«Баласағұн кітапханасы» сериясы бойынша 18 кітап жарық көрді

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Баласағұн кітапханасы» сериясы бойынша 18 ғылыми еңбек жарық көрді, деп хабарлайды институттың баспасөз қызметі.
Егемен Қазақстан
24.03.2017 1657

Кітаптар оқу орны жанындағы Жүсіп Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу

орталығында дайындалған.

Ғылыми әлеуетті арттыру – еліміздегі жоғары оқу орындарының басты мүдделерінің бірі екендігі белгілі. Осыған орай, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты сапалы білім берумен қатар, іргелі ғылымды дамытуға да сүбелі үлес қосуда. 

Ашылғанына 3 жылға жуық уақыт болған ғылыми-зерттеу орталығында Түркістан өлкесінің тарихына қатысты кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізу, Тараз өңірі мен Әулиеата уезінің тарихы бойынша бұрын жарық көрмеген архив құжаттарын жинастыру және мұрағат материалдарының негізінде көптомдық құжаттар жинағы мен монографиялық еңбектер даярлау қолға алынды.

– Зерттеу жұмыстары жеті бағытты қамтиды. Бірінші бағытта көне және орта ғасырлардағы Тараз өңірінің тарихы қарастырылса, екінші бағытта «Әулиеата уезінің тарихы» атты серия бойынша көптомдық құжаттар жинағын жарыққа шығару көзделген. Үшінші бағытта «Жамбыл облысының тарихы» атты серия бойынша көптомдық құжаттар жинағын шығаруға басымдық берілсе, «Түркістан өлкесінің тарихы» сериясы бойынша монографиялық еңбектерді жазу төртінші бағыт негізінде жүргізілуде. Бесінші бағытта «Түркістан тұлғалары» атты серия бойынша тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметі зерделенуде. «Түркістан жинағы» сериясымен көптомдық ғылыми мақалалар жинағын жарыққа шығару алтыншы бағыт бойынша, «Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыстар  тарихы» сериясы бойынша монографиялық еңбектерді шығару жетінші бағыт бойынша іске асырылуда, – дейді орталық директоры Ордалы Қоңыратбаев.

Жарық көрген кітаптар қатарында «Қазақ хандығы» энциклопедиясы мен монографиясы, «Түркістан жинағының» 4 томы, «Тұрар Рысқұлов өмірі мен қызметінің күндерегі», «Түркістан өлкесіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихы (Сырдария және Жетісу облыстарының материалдары бойынша)» және тағы басқа ғылыми еңбектер бар.

– «Түркістан жинағы» – Түркістан өлкесінің көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына, халықтарының мәдени өмірі мен тұрмыс салтына және өзге де көптеген мәселелерге арналған мақалалар жарияланатын ғылыми жинақ. Осындай атпен 1916 жылғы революцияға дейін Ташкентте барлығы 591 томдық мақалалар жинағы жарық көріп, кеңестік дәуірде тоқтап қалған болатын. Бұл еңбектің маңызы әлі күнге жойыла қойған жоқ. Есесіне жыл өткен сайын дерек көзі ретінде бағасы артып келеді. Осыған орай, «Түркістан жинағын» қайта шығаруды қолға ала отырып, бұрынғы ғылыми дәстүрді қайта жаңғыртқымыз келді. Бүгінде аталған еңбекте тек қазақ тарихшыларының ғана емес, сондай-ақ шетелдік тарихшылардың ғылыми мақалалары да тұрақты жарық көруде, – дейді орталық қызметкерлері.



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2018

Алматының әкімі стартап-компанияларының өкілдерімен кездесті

21.06.2018

Еуропа лигасындағы қарсыластар анықталды

21.06.2018

«Жетісу» газетінің жарық көргеніне бір ғасыр толды

21.06.2018

Джокович үлкен тенниске қайта оралды

21.06.2018

Тайсон келесі кездесуін тамызда өткізеді

21.06.2018

Уилшер «Арсеналмен» қоштасады

21.06.2018

«Егемен академиясының» бірінші маусымы сәтті аяқталды (видео)

21.06.2018

ӘЧ: «Неміс машинасы» атағын қорғай ала ма?

21.06.2018

ӘЧ: Тоналған фанаттар мен жаңарған рекордтар

21.06.2018

Астананың құрдастары: Мақсатым – ақылды адамдарға арналған ұйым құру (видео)

21.06.2018

Түркістан облысы - Зиялы қауым не дейді?

21.06.2018

Шетел басылымдары. Түркістанды бауырлас халықтар да қолдайды

21.06.2018

Түгел түркінің тілегі орындалған күн - Құлбек ЕРГӨБЕК

21.06.2018

Астанада көптілділікті дамытуға арналған жиын өтті

21.06.2018

Үздік мемлекеттік қызметкерлер анықталды

21.06.2018

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов халыққа есеп беру кездесуін өткізді

21.06.2018

Біздің мақсат – мемлекеттік қызметшілерді ынталандырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу – А.Шпекбаев

21.06.2018

Ислам қолжазбалары зерттелуі тиіс

21.06.2018

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қорын құру ұсынылды

21.06.2018

Цифрландыру – ел дамуының басты кепілі – А. Оспанов

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу