Бейжің апталығы ашылды

Жаһандық жаңалыққа ынтыққан әлем турис­терінің ат басын тірейтін орталығына айналған ару Астананың ажары арайлана түсіпті. Әсем Астананың орта­сын­да­ғы болашақ қала­сы – ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дан­дырыл­ған көрмесінің қалашығы Арқа төсіне асыққан төрткүл дүние туристерін кідіріссіз қабылдап, қайталанбас қызықтарға кенелтуде. Маусымның 16 жұлдызындағы Астананың арайлы таңы дауылпаз үнін дүбірлеткен асқақ әуенмен үндесе атты. ЭКСПО қалашығындағы Қытай павильонының алдында шымқай қызыл ұлттық киімдерін киген қытайлық биші­лер мен барабаншылар келген қонақтарды риясыз көңілмен қарсы алып жатты.
Егемен Қазақстан
19.06.2017 865

Бүгін көрмедегі Қытай павильонында Бейжің қаласы­ның апталығы салтанатты түрде ашылды. Оған Бейжің қаласы үкіметінің өкілдері, арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысты. Астана ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Бейжің апталығы бұдан бұрынғы Бүкіләлемдік көрмелер, яғни Жапониядағы Айти-2005, Шанхай ЭКСПО-2010 және Милан ЭКСПО-2015 көрмелеріндегі өткізілген Бейжің апталығының дәстүрлі жалғасы іспеттес. Сөйтіп, Бейжің қаласы ЭКСПО көрмесінің алаңын өздерінің озық бастамаларын таныстыратын тиімді орталық ретінде пайдаланады. Бұл жолы қала апталығының тақырып арқауы «Бір белдеу – бір жол» ғасырлық жобасының ауқымында өткізілмек. 
ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Аспан асты елі астанасы­ның апталығы Бейжің қаласының өнер шеберлерінің айтулы концерттерімен өрнектеліп, көрмеге келуші көрер­­мен­дерді Қытай елінің бай мәдениетімен қауышты­рады. Қытай павильонындағы Бейжің апталығы кезінде бұл елдегі туризмнің даму деңгейін айқындайтын фото көрме, халық музыкасының байқауы, азық-түлік өнімдері мен Бей­жің асханасының тіл үйірер тамақтары көрсетілетін бола­ды. ЭКСПО көрмесі аясында Бейжің асханасының мәзірі­мен таныстыру әлемнің түкпір-түкпірінен осында келетін туристерге Қытай асханасын кеңінен насихаттау болып табылады. Үш күн бойы Қытай павильонында Бейжің қаласының тарихи және сәулет өнерімен таныстыратын фильм­дер көрсетілетін болады. Сонымен бірге, қала апта­лығы барысында 2019 жылы Бейжің қаласында өтетін Бағбандардың бүкіләлемдік жәрмеңкесінің бағдарламасы кеңінен таныстырылады. Бағбандардың бүкіләлемдік жәрмеңкесінің тақырыбын айшықтайтын фото суреттер Қытай павильонының екінші қабатының дәлізінде кеңінен көрініс тапқан. Аспан асты елі астанасының ЭКСПО-2017 көрмесіндегі апталығы кезінде Бейжің муниципалдық үкіметі Ресей, Италия және басқа елдердің павильондарымен бизнес өкілдері көптеп қатысатын кездесулер өткізбек.   

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.02.2018

Астана қаласы әкімінің халықпен дәстүрлі есептік кездесуі өтеді

19.02.2018

«Қазақконцерт» ұйымының жаңа басшысы тағайындалды

19.02.2018

Теңiз кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатысты заң жобасы қаралды

19.02.2018

Сенаттың баспасөз қызметінің жетекшісі ауысты

19.02.2018

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

19.02.2018

Алматы облысында «Әдебиет – руханияттың діңгегі» атты әдеби жобаның тұсаукесері өтті

19.02.2018

Айнұр Әбдірәсілқызы: Мемлекет үшін заңнама – қастерлінің қастерлісі

19.02.2018

Алмас Батанов ҚР ИДМ комитет төрағасы болып тағайындалды

19.02.2018

Түрік, Корей фирмалары Қазақстанда құны $470 миллион болатын айналма жол салады

19.02.2018

Алматыда БҰҰ-ның Қазақстандағы Кеңсесінің 25 жылдығы аталып өтті

19.02.2018

82 жастағы қарияның әңгімесі: Әдемі қартаюдың үш сыры

19.02.2018

Сыртқы істер министрі Алматыда БАҚ басшыларымен кездесті

19.02.2018

«Қаракемер» балалар театрында «Алдаркөсенің сиқырлы дүрбісі» миниспектаклі қойылды

19.02.2018

Ғасыр жасаған Еңбек Ері – Мәрзия Ибрагимова

19.02.2018

Қайран, Рахымжаным!

19.02.2018

Қысқы олимпиада: Үміт оты сөнер емес

19.02.2018

Жекешелендірудің түйткілді тұсы көп

19.02.2018

Цифрлық теңсіздікті жою – уақыт талабы

19.02.2018

Апатты үйлердің тұрғындары баспанасыз қалмауы тиіс

19.02.2018

Ауаның ластануы алаңдатып отыр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әлеуметтік әділеттілік жолы

Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баян­дамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толық­қанды дайындық жұмыстары қам­тамасыз етілетін болады» деп атап көр­сетті. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық қауіп арта бастады

Жақында АҚШ өзінің жаңа ядро­лық стратегиясын жариялады. Он­да қандай қауіп болған жағдайда Пента­гонның аждаһа қаруға жүгіне­тіні нақты айтылған. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Айтушың қандай, ағайын?

«Айтушы ақылды болса, тыңдау­шы дана болады» дейді халық ма­қа­лы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үл­кен ұлағат жатқанына шек кел­ті­ру­дің өзі күнә. 

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Блокчейн: сый мен сын

Таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қаржы министріне қарата айтқан сөзінде блокчейн технологиясын са­лық жинау жүйесінде қолдануды құп­таған болатын. Бұл – бүкіл әлем­ге сыйы мен сынын қоса әкеле жат­қан төртінші өнеркәсіптік рево­лю­цияның бір жаңалығы.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу