Бала неге бүгежектейді?

Қостанай қаласындағы қазақ мектептерінде оқитын балалардың ділі, мінезі маған әртүрлі секілді көрінеді. Қазір ішкі көші-қонға байланысты ауылдан келген балалардың негізінен дәстүрлі, нағыз қазақы тәрбие алғандығы байқалады. Сонымен қатар, ата-анасы тумысынан қалалық, қала тәрбиесі бойына сіңген балалар бар. Өзіне сенімділік, пікірін ашық айтатын мінез қазақ мектебінде оқитын балалар бойында кемшін тартатыны жасырын емес.

29.03.2017 461

Бала тәрбиесіне келгенде бір тәмсілді ұстаздар да, психологтар да жиі айтады. Бір әйел данышпан кісіге келіп, «енді туған нәрестемді бүгіннен бастап қалай тәрбиелесем екен?» деп кеңес сұрапты. Сонда данышпан: «Тоғыз айға кешіктің» деген екен. Мұның бала тәрбиесі ана құрсағында жатқанда басталады, демек, ата-ана тәрбиені өзінен бастауы керек дегенді меңзейтіні анық. 

Баланың бойына өзіне деген сені­м­ді­лі­к­ті ұялату үшін ол әр ісіне, сөзіне жауап бе­ретін, көргенді, тәрбиелі ата-ананы көріп өсуі тиіс. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны іле­сің» демей ме халқымыз? Сонымен қа­­тар, тыйым салу да халқымыздың ді­лі­не сің­ген әдет-ғұрыптың бірі. Әрине, оның «та­балдырыққа шықпа», «адамға қа­рап есінеме», «күлді баспа», «үлкеннің алдынан өтпе» деген мысалдары секілді бала үшін тәрбиелік мәні көп. Алайда, «ұят бола­ды, жаман болады» деген тыйым­ды кейде баланың меселін қайтаратын, тіпті рухын бәсеңдететін, ішкі жалынын өшіретін өктемдікпен шатастырып ала­тындар жоқ емес. Бала ата-анаға не­ме­се үлкендерге өз ойын айтайын де­се «сен тоқтай тұршы», «сенікі дұрыс емес», «сен кішкентайсың, әрі тұр», «сен өзіңді кім­мін деп тұрсың?», «өсіп алшы алдымен» деген сияқты өк­тем сөздерден кей­інгі баланың іш­кі дүниесін кім түсінеді? Осы шектеу­лер құ­ла­­ғы­на сіңген ба­ла жа­с­­қаншақ, ойын ай­та алмайтын, қор­қақтау бо­­лып өсе­ді. Ер жеткен ша­ғын­да өз бе­тін­ше ше­шім қабылдай алмай дал бола­тын сәті аз кездеспейді. Мен өзімнің мек­теп­те­гі тәжірибемде балаларға «бо­лашақ ма­ман­ды­ғыңды таңдадың ба?» де­ген сұрақты қоя­мын. Олар көбінесе «әлі ше­ш­педім», «бі­л­меймін», «ата-анам бі­ле­ді» деп жауап бе­реді. Себебі, бала үшін ата-анасы шешім шығарып дағдыланған.

Баланың кішкентай кезіндегі тамағын айт­пағанда, киетін киіміне дейін ата-ана қаражатының жеткеніне қарай немесе өзіне ұнағанын таңдайды. Ал мұндай тәр­бие бала өскенде өзінің талғамын қа­­­лып­тас­тыра алмауына ұрындырады. сон­дық­тан, оның таңдау жасауы да қиынға тү­­с­еді. Ба­ла­ға кішкентайынан өз ойын айт­­қы­зып, ақыл­да­су, таңдау жасата отырып, оның өзіне се­німділігін арттыруға болады. Сонымен қатар, баланың болмашы ісін көрген ата-ана оған «сенікі дұрыс, ба­лам», «сен болмағанда мен не істер едім», «мен саған сенемін», «сен менің мақ­­т­анышымсың» деп отырса, бала қиялы қы­­рандай қалықтап, арқаланады, өзіне се­нім­ділігі арта түседі.

Аралас мектептерде жұмыс істе­ген­­дік­тен басқа ұлт балаларымен са­лыс­тыр­ғанда қа­­зақ балаларының ұяңдығын, ұял­ша­қ­ты­ғын, сырын айта алмауын, се­нім­сіз­ді­гін жиі байқаймын. Мектеп психологі бол­ған соң балаларды шақырып алмасаң, өз ер­кім­­ен келмейді. Шақырып алған соң оны «қи­на­п» отырып сөзге тартасың. Өзіне се­нім­сіз ба­ланың сеніміне кіріп, сырласу да оңай­ға соқ­пайды.

Қазір қоғамда отбасылардың ажы­расуы жиіледі. Ажырасуға дейін ол от­басында ұрыс-керіс арылмайтыны та­ғы белгілі. Ал мұндай отбасында өскен ба­­ла жасқаншақ келеді. «Неге менің отба­сым осындай, ата-анам ұрыса береді?» не­месе «әкем неге бізді тастап кетті?», «неге барлығының әкесі бар, менде жоқ?» де­г­ен ойлар баланың сенімсіздігін кү­шейт­еді.

Психолог ретінде ата-аналардың ба­­­­ла­­мен әңгімелесу, оны баласынбай өз жағ­дайы туралы да шынайы айтып бе­ру­­ге қымсынбауы керек екенін айтар едім. Баладан мұндайда кеңес сұраңыз. Оның ашылып әңгімеге кірісуін назардан тыс қалдырмаған дұрыс. Ұлыңызды да, қызыңызды да ешқашан «ана кісінің, мы­на кісінің баласын қарашы» деген секілді біреумен салыстырмаңыз. Оны кем­шілігімен, қателігімен тұтас қа­был­да­ған жөн. Баланың қателігін ата-ана өзінің жіберген кемшілігі деп ұғынғаны, мойындағаны дұрыс.

Нұргүл ӘУБӘКІРОВА,

Қостанай қаласындағы №5 орта мектептің педагог-психологі

ҚОСТАНАЙ



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

29.04.2017

Сағынтаев Сауд Арабиясының министрі Халид Әл-Фалихпен кездесті

29.04.2017

Назарбаев қырғыз президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

29.04.2017

Жоғарғы Сот ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

29.04.2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы түрік тіліне аударылды

29.04.2017

Қызылорда облысының әкімі Қазақстан этносаясаты бойынша дәріс оқыды

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Елбасы Өзбекстан президентімен кездесті

29.04.2017

Сенаторлар сенбілікке қатысты

29.04.2017

Назарбаев табиғат апатына байланысты Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Әуендер достыққа бастайды

29.04.2017

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

29.04.2017

ОҚО-да тасқын судың алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

29.04.2017

​Қыранның – бас, тұмсық, танау, көз, қанат-қауырсын сындары

29.04.2017

Қытайдағы қазақ жігіті Шыңжаң марафоншыларының көшін бастады

КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жол салсаң, мол сал

Санаулы күндерден кейін әлемдік деңгейдегі айтулы шаралардың бірі – ЭКСПО-2017 Халықаралық көр­ме­сінің де жалауы желбіремек. Яғ­ни, бас қала ел айнасы болса, жол-кө­лік инфрақұрылымы оның беделін арт­тыратын бренді болып табылады. Мемлекет басшысының елорданы одан әрі өркендету мәселесінде қа­ла­ның базалық инфрақұрылымын, оның ішінде қала жолдары мен жол ай­рықтарын барынша дамытуға үнемі ба­сымдық беріп келе жатқандығы да сон­дықтан.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Дәріге байланған ғұмыр

«Қазір еліміздегі донор жетіс­пеу­шілігі өте өткір мәселе. Бүгінде ал­мас­тырылған органның 90 пайызы ті­рі донорлардан алынады. Егер бұ­лай кете берсе, енді бір 20 жылда бір бүй­ректі ұлт атану қаупі барлығын жа­сыруға болмайды. Одан шығудың жо­лы қандай?

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Көрменің көрігін спорт қыздырады

Ағымдағы жылдың 10 маусы­мында Астанада ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месі келушілерге айқара есік ашады. Күллі әлем көз тіккен көрменің өтетін мерзімі жақындаған сайын бойды толқыныс сезімінің билейтіні түсінікті жайт. Иә, «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Әлемнің әр қиырынан ағылған меймандардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болу өз алдына, қолдағы барды көрсете білудің өзі өнер һәм зор міндет.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Этностар мүддесі барынша қорғалған ел

Қазақстан заманауи өмірге, ха­лықаралық қоғамдастыққа се­німді түрде кірігіп отыр. Біз елі­міз­дің имиджін көтере отырып, ин­вестициялық және экспорттық әлеуетімізді, экономикамызды қа­р­қынды дамытуға баса назар ау­дарып келеміз. Осы саясаттың ар­қасында Қазақстан әлем мой­ын­даған елге айналды.

Гүлзейнеп Сәдірқызы, «Егемен Қазақстан»

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Пікірлер(0)

Пікір қосу