Бас жүлде – «Челси» жолдамасы

Алматы қаласының Орта­лық стадионының қосымша алаңында қазақстандық жетім балалар мен мектеп-интернаттары арасындағы V «Арманыңа жақында» фут­­бол чемпионатының фи­налдық ойындарының алғашқы ойындары басталды. Ағылшындық «Челси» футбол клубына барып қайтуға жолдама алу үшін еліміздің 10 облысынан келетін 12 құрама финалдық жарыста бақ сынаспақ.  
Егемен Қазақстан
22.06.2017 4060

«Бауыржан» қайырым­дылық қорының ұйымдас­тыруымен, Қазақстан футбол федерациясы, «Нұр Отан» партиясы және  «Цеснабанк» АҚ-тың қол­дауымен өтіп жатқан фут­бол чемпионатының іріктеу ойындары еліміздің 13 аймағында 2017 жыл­дың 25 сәуірінде бастау ал­ған болатын. Биыл бе­сінші рет өткелі отырған атал­мыш чемпионаттың іріктеу кезеңінде  респуб­ли­камыздың әр аймағынан финалдық жолдамаға 26 команда тартысқа түсіп, бала­лар үйлері мен мектеп-интернаттарынан  11-14 жас аралығындағы 250-ден астам тәрбиеленуші қатысқан еді.
«Бауыржан» қайырым­дылық қорының өкілі Айнұр Сәлімбаева мұн­дай мүмкіндіктер жас жет­кіншектердің спорт­­қа деген ынтасын, жар­қын болашаққа деген құлшынысын оята түсетінін айтады: «Еуропаның белді футбол клубына бару әр доп қуған жанкүйердің арманы десек артық емес.  Ал біздің балалар үйлерінің футболшылары сондай зор мүмкіндікке ие болуда. Жет­кіншектер 2013 жылдан бері Еуропаның әйгілі футбол клубтарына барып,  Роналдо, Месси, Робен, Хави, Торрес, Гризманн сынды атақты теңбіл доп шеберлерімен кездесіп қайтты».  
«Командамыз бұл чем­пио­натқа төртінші жыл қа­тарынан қатысып келе­міз.  Биыл алғаш рет фи­нал­ға өттік. Барлық қа­ты­су­шыларға сәттілік, өзі­мізге жеңіс тілеймін», – деп ағынан жарылған Тал­дықорған қаласындағы балалар үйінің «Айналайын»  командасының ойыншысы Темірлан Ниязбаев же­тім балалар арасынан фут­бол дарындарын тауып, қазақ­стандық футбол деңгейінің артуына үлес қосуды мақ­сат тұтқан чемпионат де­меу­шілеріне алғысын біл­дірді.  
2014 жылы Алматы облыстық №1 балалар үйі­нің «Барыс» командасы Милан қаласына жолдама алып, «Миланелло» базасын тамашалады, ал 2015 жылы Қарағанды қаласының  «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілері чемпионатта озып шығып, әйгілі Мюнхен қаласындағы (Гер­мания) ALLIANZ ARENA орталығында болған әйгілі «Бавария» мен «Реал Мадрид» футбол клуб­та­рының ойынын көріп қайт­қан еді.

Мира БАЙБЕК,
«Егемен Қазақстан»  

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2018

Асқар Жұмағалиев Шымкентте цифрландыру жобаларымен танысты

17.02.2018

Білім министрлігі балалардың әлеуметтік желілердегі белсендігін бақылауға шақырды

17.02.2018

Головкин - "Канело" екінші жекпе-жегіне арналған трейлер шықты

17.02.2018

Жанат Жақиянов кәсіби бокстағы карьерасын аяқтады

17.02.2018

Болгарияда Қазақстан туралы деректі фильмдер көрсетіледі

17.02.2018

Астанада тұңғыш рет инклюзивті спорт фестивалі өтеді

17.02.2018

Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайдың CCTV арнасына берген сұхбаты жарияланды (видео)

17.02.2018

Павлодарда Достық фестивалі өтті

17.02.2018

Мексиканың оңтүстігінде 7.2 балдық жер сілкінісі болды

17.02.2018

Белгілі жазушы-драматург Рахымжан Отарбаев дүниеден өтті

17.02.2018

Н.Назарбаев: Мемлекеттер арасындағы сенім мәселесі өте маңызды

17.02.2018

17 ақпанға арналған ауа райы болжамы

16.02.2018

Елбасы Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» бастамасына қосылудың пайдасын түсіндірді

16.02.2018

Қазақстан халқы 1 қаңтарда 18 млн 157 мыңға жетті

16.02.2018

Астанада Тұңғыш Президент Қоры сыйақысының лауреаттары марапатталды

16.02.2018

Сенатта жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша уәкілетті органдармен кездесу өтті

16.02.2018

Қызылорда облысы: Жаңақорған ауданында 5 агроиндустриялық аймақ құрылады

16.02.2018

Гүлшара Әбдіқалықова Түркиядағы қазақ диаспорасымен кездесті

16.02.2018

Қостанай облысында латын әліпбиі оқытылады

16.02.2018

Астанада жаңа автовокзал ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Айтушың қандай, ағайын?

«Айтушы ақылды болса, тыңдау­шы дана болады» дейді халық ма­қа­лы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үл­кен ұлағат жатқанына шек кел­ті­ру­дің өзі күнә. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Блокчейн: сый мен сын

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын са­лық жинау жүйесінде қолдануды құп­таған болатын. Бұл – бүкіл әлем­ге сыйы мен сынын қоса әкеле жат­қан төртінші өнеркәсіптік рево­лю­цияның бір жаңалығы.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ұзаққа созылған келіссөз

Германия канцлері Ангела Меркель жетекшілік ететін Христиан демо­кра­­тиялық одағы және Христиан со­циа­лис­тік одағы Германия социал-демо­­кра­тиялық партиясымен ұзақ­қа созылған келіссөздерден соң, коали­ция­лық үкімет құру бойынша мәмілеге келді. Келіссөздер барысында, сондай-ақ ортақ бағдарлама да бекітілді. Ал Бундестаг (парламент) сайлауы 2017 жылдың 24 қыркүйегінде өткен болатын.

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Қалтафондағы қауіпті қосымша

Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен аптаның соңында Ақпа­рат және коммуникациялар ми­нистр­лігі «Дербес деректер және олар­ды қорғау туралы» Заңға қай­шы келгені үшін GetContact мобильді қосымшасының еліміздегі қолданысына шектеу қой­ған еді. Бірер күн бұрын Әзер­бай­жан да қосымшаға тыйым салған бола­тын. Қазақстандық қалтафон қол­дану­шылары бар болғаны бір ғана күн пайдаланған бұл қосымша несімен қауіпті еді? Жеке ақпаратты саудалайтын мұндай қосымшаларға төтеп беруге бола ма?

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу