Бейбіт атом болашаққа қызмет етеді

Әлемнің барлық атомшы ғалымдары Семей сынақ полигонының орнын аса маңызды ғылыми-өзекті зерттеулерді үзіліссіз жүргізетін керемет аймақ деп танып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ядролық сынақ жарылыстары тоқтатылып, еліміз бейбіт атомды дамытуға бет алды. Десек те, Кеңес өкіметінің әскери кешенінен ИГР (импульсті-графикалық реактор), «Байкал-1» сияқты реакторлық кешендер, қондырғылар, түрлі технологиялар қалғаны да белгілі жайт.
Егемен Қазақстан
27.03.2017 2073
2

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей нұс­қауы­мен ғалымдар бұл техникалық зерт­ханаларды сақтап қана қоймай, тәуелсіздік жылдары оның ғылыми-техникалық базасын нығайта білді. Осының арқасында қазақстандық ға­лымдар Ресей, АҚШ, Франция, Жа­пония және тағы басқа елдер­мен бірге ең ірі ғылыми жобаларды жүзеге асырып, қа­зақ ғылымын халықаралық дең­гейге көтерді. Атап айтқанда, ра­диоэкологиялық зерттеулер, тер­моядролық және ядролық энер­­гетика салаларының бар­­лығы да атомды соғыс мақ­са­ты­на емес, бейбіт өмірге, ел игі­ліне пайдаланудың басты бағыттары, дейді физика-математика ғылымдарының докторы, Ұлттық жаратылыстану академиясының академигі, Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталықтың (ҰЯО) бас директоры Эрлан Батырбеков.

Оның айтуынша, осыдан 25 жыл бұрын Семей ядролық сынақ полигоны жабылған кезде, әскерилер соғыс атомы үшін қолданған құжаттарын, керекті қағаздарды мүлде жойып жіберген немесе өздерімен бірге алып кеткен. Қазақстандық ғалымдарға, өкінішке қарай, экологиялық апатқа ұшыраған ел мен жер, қаңыраған полигон аумағы ғана қалған. Осындай көптеген фактілері белгісіз полигон жерін қарамағына алған ғалымдар жиырма жылдан астам зерттеп, әр жиған-тер­гендерін қағаз бетіне түсіріп отырды. Және полигоннан қал­ған инфрақұрылымдарды, ірі тех­никаларды жойып, іске жарам­сыз етті. Радиацияланған Атом көлі, Балапан алаңы сияқ­ты жерлерде де ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұған қолда бар «Байкал-1» және ИГР сияқты кешенді реакторларды қол­дануға тура келді.

2017 жыл – ҰЯО үшін мерейлі жыл, яғни Ұлттық ядролық орталық өзінің 25 жылдығын атап өтеді. Осы аралықта 40 жыл­­­дан астам қасірет әкелген по­лигонды жойып қана қоймай, Ел­­­басының тапсырмасымен ар­найы тәжірибелер өткізетін ор­ын­дар, қажетті мүйістер жа­сал­ған. Және тағы бір ауыз толтырып айтар дүние, бейбіт атомды дамытуға орай күнделікті ғы­лыми-зерттеулер жүргізіп оты­­­­ру үшін кеңейтілген зертха­на құ­рылып, ол қажетті бар­лық құ­рал-жабдықтармен қам­та­масыз етілген. Реакторлардың фи­зикалық жағдайы, ядролық тех­нологиялар, түрлі мезет­тер­дегі ядролық сұйық отынды сы­нау, материалдардың ра­диа­ция­ға төзімділігі сияқты жұ­мыс­тар­дың барлығы осы жерде тә­жі­ри­беден өткізіліп келеді.

«Невада-Семей» анти­ядро­лық қозғалысының вице-пре­зиденті, «Парасат» орденінің ие­гері С.Картоевтің айтуынша, «Бай­кал-1» және ИГР сияқты реакторларды тәжірибеден өт­кізу алаңдарында 1993 жылдан бастап күні бүгінге дейін ғы­лыми-техникалық «Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту» атты бағдарлама қол­ға алынған. Осыған орай, қазақ ғалымдары Жапониямен бірлесіп, халықаралық ең ірі жобаларды, атап айтқанда, EAGLE, CORMIT, FUKUSHIMA жобаларын жүзеге асырды.

– Қазақстанда Фуку­си­ма­дағыдай апат болмайды, – дей­ді ҰЯО-ның бас директоры Э.Батырбеков. – Өйткені, біздің бұл саладағы ғылыми же­тіс­тіктеріміз аса жоғары. Әр маманымыз өз ісіне жауап­кер­ші­лік­пен қарайды. Ауыр апаттарды алдына ала есепке алатын зерт­теулеріміздің өзі қаншама. Же­ңіл сутекті және жылдам энер­гетикалық реакторлардағы, реак­торлық және реактордан тыс зерттеулер жүргізу кезінде ауыр апаттарды болжаудың және алдын алудың жолдары қа­растырылды.

Қазақстанның қазіргі өнер­кә­сібіндегі өзекті проблема кә­сіпорындарда, медицинада, ғы­лымда және тағы басқа салаларда кеңінен қолданылатын йонды сәулелендіргіштің арнайы ампулаларын ұзақ әрі қауіпсіз сақтау. Бұл үшін «Байкал-1» кешені қазақстандық ядрошыларға жаңа технологиялар жасап, іс­ке қосуға мүмкіндік берді. Ке­шенде 1995 жылдан бастап йон­ды сәуле шығаратын ампу­ла­ларды сақтайтын арнайы қой­ма ашылған. 2010 жылы осы реакторлық «Байкал-1» ке­ше­нінде БН-350 реакторын істен шығаруға орай арнайы жоба жү­зеге асырылғаннан кейін, МАГАТЭ-нің кепілдігімен бар­лық қолданылған ядролық отын ұзақ жылдарға сақтауға қой­ылды.

Бүгінде қазақ ғалымдары өнер­кәсіптік зиянды қал­дық­тар­ды ұзақ мерзімге сақтап от­ы­ру­дың жаңа технологияларын да жүзеге асыруда. Бүгінде ҰЯО-ның ғалымдары осыған орай жаңа жобаны іске асырмақ.

Міне, қатарынан бірнеше жыл ҰЯО АҚШ-тың Ұлттық зерханасының қолдауымен реакторларды зерттеу бойынша жобаларды айырбастап, тәжірибе алмасу бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстың басты мақсаты – ИВГ.1М және ИГР отын реакторларын байытуды 90 пайыздан 19,75 пайызға дейін U-235 (Уран-235) бойынша төмендету. Бұл – әлемдік деңгейдегі ядролық қауіпсіздік жолындағы тағы бір тың қадам. Сондықтан да  ВОТК арнасы бойынша төмен байытылған отын қорын сынақтан өткізу 2017 жылдың екінші тоқсанында жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Сынақ жұмыстарының мерзімі бұрын үш жыл уақытты алатын. Енді барлық сапасы сақталына отырып, үш жылдан екі жылға дейін қысқартылады, бұл да болса маңызды техникалық шешім әрі ғылымның дамып келе жатқандығының дәлелі. 2017 жылы ИГР реакторының ішкі жүйесіндегі элементтерді және төмен байытылған отынды жан-жақты сынақтан өткізу қолға алынады. Сынақ 2019 жылға дейін жалғасады. Сөйтіп, сынақтан өткен соң бұлар ҰЯО-дағы реакторлардың ішіне қолданысқа енгізіледі.

Ал халықаралық ғылыми қоғам өкілдері қазақ ғылымы ХХІ ғасырда әлемдік деңгейге көтерілді деп бірауыздан мойындап отыр.


Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

Шығыс Қазақстан облысы,

Курчатов қаласы

Суретті түсірген автор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу