Бірегей бренд

Қызылордадан ерлердің көйлегі шығып жатыр. Иә, қағыс оқыған жоқсыз. Ақмешітте көйлек тігіледі. «Dalatex» деген маркамен нарыққа енген жейделер бүгінде берісі Қазақстанның, әрісі Ресейдің сауда орындарында сатылуда.
Егемен Қазақстан
10.04.2017 1472

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «қазақ сауда жасай алмайды» деген пікір болған. Сөйтсек, біздің жұрт сауданың алдына шығып кетті. Енді ес жиып, етек жапқанымызда «біз тек алып-сатарлыққа ғана малданып алдық» дедік. Мұндай қасаң пікірді біздің кәсіпкерлер быт-шытын шығарып бұзуды бастағанын осы мысалдан білуге болатындай. Алдағы уақытта өндіріс пен өнеркәсіптің көрігі қызатын күнге де жетеміз. Сондай жұмыстың басы-қасында жүрген Ділмұхамед Абызовпен біз  аз-кем әңгімелескен едік.

– Біз сізді шағын және орта бизнестің өкілі деп біле­міз. Жол салып, құрылыс­пен айналысып, мұнай өндір­мейсіз. Дей тұрғанмен, отан­дық өнім шығарып, оны нарық­қа ұсынып отырсыз. Бұл іс­тің мехнатты жұмыс еке­нін сеземіз. Мұндай қадамға баруға не итермеледі?

– Менің негізгі жұмысым шет елдермен тікелей байланысты. Өзге мемлекеттерде көп жүре­міз. Еуропа елдерімен қарым-қаты­нас жасаймыз. Оның ішін­­­де Түркияда жиі боламыз. Осын­дай сәттерде өзге елдердің ар­­­­тық­­шылығын байқайсың. Олар­­­­дағы патриотизмді көзбен көріп, куә боласың. Мысалы, бауырлас түрік халқы өздерінен шығатын өнімді әлемнің бар­лық тауарынан артық санайды. Нарықта Италияның өндірген өнімі ешкімге дес бермей тұрса да, олар өздерінің тауарын жо­ға­ры бағалайды. Мұның сыр­тында тағы бір фактор маған қатты әсер етті. Соңғы жылдары көр­ші Өзбекстан мен Қырғыз­стан же­ңіл өнеркәсіп саласында едәуір дамыды. Мысалы, бү­гін­де базарға барсаңыз, он­да­ғы киім-кешектің басым бөлі­­гі Өзбекстаннан келіп жат­қа­нын байқауға болады. Осын­дай жағдайлармен бетпе-бет келгенде «осыны неге өзі­міз шығармаймыз?» деген ой келе­ді екен. Содан көйлек шығару­ды қолға алдық. Біздің де қолы­мыздан іс келетінін, өзге жұрт­пен иық тіресіп бәсекелесе алатынымызды көрсетейік деген ниетпен осы іске кірістік. Қазір жұмысымыз қарқынды дамып кетпесе де, толықтай жүйеге түс­ті. Өз арнасын тапты.

Осы арада мына нәрсені де айта кету керек шығар. «Шикі­заттың бәрі сырттан келіп жат­қаннан кейін оның несі отан­дық өнім?» дейтіндер де табы­лады. Десек те, мұндағы ең басты мә­селе – біз осы арқылы өз ақша­мызды өзімізде алып қалып отыр­мыз. Одан кейін қазіргі қо­­ғам­­да үйінде отырып алып би­­­лік­ті, не болмаса басқаны сы­­­нау белең алды. Адамдар өз­­­дері еш­теңе істемесе де, әй­теуір сөз­­бен су сапыруды дағ­дыға ай­нал­дырып алып жатыр. Менің­ше, біз құр сөзбен емес, нақ­ты іспен айналысатын кезеңде тұр­мыз. Сынау оңай. Мықты бол­са­ңыз, сынамаңыз. Қайта өзі­міз­дің өнімді шығарып, бәсе­ке­ге қабі­летті екеніңізді дә­лел­деңіз. Өз­ге­лермен тең дәре­же­де, иық тіре­сіп жұмыс істей ала­ты­ны­ңызды көрсетіңіз. Қазақтың қабілет-қа­ры­мын танытыңыз. Өйт­кені, бізге мұны ешкім істеп бер­мейді. Барлық жұмысты өзі­міз істеуге дағдылануымыз керек.

– Ал өнімнің шикізатын қайдан аласыздар?

– Шикізатты негізінен Түр­кия­дан алдыртамыз. Түймесі мен жібін де сол жақтан аламыз. Сонымен қатар, таза 100 па­йыз­дық мақтадан жасалған ма­та­лар Қытайдан келеді. Осы мә­с­е­ле­­ден біршама қиындық кө­ріп отырмыз. Егер шикізат өзі­мізде өндірілсе, онда жұмыс көп жеңілдер еді. Барлық шикі­зат­ты шет­тен сатып алып отыр­ғасын, өн­д­ірісте де өзіндік қиын­дықтар туын­дайды. Ал оны «Dalatex» ком­­паниясының шең­берін­де өзіміз қолға алайық десек, оған шамамыз келетіндей емес. Сон­дық­тан бүгінде Өзбек­стан­ның нарығын зерттеп жатырмыз.

– Өнеркәсіптің өнімділігі қандай?

– Біздің цехта қазір 38 адам тұ­рақ­ты жұмыс істейді. Олар күніне 350-ге дейін көйлек тіге­ді. Жаз мезгілінде бұл 450-ге же­те­­ді. Айына 8 мың көйлекке де­­йін шы­ғарамыз. Барлық мә­се­ле сұ­ра­нысқа байланысты ғой. Кеңес өкіметі ыдырап, тәуел­сіздік ал­ған тұста біраз ме­кеме жабылып қалды. Өн­діріс орындары тоқтады. Жұрт жаппай алып-сатарлықпен айна­лы­сып кетті. Өзіміз өнім өн­діру­ді қолға алғанымыз соңғы жылдарда ғана. Сондықтан бү­гін­де сатушылардың «Қазақ­стан­да жасалған» деген брендке күмәнмен қарайтынын жасыра алмаймыз. Оларды да түсінуге болады. Өйткені, талай жылдан бері өндіріс дамымады, өнім шық­па­ды. Осы себепті күмәннің болуы заң­ды. Сондай-ақ, ол өзі сата­­т­ын тауар сапасының жақ­сы бол­ға­нын қалайды ғой. Деген­мен, уақыт өте келе бұл қа­саң қағида­ның бұзылатынына сенемін. Егер біз сапалы өнім шығарып, оны нарықтағы бә­се­ке­ге қабілетті екенін дәлел­десек, онда оның сұранысы да артады. Осы­ның өзінде де өнімділік ақы­рын болса да алға жылжып кел­е­ді. Мұның өзі жақсылықтың нышаны.

– Сіздер шығарған көй­лек­тер қай жақтарға тарап жатыр?

– Көйлегімізді көтеріп Қазақ­станның түкпір-түкпірін ара­ла­дық қой. Әркім әрқалай қа­был­дады. Жаңағы айтқанымда, күмән­мен қарағандар да көп болды. Дегенмен, біз шыға­рып жатқан өнімнің сапасы нашар емес. Жақсы. Сол арқы­лы кәсіп­керлердің де қызы­ғушы­лы­ғын оята алдық. Астана мен Алматыда «Dalatex» ұсынған көйлектер сатылып жатыр. Со­ны­­мен қатар, Шымкент, Аты­рау, Ақтау қалаларының сау­да орын­­дарында бар. Бұған қоса Ресей­­дің Екатеринбург қала­сы­на да жібердік. Жақында Астра­хань­ның нарығына да шығу жоспар­да бар.

– Жоба өз-өзін ақтап отыр ма?

– Жоба өзін өзі ақтады деп ай­та алмаймын. Тіпті, жұмыс­шы­лар­­дың айлығын басқа кәсіптен түскен қаражатымыздың есебі­нен төлеп отырмыз. Біз бұған да­йын едік. Өйткені, жеңіл өнер­кәсіп саласының бірден қар­қын алып кетуі қиын. Кәсіп­кер­лердің де бұл салаға аяқ сал­май­тыны сондықтан. Оның үс­тіне жаһандық экономикалық дағ­дарысты бастан өткеріп жатыр­мыз. Осы себепті барлық салада да күреп қаржы табу қиындап кетті. Дегенмен, алдағы уақытта жобаның өзін өзі ақтайтынына сенімдімін.

– Тек көйлек шығарумен ғана айналыспай, оған қоса костюм-шалбар немесе басқа да киім түрлерін өндіру ойда жоқ па?

– Еуропада болсын, Азия ел­дерінде болсын, фабрикалар тек бір ғана кәсіппен айналысады. Көйлек шығаратыны, тек көйлек тігеді. Костюм-шалбар өндіретін фаб­рикалар, сонымен ғана ай­на­лысады. Неге? Өйткені, өнер­кәсіпті жан-жақты өнім шы­ға­ру­ға қарай бұрсаңыз, онда сапа нашарлай бастайды. Сапа бұ­зыл­ғаннан соң нарықтағы сұ­ра­нысың да азаяды. Сол себепті бір бағытта жұмыс істеп, сапаның артуына басымдық берген дұ­рыс қой деп есептеймін. Осы мақ­сатта жақында жаңа құрал-жабдықтар алдыртып жатырмыз.

– Құрал-жабдықтарды қайдан алып жатсыздар?

– Негізінен Жапония мен Гер­ма­нияның машина­лары. Бірақ бізге ол Түркия арқылы жетеді.

– Ұстаңыз да Түркиядан келген ғой...

– Оныңыз рас. Бұл мәселеде де қиындық бар. Шет елден жұ­мысшы шақыруға байланыс­ты белгілі бір квота берілген. Со­ған сәйкес, елімізде жеңіл өнер­кәсіп саласының мамандары жеткілікті. Қолында дипломы бар, арнайы білім алған адамдар. Бірақ олар бұл салада бір күнде жұмыс істемеген. Тәжірибесі жоқ. Ательеде жұмыс істеу бөлек те, фабрикада өндіріспен тікелей айналысу мүлде басқа. Арнайы кәсіби киім тігуді де мұнымен салыстыруға келмейді. Осындай мәселеден соң, Қазақстанда же­ңіл өнеркәсіп саласының мық­ты мамандары жоқ деуге де болады. Егер бізде маман болса, онда біз сырттан ұста шақырмас едік.

– Ал тігіншілер ше? Олар­ды да сырттан алдыртып отыр­сыздар ма?

– Тігіншілердің барлығын дер­лік өзіміз қайта даярлап шық­тық. Жоғарыда айтқаным­дай, жеңіл өнеркәсіп саласының маман­дары бөлек болады. Қанша жыл тігіншілікпен айналысқан адам болса да, таза өндіріске келген­де олардың тәжірибесінде кемшін түсетін тұстар кездесіп қалады. Мұн­дағы ең бірінші талап – жыл­дамдық. Сондықтан тігін­шілерді қайта оқытып, даяр­лап шықтық. Бүгінде олардың барлығы өз ісінің шеберіне айналды.

Әңгімелескен

Ержан Байтілес,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы


СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2017

ОҚО-да биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн. теңгені құрады

18.11.2017

Үкімет басшысы Жамбыл өңірінің жай-күйімен танысты

18.11.2017

Атырауда ақын Өтеген Оралбаевтың шығармашылық кеші өтті

18.11.2017

Өзге ұлт өкілдері де латын қаріпті көне кітаптарды ұстап көрді

18.11.2017

Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684 млн теңгеге жуық өнім өндірілді

18.11.2017

ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан

18.11.2017

Төрт дүркін чемпион дүркіретіп той берді

17.11.2017

Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

17.11.2017

Сағынтаев оңтүстік өңірлердің аграршыларымен кездесті

17.11.2017

ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

17.11.2017

Үкімет басшысы Жамбылдағы минералды тыңайтқыштар зауытына барды

17.11.2017

«Нұр Отан» партиясында «Көш көлікті болсын» акциясы өтті

17.11.2017

Қыздар университетінің студенті гран-при иегері атанды

17.11.2017

Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

17.11.2017

Назарбаев «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесті

17.11.2017

ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті

17.11.2017

Динара Сәдуақасова БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы елшісі болып жарияланады

17.11.2017

Лос-Анжелесте Қазақстан мәдениеті мен киносының күндері өтеді

17.11.2017

ОҚО бала туу мен табиғи өсім бойынша республикада көш бастап келеді

17.11.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі

Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тек­тес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық ки­но мен  көпшілік, яғни көрермен пси­хологиясының арасында қандай байланыс бар?   

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Зардабын қателіктің тартқан білер

Кез келген адам шешімі күрде­леніп, бірнеше сот процестеріне ұласатын дауға басын сұға қой­май­ды. Одан өзіне пайда жоқ екенін де біледі. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Күйгелектік қадірді кетіреді

«Қоғамда болып жатқан терең өзгерістерге байланысты біздің тарихқа қайтадан үңіліп, сол кездерден бүгінгі күннің проблемаларынан шығудың жолын іздеп, болашаққа сабақ алуымыз керек», деген еді Президент Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабында. Тарихтан сабақ алу – қай заманда болса да күшін жоймайтын, ескірмейтін маңызды мәселе.        G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                   Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Тілде буын жоқ...

Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгі­ме­­ні көп айтамыз. Тіл безеп. Ше­шенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұра­мыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз ба­тырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Түрлі өмірді бастан кешу мүмкіндігі

Оны адамға кітап қана бере алады

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу