«Батыр мен Абылайханның болашағы алда»

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаевтың IBO International белбеуін иеленгенін сүйіншілей хабарлағанбыз. Канаданың Монреаль қаласында өткен жекпе-жекте ол мексикалық тәжірибелі Косме Ривераны мерзімінен бұрын ұтса, тағы бір жерлесіміз Абылайхан Құсайынов та қарсыласынан басым түсті. Сол бокс кешінде осы былғары қолғап шеберінің жанында ақыл-кеңесімен бөлісіп жүрген еліміздің танымал кикбоксшысы Елмұрат Қайыпжановты көзіміз шалып қалды. Өткен ғасырдағы 90-жылдардың соңына қарай кикбоксингтен әлем біріншілігінде қола жүлдегер атанып, Азия мен Еуропада топ жарған Елмұрат Қайыпжанов соңғы уақытта былғары қолғап шеберлерін даярлауға ден қоя бастаған екен.
Егемен Қазақстан
20.04.2017 8585

– Елмұрат Мұқашұлы, сіздің ел кикбоксингі тарихында өз орныңыз бар екенін жақсы білеміз. Бірақ, жақында сізді кəсіпқой боксшылар Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайыновтың жанынан көріп қалдық...

– Негізі, біз де спортты сол бокстан бастағанбыз. Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Нұра ауылында бокс үйірмесіне барып жүрдім. Кейіннен ғой кикбоксингке ауысқанымыз. Сондықтан, соңғы жылдары басымдықты олимпиялық спорт түріне беруді жөн тауып, жастарымызға аздап қолғабыс етіп жүрген жайымыз бар.

– Екі боксшының соңғы жекпе-жектеріне қатысты бапкер ретінде берген бағаңыз қандай?

– Бұл бокс кешіне көпшіліктің көңілі толды. Батыр өзінің шынымен мықтылығын дəлелдей білді. Себебі, оның қарсыласы осал емес еді. Тəжірибелі, əрі атағы да бар. Соған қарамастан, Батырдың басымдығы көзге анық көрініп тұрды. Абылайхан да жарады. Жас бола тұра кəсіпқой боксқа кездейсоқ келмегенін аңғартты. Екеуі де дарынды. Батырдың жойқын соққылары, жылдамдығы шетелдік мамандар тарапынан да ескерусіз қалған жоқ. Абылайхан да сол ағасының ізін басып, жаңа белестерді бағындыруға ұмтылып келеді.

– Батырмен таныстық қалай басталған еді?

– Спортқа жанашыр бауырларымыздың арқасында «Осы салада жетістікке жетсем, ел абыройын асқақтатсам» деген жастарымыздың қасынан табылдық. Батырмен үш-төрт жылдан бері бірлесіп жұмыс істеп келеміз. Кейіннен бұл қатарға Абылайхан да қосылды.

Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Жанқош Тұраров секілді бірталай боксшыларымыз мұхит асып, қазақтың жуан жұдырығының әлеуетін байқатып жүр. Масқат – жастарымыз да сол ағаларының жолын қуса екен дейміз. Бұлар ізімізді басар інілеріміз ғой. Бұрындары батырларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел үшін, жер үшін қасық қаны қалғанша күрессе, бүгінгінің батырлары қазақтың атын жер-жаһанға танытсақ дейді. Рас, бүгінгі күнде әлем Қазақстанды білім, өнер және спорт салаларындағы толағай табыстары мен береке-бірлігі арқылы танып, мойындай бастады. Ендеше, осы бағытты ұстанғандарға неге көмектеспеске?! «Ағайынның аты озғанша, ауылдасыңның тайы озсын» дейді ғой қазақ.

– Кəсіпқой бокста тағы кімдерге қолдау көрсетіп жүрсіз?

– Асқат Уəлихановтың аяқ алысына қуанамыз. Одан бөлек, Қанат Ислам мен Жанқош Тұраровқа қолдан келгенше қолдау көрсеттік, алдағы уақытта да көмекетен аянайын деп отырған жоқпыз.

– Кез келген кəсіпқой боксшы атақ-даңқпен қатар мол табысқа кенелгісі келері анық. Жалпы, Батыр мен Абылайханның алдына қойылған басты міндет қандай?

– Бүгінге дейін Батыр тоғыз кездесуінің сегізін мерзімінен бұрын аяқтады. Бастамасы жаман емес. Дегенмен, осы жетістіктің өзіне дандайсып кетпеуі керек. Негізі, Батыр да, Абылайхан да өте қарапайым жігіттер. Батыр аты аңызға айналған Мұхамед Əли, Мэнни Пакьяо немесе Майк Тайсон секілді былғары қолғап шеберлерінің жетістіктеріне жетсе, соған ұмтылса дейміз. Ең бастысы, бұлардың көздерінде от бар, екеуінің де болашағы алда. Тек, еңбекқорлықтан танбау керек.

Кезінде өзімнің де күніне үш-төрт сағат қана ұйықтап, жаттығу жасаған кездерім аз болған жоқ. Таңның атысы, күннің батысы залдан табылатынбыз. Соның арқасында Еуропада, Азияда үздік болдым. «Мені жеңетін қазақ əлі туған жоқ», деп жар салған əйгілі кикбоксшы Шабан Шадмановты да Еуропа чемпионатының финалында жеңдім. Үш рет əлем біріншілігіне қатысып, қола жүлдегер атандым. «Қоянды намыс, ер жігітті намыс өлтіреді» деп айтады. Бізді де алға, жаңа жетістіктерге жетелеген – намыс. Енді біздің інілеріміз Серік Қонақбаев ағалары секілді өздерінің есімдерін бокс жылнамасына алтын əріптермен жазып қалдырса дейміз.

– Батыр мен Абылайханның жекпе-жектері шетелдерде өтеді. Ал жаттығу жұмыстары жолға қалай қойылған?

– Əлгінде айтқандай, спортқа бей-жай қарамайтын ағаларымыздың арқасында жаттығуларына барып тұрамыз. Мұны мен «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» дегенге мысал қылар едім. Кездесулер алдында осы боксшыларымыздың қасынан табылып, білген-түйгенімізбен бөлісіп, ақыл кеңесімізді береміз. Бұл балалардың болашағына қатысты жоспарлар аз емес. Алла сəтін салса, жастарымыздың əлемдік деңгейде танылуы жолында көптеген жұмыстар істейтін боламыз. Арық айтып, семіз шыққанға не жетсін! Інілеріміз біз бағындыра алмаған асулардан асса екен деп тілейміз.

– Сіздердей қамқоршы ағалары барда, олар əлі талай жетістікке жетеді деп ойлаймыз. Əңгімеңізге рахмет!

Мадина Асылбек,

журналист

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.05.2018

Жаңа технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды - Дариға Назарбаева

23.05.2018

Ақтаудағы «Оңалту және әлеуметтендіру орталығына» жаңа ғимарат қажет

23.05.2018

Семей орманын тәулік бойы қадағалайтын жаңа жүйе орнатылмақ

23.05.2018

Курчатовта «Токамак ITER» құрылысын бастау үшін жаңа жобалар ашылмақ

23.05.2018

Веложарыстың жеңімпаздары «Вуэльта» көпкүндігіне барады

23.05.2018

Ертіс өзенінің жағасында көне күн обсерваториясы болған

23.05.2018

«Нұршашу» би ансамблі Еуропадан жүлдемен оралды

23.05.2018

Астанада дауыл ескертуі жарияланды

23.05.2018

«Хат қоржын»

23.05.2018

Астанада «Ұйғыр мұқамының сарыны» атты еске алу кеші өтті

23.05.2018

«Шолпан» хореографиялық ансамблінің құрылғанына 25 жыл

23.05.2018

Мақатаевтың поэзиясына жазылған әндер: «Мұқаң тірі болса, не айтар еді?»

23.05.2018

Жаңартылған білім жүйесінің артықшы­лы­ғы неде?

23.05.2018

Қостанайдың кей аудандарында түлектердің ҰБТ-ға қатысуы 50 пайыздан аспайды

23.05.2018

Марк Цукерберг Еуропарламент алдында есеп берді

23.05.2018

Есімі елдің есінде: Әбубәкір Әлиұлы

23.05.2018

Мектеп вальсі туралы ой

23.05.2018

Ахмет Бай­тұр­сынұлының балалық шағы өткен үйі қалпына келтіріледі

23.05.2018

Алматыда дәстүрлі «Фа­раби оқулары» өтті

23.05.2018

«Рухани қазына» фестивалінің үздіктері анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қызғаныш деген қызыл ит

Заты адам баласымен бірге жасасып келе жатқан, көнермес те көгер­мес сезімдердің бірі – қызғаныш. Адам­ның көзіне шел қапта­та­тын қара қыз­ға­ныштардан кекшілдік пен күн­шілдік, бақас­тық пен бақталастық қоз­дап, неше түрлі қылмыстар жасалып жата­ты­ны да ешкімге құпия емес. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматының алмасы. Шырын қайда?..

Алматы жұрты күнде жауған жауын­мен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Рух көтерудің жолы

Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриот­тық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік сезімін  қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп,  жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу