Азия чемпионатына жаңартылған құраммен барамыз – Мырзағали Айтжанов

30 сәуір мен 7 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан Азия чемпионаты өтеді. Бүгінде бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Алматы облысындағы АИБА-ның Дүниежүзілік бокс академиясында жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр. Команданың дайындағы, алға қойған мақсаты туралы бас бапкер Мырзағали Айтжанов пікір білдірді.
Егемен Қазақстан
03.04.2017 1626
2

«Қазір Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Дайындық 8 сәуірге дейін жалғасады. Ал 15 сәуірден бастап Астанада жалғастыратын боламыз», – деді Мырзағали Айтжанов sports.kz басылымына берген сұхбатында.

«Соңғы рет Германияда «кіші әлем чемпионаты» саналатын «Chemistry Cup» турнирінде боксшыларымыз үлкен жетістіктерге жетті. Дегенмен, дәл осы жарыстан қателіктерімізді де байқадық. Алдағы уақытта осы кемшіліктеріміздің орнын толтыруымыз керек.  Ал алдағы аптадан бастап техникалық-тактикалық шеберліліктерін дамытумен айналысамыз», – деді ұлттық құраманың бас бапкері.

Осыған дейін 81 келі салмақтағы Әділбек Ниязымбетов пен Жәнібек Әлімханұлы жарақаттарына байланысты Азия чемпионатына қатыса алмайтынын айтқан едіңіз. Олардың орнын кім баспақ?

«Әзірге бұл жөнінде нақты бір шешім қабылдамадық. Алдағы уақытта бапкерлер құрамымен осы мәселені талқылайтын боламыз. 75 келідегі жігіттеріміздің бірі салмағын көтеруі де мүмкін. 81 келіде Бекзат Нұрдәулетов пен Бек Нұрмағанбет деген екі боксшымыз бар. Жастар арасындағы әлем чемпионатында деңгейлерін байқадық. Оларды да назарға аламыз», – деді ол.

Қазір 75 келіде Ташкентте өтетін жарысқа Тұрсынбай Құлахмет, Ерік Әлжанов, Әбілхан Аманқұл үміткер атанып отыр. Олар түрлі халықаралық турнирлерде жүлделі орындарға ие болды. Ал бапкерлер алқасы бұл жолы кімге таңдау жасап отыр?

«Түрлі нұсқаларды қарастырып отырмыз. Міне, осы жігіттердің бірін 81 келіге көтеруіміз мүмкін. Екі оқу-жаттығу жиыны өткеннен кейін деңгейлеріне байланысты шешім қабылдаймыз. Айдың соңында Азия чемпионатына қатысатын боксшылардың тізімі жарияланады», – деді Айтжанов.

Ұлттық құраманың бас бапкері Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит жайлы пікір білдірді.

«Василий 60-70%-ға дайын. Алдағы жиындардан кейін бәріне дайын болады деп сенемін. Әрине, өз басым Ташкентте өтетін жарыста Левиттен тек қана алтын жүлде күтемін», – деді.

Жеңіл салмақта ұлттық құрамадағы карьерасын аяқтаған Біржан Жақыповтың орнын ұлттық құрамада кім басуы мүмкін?

«Қазір екі жас спортшының деңгейін бақылап отырмыз. «Астана Арландары» сапында жүрген Теміртас Жүсіпов те бар. Сонымен қатар, осы салмақта ел намысын Ержан Жомарт, Шалқар Айқынбай, Асқат Жүсіпов сынды былғары қолғап шеберлері қорғауы мүмкін», – деді.

«Азия чемпионатында басты қарсыласымыз өзбек боксшылары болатыны сөзсіз. Дегенмен, өзге елдің боксшыларын назардан тыс қалдыруға болмайды. Кей салмақтарда Қырғыз жігіттері де мықты. Сонымен қатар, соңғы жылдары Қытай, Оңтүстік Корея, Филиппин, Тайланд, Иран сынды мемлекеттерде бокс қарқынды түрде дамып келеді», – деді Мырзағали Айтжанов.

«Ташкентке үлкен мақсат қойып барамыз. Бірақ Рио Олимпиадасында өзбек боксшыларына кеткен есемізді қайтару басты жоспарымыз. Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына жаңартылған құраммен барады. Олимпиадаға қатысқан екі боксшы ғана баруы мүмкін. Жанкүйерлерімізді қуанту үшін барымызды саламыз», – деді Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

16.02.2019

Бүгін Болгариядағы турнирде Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

16.02.2019

СІМ және «Атамекен» ҰКП инвестициялық және экспорттық бағыттағы жұмысты үйлестіруді күшейтуде

16.02.2019

WGS төрағасы: Үкіметтер өздерінің бизнес-модельдерін қайта ойлап табуы керек

16.02.2019

Ресей сауда алаңдарында қазақстандық компаниялардың белсенділігі артты

16.02.2019

Алматыда «Қазақстан университеттері халықаралық аренада» тақырыбында семинар өтті

16.02.2019

Майдангер-жазушы Леонид Гирш 95 жасқа толды

16.02.2019

Алматыда студенттер арасында «IITU Robocon 2019» робототехника чемпионаты өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу