Ажыраспаңыздаршы!.. Немесе суицидтің бір себебі

Қол созым жердегі қос уыс дәріге көз сұғын қадап, қи­мылсыз отырған қыздың күр­сініске толы жалғыз ауыз сөзін ешкім естімеді. Бөлме іші қараңғылыққа шомылып, ақ пен қараның өзі көмескіленген сәт.

10.04.2017 430

Қараңғылықты серпілтердей сәтті есіне түсіргісі келгенімен, отбасындағы өзгеріс бар ой-сезімін жаулап алған қыз жарық сәуле іздеп аласұруда. Әкесі мен анасының еркелеткен сәттері, алаңсыз да бақытты балалық шағы... бәрі де уақытша және алдамшы бір көрініс іспетті. Өткен күндерді еске алғысы жоқ... Мұның жан дүниесін түсі­нер, жанайқайын тыңдар кім бар?.. Әке мен ана... Ана мен әке... Кеше ғана мақтанышы бол­ған, арқа сүйеген, үлгі тұт­қан, сенім артқан, пір тұтқан, өмі­ріндегі ең асыл жан­дар бүгін мұның пікірімен санас­қысы келмейді, елемейді, ескер­мейді. Ал қол созым жер­дегі қос уыс дәріге суық та жа­ралы жанарын қадаған қыз от­басының татулығын, бірлігін қа­лайды. Алайда қыздың «ажы­распаңыздаршы» деген сөзіне, отбасына қатысты жеке пікіріне құлақ асар кім бар? Қараңғыда қараңғы ойлар тұмшалаған қы­з­дың қолы ағараңдаған дәрі­лерге қарай созыла бергенде бөл­менің есігі ашылды...

Шымкент қаласында таяуда өткен «Қоғамды алаңдатқан – ұлт болашағы» атты конферен­цияда Әл-Фараби аудандық про­куратурасының прокуроры Закир Юсупов жасаған баяндама кезінде осындай бір көрініс көз алдымыздан өткендей болды. «Жақында қала мектептерінің бірінде он бірінші сыныптың оқушысы қатты күйзеліске түсіп, салдарынан өзін өлімге қиюға талпынған. Қыздың мінезіндегі өзгерісті байқаған мектеп пси­хологы дер кезінде кө­мек көр­сетіп, алматылық ма­манға жү­гін­ген. Он жеті жас­тағы қыз­дың не­ліктен мұндай әре­кетке барғанын сұ­рағанда ол ата-анасының ажы­рас­­қанын қа­ламайтынын айт­қан. Қыз­дың әлеу­меттік жағ­дайы жақ­сы. Әкесі мемлекеттік органда жо­­­­ға­ры лауазымдағы адам. Бұл от­­­­ба­сындағы кикілжіңнің бала­лар­дың психологиясына кері әсерін ти­гізетінін аңғартады. Оқушының ата-анасы ойланып, дұрыс шешім қа­былдайды деген ой­дамын», дейді прокурор.

Сондай-ақ, Закир Юсупов мектеп басшыларына өз өтінішін жет­­кізді. «Білім ұяларының бас­шы­лары көп жағдайда психологтар­ды басқа шаруалармен әрі-бері жұмсап, қосымша тапсырмалар жүктеп қояды. Бұл мамандардың жұмы­сына кедергі келтіретіні анық. Психологтар өз жұмысымен айналысуы керек. Сірә, мектеп басшылары психологтардың қолы бос деп ойласа керек», дейді прокурор.

Расында да, мектепте пси­хологтардың қызметі тиіс­ті дең­гей­де бағаланбайды. Бәл­кім, оған ма­ман­дардың өз ең­бе­гін көр­се­те алмауы немесе білік­ті­лі­гінің төмендігі де себеп болып отыр­ған шығар.

Бүгінде балалар арасындағы суицидтің себебін анықтауда түрлі дәй­ек­терге арқа сүйейтіндер көп. Мы­­салы, жоғарыда біз айтып өткен конференцияда Оңтүстік Қазақстан облысында жастарды суицидке итермелейтін «Көк кит» ойынының құрбандары жоқ екені айтылды. Маманның айтуынша, «В Контакте» желісінде суицидті ашық насихаттайтын парақшаларға өңірдегі 12 мен 18 жас аралығында 525 жеткіншек тіркеліпті. Оның 17-сі жоғары оқу орындарының, 36-сы колледждің студенттері, 107-сі мектеп оқу­шылары болса, қалғандарының оқу орындары анықталмаған. Бүгінгі таңда қауіпті ойынға еліктегендермен психологтар жұмыс істеп жатыр екен. Сондай-ақ, құқық қор­­­ғау органдарының маман­дары жас­өспірімдерді өз бақы­лау­ла­ры­на алған. Жалпы, өткен жылы Оң­түс­тік Қазақстан облысында 89 суи­цидтік жағдай тіркелген. Оның 53-і өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаса, өкінішке қарай 36-сы суицидпен аяқталған. Прокурордың айтуынша, кәмелет жасқа толмаған балалардың мұндай сұмдық қадамға баруына әлеуметтік желілерден бөлек көптеген жағ­дайлар әсер етеді. Айта ке­тейік, бүгінде облыста 1474 пси­­холог маман білім саласында жұмыс істеуде. Облыс ор­­талығы − Шым­кентте 147 мек­­теп бар. Олар­дың 100-інде мектеп инспек­торы бар, қал­ған 47 мектеп инспектормен қамтылмапты.

Өкінішке қарай, соңғы кез­дері елімізде ажырасқандар саны азаймай отыр. Жоғарыда нақты деректермен айтып өт­кеніміздей, балалар арасындағы суицидтің бір себебі осында жатқан се­кілді. Өздерінің жеке қарым-қатынасына, сезіміне ерек­ше мән беретін ата-ана бала­ларының пікіріне немесе ішкі дүниесіне үңілуді, ескеруді қажетсінбейтін сияқты. Өк­ініш­ті-ақ. Деректерге жүгінсек, өткен жылы елімізде 51 775 отбасы ажы­расып кеткен. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында 21 344 неке қиылып, 5067 отбасы ажы­расыпты. Ажырасу саны бойынша Оңтүстік Қазақстан Ал­маты қаласы мен Алматы облысынан кейінгі орында.

Ғалымжан Елшібай,

«Егемен Қазақстан»

Шымкент


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

30.04.2017

​Бүркіт балапаны және оның сыны

30.04.2017

Алты Алаштан – Ассамблеяға

30.04.2017

СҚО-да төрт елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды

30.04.2017

Мектептерде сабақтардың басталу уақыты бұрынғыша қалады - Исекешев

30.04.2017

Жексенбіде ел аймақтарында күн райы құбылмалы

29.04.2017

Сағынтаев Сауд Арабиясының министрі Халид Әл-Фалихпен кездесті

29.04.2017

Назарбаев қырғыз президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

29.04.2017

Жоғарғы Сот ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

29.04.2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы түрік тіліне аударылды

29.04.2017

Қызылорда облысының әкімі Қазақстан этносаясаты бойынша дәріс оқыды

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Елбасы Өзбекстан президентімен кездесті

29.04.2017

Сенаторлар сенбілікке қатысты

29.04.2017

Назарбаев табиғат апатына байланысты Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жол салсаң, мол сал

Санаулы күндерден кейін әлемдік деңгейдегі айтулы шаралардың бірі – ЭКСПО-2017 Халықаралық көр­ме­сінің де жалауы желбіремек. Яғ­ни, бас қала ел айнасы болса, жол-кө­лік инфрақұрылымы оның беделін арт­тыратын бренді болып табылады. Мемлекет басшысының елорданы одан әрі өркендету мәселесінде қа­ла­ның базалық инфрақұрылымын, оның ішінде қала жолдары мен жол ай­рықтарын барынша дамытуға үнемі ба­сымдық беріп келе жатқандығы да сон­дықтан.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Дәріге байланған ғұмыр

«Қазір еліміздегі донор жетіс­пеу­шілігі өте өткір мәселе. Бүгінде ал­мас­тырылған органның 90 пайызы ті­рі донорлардан алынады. Егер бұ­лай кете берсе, енді бір 20 жылда бір бүй­ректі ұлт атану қаупі барлығын жа­сыруға болмайды. Одан шығудың жо­лы қандай?

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Көрменің көрігін спорт қыздырады

Ағымдағы жылдың 10 маусы­мында Астанада ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месі келушілерге айқара есік ашады. Күллі әлем көз тіккен көрменің өтетін мерзімі жақындаған сайын бойды толқыныс сезімінің билейтіні түсінікті жайт. Иә, «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Әлемнің әр қиырынан ағылған меймандардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болу өз алдына, қолдағы барды көрсете білудің өзі өнер һәм зор міндет.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Этностар мүддесі барынша қорғалған ел

Қазақстан заманауи өмірге, ха­лықаралық қоғамдастыққа се­німді түрде кірігіп отыр. Біз елі­міз­дің имиджін көтере отырып, ин­вестициялық және экспорттық әлеуетімізді, экономикамызды қа­р­қынды дамытуға баса назар ау­дарып келеміз. Осы саясаттың ар­қасында Қазақстан әлем мой­ын­даған елге айналды.

Гүлзейнеп Сәдірқызы, «Егемен Қазақстан»

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Пікірлер(0)

Пікір қосу