«Балбырауын»

«Балбырауынға» байланысты бұрынғы-бүгінгі буынды қайдам, алпыстың ауылына ат басын бұрған өзімнің біршама білгенім беріде. Көзі ашық, көкірегі ояудың құлағына ғаламат күйдің күмбірі, сол күйдің желісінде қойылған биді орындаушы ару шолпысының сылдыры естілер. Содан соң? Содан соң тынды! Ал бүгінгі әңгіменің өзегі – «Балбырауын» кен орны.
Егемен Қазақстан
19.04.2017 447

Мен «Балбырауын» кен орны туралы бастапқыда осы ғасырдың басында Қар­сақ­бай металлургия зауытының директоры Қадыр Мәткеновтен естідім.

Қарсақбайға қатысты әңгіме қозғала қал­са әжімді өңі әрленіп, тінін тарих те­ре­ңінен тамырлатып, байыпты сөзін бабымен сабақтайтын, осы өңірдің тағдырын өз отбасындай ойлайтын ол толғандырған түй­інді түйіткілді, тынымсыз тыныс-тір­ші­лікті тілге тиек ете келіп:

– Бұл өңірдің болашағы – «Бал­бы­рауын». Онда тұтасқан темір кенінің қа­лың қатпары жатыр. Сол ен байлықты ел игілігіне айналдыру, соған сай іргелі кә­сіп­орын салу Қаныш Сәтбаевтың арманы бол­ған. Академик арманының ақиқатқа ай­налатын уақыты алыс емес, – деп тү­й­ін­деген.

Шыны керек, сол жолы мыстай «май­­­­шелпек» тұрғанда, үкілі үмітті қай­­­дағы бір темірге әкеліп тірегеніне тү­сін­бегенмін. Алайда, көңіл түкпірінде «Бал­бырауын» туралы тереңірек біле түс­сем деген әуестік оянған. Оны акаде­мик еңбегінен табатыныма да күмән кел­­­тірмегенмін. Бірақ, «Балбырауынға» бай­­­ланысты бірегей деректі Қаныштың қап­­таған еңбегінің қайсысынан табамын?

Сөйтсем, Қ.Сәтбаевтың «Қарсақбай темір кен орны тобы» деген еңбегі бар екен. Ғұлама ғалым оны 1941 жы­лы жа­зып­­ты. Алғаш рет 1968 жылы жа­рық көр­­­ген «Таңдамалы туындыла­ры» кіт­а­бы­­на енгізіліпті. Сонымен, шы­ғар­ма­ның шұ­ң­­ғымасына сүңгідім де кеттім. Ол әлгі ең­бегінде «Балбырауынға» байланысты былай деп жазады:

«Табылған темір кені жүлгесінің жал­пы ұзындығы 270 шақырымға тең... Ені 2-5 шақырымдай. Терісбұтақ өзе­нінің солтүстігі мен Білеуті өзенінің оң­түс­ті­гін­дегі темір кені жүлгесі мезозой-кайно­зой шөгіндісінің көлбеу жамылғысы ас­тынд­а жатыр. Білеуті мен Терісбұтақ ара­лығында ішінара барынша беріректе тү­зілген шөгінді астында да кездеседі».

Одан әрі темір кені жүлгесі кез­де­сетін басқа өңірге түрен түспегенін, геоло­гия­лық-барлау жұмысы жүргізілмегенін ай­та­ды. Осы аймақтың күрт құбылмалы ауа-райына тоқталады. Жер бедерін си­пат­тайды. Гидрогеологиялық жә­не гид­ро­г­рафиялық ерекшелігін қарас­ты­ра­ды. Ха­лық шаруашылығы мен өндірісте көк­тем­гі қар суын пайдалану мүмкіндігіне на­­зар аударады.

Жалпы, геологиялық барлау дерегіне, бұ­рынғы зерттеудің болжам-байламына сүйе­ніп, ғылыми негізде жазылған көлемді әрі күрделі еңбекті қайталап айтып шығу­дың қажеті жоқ шығар, сірә?! Басы ашық нәр­се сол – Қарсақбай тө­ңі­-

р­егінде «Бал­бырауын» бастаған кен көзінің шоғыр­лан­­ғандығы. Бұл еңбектің тигізген әсері сон­­дай, оқып шыққан соң көз алдыма тағы бір Қазақстан маг­нит­касының сұлбасы көл­беңдеп тұрып алды.

Бұдан он шақты жыл бұрын «Бал­бы­рауын» әртүрлі алқалы жиында жиі

ау­ызға алына бастады.

2004 жылы ақпанда «Қазақмыс» ком­паниясының басшылығы жур­на­лис­терді жи­нап, баспасөз мәслихатын ұй­ым­дас­тыр­ды. Шикізат қорын нығайту мә­селе­сі­не баса назар аударылған сол жиын­да мы­н­андай әңгіме айтылды:

«Қазір компания «Қарсақбай» ау­ма­ғын­дағы «Балбырауын» темір кен орнын иге­ру мен өңдеу жобасын жүзеге асыруға кі­рісті. Оған электрлендірілген темір жол тар­тылады. Төтесінен тартуға мүмкіндік болуына қарамастан, тұрғындарды жұ­мыс­пен қамту мақсатында оның Жезді, Қар­сақбай арқылы өтуі қарастырылған.

­«Балбырауын» кен-металлургия ке­ше­нін игеру Қаныш Сәтбаевтың арманы еді. Соны жүзеге асыратын сәт туған сы­ңай­лы. Біздің болашақ – «Балбырауын». Оның қазір зерттелген қорының өзі 30-40 жылға жетеді. Одан өндірілген шикізатты элек­трмен балқытып, болат алатын уақыт та алыс емес».

Сол жылы наурызда Қарағанды облы­сы­­ның сол кездегі әкімі К.Мұхамеджанов Жез­қазғанда аймақтық кеңес өткізді. Бір­қатар өзекті өткір мәселе талқыланған осы алқалы басқосуда сөз алған «Қаза­қ­-

мыстың» басшысы Владимир Ким әр­алуан әлеуметтік мәселені шешуге бай­ла­нысты атқарылып жатқан жүйелі жұ­мыс­ты айта келіп, кен қорын нығайтуға қа­тысты да әңгіме қозғады.

– Біз «Балбырауын» кен орнын игеру жобасын жүзеге асыруға кірістік. Ке­ле­шекте оның базасында электрмен бал­қыту арқылы жоғары сапалы болат алу көзделген. Корпорация Жезқазған ай­мағын дамытуға соны серпін береді, – деп қа­дап айтқан.

Қысқасы, «Балбырауын» бұрынғыдай бо­лашақтың емес, бүгінгінің бірегей ныса­нына айналып отырғаны аңғарылған. Жал­пылама әңгіме нақты істен көрініс та­ба бастаған. Дархан даланың тусыраған тө­сі дүбірлеген еңбек күйіне бөленетін уа­қыт таяп қалғанын түйсіндік. Содан соң ком­па­нияның сол кездегі бас геологы Виктор Шквыряға телефон шалып, тілдескенім есімде.

– «Балбырауын» Қарсақбайдың оңтүстігінде жатыр, – деген ол.

– Қоры қанша?

– 125,6 миллион тонна.

– Бұл қаншаға жетеді?

– Бастапқы жылдық жобалық қуаты 3 миллион тоннаға жуық кен өндіруге есеп­тел­ген. Бара-бара оның ауқымы арта­ты­ны аян. Сонда қоры қырық жылға же­тіп қалар...

– Құнарлығы қандай?

– Кен құрамындағы металдың орта­ша көрсеткіші – 40,4%. Бұл әлемдік өл­шем­мен алғанда онша құнарлы шикізат саналмайды. Дегенмен, жоқтан жақсы ғой?..

– Кен қоры ұрпақтың бір буынына молынан жетеді екен. Ал «Балбырауынды» бітірген соң қайтеміз?

– Қарсақбай төңірегінде темір кен орны баршылық. Соның бірі – «Балбырауын». Сол­түстігінде керіліп «Керегетас» жатыр. «Сазтөбе» мен «Жетіқыз», тағы басқа кен ор­ны кезегін күтіп тұр. Кезінде Қаныш Сәтбаев жасап кеткен батыл болжам бү­­гін­­де нақтыланып, іргелі іске іргетас бо­ла­ры анық.

Екеуара осы әңгімеден Ұлытау өңі­рін­­дегі өмірге үлкен өзгеріс енгелі тұр­ға­нын аңғарғандай болдым. Сол қауырт қи­мылдың дүбірі құлаққа келгендей...

«Қазір қолда бар нақты деректер та­биғ­ат соншалықты жомарттықпен ал-

уан түрлі бай кенді аса мол мөлшерде бір жер­ге жинақтаған Жезқазған аймағын жер ша­рындағы санаулы бақытты өңірлердің бі­ріне жатқызуға мүмкіндік береді», деп берік байлам жасаған Қаныштың кө­ре­ген­дігіне еріксіз қайран қаласың. Бәрін қол­­мен қойғандай көрсетіп кеткен. Бе­дерлі бо­лашаққа бастайтын бүгіннің ке­мел келе­шек көкжиегін кеше кестелеген, соған жеткізетін соқпақты салып кеткен. Бізге бұйырғаны – сол сүрлеумен ілгері озу.

Әлібек ӘБДІРАШ,
Қазақстан Журналистер одағы
сыйлығының лауреаты


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2018

Астанада сөйлеу процессорларын баптау жұмыстары жүргізілді

17.01.2018

Қостанайда боксит өндіретін жаңа карьерлердің құрылысы аяқталды

17.01.2018

Үндістанмен арадағы Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға түзетулер қаралды

17.01.2018

Қ.Тоқаев: «Басты міндетіміз – Елбасы Жолдауын заңнамалық қамтамасыз ету»

17.01.2018

Құдық қазу жұмыстарына кеткен шығынның 80 пайызы қайтарылады

17.01.2018

Астанада заманауи балабақша ашылды

17.01.2018

Мәскеуде Қазақстанның жаңа консулы тағайындалды

17.01.2018

Тайландта босанған ана санавиациямен елге жеткізілді

17.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамптың кездесуі әлемдік БАҚ назарында

17.01.2018

Асқар Жұмағалиев «Қорғас-Шығыс қақпасы» аймағының жұмысымен танысты

17.01.2018

Құлсарыда жылыжай  ашылды

17.01.2018

Қ.Тоқаев Елбасының АҚШ сапары туралы пікір білдірді

17.01.2018

Президенттің АҚШ-қа сапары. Стратегиялық серіктестіктің жаңа кезеңі

17.01.2018

АҚШ-та Қазақстан әдебиеті мен мәдениет орталығы ашылады

17.01.2018

Аяз мүйізді, мүйіз тұқылды қалай қысады?..

17.01.2018

Түлкиевтің туындысы

17.01.2018

Атырауда көкпар тартушылар көбейді

17.01.2018

Абайдың алғашқы кітабы

17.01.2018

Сыр өңірінде жаңа аурухана ашылды

17.01.2018

Алматыда ауған соғысының ардагері Борис Керімбаевтың мерейтойы атап өтілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Дамудың даңғыл жолы

Елімізде жүргізіліп жатқан ірі реформалар нәтижесі қазір өз жемісін бе­руде. Қолға алынған зор мін­дет­тер­дің негізгі мәні – Қазақ­стан­ның жан-жақты дамуы, көр­кеюі болатын. Сондықтан бұл реформалар аяқ астынан пайда бола қойған жоқ. За­ман­ның дидары ө+згеруіне орай, мем­лекеттік салалардың жүгі де, ісі де өзгеруі тиіс еді.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Рухсыздық – оқымаудан, тыңдамаудан

Құдірет адамзатты керемет хикметпен, ілтипатпен, мейірбандықпен, көркемдік сұлулығымен қызықтырып, сыңғырлатып жаратқаны мәлім. Ойлау мен қарекет жасау үшін жаралған адамның тұлғасы, таратыңқырап айтқанда, оның қолынан, қиялынан, білімдарлығынан шыққан сәулет, сурет, мүсін, қолөнер, музыка, сөз өнерінің таңғажайып жәдігерлері, телегей-теңіз шынайы жан сырлары, ғылыми-шығар­машылық ғаламат жетістіктері өлшеусіз ғой. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Ұжымдық ұстаным

Ұжымдық рух ұлы жеңістерге қол жеткізеді. Қазақ айтады: «Үш адамның басы қосылса – қауым». Қауым­дасқаннан бері адамзат сан түрлі қоғамдық құрылысты өт­кер­ді. Ал қазіргі нарықтық қоғам­ның кілті – табыс. Яғни биік мүдде жолында ұжымдасу және белгілі нәтижеге қол жеткізу.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанның жаһандық қауіпсіздік бастамалары

Еліміз егемендіктің бастапқы ке­зінде-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік Қазақстанның сырт­қы саясатының негізгі басым­дық­тарының бірі болатынын төрт­күл дүниеге жария еткен еді. Содан бері еліміз халық­аралық аренада сол бағытты берік ұстанып, оны бел­сенді түрде жүзеге асырып келеді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу