Байыпты әрі салмақты қадам

Мемлекет басшысы қазақстандықтарға арнаған конституциялық реформалар жөніндегі Үндеуінде ерекше маңызды мәселелерге басымдық беріп отыр. Елбасымыздың бұл мәлімдемесі өзінің мазмұндылығымен және стилистикалық құрылымымен дарала- нып тұр. Сарапшылар Үндеудің мәтініне талдау жасау арқылы алда тұрған реформалардың негізгі басымдықтарын көрсетіп береді деген ойдамын.
Егемен Қазақстан
27.01.2017 2736

Президент сөзіндегі жаңалық, ол – байыпты әрі салмақты өзгерістер. Маңыздылығы мен ауқымдылығы бойынша, оны 90-жылдарда қабылдауға ниеттенген заңнамалармен салыстыруға болады. Себебі, енді жаңа тәртіпке сәйкес, Үкіметтің өкілеттілігін бұрынғыдай Президенттің емес, жаңадан сайланған Мәжілістің алдын- да тоқтату көзделіп отыр. Сондай-ақ, Үкімет мүшелеріне Парламент пала- талары тарапынан сенімсіздік білдіру тәртібі оңайлатылады.

Тағы бір назар аударатын мәселе, Президент өкілеттігінің белгілі бір бөлігін Үкіметке беру. Мысалы, Президенттің қолданыстағы актілерді ауыстыру немесе тоқтату құқығын Премьер-Министрге, Үкіметке беру. Бұрындары нарықтық экономика- ны тездетіп жүзеге асыру үшін осы сияқты өкілеттіктер күшті саяси орталықтардың құзыретінде болған. Ұсынылып отырған конституциялық ре- форма мемлекет өзінің қалыптасуының бір кезеңін аяқтап, енді қызметінің жаңа механизмдерін іске қосқанын білдіреді. Осы өзгерістердің аясында Парламенттің рөлі мен мәртебесі ар- тады, сондай-ақ, Үкіметтің дербестігі күшейеді. Дегенмен, Қазақстан президенттік республика және унитарлық мемлекет болып қала береді.

Бұл өзгерістер қандай да бір ішкі немесе сыртқы факторлардың ықпал етуімен және қысымымен және басқа жағдайларға байланысты қолға алынып жатқан жоқ. Біз ешкімнің тәжірибесін көшіріп алғамыз жоқ. Конституциялық реформалар еліміздің болашақта дамуы үшін жасалып отыр. Елбасымыз саяси ре- формаларды кешенді және жүйелі түрде жүргізу қажеттігін әрқашан айтып келеді.

Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын жария еткен «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында жүзеге асырыла- тын реформалардың қатарын осындай саяси даму бастамалары да толықтырып отыр. Осылайша, Елбасымыз мемлекет алдына жаңа саяси күн тәртібін ұсынды.

Ерлан ҚАРИН, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.04.2018

«Smart Zholy» бағдарламасының үздік стартап жобалары анықталды

20.04.2018

23-26 мамыр күндері Астанада «KADEX - 2018» көрмесі өтеді

20.04.2018

Денсаулық сақтау министрі Орал қаласында

20.04.2018

Заңнамаға архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер қаралды

20.04.2018

Дубайдағы инвестициялық кездесуде ОҚО-ның инвестициялық өсу драйвері зерттелді

20.04.2018

Ақтөбеде зиянды қалдықтар тасқыны толастар емес

20.04.2018

ТҮРКСОЙ Шыңғыс Айтматов жылын ашты

20.04.2018

Арсен Венгер «Арсеналдан» кететін болды

20.04.2018

Алматы облысында тау жыныстарының қозғалуы тіркелді

20.04.2018

Петропавлда спорт колледжі ашылады

20.04.2018

Алматыда Парламент Мәжілісінің депутаттары жатақханаларды аралады

20.04.2018

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

20.04.2018

Солтүстік Қазақстанның жас суретшілері халықаралық байқауда топ жарды

20.04.2018

Оңтүстікте ХҚКО арқылы 10 миллионнан астам қызмет көрсетілді

20.04.2018

Солтүстік Қазақстанда архив ғимараттары жоқ аудандар бар

20.04.2018

«Самұрық-Қазына» АҚ жаңа Даму стратегиясын әзірледі

20.04.2018

Сенаторлар «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет порталының жұмысымен танысты

20.04.2018

Қайрат Әбдірахманов Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесті

20.04.2018

Өскемен әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

20.04.2018

Қостанайда балалардың «Алтын микрофон» ән байқауы басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Кісілік әліппесі

Жер бетінде сонау да сонау көз жеткісіз, көңіл сенгісіз небір ықылымдардан бері жасап келе жатқан заты адам баласының ең зарлы мақсаты не десе, ол – адам болу дер едік. Түр-сипатыңмен, тәніңмен ғана емес, жаныңмен, алпыс екі тамырыңдағы қаныңмен, бүкіл болмыс-бітіміңмен. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Ауылдарды сақтаудың амалы қайсы?

Ауыл халқы азайып барады. Неге? Ешкім­ге ештеңенің керегі жоқ болып кеткен бүгінгідей заманда ол жағын ойлап бас қатырып жатқан да бірде-бір жан жоқ. Бар айтатын уәждері – урбанизация. Бір есептен ол да дұрыс шығар. Қалаларға қарай жа­қындаса ауыл қазақтары да өркениетті өмір­ге араласады, өзгелермен бірге қазіргі за­ман­­ның игіліктеріне ортақтасады. Бірақ... 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Қайырымдылық көмектің қайыры болады

Табиғат апатына немесе соғыс, қарулы қақтығыс салдарынан күйзеліске ұшырап, аштыққа, босқыншылыққа тап болған елдерге қайырымдылық көмек көрсету – халықаралық қоғамдастықтың игі шарала­ры­ның бірі. БҰҰ-ның Халықаралық соты ондай көмектердің азық-түлік, киім, дәрі-дәрмек түрінде болуын, қару-жарақ түрінде берілмеуін қатаң бекіткен.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тағам сыры: аурудың алдын алу мүмкін бе?

«Ас – адамның арқауы» деп кішкен­тай­ымнан естіп өскен адам ретінде, та­мақ жемесе адамның күші болмайды, жұ­мыс істеуге, өмір сүруге энергиясы жетпейді деп ойлайтынмын.  Бірақ ас­тың да асы бар, оның пайдасы мен зияны туралы шы­найы да, өтірік те, ойдан құрас­ты­рыл­ған да әңгімелерді көп естіп, кейде білмегендіктен сеніп те қалып жүреміз.

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматы: Шағын ауданның астарлы ақиқаты

Алматыда аты жоқ, бірақ, нөмір­­­лен­­ген 12 шағын аудан бар. Шын­туай­­тында, олар 12 емес, барлығын қос­­қанда – 13. Қала сәулетіне билік жүр­гізуші партия қызметкерлері, сірә, жобалау үстінде «шайтанның 12-сін» сес­ көрген-ау, ақырғы шағын ауданды – 10 «А» деп белгілепті. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу