Бейбітшілік пен тұрақтылықтың жақтаушысы

Қазақстанның көрші мемлекеттер­мен және әлемнің өзге де ай­мақ­тарымен бейбіт қатар өмір сүруі, ын­ты­мақтастығы елдің халықаралық қа­ты­­настар саласындағы стратегиялық ше­­шімдерінің оң нәтижесі болып табы­лады.
Егемен Қазақстан
03.04.2017 754

Байсалды іс-қимыл берекеге бастайды

Қазақстанның көрші мемлекеттер­мен және әлемнің өзге де ай­мақ­тарымен бейбіт қатар өмір сүруі, ын­ты­мақтастығы елдің халықаралық қа­ты­­настар саласындағы стратегиялық ше­­шімдерінің оң нәтижесі болып табы­лады. Мен осы орайда, ең алдымен, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі өте зор екенін атап өткім келеді. Қазіргі таңда жүргізіліп отырған сындарлы саясаттың арқасында Қазақстан өсіп-өркендеген, бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретінде әлемге танылды.

Қазақстанда қолға алынған консти­ту­циялық реформалар қазіргі әлемдік сын-қатерлерге елдің лайықты жауабы бо­лып табылады. Осыған байланысты Пре­зи­дент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі әлемде мемлекеттік құрылыстың әм­бебап моделі жоқ, бәрі де ізденіс үс­тінде екенін атап көрсетті.

«Қазақстан Республикасының Консти­ту­циясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жо­басы бүкілхалықтық талқылауға ұсы­нылды. Оны халық бір ай бойы жан-жақ­ты талқылады. Бұл өте маңызды ша­ра болды. Яғни, әрбір қазақ­стан­дық­қа конституциялық реформа ж­ө­ніндегі пікірін білдіріп, ұсыныстарын айтуға мүмкіндік берілді. Менің ойымша, Қазақстан осылайша өзінің де­мо­кра­тиялық тұрғыда дамудың даңғыл жо­лында екенін тағы бір рет дәлелдеді.

Қазақстанда болып жатқан елеулі оқи­ға­ларға біздің ұйымға мүше мем­лекеттердің барлығы ерекше қы­зы­ғу­шылық білдіреді. Біз әрқашанда Қазақстанның таңдауына, халқының еркіне құрметпен қараймыз.

Түркі кеңесі – беделі биік ұйым

Түркітілдес мемлекеттер ынты­мақ­­тас­­тығы кеңесі (Түркі кеңесі) – түр­­кі­тіл­дес елдер арасындағы ын­ты­мақ­тас­тықты жан-жақты қолдауды бас­ты мақсаты санайтын мемлекетаралық ұйым болып табылады. Ұйым 2009 жы­лы Әзербайжанның Нахчыван қа­ла­­сын­­да өткен Түркітілдес мемлекеттер бас­­шы­ларының саммитіне қол қойыл­ған На­хчыван келісімі негізінде құрыл­ған.

Ұйымның құрылтайшылары әрі мүшелері Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия мемлекеттері болып табылады. Ал бүгінгі Түркі кеңесі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында ұйымдастырылған Түркітілдес мемлекеттер басшылары саммиттерінің нәтижесінде дүниеге келген халықаралық ұйым десек, артық айтқандық емес.

Түркі кеңесі құрылғалы бері мүше елдер сыртқы істер министрлерінің 11 рет ресми және бейресми отырыстарын өткізіпті.

Қазіргі таңда Түркі кеңесінің Хат­шы­лығы 14 бағыт бойынша мүше мем­­лекеттер арасындағы көпжақты ын­­тымақтастықты жүзеге асыруда. Нақтылай айтқанда, Хатшылық Түрк­СОЙ, ТүркПА, Халықаралық Түр­кі акаде­миясы, Түркі мәдениеті мен мұра­сы қоры сынды мәдениет саласына қа­тыс­ты басқа да еншілес ұйымдармен бір­лесе отырып, саяси-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларында қызмет етуде.

Мәселен, Түркі кеңесі түркі мемле­кет­терінің эко­номикалық ынтымақ­тасты­ғына баса назар аударады. Жыл сайын түркі­тілдес елдердің Іскер­лік кеңесі және бизнес-форум ұйым­дас­тырылып отырады. Бұл өз кезегінде мүше мемлекеттер кәсіпкерлерін бірік­тіріп, олардың өзара ынты­мақтасуына жол аша­ды. Мүше мемлекеттер экономикасын ынталан­дыру, инвестициялық белсенділікті арттыру және жеке сектор­лар арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту мақ­сатында бір­лескен инвес­тициялық портал іске қо­сылған. Түркі кеңесі Транс­каспий көлік бағытын құруға көп күш жұмсады. Бұл Батыс пен Шы­ғыс ара­сындағы тиімді сауда жолы болып табылады.

Соңғы екі жыл көлемінде туризм саласы бойынша өзара ынты­мақтастықты кеңей­ту жұмыстары қар­қын алды. Бұл орайда ту­рис­тік бағыттардың тар­тымдылығын арттыру үшін елдеріміз арқылы өтетін Ұлы Жібек жолын жаңғырту маңызды. Түркі кеңесінің «Заманауи Жібек жолы» атты бірлескен қа­нат­қақты жобасын дайындауы аталған саладағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды қадамы болып табылады.

Түркі кеңесі бұқаралық ақпарат құралдарына баса көңіл аударады. Мүше мемле­кеттердің ресми ақ­парат агенттіктері Түркі кеңесі аясында ынты­мақ­тасуда. Сондай-ақ, Ха­лық­аралық Түркі телеарнасын құру жұмыстары жал­ғастырылуда. Жалпы, Түр­кі кеңесі үшін ақпарат­тық-коммуникациялық тех­­нология және энерге­ти­ка салаларындағы ынты­мақтастық жаңа бағыттар болып саналады.

Түркітілдес мемле­кеттердің ортақ мәдениеті, тілі және тарихы­ның арқа­сында Түркі кеңесі өңірлік ынтымақтастықтың бірегей үлгісін көрсетуде. Мәселен, білім беру саласындағы нақ­ты нәтижелерінің бірі XV ғасырдағы түркі халық­тарының тарихы туралы ортақ түр­кі тарихы оқулығын әзірлеу болып табылады. Бұл оқулықты мүше мемлекеттердің тиісті минис­трліктерінің мақұлдауымен Халық­аралық Түркі академиясы дайындады. Қазіргі таңда академия география және әдебиет бойынша жалпы түркі оқулықтарын, сондай-ақ, түркі әлемі тарихының анықтамалығын әзірлеу үстінде.

Кеңес құзыретті халық­аралық ұйымдармен ынты­мақтасу және үйлесімді жұмыс істеу мәселесін жолға қойды. Ол БҰҰ және оның инсти­туттарымен, сондай-ақ, 19 халықаралық ұйыммен мықты қатынас, сенімді әріптестік орната білді. Мүше мемлекеттер органдары мен халықаралық ұйымдар арасында 30-дан астам меморандум және хаттамаларға қол қойылды. Түр­кі кеңесі Экономикалық ынты­мақтастық ұйымының (ЭЫҰ) бай­қаушысы мәр­тебесін алды. Бұдан бөлек БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына (ИЫҰ) байқаушы мәртебесін иелену мәселесі қарастырылуда.

Сонымен қатар, Түркі кеңесі Еуро­падағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім ша­ралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) секілді тағы басқа да беделді құрылымдармен жақсы қарым-қатынас орнатқан.

Қазақстанның рөлі айрықша

Түркі әлеміндегі Қазақ­станның рөлі және Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың аса маңызды орны дау туғызбайды. 2015 жылғы 11 қыркүйекте Астанада өт­кен Түркі кеңесінің 5-Сам­митінде мен Мем­лекет басшысы Н.Назарбаевтың қабыл­­дауында болдым. Сол сәтте мен Қа­­зақ­стан басшысының көшбасшы ре­тіндегі көрегендігіне анық көз жеткіздім.

Н.Назарбаевтың бастамасымен, біздің ұйымымыздан бөлек, штаб-пәтері Баку қаласында орналасқан Түркітілдес мемлекеттердің Парла­менттік Ассамблеясы (ТүркПА), штаб-пәтері Астанада орналасқан Ха­лық­аралық Түркі академиясы сынды халықаралық ұйымдар құрылды.

Президент Н.Назарбаев 2006 жылы Түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммитінде Түркі­тілдес мем­лекеттердің ынтымақ­тастық одағы деп аталатын (Түркі кеңесі) халықаралық ұйым құру туралы ұсыныс білдірді. 2009 жылы біздің Хатшылық құрылды. Түркі кеңесі құрылғанға дейінгі және кейінгі кеңестердің барлығын есепке алар болсақ, бас-аяғы 15 саммит өтті. Олардың барлығына Нұрсұлтан Назарбаев тіке­лей өзі қатысып отырды. Қазақстан Президенті Түркі кеңесінің көп­теген жобаларының идеялық баста­машысы болып табылады. 2012 жы­лы Пре­зидент Н.Назарбаев Түркия прези­денті Абдолла Гүлмен бірге Түркі кеңе­сі туының көте­рілуінің ресми салтанатына қатысқаны символдық мәнге ие.

Қазақстан екі жылдан бері біздің ұйымның төрағасы болып, бұл міндетті табысты атқарып келе жатқанын атап өту керек. Қазақ­станның төрағалығы ке­зін­де көптеген жобалар жүзеге асырыл­ды. Бұл орайда Түркі кеңесінің БҰҰ және ИЫҰ байқаушысы мәртебесін ие­ленуі мәселесін ілгерілетуде Қазақстан ма­ңызды рөл атқарғанын атап өткім келеді.

Астана – бітімгершілік бастауында

Сириядағы ахуалды реттеу жөнінде қосымша платформа ретінде Ас­тананың таңдалуы Қазақ­станның бітімгерлік қыз­метінің аса зор ма­ңызға ие екендігінің айқын көрінісі.

Қазақстан өз тәуел­сіздігінің алғаш­қы жылда­рында-ақ қуатты ядролық арсеналдан бас тартып, сол арқылы халықаралық қауіп­сіздікті нығайтуды, мемлекет­тердің арасындағы бейбіт ынты­мақтастықты және жаһандық проблемалар мен қақтығыстарды шешуде халықаралық ұйым­дардың рөлін арттыруды қол­дайтынын іс жүзінде дәлелдеді. Күні бүгінге дейін Қазақстан әлемге ядролық қарусыздану және оны таратпау бойынша көш­басшылардың бірі ретінде танымал.

Сонымен қатар, тәуел­сіздіктің 25 жылында Қазақ­стан мемлекетаралық деңгейдегі халықаралық шараларды жоғары дәрежеде өткізу ісінде үлкен тәжірибе жинады. Жыл сайы­н Қазақ­станда түрлі деңгейдегі көп­теген халықаралық шаралар өтеді. Қазақстанда ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ШЫҰ, ТМД, Түркі кеңесінің және басқа да халықаралық ұйымдардың саммиттері өтті. Менің ойымша, Қазақстан әлемдік деңгейдегі түрлі шаралар мен келіссөздер үшін тұрақты әрі сенімді алаң болып табылады.

Сонымен қатар, Қазақ­станның Ресей мен Түркия қатынастарын жақ­сартудағы мәмілегер ретіндегі рөлін айрықша атап өткен жөн. Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңе­сінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы барша дүние жүзінің елдің бітімгерлік қызметіне деген берік сенімінің дәлелі.

Сол себепті, Сириядағы ахуалды реттеу мәселелерін талқылау бойын­ша қосым­ша платформа ретінде Аста­наның таңдалғаны ешкімді таңғалдырған жоқ. Астанадағы келіссөздер Сириядағы ахуалды реттеу бойынша маңызды шешімдердің қабылдануына ықпал етеді.

Рамил Хасанов,

Түркі кеңесінің Бас хатшысы



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2017

Кірісіңіздің 5-10%-ын балаңыздың болашағына жинаңыз!

22.09.2017

Шығанақ жолымен немесе тары өсіру дәстүрі жалғаса береді

22.09.2017

Латын әліпбиіне көшу туралы пікірлер

22.09.2017

Рухани тәуелсіздікке жеткізетін қадам

22.09.2017

Өркениет ағымына жетелейтін тарихи шешім

22.09.2017

«Харви» дауылы және мұнай бағасы

22.09.2017

Балалардың демалысы бақылаусыз қалмасын

22.09.2017

Үлгіліден үйренуге асық болайық

22.09.2017

Зейнетақы қорының қаражаты қайтарылады

22.09.2017

Қазақ қарияларының кеңдігі 

22.09.2017

БҰҰ Бас Ассамблеясының жаңа төрағасы Қазақстанның халықаралық істердегі рөлін жоғары бағалады

22.09.2017

Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының жетекшісі – Қазақстан

22.09.2017

ЭКСПО технологиялары білім саласында қолданылады

22.09.2017

Сербиямен қатынас құжаты қаралды

22.09.2017

Рухани даму жаңа әліпбиден бастау алады

22.09.2017

Елбасы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады

22.09.2017

Назарбаев Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қорына барды

21.09.2017

Абаев Қазақстан мен АҚШ президенттерінің телефонмен сөйлесуіне пікір білдірді

21.09.2017

Дәурен Абаев: ИЫҰ саммитінің мәртебесі ЕҚЫҰ саммитінен кем түспейді

21.09.2017

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор - министр Абаев

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

«Харви» дауылы және мұнай бағасы

Американың мұнайлы өңір­леріне үлкен зардап әкелген таби­ғи апаттар әлемдік рыноктағы мұнай бағасының тұрақтануына оң ықпалын тигізетін түрі бар. Соңғы уақытта АҚШ-та мұнай өндіру көлемінің артуы және оның қорының ұлғаюы әлемдік нарық­­тағы мұнай бағасының күрт құл­ды­­рауына әкеліп соқтырған еді.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Қазақ қарияларының кеңдігі 

Өткен уақыт қайтып оралмайтын есіл өмір екенін көңіл күйдің аумалы-төкпелі қилы-қилы шағында ойласаң – шырғалаңы көп кермек шындықтар санаңды шарлай жөнелетіні несі екен. Желтоқсан көтерілісінен кейін Мәскеу газет­тері жалпақ жалғанға жария қыл­ған қазақ ұлтшылдығын идеяло­гия­лан­дырылған бояумен баттастыра қалың көрсеткеніне өзге тұрмақ өзің иланып, орнынан алынған сол кездегі биліктің кінәсі қорытылған қорғасындай сал­мақ­ты сияқтанды. Ендеше, жазасын құдай өзі берсін дегеннен артыққа бар­­май на­за­ланған сезімге қорыну қосы­лып, сі­лей­ген қалпы отырасың да қоясың.

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Сапасыз білім сан соқтырады

Спортшылардың «спорттық ғұ­мы­ры» қамшының сабындай қыс­қа. Жұрттың бәрі Головкиндей отыз­дың жуан ортасында жай оғындай жар­қылдап жүрмейді. Жасы келіп, күш-қуаты кемігенде боксшы қолғабын, фут­­болшы бутсысын шегеге іледі. Иә,­­ талай жылғы серігімен қош ай­­­тыс­қан ардагер спортшының қай-­қайсысы болса да «Әрі қарай не­ істеймін?» деген тағдыршешті сұрақ­қа түбі бір маңдай тірейді. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Өрелі өрен іздеймін

Халқымыз  «Ұлың өссе ұлық­ты­мен, қызың өссе қылықтымен ауылдас бол» деп бекер айтпаған. Өйткені, жа­ңа көктеп келе жатқан жас шыбық қа­тарына қарап бой түзейді, бір-бі­рінің ойын байытады немесе кері әсерімен қисық, қыңыр болып өсуіне де әсерін тигізеді. Қанатты сөз осындайларды көріп ой түйгеннен туса керек.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Такси мен «тәбет»

Астанадағы автобустардың қыз­мет көрсету сапасы жайлы мақала шық­қан­нан кейін («Қоғамдық көлік және жолаушы мәдениеті», «Егемен Қазақ­стан», 7 қыркүйек, 2017 жыл) бірнеше оқырман хабарласып, «Так­сист болып бір-екі күн жұмыс істеп көріңізші, біраз мәселеге қанығар едіңіз» деп ой тастады. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу