймыз. Елбасы салдырған сама­ладай жарқыраған театрдың ішін твор­честволық табыстармен толтыруға тырысу үстіндеміз. Өнерпаздарымыздың кәсіби тұрғыдан өсулеріне көп көңіл бөлінуде. Әлемдегі ең мықты мәдениет орта­лықтарының біріне айналуды арман­даймыз. Мұқым дүние дидарында мұн­дай театр саусақпен санарлық қана. Тех­никалық мүмкіндіктеріміз теңдессіз. Репетициялық залдарымыз жетерлік. Сахналаған спектакльдеріміздің сапасы халықаралық талаптарға толығымен жауап бере алады. Шетелдерден шақырылатын майталмандар қойылымдарымыздың сәтті шығуына септігін тигізеді, сондай-ақ, талапты жастарымыздың шеберлігін шыңдауға ықпал етеді. Марғасқалардың жүріс-тұрысының өзі кейінгілерге кереметтей үлгі-өнеге емес пе?!» дейді «Астана Опера» МОБТ директоры Тө­леу­бек Әлпиев. Оның айтуынша, үлкен ірік­теуден таңдалған үздіктердің қатарына Майра Мұхамедқызы, Нұрлан Бек­мұ­хамедов сынды сайдың тасындай саң­лақ­тарымыздың қосылуы – жақсылықтың белгісі. 
Театр басшысы өздерінің ұлттық ре­пер­туарды ұштауға баса назар аударылатынын атап өтті. Өйтпесе «Астана Операның» басқа театрлардан айырмашылығы болмай қалады. Біз өзгелерді ұлттық нақыштағы ерекшеліктерімізбен таңдандыруға тиіспіз. Сонда ғана ешкімге ұқсамайтын соны қолтаңбамыз қалыптаспақ. Бұл ретте «Абай» операсы, «Қарагөз» балеті асыл арналарымызды әспеттеуге жол ашпақ. 
Солистеріміздің біліктілігін сомдауға да көп күш салынып жатқан сияқты. Қазақстан тарихында тұңғыш рет театрдың 4 түлегі Генуя театрында өткен «Богема» операсының премьерасында ойнап, тағы төрт музыкант Миландағы ЭКСПО-ның мәдени бағдарламасында Бетховеннің 9-симфониясын орындауға қатысыпты. Бірқатар әртістеріміз арнайы шақыртулармен шартарапты шарлаған. Хор айтушыларымыз төрт бірдей халықаралық фестивальдардың жеңімпазы атаныпты. Дәулескер дирижер В.Гергиевтің қалауымен симфониялық оркестр Санкт-Петербургке сапарлап қайтыпты. Атағы аспандаған корифейдің бұлай ықылас танытуы «Астана Опе­раның» осал еместігін көрсетсе керек. – Көрермен театрға бірінші рет келгенде айналасындағы сұлулықтан эстетикалық ләззат алары талассыз. Сол адамды шаңы­ра­ғымызға қайта айналып соғатындай әсерге бөлеуіміз қажет. Сондықтан, әрбір спектакль біз үшін емтихан тәрізді. Көрер­мендер ынтасын жоғалтпау жолында бары­мызды салып бағамыз, – деп әңгімесін жал­ғады бекзат өнер ордасының жетекшісі. 
«Астана Опера» дүйім дүниені елең­деткен ЭКСПО-2017 халықаралық көр­месінің мәдени бағдарламасы аясында да іргелі іске қомақты үлес қоспақшы. Он бірінші маусымда ол шараны А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан бас­тап жібергені баршаға аян. Басты партияда баритон Сүндет Байғожин ойнаса, Ажар рөлінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы шықты.
Ал 15 маусымда аталмыш ұжым елор­­да­­мыздағы Бейбітшілік және келісім сарайы алдында Джузеппе Вердидің атақ­ты «Аида» операсын ашық аспан астын­да қой­ды. Мұндағы эфиопиялық ханшай­ым­ды сахна саңлағы Жұпар Ғабду­лина сомдайды. 
Айы оңынан туған «Астана Опе­ра» театрының әлі талай биіктерді бағын­дыратынына сеніміміз мол. 

Талғат БАТЫРХАН,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу