Биіктік баспалдағы

Егемен Қазақстан
01.12.2016 144
rashid-tusipbekovМаған қызмет бабымен кейде сапарлап тұруға тура келеді. Сонда бір кездері тек шетелдерден ғана көзімізге түсетін тақтайдай тегіс автобандарымызбен зырлап келе жатып, жолдың екі жағындағы жайқалған егінді, оны баптап, орып жүрген осы заманғы небір техника үлгілерін көріп сүйсінумен боламын. Ал сәулеті келісіп, дәулеті шалқыған шаруа қожалықтары қаншама! Қысқасы, қоғамымыздың қай саласын алсақ та алға басушылық анық байқалады. Ең бастысы, еліміз аман, жұртымыз тыныш. Бұл бағыттағы алғашқы қадамын Елба­сымыз тіпті тәуелсіздік таңы енді рауан­дап атып келе жатқанда-ақ жасап үлгерді. Ол жерімізді қақыратып, халқы­мызды қалтыратып заһар шашып тұрған Семей полигонын билік тізгіні Мәскеу қолын­да тұрғанда-ақ жауып, тарихи шешім шығарды. Оның бұл ісіне жер бетін­дегі бейбітшілікті жақтайтын бүкіл адам­зат баласы сүйсініп, қуана қол соқты. Ал енді тәуелсіздігімізді алғаннан кейін бү­кіл ядролық қару-жарақтан өз еркі­міз­ден бас тартуымыз тек өз елінің ғана емес, бүкіл Жер шарының амандығына жаны ауыра­тын пенделіктен ада, пайымы биік, парасаты айрықша биік сұңғыла саясаткердің ғана қолынан келетін бүкіл адамзат баласының қамы үшін жасалған игі қадам еді. Кейін Нұрсұлтан Әбішұлының өзі айтқандай, атом қаруынан бас тартуымыз елімізді ядролық оқтұмсық ұстап отырғанымыздан гөрі сенімді де тиімді қауіпсіздікпен қамтамасыз етті. Жойқын қарудан жырақтаумен бірге аузын айға білеген алпауыт елдердің қауіпсіздік кепілдемесі қоса алынды. Ал БҰҰ-ның арнайы шешімімен 2009 жылдан бері Елбасымыздың Семей полигонын жабуға қол қойған 29 тамыз – Ядролық сынаққа қарсы іс-қимылдың халықаралық күні ретінде мерекеленіп келеді. Бұл ядролық тажалға алғаш тоқтам салған Елбасымыздың ерен еңбегінің дүниежүзілік дәрежеде бағалануы әрі мойындалуы еді. Бүгінде Қазақстан ядролық қаруды таратпау және одан құтылу жөніндегі қозғалыстың көшбасшысы ретінде танылып отыр. Президентіміз ұсынған Ядролық қару-жарағы жоқ әлем құру туралы жалпыға бірдей декларацияның БҰҰ тарапынан қолдау табуы, одан кейін Елбасымыз ұсынған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің ресми құжаты мәртебесіне ие болуы осы пікіріміздің айқын айғағы. Еліміздің 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы Президентіміздің осы бағыттағы ерен еңбегі мен сара сая­сатының игі жемісі болса керек. Осылай­ша жас мемлекетіміз аз уақыттың ішінде әлем­дік геосаясатта өзіндік орны бар, тіпті оған айтарлықтай ықпал ете алатын ел ретінде қалыптасып үлгерді. Ал әр елдің сыртқы саясатының сол елдің бас­шысы­ның парасат-пайымы мен беделіне тікелей байланысты екені даусыз. Нұрсұлтан Әбішұлының биік беделі туралы айтқанда мықтап бекемделіп, шымыр шегенделген шекарамыз туралы ауызға алмай кетуіміз тіпті мүмкін емес. Біз – жер көлемі жөнінен әлемдегі 9-шы елміз. Соған орай 14 мың шақырымнан астамға созылған шекарамыз бар. Ал Ресей мен екі арадағы шекарамыз құрлықтағы ең ұзын шекара ретінде тіпті Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Кезінде хандық мемлекеттің шекарасы өзен-көлдер сияқты табиғи рельефтер арқылы белгіленетін. Әрине, оларға қазіргідей делимитация, демаркация жүргізілмеген. Бұларсыз қазіргі халықаралық стандарт бойынша сіздің межеңіз шекара болып танылмайды. Онымен қоса, шекара туралы келісім сол екі елдің және ағылшынша үш тілде жазылып, бір данасы БҰҰ кеңсесінде сақталады. Бұл енді ол келісімнің орындалуына БҰҰ-ның өзі бақылау жүргізіп отырады деген сөз. Бұларсыз бүгінгі күні ешбір шекара мойындалмайды. Осыны жете түсінбеген кейбіреулердің «Бұрын шекарамыз болған жоқ» деп күңкіл шығарғаны жасырын емес. Қазір Қазақстан – бұрынғы ТМД елдері ішіндегі шекарасы қазіргі стандарттарға сай толық шегенделген бірден-бір ел. Тіпті, кезінде бүкіл әлемді тітіркендірген қарулы да қаһарлы КСРО-ның өзі діттей алмаған Қытай мен екі арамыздағы жер дауын оңынан шешіп алғанымыздың өзі неге тұрады. Қазіргі ұлттық ұстанымымызға айналып отырған «Мәңгілік Ел» идеясының түпқазығының бірі осы шекара мәселесі десек, тәуелсіздік жылдары тарқатып алған осы түйініміз оңай олжа емес. Менің екі мерзім еліміздің прокуратурасы саласын басқарғаным көпшілікке белгілі. Әлемге танылған айрықша тұлғаның тікелей басшылығымен қызмет атқару екінің бірінің басына бұйыра бермейтін мәртебе екені рас. Алайда, ол кезде мен үшін Президентіміздің маған артқан сенім үдесінен шығу бірінші орында тұрды. Бұл бір азат елдің соған лайық прокуратурасын қалыптастыру мәселесі күн тәртібінде тұрған қиындығы мол қысталаң шақ еді. Осы тұста біз Нұрсұлтан Әбішұлының зор қолдауын қапысыз сезінумен болдық. Соның арқасында бір кездегі қаралау органын шын мәніндегі адам құқығының сақталуын қадағалау органына айналдыру жолында небір батыл да игілікті қадамдарға бардық. Рашид ТҮСІПБЕКОВ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу