Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселесі қаралды

Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Егемен Қазақстан
25.01.2017 1401

Баршаға белгілі, Қазақстан Рес­публикасының Президенті үсті­міздегі жылдың 11 қаңтарында Мем­лекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойған болатын. Содан, іле Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков жетекшілік ететін, құрамында Парламент, Үкімет, Жоғарғы сот, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ, заң­герлер мен ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың өкілдері енгізілген жұмыс тобы құрылып, олар өздеріне тапсырылған тиісті міндетті жүйелі түрде атқаруға кірісіп кеткен-ді. Міне, кеше Ақордада Елбасының басқаруымен ұйымдастырылған отырыста аталған жұмыс тобының іс-қимылы кеңінен талқыланып, бірқатар мәселелер сөз болды.

Басқосуда Мемлекет басшысы бірінші кезекте уақыт талабынан туындап отырған бірқатар мәселелерді шешу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылғанын айта келіп, Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Конституциядағы барлық қағидалардың орындалуы нәтижесінде Қазақстанда көптеген табыстарға қол жеткізілгеніне тоқ­талды. Одан әрі Елбасы еліміз аман, жұртымыз тыныш екенін, тұрақ­ты­лықтың арқасында орнықты дамуға жол ашылғанын атап өтті. Сонымен қатар, Президент елімізді осы ба­ғытынан ажыратпай, ілгері бастыра беру үшін бес институттық реформа арқылы елді демократияландырудың өзектілігін жеткізді. Елбасының сөзіне қарағанда, қазіргі жағдайға қарап, Пре­зиденттің бірнеше өкілеттігін Үкі­метке қарай жылжыту мәселесін қа­растыру уақыт талабы болып табылады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оты­рыс барысында мемлекеттік би­лік­тің тармақтары арасында өкілет­тік­тер­ді қайта бөлу мәселесі респуб­лика да­муының жүйелі және заңды ке­зеңі болып табылатынына екпін берді.

– Мен ұсынған бес институттық реформаның бірін іске асыру Үкі­метке экономика саласында қо­сымша атқарушылық өкілеттіктер беруді көз­дейді. Бұл орайда, қор­ғаныс қа­бі­ле­тінің, сыртқы саясаттың, мем­ле­кеттік басқарудың, Консти­ту­цияны қорғаудың және мемлекеттік билік тармақтары арасында тиімді жұмысты қамтамасыз етудің негізгі мәселелері Президенттің құзырында қала береді, – деді Елбасы.

Одан әрі Нұрсұлтан Назарбаев бұ­­рыннан Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің ерекше құзырына жат­қызылған өкілеттіктер санының азаятынына назар аударды.

– Бағдарламаларды бекіту, Үкі­мет­тегі кадрлық өзгерістер мәселе­лері, жаңа басқару органдарын құру Үкі­мет пен Парламенттің құзырына бері­луі мүмкін, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы мемле­кеттік басқару жүйесінде Парла­мент­тің рөлін пәрменді түрде күшейту қажеттігінің маңыздылығын атады.

– Біздің жағдайда Үкімет жеңіске жеткен партиядан немесе фракциядан жасақталады. Осылайша, көптеген мәселелер бойынша Парламенттің Үкіметке қатысты рөлі қайта қаралуға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіліп отырған реформалар мен олардың сәтті іске асырылуы­на мемлекеттік органдардың жауап­кер­шілігі мәселесіне арнайы тоқталды.

Өз кезегінде аталған жұмыс тобы­ның жетекшісі Әділбек Жақсы­беков Пре­зи­дентке мемлекеттік билік тармақ­­тары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөнінде әзірленген ұсыныс­тар туралы баяндап берді.

– Сіздің тапсырмаңызбен құрылған жұмыс тобы алға қойылған міндетке сәйкес үш бағыт бойынша ұсыныстар әзірледі.

Бірінші. Конституцияға өзгерістер енгізуді қажет етпейтін, Мемлекет бас­­шысының заңмен белгіленген өкі­лет­­тіктерін қайта бөлу жөніндегі ұсы­ныстар.

Бұған қатысты мемлекеттік орган­дардың ұсыныстары жүйеленді. Жалпы, ұсыныстар әлеуметтік-экономикалық сала мәселелері реттелетін өкілеттіктерге қатысты. Олар –  экономиканы, қаржыны, мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері, әкімшілік-аумақтық құрылымның жекелеген мәселелерін шешуге байланысты өкілеттіктер.

Екінші. Жоғарғы сот пен Бас прокуратура сот және құқық қорғау жүйесінің қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар берді. Олар да Конституцияға өзгерістер енгізуді қажет етпейді. Бұл сот бақылауын күшейтуге, прокурорлардың азаматтық және әкімшілік процеске қатысуын одан әрі шектеуге қатысты ұсыныстар. Барлығы сот-құқықтық сала бойынша конституциялық өзгерістерді қажет етпейтін 13 ұсыныс жасалды.

Үшінші. Жұмыс тобы Конституция нормаларын түзетуді көздейтін 40-қа жуық ұсынысты жеке қарады. Бұл мәселеде депутаттық корпус, ғылыми-сарапшылық қауым белсенділік танытты. Енгізілген ұсыныстар Парламент пен оның палаталарының өкілеттіктерін кеңейтуді көздейді, соның ішінде олар Үкімет құрамын жасақтауға да қатысты. Сонымен қатар, Үкіметтің Парламент пен оның палаталары алдындағы есептілігін күшейту ұсынылды, – деді Ә.Жақсыбеков.

Сондай-ақ, ол  Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігін күшейту жөнінде ұсыныстар келіп түскенін айта келіп, сот-құқық саласын жаңғыртуға бағыт­талған ұсыныстардың да бір бөлігі Конс­ти­туцияны өзгерту мәселесімен байланысты екенін мәлім етті.

– Атап айтқанда, ол Жоғарғы соттың мәртебесі мен функцияларын нақтылау мүмкіндігіне және судьяларға қойылатын талаптарды анықтауға қатысты. Про­ку­ратура органдарының мәртебесі мен өкі­лет­тігін анықтайтын нормаларға түзету енгізу ұсынылды. Конституциялық бақы­лау тетігін жетілдіру туралы ұсыныстар енгізілді.

Осылайша, Сіздің қарауыңызға Конституцияны өзгертпей, заңнамамен  белгіленген өкілеттіктерді қайта бөлуді көздейтін базалық ұстанымдар енгізіліп отыр. Сондай-ақ, Конституция нормаларына бірінші кезекте Парламенттің өкілеттігін кеңейтуге, сонымен бірге, Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған өзгерістер енгізу мүмкіндігі жөнінде ұстанымдар әзірленіп, Сіздің қарауыңызға ұсынылып отыр, – деді Ә.Жақсыбеков.

Жұмыс тобының мүшесі, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару ака­демиясының профессоры Зинаида Федо­това ұсынылған түзетулердің сындарлы сипатына тоқталды.

– Біз негізінен Үкімет иеленуге тиіс­ті ұйымдастыру-атқару функцияларын беріп жатырмыз. Бұл – Үкіметтің де жауап­кершілігі. Парламенттің жұмы­сына қатысты алсақ, біз Мәжілістің көп жағдайда келісім беру жөніндегі өкілет­тікке ие екенін көріп отырмыз. Бүгінгі таңда аталған мәселенің қолға алынуы көңілімізден шығады. Өйткені, мем­лекеттік басқару ісіндегі Президент пен Үкіметтің, Парламенттің және өзге де органдар арасындағы өзара қа­рым-қатынас уақыт талабына сай болғаны жөн. Сондықтан да біз бүгінгі жиыны­мызда Президенттің бірқатар өкілет­тігін Үкімет пен Парламентке беру жөнін­дегі ұсынысты талқылауымыз ол өте орынды деп санаймын. Шын мәнін­де ұйымдастыру-атқарушылық істер не­гізінен Үкіметтің құзыретінде болғаны жөн. Солай еткенде Үкіметтің ел ал­дындағы жауапкершілігі де жоғары­лай­тын болады. Сонда Үкімет өзінің жауап­кершілігі туралы көбірек алаңдайды, – деді Мемлекеттік басқару академиясының профессоры.

Сонымен қатар, жұмыс тобының мүшесі, Әділет министрі Марат Бекетаев Пре­зиденттің өкілеттігі бекітілген нор­малар­ды анықтау жөніндегі Үкімет жүр­гізген талдауды жариялады.

– 11 конституциялық заңға, 20 кодекс пен 298 заңға талдау жасалды. 11 кодекс пен 80 заңда Президенттің өкілеттігін бел­гілейтін нормалар қарастырылған. Үкі­мет жұмыс тобымен бірлесіп, Мем­лекет басшысының өкілеттігін қайта бөлу жөнінде 32 ұсыныс әзірледі. Бұл ұсы­ныстар Конституцияға өзгерістер енгіз­бей-ақ, басқа заңдарға өзгерістер енгізуді көздейді, – деді министр.

Сондай-ақ, жиын барысында «Қа­зақстанның заңгерлер одағы» респуб­ликалық қоғамдық бірлестігінің төр­ағасы Рахмет Мұқашев жүргізілген талдаудың негізінде барлық филиалдарда талқылаулар өтіп жатқанын сөз етті. Оның айтуынша, заңгерлер қауымы жүргізіліп жатқан реформаның өзектілігіне мән беріп, оның дер кезінде қолға алынғанына қолдау білдіруде.

Ал Қазақ гуманитарлық заң уни­вер­ситеті Азаматтық-құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры Төлеш Қаудыров өз сөзінде билік тар­мақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу ісінде барлық шаралар нақты, әділ, сауатты жүзеге асырылуы тиіс екеніне тоқталды.

Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Жа­лаири өз кезегінде алға қойылып отырған міндеттердің өте орынды екенін атап өтті.

– Өтпелі кезеңде мемлекеттік басқа­рудың бір қолда болғанының дұрыстығын уақыттың өзі көрсетіп берді. Бұл 25 жыл ішінде еліміздің аяқтан тұрып, алға жылжуымызға мүмкіндік берді деп айта аламын. Ал қазіргі кезде президенттік бірқатар өкілеттікті Парламент пен Үкіметке берудің кезегі келді деп санаймын. Өйткені, қазіргі жағдайда барлық міндет Президентке жүктеліп, соның салдарынан Үкіметтің жауапкершілігі төмендеп кетті, – деді ол.

Жиын барысында жұмыс тобының өзге де мүшелері сөз сөйлеп, мем­лекет­тік билік тармақтары арасында өкілет­тіктерді қайта бөлу ісінің дер кезінде қолға алынғанын, бұл мәселені уақыттың өзі туындатып отырғанын жеткізді.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.07.2018

Денистің дара жолы

21.07.2018

ЖСҚ-ны әзірлеу ісі сылбыр

21.07.2018

Атыраулықтар Денис Тенмен қоштасты

21.07.2018

Тараз қаласына Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды

21.07.2018

Денис Тенді еске алу шаралары Өскемен мен Семейде өтті

21.07.2018

АҚШ-тың атақты хореографтары Астанада шеберлік сыныптарын өткізеді

21.07.2018

Қостанай облысында жыл басынан бері қылмыс азайған

21.07.2018

Астанада Денис Тенмен қоштасу рәсімі өтті

21.07.2018

Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

21.07.2018

Қостанай облысында жаз басталғалы 12 адам суға кетті

21.07.2018

Астаналықтар Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы жұмыс таба алады

21.07.2018

Қызылордада «Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету» атты республикалық семинар өтті

21.07.2018

Қостанайда Дениспен қоштасу рәсімі өтті

21.07.2018

Қостанайда Ұлы Отан соғысының ғасыр жасаған ардагері ұлықталды

21.07.2018

Денсаулық сақтау министрлігі алты айдың жұмысын қорытындылады

21.07.2018

Денис Теннің өліміне қатысты екінші күдікті ұсталды

20.07.2018

МҰЗ ҮСТІНДЕГІ ШОҚ ЖҰЛДЫЗ...(ДЕНИС ТЕНГЕ АРНАЛАДЫ)

20.07.2018

Қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

20.07.2018

Үкімет басшысы Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

20.07.2018

Шымбұлақта ІІІ Халықаралық тау және спорт фестивалі басталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы

Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске ен­гізілуде. Мәселен, Еуропадағы компания­лар енді егістік жағдайын зерттеумен ай­на­лысатын дрондарды да шығара бас­тады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шы­ғымдылығын алдын ала болжап бі­лу­леріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс ке­ңі­нен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Аяқдоп аламаны аяқталды

Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Халық әнінің тоналу тарихы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласында, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды», деді. Елдің ұлттық-рухани тамыры дегеніміз не? Ол ха­лықты сан ғасырдан бері адастырмай, алып келе жатқан салт-дәстүрі, фольклоры, әні мен жыры. Осылардың ішінде әннің ұлт руханияты үшін орны айрықша. Дана Абай атамыз, «Ұйықтап жатқан жүрек­ті ән оятар, Үннің тәтті оралған мәні оятар» дегенді бекер айтқан жоқ.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу