Бақтыгүл Маханбетова: Қазір әдеби агенттердің заманы

Төл әдебиетіміздің озық үлгілерін шетелде насихаттаушы, Қазақстандағы тұңғыш «Bestseller» әдеби агенттігінің негізін қалаушы Бақтыгүл Маханбетовамен қазіргі әдебиетіміз төңірегінде әңгімелескен едік.  

Егемен Қазақстан
12.03.2018 7357

–  Бақтыгүл ханым, қазақ әдебиетін басқа елге таныстыру шарасы қалай жүзеге асып жатыр?

– Қазақ қаламгерлерін әлем жұрт­шылығына таныстыру мақсатында әрі әдеби агент ретінде былтыр қазан айында алғашқы қадамды британдық әріптестер тәжірибесіне сүйене отырып, Шекспир еліне сапар шегуден бас­тадық. Қазақстандағы бірінші «Bestsellerkz» әдеби агенттігінің ұсы­нуымен, Еура­зиялық шығармашылық гильдиясы кітаптары сериясы бойынша Еуропа қазақтарына шашу ретінде апарған 5 автордың төл туындысы «Hertforshire Press» баспасынан жарық көрді. Сөйтіп Шекспирдің отанында осы дүниелердің таныстырылымын өткіздік. Атап айтсақ, қазақтың біртуар ақиық ақыны Темірхан Медетбектің «Көк Түрік – Көк Бөрі» туындысы – 70-жылдардағы Қадыр Мырза Әлі ағамыздың аудармасынан кейінгі елді елең еткізген тұщымды дү­ниелердің бірі. Белгілі жазушы Қуаныш Жиенбайдың «Тағдыр» туындысындағы «Жұмыртқаның сары уызы» атты әңгімесі мүгедек қыздың өмірге құлшынысын қамтыса, «Аптаның ақырғы күндері» әңгімесі жетім баланың жанына үңілуімен ойға жетелейді, ал «Түн ортасындағы тосын әуен» саз өнері қонған, ерекше дарын иесінің қоғам қайшылықтарына қарсылығын әдемі жеткізеді. Сыршыл ақын Нәзікен Алпамысқызының «Қияжол ғұмыр» жыр жинағына енген  өлеңдерімен оқырманды қуанттық. Жазушы Сәуле Досжанның «Сағыныш» туындысы жы­рақта өмір сүруге мәжбүр болған қандастың жан күйзелісін «Қашқынның зары» әңгімесі арқылы жеткізсе,  «Ақбұ­лақтың адасқағы» хикаяты тағдыр тәлке­гіне түсіп адасқан, өкініште ғұмыр кешкен ­ғашықтарды табыстырады.

 Ақын Гүлзада Ниетқалиева «Жүрек­тегі иман гүлі» туындысында «Аллажар» поэмасы арқылы Алланың көркем 99 есімін жырға қосып, Домалақ анаға арнауын және даңқты Клеопатраны жырға қосқан өлең жолдарын оқырманға сыйлады.

– Лондонда жаңа кітаптардың та­ныс­тырылымы қалай өткізіледі екен?

– Мұнда жарық көрген бірде-бір тың туынды көпшілік назарынан тыс қалмайды. Өйткені оқылым өте жоғары. Соған қарап, Шекспир елі жұртшылығына сүйсінесіз. Демек, насихат жұмыстары дұрыс жолға қойылған деуге толық негіз бар... Құрамында Қуаныш Жиенбай, Нәзікен Алпамысқызы, Гүлзада Ниет­қалиева бар, өзім басқарып барған топ­қа 11 жасар Ардақтым, атыраулық журналист, аудармашы Гүлжан Елешева қосылып, Лондондағы әдебиет күндерін бір­ге өткіздік. Темірхан Медетбек пен Сәуле Досжанның жаңа кітаптарын жұрт­шылыққа таныстырдық. Басқа мемлекеттерден келген қаламгерлермен танысып, шығармашылық байланыс орнаттық.

– Агенттік арқылы шығармалары ағыл­шын тіліне аударылған қалам­гер­лер көп пе?

– Лондон сапарынан бұрын Қазақстан елшілігіне алдын ала осы жобаға орай өтініш хат жолдадым. Соның нәтижесінде, Қазақ­станның Ұлыбританиядағы елші­сі Ерлан Ыдырысов мырзаның қабыл­дауында болдым. Дипломатпен арадағы диалогымыз қазақ әдебиетінің бүгіні мен ертеңі жайында өрбіді. Қордаланған түйткілдердің оңтайлы шешімдері туралы ортаға ой тасталып, әсіресе оның ішінде аудар­маға қатысты ұсынысымызды жеткіз­дік. Қазақ тілінен тікелей ағылшын­шаға аудару идеясы көтерілді. Және де ал­дағы уақытта аударылуы қажет шығар­малар тізімі көрсетілді. Сапалы аударма тек британдық редакторлардың атсалысуы арқылы жүзеге асатынын ескерсек, дүниежүзілік әдебиет байқауларында көбіне ағылшын тіліндегі шығармалардың үлкен мәнге ие екендігін аңғару қиын емес.

– Қазақ қаламгерлерінің қандай же­тіс­тіктерін бөле-жарып айтар едіңіз?

– Ашық Еуразиялық әдебиет бай­қауының алтыншы жылы, яғни былтыр 38 мемлекеттен қатысқан 4 аталым бойынша 1500 үміткер арасында мен ұсынған 16 шығармашылық иесінен 10 автор shortlist тізіміне еніп, финалға көтеріліп, лауреат атанды. Байқаудың жүлдегерлерін анықтау қарашаның 17-20 аралығында Стокгольмде өтті.

«Проза» аталымы бойынша Тынымбай Нұр­мағанбетовтің «Періштелердің өлімі» романы, Қуандық Түменбайдың «Пе­ріште», «Құлыпашар», «Мұнар күн», «Алматыда болған аңыз», «Мылқау етікші» әңгімелері мен Әлібек Ас­қа­ровтың «Однажды осенью, далеко в горах» романы, сондай-ақ Сәуле Дос­жанның «Өгей жүрек» романы, балалар әдебиетінен Кеңес Дүйсеннің «Жар­ғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың бас­тан кешкен таңғажайып оқиғалары» хикаяты, «Поэзия» аталымы бойынша Серік Ақ­сұңқарұлының «Абылнама» поэмасы, Ғалым Жайлыбайдың «Қара орамал» поэмасы мен Нәзікен Алпамысқызының «Күн астындағы мұзбалақ», «Күрең шетен» және т.б. жырлары еленіп, лауреат атанды.

– Бұл шарада қазіргі әдебиеттің қан­дай маңызды тұстары әңгіме арқауына айналды?

 – Шығарманы түпнұсқадан тікелей аударудың ма­ңыз­ды екендігін британдық редактор-аудармашылар баса айтты. Британдық драматургияға жаңалық қосу қажеттігі туындағанын ескертіп, ойын бөліскен Дэвид Перри мырза Еуразиялық пьесалардың озық қойылымдарын әлемге таныстыру мақсатында театр фестивальдарын бірлесіп өткізуге байланысты өз ұсынысын жеткізді.

– Шетелде әдеби агенттің көмегіне сұраныс көп пе?

– Мұның не екенін әлі де жыға тани алмай жүргендер табылады. Соған қарамастан, уақыт тілі тоқтап қалмайды. Алға қарай жылжи беруге тиіссің. Сток­гольмде шетелдік қаламгерлер арасынан маған әдеби агент болуымды сұрап, өтініш білдіргендер болды. Олардың алдағы таңдарға көбірек иек артатын оптимистігі айрықша ұнады. Бізге де осындай озық дәстүрлерден үлгі алу керек.

Әңгімелескен  Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2018

Ұлттық банк басшысы қазақстандықтарға валюта айырбастау бекеттеріне жүгірмеуге кеңес берді

21.06.2018

ҰБТ-2018: Алғашқы күні түлектердің 15,5 пайызы шекті ұпайды жинай алмады – Р.Әлімқұлов

21.06.2018

Жаңаөзенде балаларға арналған тегін ІТ сыныбы ашылды

21.06.2018

Ақтөбе облысында қаржы ұйымының озық технологиямен жабдықталған бөлімшесі қызмет көрсете бастады

21.06.2018

Солтүстік Қазақстанда журналистер спартакиадасы өтті

21.06.2018

Таразда тұңғыш рет трансплантациялық ота жасалды

21.06.2018

Б. Сағынтаев пен Ә. Жақсыбеков Түркістан қаласының облыс орталығы ретіндегі даму келешегімен танысты

21.06.2018

Түркістан - бүкіл түркі жұртының рухани астанасы - Сенат Төрағасы

21.06.2018

Алматының әкімі стартап-компанияларының өкілдерімен кездесті

21.06.2018

Еуропа лигасындағы қарсыластар анықталды

21.06.2018

«Жетісу» газетінің жарық көргеніне бір ғасыр толды

21.06.2018

Джокович үлкен тенниске қайта оралды

21.06.2018

Тайсон келесі кездесуін тамызда өткізеді

21.06.2018

Уилшер «Арсеналмен» қоштасады

21.06.2018

«Егемен академиясының» бірінші маусымынан видеорепортаж

21.06.2018

ӘЧ: «Неміс машинасы» атағын қорғай ала ма?

21.06.2018

ӘЧ: Тоналған фанаттар мен жаңарған рекордтар

21.06.2018

Алтынбек Абайұлы: Мақсатым – ақылды адамдарға арналған ұйым құру

21.06.2018

Түркістан облысы: Зиялы қауым не дейді?

21.06.2018

Шетел басылымдары. Түркістанды бауырлас халықтар да қолдайды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу