«Бауырлас елдердің қарым-қатынас көкжиегі кеңеюде»

Елбасының Әзербайжан Республикасына ресми сапары қарсаңында Қазақстанның Әзер­байжан Респуб­лика­сын­­­дағы Төтенше және өкі­летті елшісі Бейбіт ИСАБАЕВПЕН бол­ған сұхбат төмендегіше өрбіді.
Егемен Қазақстан
03.04.2017 540

– Қазақстан Респуб­ли­ка­­сы­ның Президенті Н.Назарбаевтың Әзербайжан Рес­пуб­­ли­касына жоспарланып отырған ресми сапарының негізгі мақсаттары мен көздеп отырған міндеттері қандай және бұл сапар осыған дейін өткен сапарлардан несімен ерекшеленеді?

– Біріншіден, бұл жолғы ресми сапар Қазақстан Респуб­ли­касы мен Әзербайжан Рес­пуб­ликасы арасында орнатылған дипломатиялық қарым-қаты­настардың 25 жылдығы аясында өтіп отыр.

Екіншіден, мұндай жоғары деңгейдегі кездесуді екі тарап аса күтіп отыр деуге болар еді. Өйт­кені, біздің Мемлекет бас­шы­сының осыған дейін Әзер­бай­жан Республикасына жасаған ресми сапары 2009 жылы өткен бола­тын. Әрине, осы уақыт ар­алы­ғында екі ел басшылары бірнеше рет көпжақты форматтардағы халықаралық іс-шараларда кез­де­сіп жүрді. Осылайша, 2013 жылғы тамыз айында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Габала қала­сында өткен Түркі кеңесі Мем­лекет басшыларының ІІІ Сам­митіне қатысу мақсатында Әзербайжанда сапармен болды. Өз кезегінде, Ильхам Гейдарұлы Алиев 2015 жылы Қазақ ханды­ғының 550 жылдығын атап өту аясында Астанада болып, Бура­байда өткен ТМД Мемлекет басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысты.

Үшіншіден, ғаламдық саяси және экономикалық тұрақ­сыз­дық жағдайында өткелі отыр­ған сапардың аймақтық гео­сая­си және геоэкономикалық ма­­­­ңызы арта түспек. Әрине, Қазақ­­­­стан мен Әзербайжанды тек туыс­тас қарым-қатынастар бай­­­ла­­ныс­­­тырып тұрған жоқ, біз­­дің сауда-экономикалық қаты­нас­­­тары­мыз да өзара тиімді дамып келеді.

Төртіншіден, қазіргі заманғы жаһандану кезеңінде біздің стра­тегиялық әріптестігіміз айтар­лықтай өзектілік танытуда. Ең алдымен бұл біздің елдеріміздің транзиттік әлеуетіне қатысты. Себебі, мұндай күрделі ғалам­дық қаржы-экономикалық жағ­дай­да халықаралық көліктік-тран­зиттік саясат жоғары маңыз­ға ие болады. Әзербайжан аума­ғы арқылы өтетін Кавказ бағыты бізге Еуропа нарығына шығуға жол ашады. Өз кезегінде, Қазақ­стан Әзербайжан үшін Орта­лық Азия және Қытай нары­ғы­ның қақпасын ашады. Біз­дің елдеріміздің Ұлы Жібек жолы бағытында болуы сал­дары­нан, транзит екі ел ынты­мақ­тас­ты­ғы­ның маңызды және бола­шағы бар негізгі компо­нентіне айналып отыр.

Осылайша, 2015 жылғы 3 та­мызда Транскаспийлік ха­лық­­аралық көлік маршруты (ТХКМ) бойынша «Алят» Баку халықаралық сауда портына Шихэзцы-Достық-Ақтау-Алят ба­ғыты арқылы жүрген алғаш­қы контейнерлік пойызы келіп жетті. 2015 жылғы қарашада аталған маршрут шеңберін­де Ляньюньган-Ыстанбұл бағы­тында екінші контейнерлік по­йыз жөнелтілді. Бұл маршрут бойынша ҚХР-дан Әзербайжанға жүк тасымалдау уақыты небәрі 5 күнді құрады. Баку-Тбилиси-Карс дәлізінің ашылуынан кейін жүктердің Еуропаға жеткізілуі тағы 7 күнді құрайтын болады. Ал теңіз жолы бойынша жүкті Қытайдан Еуропаға жеткізуге 30-35 күн қажет.

Осыдан байқалып отырған­дай, бұл бағытқа тек Қазақстан, Әзербайжан және өңір елдері ғана емес, сонымен қатар, Қытай мен Еуропалық одақ та мүдделі.

Мұның барлығы Кавказ дәлі­зінің қай жағынан да тиім­ділігін көрсетеді және біздің Әзер­бай­жан­мен екіжақты сауда-эко­но­ми­калық қарым-қаты­нас­тары­мыз­ды жаңа сапалы дең­гейге шығарады.

Статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай, белгілі қар­жы-экономикалық жағдай­ларға байланысты әлемдік эконо­миканың барлық дерлік сала­сындағы тауар айналымдары айтар­лықтай әлсірей түсті. Осы­ған байланысты біз қазіргі таң­да ұлттық экономиканы қол­дау­дың жаңа баламалы жол­дарын қарастыруымыз қажет. Сондықтан, біздің елдеріміздің транзиттік әлеуетін дамыту мәселесі – бірінші кезектегі міндет. Болашақта тараптар дәл осы бағытта өзара ықпал­дас­тықты дамытатын болады.

Сонымен қатар, сапар ая­сында екі ел Көшбас­шы­ларының Бірлескен декларациясы мен бірқатар үкіметаралық Келі­сімдерге, соның ішінде халық­аралық автокөліктік қатынас саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімге, 1996 жылғы 16 қыркүйектегі табыс пен мүлік салығына қатысты қосарланған салық салу мен салық төлеуден жалтаруды алдын алу жөніндегі Конвенцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға, екі ел сыртқы саяси ведомстволары арасындағы ынтымақтастық бағдарламасына және басқа да құжаттарға қол қояды деп күтілуде.

– Жалпы, екіжақты қа­рым-қатынастар қалай дамып келеді? Біздің ел­деріміз ара­сындағы сауда-эко­­но­мика­лық ынтымақ­тастықты қалай баға­лайсыз?

– Жоғарыда айтып өткенімдей, Әзербайжан біз үшін Кавказ өңіріндегі негізгі саяси және эко­номикалық әріптес болып табы­лады. Біз екіжақты қарым-қаты­нас­тың ілгері дамуының бола­шағына сеніммен қарай­мыз. Бұл жақын қарым-қаты­нас­тың негізін Қазақстан Респуб­ликасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев пен Әзербайжанның жалпыұлттық Көшбасшысы Г.А.Алиев қала­ған. Бүгінде сол қарым-қаты­нас­тар қазіргі Әзербайжан Прези­денті И.Г.Алиевтің тұсында да дамуын жалғастырып келеді.

Осы орайда, тараптар өздері­нің сыртқы саяси бастамалары­на барынша өзара қолдау көр­се­тіп отырады. Туыстас мем­лекет­тің қолдауына ие бо­л­ған Қазақстанның соңғы бас­та­ма­ларының ішінде – Әзер­бай­жанның «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық маман­дан­ды­рылған көрмесіне қатысуын рас­тауы, сонымен қатар, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне 2017-2018 жылдар аралығында тұрақты емес мүшелікке Қазақстан кан­дидатурасын қолдауын атап өтуге болады. Біз өз кезегімізде Әлемдік туристік ұйымның Атқарушы кеңесіне мүшелікке Әзербайжан кандидатурасын қолдадық.

2016 жылдың қорытындысы бо­йынша Қазақстан мен Әзер­бай­жан арасындағы тауар ай­на­лымы 124,38 млн АҚШ дол­ла­рын құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,9%-ға жоғары. Алдыңғы жыл­дары бұл көрсеткіштер әлде­қайда жоғары болғанын атап өт­кен жөн. Аталған жағдай жап­пай экономикалық құлдырау мен әлемдік экономикадағы күр­делі кезеңнің салдарынан туын­дап отыр. Алайда, қазіргі кез­де та­раптар өзара сауда-эконо­микалық қатынастарды демейтін қосымша ішкі мүмкіндіктерді қарастыруда.

Екі ел арасындағы тауар айналым тізбегі соңғы 10 жылда өзгере қойған жоқ. Қазақстаннан Әзербайжанға жіберілетін экс­порт­тың негізгі бөлігі мине­рал­ды ресурстар (мұнай мен газ), хи­мия­лық шикізаттар, ас­тық, ар­па, электржабдықтар еншісінде.

Қазақстанға битум материал­дарынан алынған мұнай өнім­дері, этилен полимерлері, ма­ши­на­­лар мен механизмдерге ар­нал­­ған жинақтаушы құрал­дар, жинақталған құры­лыс конс­­трук­циялары, ауылшаруа­шылық өнім­дері импортталады.

Өткен жылдың қараша айын­да «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Каспий теңіз кеме шаруа­шылығы» АҚ Стра­те­гиялық ын­тымақтастық жөнін­де, ал «KTZ Express Ship­ping» АҚ пен «ACSC logistics» ЖШҚ бір­л­ес­кен кәсіпорын құрудың не­гіз­гі қағидалары жөнінде ке­ліссе, осыдан бірнеше күн бұ­рын атал­мыш бірлескен кәсіп­орынды ашу жө­нінде ресми келісімге қол қойылды.

Екіжақты ынтымақтастық­тың келесі маңызды бағыты Құ­рық пен Алят теңіз портта­ры­н­ың жұмыс істеуі болып табы­ла­ды. 2016 жылдың жел­тоқ­сан айын­да біз Құрық теңіз пор­тын­да жүк өткізу қуаты шамамен жылына 4 млн тоннаны құрайтын па­ромдық кешен құрылысын аяқ­тадық. Ол мұнай өнімдерін, дән­ді дақылдарды, химикаттарды, тыңайтқыштарды және басқа да жүктерді қайта тиеуге бағытта­лып, жүктерді вагондардан түсірмей-ақ қайта тиеуге мүмкіндік беретін бола­ды. Сондай-ақ, портта жүк авто­кө­ліктерін қабылдайтын 2 па­ром­дық айлақ салынған.

Осы жылдың 1 наурызында Қазақстан, Әзербайжан және Гру­зия арасында Алят-Ақтау-Алят және Алят-Құрық-Алят бағыттары бойынша темір жол және паромдар арқылы жүк тасымалдау шарттары келісілді.

Өткен аптада Құрық теңіз портынан Баку халықара­лық теңіз сауда портына алғашқы жүк келіп жетті.

Құрық порты Транскас­пийлік халықаралық көлік мар­шрутының желісінде орналасқан. Бұл аталған бағыттағы күннен-күнге артып отырған жүк көлемін өңдеуде аса маңызға ие. Біздің елдеріміз аймағындағы әрі қарай көліктік жобалардың жүзеге асуын ескере отырып, бізге порт­тарымыз арасындағы өзара ықпалдастықты арттыру қажет, олардың жұмыс тәртібін реттеп, кедендік стандарттар мен басқа да рәсімдерді ортақтандыру мәселесіне назар аударуымыз керек деп санаймыз.

– Қазіргі таңда біздің ел­деріміз арасында қандай ор­тақ жобалар бар?

– Бүгінде Қазақстанда әзер­бай­жандық капиталдың қаты­суымен 700-ден аса компания тір­­кел­ген. Ал Әзербайжанда қа­зақ­­с­тандық капиталдың қатысуы­мен 60-қа жуық фирма тіркелген.

2007 жылдан бері Баку қа­ла­сы­ның аумағында қазақстан­дық ас­тықты қабылдап алатын және қайта тиейтін Қазақстан-Әзер­байжан бірлескен «Баку ас­тық терминалы» ЖШҚ кә­сіп­орны жұмыс істеп келеді. Кәсіп­орынның негізін 15 мың тон­на астықты уақытша сақтай­­тын 5 сүрлеушімен жабдықталған астық терминалы құрайды. Терминалдың өнімділік қуа­ты сағатына 300 тонна астық­ты қайта тиеуге жетеді, ал қайта тиеу­дің жылдық көлемі 500 мың тонна астықты құрайды. Әзер­байжанды жоғары сапалы ас­тық­­пен қамтудан бөлек, Баку тер­миналы қазақстандық астық­ты Кавказ және Қара теңіз өңірі­не, сондай-ақ ЕО елдеріне реэкс­порттауға маңызды үлес қосады.

2014 жылы Елбасымыз ӘР Президенті И.Алиевпен кездесуі барысында Әзербайжаннан Қазақстанға жеміс-көкөністерді тасымалдау көлемін арттыру жөнінде, сондай-ақ Қазақс­тан­ның батысында, Ақтау қала­сындағы «Ақтау теңіз порты» ЕЭА аумағында ірі логистикалық орталық салу мүмкіндігі туралы мәселе көтерген еді. Әзербайжан тарапы бұл ұсынысты қолдап, Ақтау қаласында «Azersun өндіру және логистика орталығының» құрылысы басталды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толық аяқталды және орталық өз жұмысына кірісті. Бұл біздің еліміздің батыс облыстарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге оң ықпал етері сөзсіз.

– Сіз өз сөзіңізде Әзербайжан «Астана ЭКСПО-2017» көр­месіне қатысады деп айтып өттіңіз. Осы туралы толы­ғырақ айтып берсеңіз?

– Расында да, Әзербайжан ең алғашқылардың бірі бо­лып өзінің «Астана ЭКСПО-2017» Халық­аралық маман­дан­дырыл­ған көрмесіне қатысат­ынын рас­та­ды. Өткен жыл­дың желтоқсан айын­да Әзер­­байжанның «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қаты­суы тура­лы Келісімге қол қойыл­ды. Әзе­рбайжан тарапынан Келі­сімге ӘР Энергетика министрі, Әзер­байжан атынан ұлттық сек­ция комиссары болып тағайын­далған Натиг Алиев мырза қол қойды.

2017 жылғы 9 шілде көрме­дегі Әзербайжан Республикасы­ның ұлттық күні болып белгіленді. Ұйымдастырушылармен жалпы көлемі 403 ш.м. құрайтын көрме павильоны берілді. Қазіргі таңда ұлттық павильонды рәсімдеу мәселесі талқылануда.

2016 жылы «Астана ЭКСПО» Ұлттық компаниясы Әзербай­жаннан әлеуетті туристер мен көрме қатысушыларын тарту мақсатында роуд-шоу өткізді. Аталған іс-шарада қатысушылар санының өте жоғары болғанын атап өткім келеді, бұл дегеніміз әзербайжандық турагенттіктер мен туроператорлардың көрмеге деген қызығушылығын көрсетеді әрі Астанаға әзербайжандық туристердің көптеп келуіне мүм­кіндік ашады.

– Екіжақты қарым-қаты­наста қандай да бір шешімін тап­паған мәселелер немесе әлі күнге дейін тиісті назар ауда­рыл­май келген салалар бар ма?

– Турасын айтқанда, біздің ел­деріміз арасында, әрине, ай­тар­лықтай қарама-қайшы­лық­тар жоқ. Халықаралық күн тәр­тібінде Қазақстан мен Әзер­бай­жан көзқарастары мен ұс­танымдары ұқсас деуге бола­ды. Бұл маңызды ғаламдық мәсе­ле­лерге де, сондай-ақ аймақтық си­пат­­тағы мәселелерге де қатысты.

Кең ауқымды екіжақты мә­се­­лелер Үкіметаралық ко­мис­­сия­ның арқасында өз шешім­­дерін тауып келеді. Деген­мен, өмір бір орнында тұрған жоқ және ара-тұра жекелеген сауда-экономикалық, бизнес сипатындағы мәселелер туындап отырады. Бірақ, айта кету керек, біз оларды уақтылы өзара ұлттық мүдделерімізді ескере отырып шешуге тырысамыз.

Қазақтар мен әзербай­жан­­дар­дың ең алдымен ортақ тамы­ры, ортақ тарихы бар ғой. Біздің елдеріміздің мәдениеттері өте жақын. Сондықтан да, менің ойым­ша, бұл мәселеге де өз дең­гейінде назар аудару қажет.

2015 жылы елшілік Баку мем­лекеттік университетімен бірлесе отырып, Қазақ хандығы­ның 550 жылдығы мен Абай Құнан­баев­тың 170 жылдығына арналған халықаралық кон­фе­ренция ұйым­дастырды. Іс-шараға Түркі кеңе­сінің ая­сын­д­ағы ұйымдардың Бас ха­т­­­шы­лары, жергілікті зиялы қауым, Әзербайжан Ұлттық ғы­лым ака­демиясының басшы­лығы, ӘР Милли Меджилис депу­таттары, сондай-ақ Қазақстан, Әзер­байжан, Қырғызстан, Өзбек­стан және Түркияның бел­гілі ғалымдары қатысты. Соны­­мен қатар, Түркі Ака­де­миясымен бірлесе оты­рып, Қазақ ханды­ғы­ның 550 жыл­дығына арналған әзер­байжан тілін­де кітап шы­ға­рып, оның тұсаукесерін аталған кон­­ференцияда өткіздік.

Сонымен қатар, өткен жыл­дың екінші жартысында мә­де­ни саладағы маңызды сапарлар орын алды. Мысалы, Әзер­бай­жанда өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 34-ші отырысында Әзер­байжанның көне Шеки қа­ласы Түркі әлемінің 2017 жыл­ғы астанасы эстафетасын қазақ­стан­дық Түркістан қаласына берді.

2016 жылдың желтоқсан айында Ұлттық хореография академиясы делегациясының Баку хореографиялық академиясына сапары өтіп, оның нәтижесін­де екі ел академиялары арасында ынтымақтастық пен өзара түсі­ністік жөніндегі Мемо­ран­думға қол қойылды.

Ал 2017 жылғы 29 наурызда ел­шілік пен аталмыш орталық бір­­лесе отырып, Абайдың ең үз­дік шығармаларының әзер­бай­жан тіліндегі кітабының тұсау­­ке­серін ұйымдастырды. Әзер­­байжанда бүкіл түркі әлемі­нің мақтанышы ретінде сыйлай­тын және бағалайтын ұлы Абай­дың еңбектері Тәуелсіздік жыл­дарында алғаш рет әзер­байжан тіліне аударылды.

Биыл мамыр айында Қазақ­стан спортшыларының үлкен деле­гациясы Әзербай­жанда өте­тін IV Ислам ойындарына қатыспақ.

Қорыта айтар болсақ, екіжақ­ты саяси-экономикалық, мәдени және т.б. қарым-қатынас­тары­мыз жылдан-жылға арта түсуде.

Әңгімелескен

Арнұр Асқар,

«Егемен Қазақстан»


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.07.2017

Қазіргі бар ойымыз «Астананы» жеңу – «Легия» ойыншысы

25.07.2017

Бақытжан Сағынтаев экономиканы цифрландыру жөнінде кеңес өткізді

25.07.2017

Яцек Магера: «Астанамен» ойында фаворит жоқ

25.07.2017

Үкімет басшысы Қазақстандағы Канада елшісімен кездесті

25.07.2017

Құрық портындағы паром кешенінің өткізу қабілеті артады – Роман Скляр

25.07.2017

Қазақстандық жас програмистер жаңа қосымша ойлап тапты

25.07.2017

Стойлов: «Астананың» соңғы жылдары Еуропаға шығуы тек сәттілік қана

25.07.2017

Стойлов: Каньяс «Ордабасының» деңгейін көтеретініне сенімдімін

25.07.2017

Қазақстанда бірінші жартыжылдықта 8 768 автокөлік өндірілді

25.07.2017

Әлемде компаниялар қызметкерлеріне микрочип ендіруде

25.07.2017

Рүстем Құрманов Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

25.07.2017

Стойлов: «Легия» командасын фаворит деп есептеймін

25.07.2017

Еуразия ұлттық университеті әлемдік рейтингте едәуір ілгеріледі

25.07.2017

Сот төрелігі академиясын 51 түлек бітіріп шықты

25.07.2017

Елімізде есірткі айналымымен күрес күшейтіледі

25.07.2017

Қазақстанда әйелдер баспасөзі қалай пайда болды?

25.07.2017

Астана әкімі Челябинск губернаторымен кездесті

25.07.2017

Алматыда арзан бағалар фестивалі өтеді

25.07.2017

Оңтүстікте «Серпін – 2050» жобасына құжат қабылдау басталды

25.07.2017

Тараздық 115 оқушы ЭКСПО көрмесін тамашалауға аттанды

КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ток-шоу деген жақсы-ау...

Соңғы жылдары түрлі телеарналарда ток-шоулар көптеп пайда бола бас-тады. Олардың арасында көрермендер ықы­ласына бөленіп, өзіндік сыр-си­па­­тымен ерекшеленетіндері де жоқ емес. Мәселен, Бейсен Құранбек, Аман Та­сыған сияқты журналистер жүргізіп ке­ле жатқан ток-шоулар көпшілік көңі­лінен шығып жүр. Дегенмен, бірқатар ток-шоуларда көтерілген мәселелерді тал­қылау барысында «бір қайнауы ішінде» кетіп жататын жағдайлар да кездесіп қалып тұрады. Ондай жайттар кейбір журналист әріптестеріміздің теледидар арқылы қозғағалы отырған та­қырыпты жан-жақты зерттеп, мәселеге тереңірек үңілмеуінің салдарынан орын алатын сияқты. Екіншіден, қазақ тілді ток-шоуларда көбіне жастар пікір айтып жатады. Тіршілікте болып тұратын, тәжірибелі деген үлкендердің өзі кейде шешімін табуда қиналып қалатын сан-қилы жағдайлар туралы өмірге енді ғана қадам жасай бастаған адамдардың ой-пікірлер айтуы қаншалықты дұрыс деген күмән да осындайда туындайды.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Саудада да имандылық керек

– Қымбатшылық асқынып тұр. Бәрінің де бағасы удай! – Неге олай? – Өйткені, ар-ұят арзандап, иман­дылықтың еңсесі еңкіш тар­т­қан кезде материалдық қа­жет­ті­ліктердің құны шарық­тайтыны заң­дылық. Бір танысыммен болған бұл шағын диалог мені әжептәуір ойландырып тастады...

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Ұрланған құндылық және ұялы телефон

Астанада жасалған ұрлықтың 80 пайызы – қалта ұрлығы, ең көп қол­ды болатын бұйым – қалта телефон. Іш­кі іс­тер министрлігі хабарлаған ақ­пар осындай. Лақтыр­­ған таяғың құ­қық қорғау­шы­ларға тиетін қалада осылай болғанда, басқа қалаларда да «ұялы­ның» ұрлығы көп болмаса аз емес сыңайлы. 

Қуат БОРАШ, "Егемен Қазақстан"

Қаз басқан қасиетті мекен

Естияр шаққа ілінгенде егде кісілердің аузынан «әркімнің туған жері Мысыр шәрі» деген сөзді жиі еститінбіз. «Әй, осы шалдар да айта береді, «Мың бір түндегі» Мысыр қайда, мимырт жатқан біздің ауыл қайда?» деп, шеңгел шарбақты шағын ауылдың көрінісіне онша көңіл тоғайта қоймайтынбыз.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Жасанды интеллект

Жасанды интеллектіні қол­дай­тын­дар да, қолдамайтындар да көп. Соң­­ғы кездері осы тақырыпқа бай­ла­­нысты кітаптар мен түрлі ма­те­риалдарды оқи жүріп, жасанды ин­теллектіні қолдамайтындар қа­та­рын тағы бір адамға көбейткен си­яқ­тымын.

Пікірлер(0)

Пікір қосу