Батыр рухын тербеткен

Кеңес Одағының Ба­ты­ры, Қазақстанның тұң­­ғыш Халық қаһар­ма­ны, Қазақстан Рес­пуб­­ликасының тұңғыш Қор­ғаныс министрі, ар­­мия генералы, Са­ға­да­т Қожахметұлы НҰРМАҒАМБЕТОВ­ТІҢ қола мүсінін Мәскеу қаласындағы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Орталық мұ­ражайының» «Даңқ» залына тапсыру салтанаты өтті.
Егемен Қазақстан
23.06.2017 2429
2

Ғаламдық маңызы бар тарихи мұражайға атақты әскери қайраткерлер, маршалдар мен генералдар, төрт, үш және екі мәрте Кеңес Одағының Ба­тыры атанғандардың ғана мүсіндері ор­натылатыны жайлы хабардар едік. Сондықтан да, қа­зақ­­стандық батырымыздың мү­сінін Алматы­дан алып Мәс­кеуге бет алған Қазақстан Рес­публикасы «Гене­ралдар қау­ымдастығының» төр­ағасы әді­лет генерал-майоры Рүс­тем Қай­даров бастаған генералдар то­бымен бірге жүрген сапарда жү­рек толқынысының болғаны рас. Алып лайнер аспан көгіне көтерілген сәтте тәрбиелік мә­ні зор шараның қалай, неден бас­та­лғанын білу мақсатымен ке­зінде армия генералы Сағадат Нұр­мағамбетовпен қызметтес әрі Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тіз­гінін ұстап, төраға болған гене­рал-лейтенант Әділ Шаях­ме­тов­ті сөзге тарттық:
– Биылғы ақпан айының басында Қазақстан «Генералдар қауымдастығының» төрағасы әді­лет генерал-майоры Рүстем Қайдаров пен оның орынбасары, ге­нерал-майор Махмұт Тілегу­сов­ маған телефон ша­лып, кездесу керектігін айтты, – деді Әділ Шаях­мет­ұлы. – Олар маған армия гене­ралы Сағадат  Нұр­мағамбетовтің қола мүсі­нін жа­қын арада жасап, оны Мәс­кеудегі «Тағ­зым тауда» ор­на­ласқан ҰОС Ор­талық мұра­жай­ына мамыр айын­да қою кере­ктігін айтты. «Ресей­лік азаматтар асықтырып жатыр. Ал біздің қаржы іздеп бармаған жеріміз, ашпаған есігіміз жоқ, бәрібір шеше алмадық», деп сөз аяғында мүсінді жасап беруге көмек сұрады. Кезінде Сағадат Нұр­мағамбетов аға­мыздың қара­мағында қызмет еттім, соңынан дәмдес болдым, тәр­биесін көр­дім, ақыл-кеңесін тыңдап жүрдік. Арда­герлер қау­ымдастығы бас­шыларының өті­ніштеріне ойланып қалдым. Бір-екі апта өткен соң ардагер әріптестерім әңгімені қайта қозғады, мәселенің шешілмегенін анық айтты. Содан кейін батыр ағамыздың қола мүсінін жасап беруге уәде етіп, өзім айналыстым. 
Содан «Медетбек Батыр» қоры бас­шыларымен ақылдаса ке­ле, Т.Жүргенов атындағы Өнер ака­демиясының профессо­ры, елімізге әйгілі мүсінші, Қа­зақ­стан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сый­лықтың лау­ре­аты Ескен Серге­баев­пен к­елісімшартқа отыр­дық. Келі­сім­­шарт бойынша, батыр­дың бейнесі сомдалған мү­сінді 2 айдың ішінде жасау керек деп шештік. «Медетбек Батыр» қо­ғам­дық қорының мүшелері оның қар­­жысын толық төледі. Міне, бү­гін біздің ұшақпен Мәскеуге алып бара жатқан қаһарман мүсінінің жай-жапсары осындай. 
...Мәскеу әуежайында бізді Ресей астанасындағы Қазақстан ел­шілігінің ресми өкілі Дәурен Дияров бастаған топ тосып алды. Сал­танатты жиын келесі күні «Тағзым таудағы» аумағы ат­шаптырым атақты Ұлттық ор­талық мұражайында түс ауа бас­­­талды. Екіжақты шуақты жүз­­де­сулерден соң «1941-1945 жыл­­­дардағы Ұлы Отан соғысы Ор­­талық мұражайының» дирек­то­ры Александр Школьник. Ке­ңес Одағының екі мәрте Ба­ты­ры Сергей Грицев атындағы «Же­ңім­паз» қоры ди­ректорының мін­детін атқарушы Петр Чуйко, ге­нерал-полковник Леонтий Щев­цов, генерал-лейтенант Вя­чес­лав Борисов сынды әскери қай­раткерлер тебірене сөз сөйлеп, даң­қты қолбасшы Сағадат Нұрмағамбетов туралы қызықты естеліктер айтты. 
Қазақстандықтар тарапына Генералдар қауымдастығының тө­рағасы әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаров, Кеңес Ода­ғының Батыры, Қазақ­стан­ның Халық қаһар­маны, қазақтың тұңғыш ғарышкері, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров, батырдың қызы Айсұлу Нұр­ма­ғам­бетова сөз сөйледі. Қызы Айсұлу мен немересі Сауық Нұрмағамбетовтерге жиналған жұртшылық айрықша құрмет көрсетіп, қол соқты.
– Әкеміздің ескерткішінің жаса­луына ұйытқы болған Респуб­ликалық «Генералдар кеңесі» қауым­дастығына, мү­сін­ді жасат­қан «Медетбек Ба­тыр» қоғам­дық қорына, әсі­ресе, соны ұйым­дас­тырған ба­тыр­­дың тікелей ұр­пағы, әкемнің қарамағында қыз­мет істеген әріптес інісі болып келетін гене­рал-лейтенант Әділ Шаях­мет­ұлына, Ұлы Отан соғы­сын­да ерлік көрсеткен қаһар­ман­дардың есімдерін өшірмей, та­рихта сақталып қалуына өл­шеу­сіз еңбек сіңіріп отырған осы мұражайдың ұжымына шексіз ал­­ғысымды білдіремін, – деді Айсұлу Сағадатқызы.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ленин комсомо­лы сыйлығының лауреаты, күйші, композитор Шәміл Әбіл­таев пен Мәскеуде тұратын жерлесіміз Татьяна Полтавская жиналғандар алдында өнер көр­сетті. Абай ата­мыздың «Айт­тым сәлем, Қалам­қас», «Көзім­нің қарасы», «Сын народа» әндері асқақтап шырқалды. 
Генерал-майор Рүс­тем Қай­­даров осы шараны ұй­ым­­­дастыруда белсенділік та­ныт­қан бір топ ресейлікке Ке­ңес Одағының Батыры, Ха­лық қа­һар­маны Сағадат Нұр­мағам­бетовтің ме­рейтойлық медальдары мен Құрмет грамоталарын табыс етті. 
«Даңқ» залындағы Отан қор­ға­ған он сан батыр арасында хал­қы­мыз­дың даңқты ұлдары – Кеңес Одағының екі мәрте Баты­ры Талғат Бигелдинов пен Қазақ­стан­­ның тұңғыш Қорғаныс ми­нистрі, Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұр­мағамбетовтің қоладан құйған мүсіндері ұлтымыздың өрлігінің белгісіндей қасқайып тұрды... 

 Манарбек ІЗБАСАР,
 Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, 
халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты 
АЛМАТЫ – МӘСКЕУ – АЛМАТЫ
Суретті түсірген автор

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.02.2019

Орал қатты қалдықты өңдеуге кірісті

18.02.2019

ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралдан» ұтылды

18.02.2019

Семейде математикадан аймақтық олимпиада өтті

18.02.2019

Шымкентте өртеніп жатқан үйден сәбилерді аман алып қалған жас батыр марапатталды

18.02.2019

Семейде татар халқы  «Самавыр янында» бас қосты

18.02.2019

Жетісу кәсіпкерлері көшелерді  жарықтандыруға кіріседі

18.02.2019

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы өтеді

18.02.2019

Жапония мен Түрікменстан өкілдері кездесті

18.02.2019

Баку қаласында Каспий теңізі мәселелері жөнінде отырыс өтеді

18.02.2019

Алматыда 120 көшеге энергия үнемдейтін жарықдиодты жарықтандыру орнатылады

18.02.2019

Астана-Қарағанды тас жолы қатты бұрқасын салдарынан жабылды

18.02.2019

Алматы облысында 365 күнде 365 кәсіпкерден өтініш қабылданды

18.02.2019

Атақты дизайнер қиын жағдайға тап болған әйелдерге 50 киім үлгісін сыйлайды

18.02.2019

2018 жылы қызылшамен ауырғандар саны өскен

18.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері дабыл бойынша көтерілді

18.02.2019

Ақтаулық ата-аналар Оксфордтық курсты оқыды

18.02.2019

Қостанай ювеналдық сотында «Отбасы бөлмесі» ашылды

18.02.2019

Донецк қаласында бірнеше жарылыс болды

18.02.2019

Үндістан үкіметі Эверестің биіктігін қайта өлшемек

18.02.2019

Қазақстанда қанша қасқыр бар?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу