Беделді шара бел ортаға жетті

Егемен Қазақстан
25.07.2017 500

Елімізде өтіп жатқан айтулы шара – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің басталғанына, Ұлы даланың ұлан-ғайыр шараға ұйытқы болып, ойдағыдай ұйымдастырып отырғанына бүгін – тура бір жарым-ай. Шүкір, қазақ дегеніне жетіп, бұл мәртебені де межеледік. Үш айға жоспарланған көрменің нағыз бел ортасына жеттік. Шыны керек, басында күпті болған көңілдер қазір сабасына түсті, талайды тамсандырып, мерейіміз өсті. Астананың абыройы асқақтап, көр­ген жұрттың көкірегін қуаныш кернеді. Көр­менің кереметтеріне  көз тойды. Бастысы, ел беделін төрткүл дүниеге паш етті.

Қазақ «қонақпен еріп құт келеді» деседі. Тәубе дейік, елорда қазір құтты мекенге айналды. Қазақ елінің астанасына әлемнің түкпір-түкпірінен талай қонақ келіп-кетті, қазір де үзілер емес. Бәрінің бір көрмегі – біздің Астана, ондағы көз тойдырған әсем қалашық – ЭКСПО орталығы. Жатжұрттықтар ғана емес, өзіміздің шалғайда жүрген талай «қара домалақ» қазақ баласы да осы тойды «сылтау қылып» арманда жүрген Астанаға ат басын тіреп, көркем қаланы көзімен көріп мәз-мейрам. 

Ашылғаннан соңғы алғашқы аптада-ақ ЭКСПО-2017 көрмесіне күнделікті келушілер саны орташа 22 840 адамды құрағанынан-ақ халық қарасының аз болмайтыны байқалған. Тіпті көрмені жарты миллион адам алғашқы жиырма күнде-ақ аралап шықты. Келушілер саны қазірдің өзінде 1 жарым миллионға жуықтап қал­ды. Нақтырақ айтсақ, өткен ап­та­дағы соңғы деректер бойын­ша, көрменің ашылуынан бері келу­шілердің жалпы саны шамамен 1 миллион 200 мыңды құ­ра­ған. ЭКСПО-ның барлық нысан­дарының келушілерін есептегенде, 9 миллионға жуық адам келген. Көрмеге негізінен 2 мил­лион адам келеді және көрме ны­сан­дарында жалпы саны 5 мил­лион­ға жуық келуші тіркеледі деп жос­парланған болатын. Ал қазір­гі қарқын жоғарыдағыдай. 

«Тойдың болғанынан бола­дысы қызық» деген де бар. Мүм­кін, Астана ЭКСПО-2017 көр­ме­сін біздің елде өткізу туралы ше­шім шығарған сәтті естен шы­ғармайтынымыз да осыдан шы­ғар. Тәуелсіздік тарихыннан ойып тұрып орын алатын ай­рық­ша оқиға – халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің Қазақ­стан­да өтетіндігі жөнінде шешім қабылданған күн 2012 жылдың 22 қарашасы болатын. Шешім ЭКСПО Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының Париждегі 152-сессиясында осы ұйымға мүше 161 мемлекеттің жасырын дауыс беруі нә­тижесінде қабылданды. Бұл, сөз жоқ, Қа­зақ­станның жаһан жұрты алдындағы беделінің тағы бір биіктегені, мемлекеттің мерейі. 

Тағдырдың тартуы болар, дәл осы оқиғамен орайлас күндері төрткүл дүние назарын өзіне аударған Франция астанадасы Парижде болу маған да бұйырды. Әрине, журналистік сапармен барғанбыз. Осы оқиғаға орай Парижге аттанған «Егеменнің» екі журналисінің бірі Жақсыбай Самрат Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының Париждегі 152-сессиясынан мақала жазса, мен шешім шыққанға дейінгі соңғы рет өткізілген қорытынды баспасөз мәслихатына қатыстым. Бұл баспасөз мәслихаты Бас Ассамблея сессиясында дауысқа түсетін қос ел – Бельгия мен Қазақстанның өзара пікірсайыс жекпе-жегімен ерекшеленді. Басты үміткер екі шаһардың бірі – Астана, екіншісі Бельгияның Льеж қаласы еді. Осылайша жеңіске дейін атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Қазақстандық топ әлем журналистерінің алдында сан сауалға жауап бере отырып, Қазақстанның қарышты қадамдары мен жетістіктерін баяндады. Ал біздің журналистер бәсекелес топ бельгиялықтарға қарсыластық танытып, ұтымды әрі салмақты сұрақтарымен елдің беділін одан әрі үстеуге үн қосты. 

«Әлемнің 2,5 млрд халқы біздің елімізге тікелей жақын өмір сүреді. Астанадан 3 сағатта Үндістан астанасына, 5 сағатта Қытай астанасына және 3 сағатта Мәскеуге жетуге болады. Біздің байланыстарымыз бен мүмкіндіктеріміз мол. Біз жаһандық шараларды бірнеше рет өткіздік. Мәселен, Қысқы Азия ойындарын, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиттін қабылдадық. Астананың мұндай шараларды өткізуде тәжірибесі мол, сонымен қатар біздің еліміз 2017 жылы әлемдік Универсиада өткізуді жоспарлауда. Астананың мүмкіндігі көрмені өткізуге және жасыл экономика идеясын өңірге ғана емес, әлемнің өзге елдеріне таратуға жетеді», деген сыңайлы дәйекті пікірлердің үлесімен баспасөз мәслихатында біздің елдің бәсі биік түсті. Баспасөз мәслихатынан бір күн бұрын ұйымдастыру алқасы арнайы дайындық жұмысын өткізіп, журналистер үшін семинар-тренинг жасауы да біздің алдымызда жауапкершілігі зор сәттің тұрғанын аңғартқандай еді. Шынайы бәсекенің бет-бейнесі осы жарыссөз барысынан-ақ байқалды. Бастысы, қай жағынан болсын, сақадай-сай келген біздің топ бұл күні жоғары деңгейден көрінді. Әрине, бізді жеңіске жетелеген еліміздің бүгінге дейінгі жетістіктерінің жемісі. Осылайша, Еуропаның қақ төрінде әлемнің алпауыт елдерінің журналистерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында жап-жас тәуелсіз Қазақстан мемлекеті жиын тізгінін қолдан бермеді. Осылайша бір күн қалған дауыс беру сәтіне дейін шетелдіктер алдында Қазақстанның жеңіске деген зор құлшысыны тағы бір дәлелденді. Баспасөз мәслихатынан кейінгі келесі күні Франция астанасы Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясында әлемнің 161 мемлекеті жасырын дауыс беру арқылы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізетін мемлекет анықталып, Астанаға үлкен үміт артылды. Ондағы Халықаралық көрмелер бюросының 103 қатысушы-мемлекеті Астананы қолдап, 44-і қарсы дауыс берген. «Бельгияның Льеж қаласын басып озған ару Астананың, әрине, бұл күнде абройы асқақ. Ал бұл жетістік әрбір қазақстандықтың көңілін шаттыққа бөлеп, бойын мақтаныш кернеді. Сөйтіп, «қуан, қазақ!» деп жария салып едік сол күні. Ал қазір сол қуаныштың шынайы көрінісі, сол күнгі армандардың орындалған кезі. 

«Бұл еліміз үшін сынақ қана емес, көрме біздің жасампаз әлеуетімізді ашуға мүмкіндік береді. Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу республикамыздың инновациялық дамуына серпін береді. ЭКСПО көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Біріншіден, елордамыздың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды. Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Ең бастысы, Астананы таңдауы – Қазақстанның барша халқының күш-жігерінің нақты жемісі», демеп пе еді Елбасы сол тарихи күнде?! Ал бүгінде ЭКСПО-ға қатысты жоспарлы жұмыстардың бәрі нақты жүзеге асырылды. Ол біздің әлем елдері алдындағы абырой-беделіміз ғана емес, Қазақ елі үшін қыруар жұмыс орны, табыстың көзі болып, экономикамыздың дамуына үлес қосты. Ендеше, мұны елдіктің ерен жеңісі, асқақ беделі деуге толық негіз бар.

Динара БІТІК,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

26.05.2018

Оңтүстік және Солтүстік Корея көшбасшылары екінші рет кездесті

26.05.2018

Астанада «Қолөнер – рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты шеберлік сыныбы өтті

26.05.2018

Қазақстанның барлық балалары ТОКАМАК ғылыми орталығымен танысулары қажет - Даниал Ахметов

26.05.2018

150-ден астам студент Ақтөбе облысы әкімінің шәкіртақысын иеленді

26.05.2018

Астананың 120 гектардай жері саябақ пен гүлзарға айналады

26.05.2018

«Тоғызқұмалақ» мобильді қосымшасының авторы арнайы марапатқа ие болды

26.05.2018

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Оңтүстік Қазақстанға экскурсиямен барды

26.05.2018

Павлодарда Оқушылар сарайында IT-сыныптар ашылды

26.05.2018

Батыс Қазақстанның Ақжайық ауданында жерлестер форумы өтті

25.05.2018

Азия ойындарында жүлдегер атанды

25.05.2018

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

25.05.2018

Алакөлге 15 маусымнан бастап пойыз жүреді

25.05.2018

Қармақшы ауданында жаңа мектеп пен балабақша ашылды

25.05.2018

Бақытжан Сағынтаев Қостанай облысындағы технологиялық жаңғыртумен танысты

25.05.2018

Атырау облысында бес мыңнан астам мектеп бітіруші үшін соңғы қоңырау соғылды

25.05.2018

Премьер-Министр Рудный студенттерімен кездесті

25.05.2018

БАӘ инвесторлары Атырау облысында жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты

25.05.2018

Соңғы қоңырау сыңғыры

25.05.2018

Қызылорда облысында қосалқы станцияның құрылысы аяқталды

25.05.2018

«Сыр дарыны» медалімен марапатталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Діни еркіндік пен бетімен кетушілікті ажырата білейік

Қазақта «Дінің тұрсын дін аман» деген ізгі тілекке негізделген, жамағат жиі айтып жүретін нақыл сөз бар. Осы нақылдың ішкі өзегіне тереңірек үңілетін болсаңыз, оның мән-маңызының қаншалықты жоғары екенін аңғармай қалуыңыз мүмкін емес.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық экономика жаңғырығы

Соңғы жылдары әлемдік экономикада өсім көлемі төмендеп, халықаралық сауданың даму қарқыны баяулағаны мәлім. Отандық сарапшылардың пайымдауынша, жаһандық саясаттағы қатынастардың күрделене түскеніне байланысты биылғы жылы да экономикалық көрсеткіштер көңіл көншітерлік деңгейге көтерілмеуі мүмкін. 

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

Музей – тарихпен тілдесу мүйісі

Аспан асты, жер үстінде өсіп-өн­ген қай халықтың болмасын адамзат тари­хы­нан алар орны олардың ғаламдық өрке­ниет көшін ілгерілетуге қосқан ірілі-ұсақ­ты жетістіктерімен өлшенері талас тудырмаса керек. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Мәселе мамандық таңдауда емес, оқу бітірген соң жұмыс табуда

Абайдың жиырма бесінші сөзіндегі «Мына мен айтқан жол – мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма! Әйтпесе бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?» деген қағидаға табан тіреген қазақ ұл-қызын оқытуға ұмтылумен келеді.       G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                     Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : Donate Закрыть

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу