Байқау бар, балет қайда?

Әлем сахналарында Қазақстанның мәдени келбетін танытатын ұлттық балет қойылымдарын қою және хореографиялық өнерді орындау, қабылдау, қалыптастыру, маңызын арттыру мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Қазақ топырағында өнердің бір түрі ретінде пайда болғанына сексен жыл уақыт ішінде балет өнерінің бірнеше буыны өсіп шығып, биік өнердің бағасын білер Еуропа мемлекеттерінің талғамына толықтай жауап бере алатын және олар аттай қалап шақыратын шеберлердің өзі бір шоғыр болып қалыптасты. Сол шоғырдың алды қысқа тұйықталатын кәсібінің ең гүлденген кезеңін атақты балет труппалармен байланыстырғанды дұрыс көріп, тоқсаныншы жылдардың өзінде-ақ батылдығының, кәсібилігінің арқасында шетел асып кетті. Осыншама талантты жастарды топ-тобымен даярлап берген отандық классикалық өнер ошақтарының бұлданып жатқанын да байқамайсың, өзімен өзі бұйығы тірлігін кешіп жүре береді. Керісінше, «қазаққа сіңбейтін өнерді сонша дәріптеп, босқа бас ауыртып…» деп сөйлеп қалатын, тіпті «Түрікменстандағыдай жауып тастау керек» деп жұлқынатындардың қиямпұрыс пікірін жиі естиміз, бірақ одан классикалық өнерді бағалайтындардың саны кеміп қалмайды. Операны сүйетін адам тыңдап, балетті құрметтегендер барып жүр.
Егемен Қазақстан
16.01.2017 1034

Бишілердің зейнеткерлік жасының басқалармен те­ңес­­тіріліп, 58-63-ке дейін ұзар­тылуы, жалақының аздығы, еңбектің бағаланбайтыны олар­дың шетелге кетуінің негізгі себебі ретінде баяғыдан айтылып келеді. Бірақ әлеуметтік жағдайдан бөлек бүгінгі балеттің басында әлі дұрыс шешімін таба алмай келе жатқан үлкен мәселені айтып, дабыл қағып жүргендердің пікіріне құлақ асқан жан жоқ. Ол – ұлттық репертуар мәселесі.  Балет деген тек «Аққу көлі» мен «Жизель» ғана емес, «қазақ ұлтының қолы мен аяғы қандай болады екен, оның буын тілі қалай сөйлейді, не айтады?» деген сауал екінші кезектегі мәселе ретінде ысырылып тастағалы қай заман.

Театрлар үшін ұйым­дас­ты­рылған «Елім менің» және «Тәуелсіздік толғауы» байқауы сахнаға соны серпін бергенімен және театр драматургиясында жаңа есімдер пайда болғанымен, олардың жазған пьесаларының бәрі бірдей сахнаға жолдама ала алмады. Осылайша, жүлделі пьесаларын құшақтаған күйі жер қауып қалған жеңімпаз драматургтердің кім екенін біл­меген күйі біз қалдық. Ар­найы сұрастырғаннан кейін ғана бұл байқауда Серік Еркім­бековтің «Минарет», Серік Әбдінұровтың «Уақыт көші», Алмас Серкебаевтың «Астана», Әділ Бестібаевтың «Жерұйық» балет спектакльдері жазылғанын білдік, бірақ «Астанадан» өзгесі репертуардан орын ала алмаған күйі кетті. Біздің білуімізде, бұл байқау ұлттық өнер драматургиясын ынталандыру үшін ұйымдастырылғанымен,  кейін­гі тағдырына қамқорлық көрсетуге құлықты жандардың жоқтығын, отандық музыка өнімін менсінбейтінін көрсетті.

Республикамызда үш опера және балет театры бар, оның екеуі тәуелсіздік кезеңінде дүниеге келген. Соңғы 25 жылда екі-ақ қазақ операсы жазылып, сахнаға шыққан. Жазылғаны көп болуы мүмкін, бірақ қойылғаны екеу-ақ. Соңғы он бес жылда еліміздің композиторлары 18 балет  жазған, алайда бірде-бі­реуі сахнада қойылмаған. Осы мәселе туралы компози­тор Балнұр Қыдырбектің «Егемен Қазақстан» газетінің бетін­де жанайқайға толы  мақа­ла­сы жарияланды. Расында да, жазылған балеттер сахнадан сығалай алмаса, «осы бір жанрды жүнжітпейікші, жазылып дайын тұр екен, қане, қойылым әзірлеп жіберейік» дейтін тірі жан табылмаса, ол байқаулар неге жарияланған? Солқылдап тұрған ұлттық опера мен балеттің жайы сөз болғанда, сөйлескісі де келмей, сырт айналатындар көркемдік әлемді қашанғы өз көзқарасымен ғана өлшей бермек?

Кезінде бір ғана Евгений Брусиловский Абай атындағы опера және балет театры үшін 12 опера жазғанда, Ғазиза Жұба­нова да әріп­те­сі­нен қалыспай төрт бірдей балет туындысын жазып тастапты. Осы мәселе ойландырған соң барып қайтпақ ниетпен афиша іздеп едік, «ГАТОБ»-тың сайтын әрі ақтарып-бері ақтарып, атам заманнан келе жатқан «Щелкунчик» пен «Ромео мен Джульетта», «Шахерезада» мен «Кармен-Сюита­дан» өзге көзімізге ешнәрсе түспеді. Мұның бәрі үлкен жетістік, әрине. Бірақ кірген адам тайып жығылардай жалтыраған зәулім театрлардың мәзірінде классикамен қоса, қорек болатын ұлттық балет қойылымдары қатар жүрсе, бұл өнердің дамуына оң ықпал етер еді ғой. Ал, «Астана Опера» афишасындағы ұлттық балет Ғ.Жұбанованың жалғыз «Қарагөзімен» жан бағып тұр. Түсінеміз, классиканың аты – классика, онымен ешкім таласпақ емес, бірақ осы бір бекзат өнерді өз композиторларымыздың әуені­­нен туған туындылармен то­лықтыра түссек, театр бұдан зардап шекпеген болар еді. Қазақстан композиторларының шығармасы бойынша қойы­лым сахналанса, театр көрер­ме­нінен айрылып, қып-қызыл шы­ғынға бататын болған соң батыс классиктерінің шығар­ма­ларын бірінен соң бірін қойып, жан бағудың амалын қарастыратыны туралы еміс-еміс естиміз. Балет өнерінің осынша уақыт ұзақ ұйқыға ке­туі осы мезгіл аралығында еш­кімді ойландырмаған, ешкім із­демегені, қамқор қолын соз­ба­ғаны, оның біржола жоқ болып кетуіне жол ашып бермей ме?

«Ұлттық балет не үшін керек?» дегенде, ол ең алдымен өзге елдерді қазақтың ұлттық биінің табиғатымен таныстыру үшін керек екенін композиторлар да, балет хореографтары да, бишілер де біледі. Қолдан тұсалып отырғаны болмаса, оны дамытудың барлық мүмкіндігі мен ал­ғы­шарты әл­де­қа­шан жасалып қойғанын көзі­қа­рақ­­ты­лар­дың бә­рі сезеді. Себебі соң­ғы он-он бес жылда қазақтың халық биі маз­мұн, мәнер, түр, тә­сіл жағынан анағұрлым да­мығаны байқалып жүр. Ұлттық классикалық би­дің негізінде ұлттық би­дің жататынын ескерсек, харео­графияның табиғатымен таныс композитордың таланты, отандық өнердің тағдырына алаңдайтын балетмейс­тердің шеберлігі, балет бишісінің жоғары орындаушылық дарыны болса, қазақ балеті қазір-ақ дүр етіп көтерілгелі тұр.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.08.2017

Премьер қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жұмысымен танысты

19.08.2017

Президент «Бурабай» гольф клубының ашылу рәсіміне қатысты

19.08.2017

Барселонадағы теракт бойынша басты күдікті анықталды

19.08.2017

Біз қазақша білуге міндеттіміз және болашағымызды осы тілмен байланыстырамыз

19.08.2017

Батысқазақстандық бастауыш сынып оқушылары биыл да ыстық тамақпен қамтылады

19.08.2017

Президент «Көкшетауминводы» акционерлік қоғамында болды

19.08.2017

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

19.08.2017

Бақытжан Сағынтаев Ауғанстан Атқарушы билігінің басшысымен кездесті

19.08.2017

Мемлекеттік хатшы Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына қатысты

19.08.2017

Рудныйда облыстық жазғы «Тың-Целина-2017» спартакиадасы басталды

19.08.2017

Шымкентте шығарылатын аяқ киімдер Ресейге экспортталмақ

19.08.2017

Қостанайда пәтер ұрлығы едәуір азайды

19.08.2017

Жамбыл облысында шекарадан заңсыз өтпек болғандар ұсталды

19.08.2017

Қытайда селден 10 адам қаза болды

19.08.2017

Астананың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

19.08.2017

Футболдан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды

18.08.2017

Павлодардан Астанаға 10 тонна қарбыз жеткізіледі

18.08.2017

Ақтөбе мектептері жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын

18.08.2017

Бурабайда Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті

18.08.2017

Павлодарда 98 ауыл әкімі сайланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойына дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол­­сам, қазаққа қызмет қылмай қой­май­мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы­нында, ол кезде білім кем, мінез мық­ты еді. Қазір білім ұшан-теңіз, бі­рақ ұлттық мінез олқы, ала-құла, тіл мү­кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Жұмысты жалғастырар жастар қайда?

Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауылда жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауылда тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мектептер мен басқа да мекемелердің жабылуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты. 

Нұрғали ОРАЗ,

Тәуелсіздік дегеніміз – мәңгілік күрес

Кешкілік аллеяда серуендейтін осы бір кішіпейіл, мәдениетті кісіні жиі көріп қаламын. Алғашында бас изесіп қана жүрдік. Бірте-бірте тіл қатысып, тротуардың жиегіндегі сәкіге тізе бүгіп, әңгіме-дүкен құратын болдық.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Кикілжің келіссөз арқылы шешіледі

Бүгінгі таңда әлемді алаңдатқан мә­селенің бірі Корей Халық-Де­мо­­кратиялық Республикасының яд­ролық қаруға қол жеткізу сая­саты болып отыр.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

ЭКСПО екі айналып келмес саған...

Алаштың алтын алқасындай Ас­та­на­ның ажар-көркіне аспанда­ғы ай қызығып, көктегі күн сүй­сін­гендей. Сарыарқадағы шамшы­рақтай сама­ла шаһар қазір тіпті құл­­пырып тұр. Сұлулығы көз суырғандай. Жер-жа­һан­ның жетіс­тік­тері жайнап төрінде тұр­са, бес құрлықты бетіне қаратар бе­дел жинамай қайтеді енді.

Пікірлер(0)

Пікір қосу