Бала әке мен шешенің сөзін таңдап тыңдайды

Әдетте бала тәрбиесі жіті зерделеген ғалымдар арасында пікірқайшылықтар өте көп болады. Бірі дұрыс деп тапқан тәсілді екіншісі (көбінде ұлттық ерекшеліктерге сүйене отырып) қатеге шығарады. Мүмкін ол да дұрыс шығар.
Егемен Қазақстан
28.03.2017 1574

Ал, «ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі көзқарастары бір келкі болғанда ғана баланы ойдағыдай тәрбиелеуге болады» деген тұжырымға келгенде көп ғалымның пікірлері бір жерден шығады екен. Тіпті мұны балаға дұрыс тәрбие берем деген ата-анаға айналып өте алмас қағида санайды. Мұндай болмағанда бала, «әкемнің айтқанын тыңдасам анамды ренжітіп алам ба, анамның айтқанын орындасам әкемнің ашуын тудырып алам ба?» деген үнемі екіұдай күймен ержетеді екен. Баланың басындағы мұндай күй оның үйрену нәтижесін нашар қылып қана қоймай, тәртіпсіздікке төте жол ашады. Қалай?

«Екі қарға таласса бір қарғаға жем түседі» дегендей бала белгілі бір істе ата-анасының ұқсамаған көзқарасын байқаса бірден өз қалауын іске асыра алады. Тіпті есіріп сала береді. Бұл баланың алдындағы ата-ананың ең оңай жеңілісі. Мысалы, анасы баласына тамақтан бұрын пчения секілді ұсақ-түйек жемейсің десе, әкесі азырақ жесе оқасы жоқ – деді делік. Бала не істейді? Ол мұндайда шешесінің сөзін елемейді. Әкесі қолдайтынын білген бала әрине жегісі келіп тұрған дәмді жемектіктерге ауыз салады. Және әкесінің «азырақ» дегені де жайында қалады, ол сол мүмкіндікті жақсылап тұрып пайдаланды. Анасының сөзін тыңдамауға бойы үйренді. Ал енді белгілі бір істе баланың қалауына анасының пікірі дұрыс келіп қалса «анам рұқсат еткен» деп табандап тұрып алады да, әкесінің сөзі жайында қалады. Оған да бойы үйренеді. Бұл бала ата-ананың сөзін өз қалауына сәйкес келгені үшін ғана тыңдайтын болады деген сөз. Өсе келе екеуінікі сәйкес келмесе екеуінің сөзін де сөз екен демейтіні анық көрініп тұр. Осылайша ата-ананың пікірі бірдей болмаған жағдайда бала ырықты орынға шығады да, басқару қиынға соғады. Екеуі былай тұрсын, біреуі сөз ұқтыруға зар болады. 

Көп ата-аналар баласының ойдағыдай тәрбиеленгенін көксейді, сол үшін тер төгеді, уақыт бөледі, қиналады, уайымдайды. Өкінерлігі, екі жақтың ой-пікірі ұқсамауынан еңбектің көбі селге кетеді немесе кері нәтиже көрсетеді. Не істеу керек?

Жоғарыдағы мысалға байланысты айтсақ, ата-ана ұқсамаған көзқарастарын бірден баланың алдында шығармай алдын ала келісіп алғаны дұрыс. «Тамақтан бұрын ұсақ жемектіктерді жесе тамаққа тәбеті тартпай қояды, тамақ ішпесе денсаулығына зиян» деген ойын анасы айтсын, «баланың қарны тез ашады, ұсақ-түйектердің де өзіндік қуаты бар, тәбеті тартып тұрғанда аздап жесін» деген көзқарасын әкесі айтсын, осыдан ортақ келісім шығады. Не жемейтін, не аздап жейтін, иә тамақты ертерек берейік дейтін белгілі бір тұжырымға келеді. Анығында осы үш тұжырымның да қатесі жоқ. Қателік ата-ананың бала алдында өз ойларын жөнге санап, ақыры екеуі де балаларына сөз өткізе алмайтын ырықсыз күйге түсіп қалулары. Бұдан сақ болған жөн. Тамақтың алдында копчения жеу, жемеу деген секілді кішкентай тартыстың өзінен қаншама үлкен қиындықтар балалап шығатынын аңғару қиын емес.


Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.12.2017

БҚО Бөрлі ауданында Тәуелсіздік күніне орай бірнеше нысан ашылды

16.12.2017

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады (видео)

16.12.2017

Қостанайда бірінші коммуналдық қызмет орталығы ашылды

16.12.2017

Қызылордада мемлекеттік наградалар табыс етілді

16.12.2017

ОҚО-да медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды

16.12.2017

Шымкенттегі кондитерлік фабрика жаңа өндірістік желісі арқылы 200 т өнім шығарған

16.12.2017

Google қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16.12.2017

Рух

16.12.2017

Павлодарда бүлдіршіндер арасында асық ойнаудан жарыс өтті

16.12.2017

Шығыста «Біз­дің жетістіктер – біздің елге» ат­ты ак­ция өтіп жатыр

16.12.2017

Көкшетауда «Алаш мұраты – Тәуелсіз Қазақ елі» атты ақындар мүшәйрасы өтті

16.12.2017

Журналист Бекболат Әдетов Талғар ауда­­нының құрметті азаматы атанды

16.12.2017

Қазақ – қашанда қазақ!

16.12.2017

Көсегемізді көгерткен Көкарал

16.12.2017

«Метель» операциясынан бір күн бұрын...

16.12.2017

СҚО-да жеке кәсіпкер 80 адамды жұмыспен қамтамасыз етті

16.12.2017

Біржан елінің байрағы биіктеді

16.12.2017

Инновациялық кәсіпорында жаңа өнімдер қатары молая түсуде

16.12.2017

Ақтөбеде офтольмологиялық орталық ашылды

16.12.2017

Өскеменде 22 мектепке жаңа автобус берілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Жасампаз жылдар жылнамасы

Әйгілі Уинстон Черчилльдің «Та­рих біз туралы жақсы айтатын бо­ла­ды, себебі оны өзіміз жазамыз» де­ген сө­зі бар екен.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Елдіктің киесі

«Қазақ елі үшін ең басты құндылық не?» десе, мың-миллиондаған отандастарымыз: «Ол біздің алтыннан да ардақты, күмістен де салмақты Тәуелсіздігіміз!», деп жауап қатары шүбәсіз.

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Намыс туралы нақыл

Ата-бабалардан мирас болып жет­кен Ұлы Даланың түпкі тари­хына­ бармай, ХХ ғасыр басында, тура 100 жыл бұрын Ресей патша­лығы құрдымға кетуге таяп, ақ пен­ қызыл айқасқан кеңестік жаңа импе­рия күш ала бастаған шақта, 1917 жылы 5-12 желтоқсанда Алаш қай­раткерлерінің Алашорда автономиясын құру қадамы сан ғасыр­дың қойнауында қайнап піскен ұлттық намыстың тәуелсіз ел болуға ұмтылысының басы еді. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Әділеттің ақ жолынан Трампша аттау

Жуырда АҚШ президенті Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің ас­та­на­сы дегенді мойындап, АҚШ ел­шілігінің Тель-Авивтен сол қалаға кө­шірілетінін мәлімдеді. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғана елші­лікті көшіруді кейінге қалдырған Трамп­тың бұл шешімі қандай да бір қы­сы­мның күштілігінен екені көрініп тұр.   

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Дарын мен қарым

Дарын – тағдырдың сыйы. Ұстай алсаң құстай ұшасың, ұстай алмасаң мұрттай ұшасың. Ұстай алғанның қарымы зор. Бағы биік. Затына қарай аты, еңбегіне қарай өнбегі телегей теңіз. Ұстай алмағанның ұсқыны кірмейді. Қадамы ілгері жүрмейді. Қанша жетектегенмен, қамқорлық көрсеткен кері кетіп, күндердің күнінде күлкіге айналып, көлденең «кермеге» ұрына береді. Мұны өмір сабағына көз жібергенде көріп-біліп отырмыз.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу