Бәсекелестікке батыл қадам

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауының негізгі өзегі жаһандық бәсекеге қабілеттілік болып отыр.
Егемен Қазақстан
04.04.2017 810

Бүгінгі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттерімен өзара әріптестік орнатқан қазақ елінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігі де жыл санап артып келеді. Еліміздегі баламасы жоқ ірі өндіріс орындары, ел игілігіне қызмет ететін үлкен кешендер – соның айғағы. Ал әрбір өңір өзінің ерекшелігіне қарай Елбасы айтқан жаһандық бәсекеге қабілеттілікке үлес қосуда. Бұл тұрғыда әлеуеті артқан Әулиеатаның бәсекеге батыл қадамы қандай? Өңірлік экспорт басты бағыт болып отырған бәсекеге қабілеттілік таныта ала ма?

Сыртқы нарықта да серпін бар

Жамбыл облысы биыл ірі инвестициялық жобаларды іске асыруды қолға алды. Енді облыста 15 миллиард теңгенің 12 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып, 1340 тұрақты жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Оның алғашқысы облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке арнайы өзі барып ашқан Байзақ ауданындағы «С.П.«Ролла-Ян» ЖШС-нің макарон цехы. Қайта жаңғыртудан өтіп, бәсекеге қабілеттілігі артқан кәсіпорында бүгінде DL-650X автоматты желісі іске қосылып, кеспенің бірнеше түрі шығарыла бастады. Жобаның жалпы құны 285 миллион теңгені құраса, жылдық қуаты 9000 тонна дайын өнім шығаруға қауқарлы. Аталған жоба 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Бүгінгі таңда бұл жерде 60 адамға жаңа жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ, шығарылатын өнім ішкі нарықпен қатар, Ресей және Қытай Халық Республикасына экспортталады. Болашақта жамбылдық макарон өнімдерін өңір тұрғындарымен қоса, Ресей мен Қытай тұрғындары да тұтынады.

Ағымдағы жобалар қатарында Қордай ауданындағы «BioVet KZ» ЖШС да бар. Ветеринарлық препараттар шығаратын биокомбинаттың құрылысымен облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жуырда ғана барып танысып, жұмысты жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Құны 2 миллиард теңгені құрайтын комбинатта жылына 25 миллион вакцина шығарылатын болады. Енді биокомбинаттың болашақтағы бағдары еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлкен үлес қосады деген сенім бар. Сондай-ақ, «Ер Тай» ЖШС-ның «Ақсүйек кен байыту» фабрикасын жаңғырту жобасының құны 1200 миллион теңгені құрап отыр. Оның жылдық қуаттылығы 15,5 мың тонна қорғасын-мырыш концентратын шығаруға жетеді. Бұл жоба да өңір экономикасының дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуына оң ықпал етпек.

Ал алтын өндірумен аты шыққан Мойынқұм ауданында құны 256,0 миллион теңгені құрайтын «Оргстрой» ЖШС-ның «Жаңғырту және жаңа технология бойынша жарылыссыз блоктарды өндіру» жобасы, «Казгранит» Компаниясы» ЖШС-ның «Гранит тақта­ларын және брусчаткаларды өн­ді­ретін цехтың құрылысы», сондай-ақ Қордай ауданында 125 жаңа жұ­мыс орындарын ашу арқылы «Первомайс­кие деликатесы» ЖШС-ның «Шұжық өн­ді­ретін цехын қайта жаңғырту» жобаларының құрылыстары жүріп жатыр.

Сонымен қатар, Меркі, Талас, Сарысу аудандарында да бірқатар жобалар қолға алынып, оларды болашақта ел игілігіне беру көзделуде.

Ал Тараз қаласында «Тараз арматура зауыты» ЖШС-ның «Құрылыс арма­турасының өндірісі», «Kisc» ЖШС-ның «Құйылу цехын жаңғырту» және «Alina Holding» ЖШС-ның «Құрғақ құрылыс қоспаларын және гипс өндіретін зауыттар кешені» жобаларының қолға алынғанын айта кету керек. Жобаның құны 3900 миллион теңгені құрайды. Жылдық қуаттылығы 140 мың тонна. Нәтижесінде, алдағы уақыттарда шаһарда тағы 105 жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Еске сала кетейік, индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығы шеңберінде «Кәсіпкерлікті қолдау картасы» бойынша облыста бүгінде 5477 жаңа жұмыс орны ашылып, 35 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Ет экспорты ерекше сипатқа ие

Жамбыл облысындағы «Меркі» ЖШС-ның Иран мемлекетіне қой етін экспорттауы бұл саланың ерекше сипатқа ие болғанын көрсетеді. Бұл көрсеткішке былтырғы жылдың ақпан айында ет экспорттауға байланысты екіжақты келіссөздердің нәтижесінде қол жеткізілді. Енді мамандар экспортталатын қой еті Иранға арнайы мұздатылған күйде жеткізілетінін айтып отыр. Қой еті арнайы дайындалған материалға оралып, оның сыртына ағылшын және парсы тілдерінде ақпарат жазылады. Бүгінгі таңда Иран мемлекетіне 1000 тонна ет ұшақ арқылы жөнелтілді. Ал аталған комбинат бір күнде 1500 ұсақ мал мен 150 ірі қараны өңдеуге қауқарлы.

Әулиеатада өндірілген ет өнімдері сырт мемлекетте өте жоғары бағаланады екен. Көбіне біздің елде өндірілген өнімді ирандықтар, ресейліктер және қытайлықтар тұтынуға құштарлық танытады. Себебі, елімізде жайылымдық жерлердің молдығы, шөптің құнарлылығы да ет экспортына әсер етіп отыр. Дегенмен, мұндай үлкен сұраныстарды қанағаттандыру үшін дүниежүзілік стандарттарға сай болу қажетігі де туындайды.

Ал енді облысымыздағы іргелі «Меркі» ЖШС әлемдік стандарттарға сай ма? Сай болу үшін не істеу керек? Бұл тұрғыда кәсіпорын бүгінгі күннің талабына сай арнайы жаңғыртылудан өткен. Сондай-ақ, өндіріс орнына электронды таразы қойылып, ет өңдейтін орындардың қабырғалары мен едендері арнайы жөндеуден өткізілген екен. Сондай-ақ, 350 тоннаға жуық ет өнімдерін сақтайтын мұздатқыш та қойылған. Әзірге облыстың ет экспортына ерекшелік беріп тұрған кәсіпорынның бірі осы.

Түйін

Ағымдағы жылы қолға алынып отырған жобалардың болашақта қандай нәтиже беретіні уақытқа байланысты. Тек миллиондаған қаржы жұмсалған жобалар жарты жолда тоқтап қалмай, бәсе­кеге қабілеттілікті арттыруға ай­рық­ша үлес қосса, ел үмітінің ақталғаны. Елбасы Жолдауында айтылған жаһан­дық бәсекеге қабілеттіліктің бір парасы Жамбыл облысынан бастау алса, ол да елге пайда, мемлекетке мәртебе.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.05.2018

Солтүстік Қазақстан облысы мен «CLAAS» компаниясы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Торғайдағы Ахмет Байтұрсынов туған үй жөнделетін болды

20.05.2018

Қостанай облысында 18-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

20.05.2018

Қостанай қаласы «мерейлі отбасын» таңдады

20.05.2018

Батыс Қазақстан мен Астана әріптестік туралы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Каспий жағалауында суға шомылу маусымына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

20.05.2018

Ақтөбе және Орынбор облыстары ресми делегацияларының кездесуі өтті

20.05.2018

Павлодарда партиялық жоба аясында IT-орталық ашылады

20.05.2018

Екібастұздағы «Шығыс» кенішіне «Liebherr R-976 Litronic» экскаваторы әкелінді

20.05.2018

Павлодарда Медиаторлардың республикалық форумы өтті

20.05.2018

Павлодарда ауыл шаруашылық жерлері электронды картаға түсіріледі

20.05.2018

Павлодарда жүргізушілердің төленбеген көлік салығы 670 миллион теңгеге жеткен

20.05.2018

Хорватия Астанада дипломатиялық өкілдік ашпақ

20.05.2018

Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

20.05.2018

20 мамырға арналған ауа райы

20.05.2018

ҚарМУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады

19.05.2018

АЭФ-2018 аясында жаһандық трансформация жағдайындағы азаматтық қоғам институттарының рөлі талқыланды

19.05.2018

Қазақстандық сарапшылар ғаламдық дамудың басты бес мегатренді туралы пікір білдірді

19.05.2018

Н. Назарбаев атап өткен бес мегатренд АЭФ-2018 алаңдарында кеңінен талқылануда

19.05.2018

QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының» кезектен тыс съезі өз жұмысын бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақ қызы осындай

Ұлттық дүниетаным ілімінде халық­тың гүлі қазақ қызының болмысына, әдеп-ілтипатына, сұлулық, ізеттілік қасиеттеріне қатысты «Қызда оттай ыстық мейір бар», «Қызда 40 періште бар», «Қызда 40 көліктік бақыт бар», «Қыздың қабағында құт бар», «Қыз назы 40 кісіні мас қылады», «Қыз 40 істің қисынын біледі», «Бұрынғының қыздары бармағының шұңқырындағы асқа тояды» дейтін сұлулықтың тұңғиық сырларын мәлімдейтін інжу-маржан ойлар, толғамдар, лала лебіздер бар.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу