Балаларды қуанышқа бөледі

«Ауылына қарап, азаматын таны» деген. Атымтай жомарттар арамызда аз емес. Күні кеше елордада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесіне сонау Алматыдан 500 балаға екі миллион теңге көлеміндегі сомаға билет алып беріп, Астанаға әкелген кәсіпкер жайындағы ақпарат елең еткізген. Көпшіліктің алғысына бөленіп, жеткіншектердің ризашылығына сеп болған замандасымызбен аз-кем тілдескенді біз де жөн санадық. Долкунтай Абдулхалил оңтүстіктегі шаһарда орын тепкен «MetallPromGroup» ЖШС-нің басшысы екен. Әңгіме барысында аңғарғанымыздай, жуырда ғана «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Айтуға оңай» бағдар­ламасына мұң шаққан үйсіз-күйсіз қос отбасының бірін баспанамен қамтамасыз еткен азаматымыз осы болып шықты.
Егемен Қазақстан
26.06.2017 667

– Жақсылықты жар сала айту да жақсы емес, әрине. Десе де, сіздің баста­маңыз­бен қолға алынған игі істер елдің ықыласын оятып, алғысын алуда. Қа­ра­жаттан қысы­лып, қамыққан жандарға көптен бері қолұшын созып жүрсіз бе?
– Алла жұмыр басты пендесін кедейлікпен де, байлықпен де сынайды ғой. Қолымызда бар дүние, алдымен Жаратқан берген несібеден, содан кейін ғана еңбегімізбен біткені анық. Сондықтан, айналамыздағы ағайынның қиналғанына көз жұма қарай алмаймыз. Жалпы, компанияның атынан 1995 жылдан бері қайырымдылық шараларына қатысудамыз. Сол кезден былтырға дейін көмекке жаратқан қаражатымыздың жалпы есебі 37 миллионға жетіпті. Әсіресе, жетім балаларға, қарттар үйіне, ардагерлерге көбірек жәрдемдестік. 
– Соңғы рет елордадағы ЭКСПО көрмесіне Жетісу жерінен 500 жеткін­шекті әкелдіңіздер...
– Иә, Астанада ұйымдастырылып отырған, бұл шараның маңызы зор. Сол себепті, мұны еліміздің әрбір тұрғыны тамашаласа, артықтық етпейді деп білемін. Алайда, көпшілігіміздің оған мүмкіндігіміз бола бермейтіні тағы рас. Осы орайда, тұрмысы төмен, көп балалы, материалдық жағынан аз қамтылған отбасы балаларына 500 билет алып бергенді жөн көрдік. Шара біткенше тағы да жүз шақты жеткіншекті жолп­ұлы­мен, тағам-сусындарымен, жатын орындарымен қамтып, елордаға әкелсек деген ойымыз бар. 
– Көпке шарапаты тиген өзге шаруаларыңыздан там-тұмдап айта кетсеңіз.
– Биылдыққа 600-ге жуық отбасына азық-түлік пакеттерін ұсындық. Олардың қатарындағы мүмкіндігі шектеулі жандар өздеріне қажет протездерін сұратса, қаржылай жәрдем­десуді өтінгендерге керек сомаларын бердік. Бұдан бөлек, бокс, күрес, ережесіз жекпе-жек сынды спорт түрлерінен Қазақстан, Азия чемпиондарына демеушілік жасадық. 
Жұмысшыларымыздың әлеуметтік ахуа­лын да назардан тыс қалдырған емеспіз. Олардың уақытында емделуіне, мереке кездерінде сыйақы алуына, жалақы­ларын кешіктірмеуге барынша күш сала­мыз. Мемлекет қазынасына түсетін салығы­мызды да уақытынан кешіктірген емеспіз.
Орайы келгенде мақтана салайын, осындай және өзге де қайырымдылық шараларымызды ескерсе керек, өткен жылы Алматы қаласы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы филиалының ұсынысымен «Алтын жүрек» ұлттық қоғамдық сыйлы­ғын еншіледік. Басқа да көптеген Алғыс хаттармен марапатталғанымыз бар. Әрине, игілікті істерімізді марапат алайық деп істемейміз ғой, оны көптің бағасы, рахметі деп ұқтық.
– Өндіріс – ел экономикасының негіз­гі тірегі. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан осы саланы қолдау мақса­тын­да бөлінетін қаражат та еселеп өскен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнал­ған Жолдауларында да шағын және орта кәсіпкерлікті ілгерілету, дамыту мәселелері сөз болып, қаржылан­дыру ісін жүйелендіру тапсырылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағ­дарламасы – сөзіміздің нақты дәлелі. Ен­ді өзіңіз басқарып отырған ЖШС жа­йын­да білсек.
– «MetallPromGroup» ЖШС осыдан сегіз жыл бұрын ірге қалаған. Компания бірнеше жыл бойы жоғары сапалы болат қорытып қана қоймай, отандық шикізатты пайдаланып, металл илеу нарығында өнімді жұмыс істеді. Бүгінде шаруамызды жолға қойып, профильді, шаршы және дөңгелек құбырлар, профильді төсем, бұрыштаушы краб, мырышталған тегіс жабын, сылақ торы сынды, әсіресе, құрылысқа қажет темір-терсектер өндіреміз. 
Әу баста он адамнан тұратын ұжым мүшелері қазіргі таңда 130-ға жетті. Олар­дың қатарында он бес ұлттың өкілі бар. Алғашқы жылдары ай сайын 500 тонна өнім өндіретін болсақ, қазір 3500 тоннаға жеткіздік бұл көрсеткішті. Өнімдерімізді Қазақстанның 13 қаласына жібереміз. Ал шет мемлекеттер­ден Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан республикаларына экспорттаймыз. Астанадағы ЭКСПО қалашығының құрылысына жараған металдардың біршамасы да біздің өнімдеріміз. 
Бүгінгі Қазақстанда бизнеске қолдау жоғары екені рас. Ерінбеген жан еселеп табыс табатынына күмәнім кем. Өйткені, Елбасымыз кәсіпкерліктің қай саласына да кеңінен жол ашып қойды. Бізге осы мүмкіндікті барынша пайдалану қажет.
P.S. Сөз соңында айта кетер бір жайт, он төрт бала өсіріп, тәрбиелеп отырған Долкунтай Абдулхалил олардың үшеуін балалар үйінен асырап алған екен. Барлығын тең дәрежеде бағып-қағып, білім алуларына жағдай жасауда. Осы ісі де өзге қалталы жандарға айрықша үлгі болатын қасиет. Замандастарымыз сауап­ты шаруа­ны жалғай кетсе, қанекей!..

Әңгімелескен Асхат РАЙҚҰЛ, 
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.08.2018

Астанада «Ұлттың ұлы мұрасын қадірлейік» атты іс-шара өтті

16.08.2018

Астана хабы Корея Республикасымен ынтымақтастықты нығайтуда

16.08.2018

Қаралы көктем.1953 жыл, наурыз

16.08.2018

Жакартада еліміздің мемлекеттік туы ресми түрде көтерілді

16.08.2018

Алматыда Батырхан Шүкеновтың атына көше берілді

16.08.2018

Кәсіпкерлер «Менің мектебім» жобасы­н қар­жыландырады

16.08.2018

Қуат Тумабаев Өскемен әкімі қызметінен кетті

16.08.2018

«Туған жерге тағзым» жобасы аясында 126 іс-шара атқарылды

16.08.2018

Зарема ШӘУКЕНОВА: Каспий теңізі айрықша мәртебеге ие болды

16.08.2018

БҰҰ Бас хатшысы Каспий теңізінің құ­­қық­тық мәртебесі туралы кон­вен­цияға қол қойылуын құптайды

16.08.2018

Зүлфия АМАНЖОЛОВА: Каспий конвенциясы – тұрақтылық пен орнықты даму кепілі

16.08.2018

«100 жаңа есім» жобасы тамыздан бастап өзінің екінші кезеңін бастайды

16.08.2018

Бизнес үшін GSP-ның артықшылықтары көп

16.08.2018

Астанада cпорт күніне арналған жиын өтті

16.08.2018

Astra: жол ақысын төлеудің жаңа электронды жүйесі, тарифтері және жеңілдіктер

16.08.2018

Ақ желеңділерге «алғыс» алуға болмайды

16.08.2018

Маңғыстаудың мақсаты – мұнайсыз даму жолымен көркейе түсу

16.08.2018

Қызылордада кәсіпкерлер көбейіп келеді

16.08.2018

Генуядағы көпірдің құлауына кінәлілер анықталды

16.08.2018

Сұраған Рахметұлы. Тыныштықбектің «Алқоңыры»

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу