Бейжіңде «Белдеу және жол» форумы өтеді

Үстіміздегі жылдың 14-15 мамырында Қытай астанасы Бейжіңде биылғы жылдың ең маңызды, ауқымды шара­лары­ның бірі – «Белдеу және жол» деп аталатын форум өтеді. Форум­ға шақырылған құр­метті қонақ­тар қатарында Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бар. Бұ­л ауқымды халық­аралық шара­ға, сондай-ақ, 28 мем­лекет­тің пре­зи­денттері, министр дең­гейін­дегі 110-ға жуық лауазымды тұлға, көптеген елден 1200-ден астам өкіл қатысады деп күтілуде.
Егемен Қазақстан
12.05.2017 2989
2

Қытайлықтардың пайымдауынша, «Белдеу және жол» форумы был­тырғы жылы Ханчжоу қаласында ұйым­дас­тырылған «Үлкен жиырмалық» сам­ми­т­інен де маңызды. Бұл шараның қан­ша­лықты орны бөлек оқиға боларын осыдан-ақ аңғаруға болатындай. Оған қоса, форумға қатысушылар тізімінің өзі бұл басқосудың тек Қытай ғана емес, бүкіл Еуразия құрлығы үшін де салмақты шара болатынын байқатады. 
Жақында Қытайдың «Жэньминь жибао» партиялық газеті аталған форум туралы жариялаған мақаласында шара­ға 20-дан астам мемлекет басшылары қаты­сатынын, оның ішінде Қазақстан Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаев та бола­тынын айрықша атап өтті. Қытай тарапы Қазақстан Көшбасшысының салиқалы саясатын, зор беделін әрдайым жоғары бағалап, ерекше құрмет көрсетеді. Әрине, бұл форумда да Елбасының орны айрықша болары сөзсіз. 
Сонымен, бұл қандай форум, мақсаты не, Қытай мұндай үлкен шараны өткізуде нені көздеп отыр?
Біріншіден, форум Қытайдың сыртқы саясатта 3,5 жылдан бері жүргізген страте­гиялық тұжырымдамасының қисынды жалғасы екенін атап өтуіміз керек. Тура 3,5 жыл бұрын Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин Назарбаев Университетте сөйлеген сөзінде «Жібек жолының эконо­микалық белдеуі» бағдарламасын бір­лесіп жасауды ұсынған болатын. Содан бері Қытай бастамасы әлемнің түкпір-түкпі­рінде қызу талқыланып, терең пікір­талас алаңына айналды. Тіпті, бірнеше айдан кейін Си Цзиньпиннің «Жібек жолы­ның экономикалық бел­деуі» жобасы дайын­далып, өзінің бағ­дар­ламалық бағытын ауқымын қалып­тастырып үлгерді. 
Осы айтылғандарға сүйене отырып, аталған шара бірнеше мақсатты көздей­тінін айтуға болады. Біріншіден, Қытай­ға әлемдік ірі ойыншылар мен қаржы­лық институттарды қатыстыра отырып, «Жібек жолының экономикалық бел­деуін» жүзеге асырудағы бүгінге дейін­гі нәтижелерді айқындау маңызды. Екін­шіден, ҚХР-дың жаһандық жүйедегі рөлі артып келе жатқанына әлемдік қоғамдастықтың назарын аударту қажет. Әрине, бүгінде Қытайдың аймақтың негізгі экономикалық күшіне айналып отырғаны анық. Өзінің экономикалық іс-әрекетін Жібек жолының экономикалық белдеуі ретінде жүзеге асыруы да – осының бір дәлелі. 
Жалпы, Қытайдың «Жібек жолы­ның экономикалық белдеуі» бастамасы осы күнге дейін бірқатар эволюциялық кезең­нен өтті. Тіпті, бастаманың атауы да бірнеше рет өзгерді. Мәселен, 2013 жыл­дан бері Қытай тарапы «Жібек жолы­ның экономикалық белдеуі» бастамасын қалыптастыруда екі аспектіге басым­дық берді. Біріншіден, оның атауында «эконо­микалық» деген анықтама айрық­ша көр­сетілді. Екіншіден, қытайлық­тар бас­таманы ежелгі «Жібек жолы­мен» байланыстырды. Мұндағы мақсат, оған «Жібек жолы» бойындағы елдерді атсалыстыру болатын. Бәріміз білетіндей, байырғы «Жібек жолы» ғасырлар бойы бүкіл Еуразия елдерінің арасын жалғап, сауда-саттық жағынан ғана емес, бүкіл мәдени-рухани байланыстардың желісіне, өркениеттің өзегіне айналған еді. 
2014 жылдың аяғында Қытай билігі өз бастамаларының аясын кеңейте түсті. Дәл осы кезеңде ол «Жібек жолы­ның экономикалық белдеуі» мен «ХХІ ғасырдың теңіз жібек жолы» бастама­ларын біріктіретін «Бір белдеу – бір жол» атауына ие болды. Ал бүгінде, нақты­сында, биылғы форумға дайындық барысында Қытай тарабы бұл атауды одан сайын ықшамдап, ағылшын тілінде «Beld – Road», яғни «Белдеу және жол» деп қана қалдырды. 
Атауы ықшамдалғанымен, бұдан Қытай бастамасының ауқымы кеңейгенін түсінуге болады. Себебі, «Жібек жолы» деген сөзді алып тастау арқылы оның қамту кеңістігін кеңейткендей. Мәселен, енді Қытай жобасына бүкіл Еуразия елдері, тіпті одан да өзге мемлекеттер қатыса алады деген сөз. 
Айтқандай, форум туралы сөз еткенде, Қытай билігі Батыс әлеміне ешқандай қар­сы тұруды ойлап жатпағанын меңзей­ті­нін де атап өту керек. Қытайдың үкімет­тік га­зеттері жазғандай, бұл форум арқы­лы Қы­тай 2013 жылдан бері қолға алған өз бас­­та­малары туралы бағасын алғысы келеді. 
Бірақ форум Батысқа ешқандай да қарсы бағдар бола алмайды. Әрине, форумға қатысушылар арасында батыс­тық державалар аз. Мәселен, G7-ге енген ­елдер ішінен тек Италия премьер-ми­нистрі ғана қатыспақ. Мұны Франция, Гер­мания сияқты елдердегі сайлауға дайындыққа дөп келуімен де түсіндіруге болады. Алайда, форумға Халықаралық валюта қорының басқарушы-директоры, сондай-ақ, Дүниежүзілік банк президенті қатысатындарын растапты. Сонымен қатар, ҚХР Сыртқы істер министрі И.Ван мәлімдегендей, жалпы форумның негізгі мақсаты жаһандық, өңірлік, ұлтаралық даму жоспарларындағы ұштасқан бітімге қол жеткізу екен. 
Соңғы жылдары Қытайдың саяси бетке­ұстарлары әлемдік жағдайдың жауап­кершілігі туралы көп айта бастады. Оның ішінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасын ұсына отырып, Қытай билігі бүгінде оның ешқандай да «жеке-дара» жоба еместігін ашық айтады.
Қытайдың қаржы құрылымдары, оның ішінде Азияның инфрақұрылымдық инвестициялар банкі мен «Жібек жолы» қоры сияқты қаржы құрылымдары да бар, Дүниежүзілік банк, Халықаралық қар­жы орталығы, Азия Даму банкі сияқты Батыс институттарымен тығыз байланыста жұ­мыс істейді. Мұның өзі, жоғарыда ай­т­қан­­дарымыздай, Батыспен жақсы бай­ланыс­тардың бір дәлелі. Тіптен, Қытай форумы өзінің қаржы, экономика және геосаяси тетіктеріне Батыс елдерін барын­ша тарту саясатын ұстануда. 
Бастаманың қаншалықты атауы өзгерсе де, оның түпкі негізі, мақсат-міндеті бұрынғыша қала бермек. Яғни, Қытай бұл бағдарламамен Батысқа шығу­ды бағдарлайды. Қытай осылайша Орталық Азиямен ынтымақтастық ырға­ғын «Бір белдеу – бір жол» бастамаларына байланыстырады. «Бір белдеу – бір жол» жобасының негізгі мақсаттары мен міндеттері қазіргі таңда ҚХР-дың Орталық Азияға арналған стратегиясында жүзеге асып жатқаны белгілі. Ендеше, Қытай экспортына көптеген жолдар ашылып отырғанына қарамастан, Орталық Азия дәлізі жоспарлы дами береді. Бұл дегеніміз, Қазақстан және басқа да Орталық Азия елдері Қытай бастамасын жүзеге асырудың басым бағыты болып қала беретінін білдіреді. 
Осы орайда, Қазақстанның бұл шараға қатысумен ғана шектелмей, Қытай мен Еуропа арасындағы заманауи көлік дәлізін жаңғырту құрылымында басты тетікке айналып, негізгі белдеу болу ұстанымын жүзеге асыруға кірісуі маңызды. Мысалы, Қазақстанды Қытай тарабы қазірдің өзінде «Жібек жолы» бастамасын жүзеге асыру тұрғысында маңызды рөлге ие ел деп есептейді. Өйткені, инфрақұрылымдық бастаманы жүзеге асыру ісінде Қытай Қазақстанға иек артуға болатынын біледі. Яғни, Қазақ­стан, Түрікменстан, Әзербайжан, Түркия аумағы арқылы Еуропаға тиімді әрі қо­лайлы бағыт жасауға дәнекер бола алады деп есептейді. Себебі, аталған елдермен Қазақстан Түркі тілдес мемлекеттер ынты­мақтастығы кеңесінің аясында тығыз байланыс орнатқан.
 Бүкіл түркі әлеміндегі зор беделінің арқасында Астананың Анкарамен және басқа да елдермен көлік саласын­да­ғы жоба­­ларда көптеген келісімдер жа­сау­­ға мүм­кіндігі мол. Сонымен қатар, Қазақ­стан «Жібек жолының эконо­мик­а­лық белдеуін» Орталық Азия аума­ғын­да жүзеге асыру ісін Ресеймен де жақын­дастыра алады. Бұл тұрғыда еліміз екі көршінің алдындағы биік абы­­ройын алға тарта отырып, өзіміздің «Нұрлы жол» бағдарламасын да қатар жүзе­ге асыруға мүмкіндік алмақ. Бұдан шыға­тын қорытынды, «Жібек жолының эконо­микалық белдеуі» бастамасын жүзеге асыру барысында Қазақстан әр­дайым өзінің ұлттық мүддесін де еш­қашан естен шығармайды. 
Осылайша, аталған ауқымды форум G20 саммиті, Давос сынды, тағы басқа ірі басқосулардағыдай халықаралық маңызы зор, әлем үшін салмақты жаһандық мәсе­ле­лерді талқылайды.
 Бүгінде Қытай әлем экономика­сын­дағы ең ірі қозғаушы күштің біріне айналып отыр. Қытай экономика сала­сында жаһандық және өңірлік іс-қимыл­да бірнеше маңызды тетіктерге ие. Мәселен, Қытай бір жылдан бері Азияның инфра­құрылымдық инвестициялар банкі сияқ­ты ауқымды халықаралық қар­жы инс­титутын басқарады. Ал ол банк 2016 жылы 1,7 млрд доллар сомасын құрай­­тын жобаларды қаржыландырды (АИИБ-ның жалпы капиталы 100 млрд доллар). Сондай-ақ, Қытай билігі «Транс-Тынық мұхиты серіктестігіне» бәсе­келес ретінде Азия-Тынық мұхитты эконо­микалық ынтымақтастығы елдері аума­ғында еркін сауда кеңістігін құру идеясын ұсынды. Сонымен қатар, «Жібек жолының экономикалық белдеуін» жүзеге асыру үшін капиталы 40 млрд долларды құрайтын «Жібек жолы» қорын құрды. 
Осы форум арқылы Қытай өзінің сыртқы саясаттағы жаңа кезеңін бастамақ. Бейжің бүгінде әлемдік көшбасшылар қатарында болуға талпынатынын жасыр­майды. Осы шараға да Қытай әлем­нің түкпір-түкпірінен аумақтық алпауыт­тарды шақыра отырып, өзінің қазірдің өзінде Еуразияның «негізгі күшінің» тізгінін ұстағанын дәлелдемек. 
Қазақстан және басқа да Орталық Азия елдері үшін форум барысында «Жібек жолының экономикалық белдеуін» жүзеге асыру аясындағы жаңа келісімдерге қол қойылып, жақсы бастамалар боларына үміт зор. 
Қазақстан − Батыс пен Шығыс арасын­дағы өзара ықпалдастық байланыс­тарды біріктіретін маңызды көпір. Осы арқылы Қазақстан Еуразия кеңістігіне бағытталған түрлі тұжырымдамалар мен жобалардың іске асырылуындағы маңызды тетіктерді жүзеге асырады. Осы ретте, Қытайдың «Белдеу және жол» бастамасын талқылау мен жүзеге асыру Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасының дамуына да даңғыл ашып, елімізге елеулі ықпал етері анық. Сол үшін де Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Белдеу және жол» форумына қатысатынын алғашқылардың бірі болып мәлімдеді. Ал өз кезегінде Қытай билігі де Қазақстанның жаһандық үн­десуге елеулі үлес қосып келе жатқа­нын, өңірдің және бүкіл әлемнің эконо­микалық дамуында маңызды рөл атқаратынын, Орталық Азиядағы ең қолайлы және тұрақты саяси серіктесі екенін естен шығарған емес.

Руслан ІЗІМОВ,
саясаттанушы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.01.2019

Асықтан төсеніш пен ойыншықтар жасайды

17.01.2019

Оралда «Автобус» жедел шарасы өтуде

17.01.2019

27 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді

17.01.2019

Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері

17.01.2019

Тікұшақ апатынан қайтыс болған ұшқыштың кім екені анықталды

17.01.2019

СІМ мен Ауылшаруашылық министрлігі инвестициялар мен экспорт бағытындағы үйлестіру жұмыстарын нығайтуда

17.01.2019

Жүзге жуық оқушы Wiki Camp акциясына қатысты

17.01.2019

Қорықшыларға қастандық жасағандар анықталды (видео)

17.01.2019

Үшінші мегаполистің төрт ауданында әкімдер тұрғындар алдында есеп берді

17.01.2019

4 мешітті ҚМДБ меншігіне өткізуде кедергілер бар

17.01.2019

Ақтөбелік жастар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

17.01.2019

Нұрлан Сейтімов Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы болып тағайындалды

17.01.2019

Қостанайда тергеуші кісі тонаушыны қылмысы үстінде ұстады

17.01.2019

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты сот үкімі шықты

17.01.2019

Алматыда тікұшақ апатқа ұшырады

17.01.2019

Алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметіне қатысты мәселелер талқыланды

17.01.2019

Сенат бірқатар үкіметаралық келісімді ратификациялады

17.01.2019

Алматыда Жүрсін Ерманның бес томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді

17.01.2019

2250 әскери қызметші жеңілдікпен пәтер сатып алды

17.01.2019

Жамбылда экономиканың барлық саласында 4-5 пайыз өсім бар

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Oıynshyq týraly oı

«Bárimiz balalyqtyń aýylynan kelgen­biz», oıynshyqpen oınaıtyn jastan áldeqas­han asyp ketsek te, keı-keıde balalarymyzdyń qolyndaǵyǵa qyzyǵa qarap qoıamyz. Qyńqyldap qandaı oıyn­s­hyq suraǵanyn, dúken sórelerinen kóz ala almaı turatynyn baqylaı júrip, búgingi balalardyń talǵamyn da birshama túsinip qalǵan sıaqtymyz. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу