Бірлесе дамудың бірегей жолы

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай астанасы Бейжіңде «Белдеу және жол» халықаралық ынтымақтастық форумы аясында ұйымдастырылған көшбасшылар дөңгелек үстеліне қатысып, сөз сөйледі.
Егемен Қазақстан
16.05.2017 1849

Бейжіңдегі «Белдеу және жол» халықаралық ын­ты­мақ­тастығы форумының бұл екінші күні. Ал көшбасшылардың дөң­гелек үстелі форумның екінші кү­нін­де өткенімен, шара­ның ең маңыз­ды бөлігі саналады. Онда 24 мемлекеттің басшыла­ры сөз сөйлеген екен, Қазақстан Пре­зи­дентінің кезегі соның алғашқы бестігінің тізімінде болды. Әрине, алқа­лы басқосудың алғашқы сө­зін жиын «тізгінін ұстаған» Қытай Халық Республикасының Төр­­ағасы Си Цзиньпин бастады. Одан соң сөз кезегін Түр­кия Президенті Реджеп Тайип Эр­доған, Индонезия Пре­зи­денті Джо­ко Видодо, Ита­лия Премьер-министрі Паоло Джентилони, Қазақстан Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев жал­ғады. Жалпы, форум жұмы­сына 29 мемлекеттің бас­шы­лығы қатысқан бола­тын. Оның ішінде Ресей Прези­денті Владимир Путин, Бела­русь Пре­зиденті Александр Лука­шен­ко, Қырғызстан Президенті Ал­­мазбек Атамбаев, Өзбекстан Пре­зиденті Шавкат Мирзиёев, сондай-ақ, Аргентина, Чи­ли, Вьетнам, Филиппин, Ла­ос, Чехия, тағы басқа мем­ле­кеттердің басшылары бар. 

Көшбасшылар дөңгелек үстелі шеңберінде екі пленар­лық отырыс өтті. Оның бірі «Се­рік­тестікті одан әрі бекіте түсуге арналған бірлескен сая­си іс-қи­мылдар», ал екін­шісі, «Өзара бай­ланысты ынты­мақ­тастыққа арналған ұйымдасқан өзара іс-қимылдар» деп аталды. 
Бірінші пленарлық оты­рыста әлем экономикасы мен халықаралық ынтымақтас­тықтар ұшырасып отырған сын-қатерлер жайы, сон­дай-ақ, түрлі ұлттық, өңір­лік, ха­лық­аралық даму страте­гия­лар­ын­дағы мүдделер қақты­ғысы сияқты мәселелер талқы­лан­ды. Сондай-ақ, елдер арасын­дағы өзара түсіністік пен ымы­раластықты жетілдіру, серік­тестікке серпін беру сын­ды әрекеттерді күшейту төңірегінде әңгіме өрбіді.

Қытай көшбасшысы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында тұңғыш рет ұйымдастырылған халықаралық шараның маңыз­дылығы мен деңгей-дәрежесі туралы кешегі мақаламызда да жазған болатынбыз. Қытай Халық Республикасының Төр­аға­сы пленарлық отырыста сөй­леген сөзінде де алдымен, фо­румның мән-мазмұнына тоқ­талып өтті. 

Ал Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дөңгелек үстел жиынына қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қы­тай Халық Республикасының Төр­ағасы Си Цзиньпиннің Еура­зияда ежелгі Жібек жолын жаңа, заманауи форматта қай­та жандандыру идеясы әлемде бе­лең алып келе жатқан саяси, эко­номикалық және гуманитарлық дағдарыстарға берілген уақтылы жауап екенін атап өтті. 

«Патернализм мен саяси астары бар санкцияларды қол­дану шаралары миллиондаған адамдардың экономикалық белсенділігін төмендетіп, өмір сүру деңгейіне әсер етті. Соның нәтижесінде, соңғы жылдары әлемдік экономика мен саудада босаңдық пен құлдырау байқала бастады. Осындай жағдайда халықаралық кооперацияны ынталандыру үшін әлем жаңа жетекші күштің қажеттілігін өткір сезінуде», деді Қазақстан Президенті. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қы­тай билігінің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жаңа гео­эко­но­микалық парадигма қалып­тастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Оның табысты іске асуы, жинақтап алғанда, 4,4 млрд адам тұрғынды қамтитын елдерге пайда әкеледі.
Мемлекет басшысы бас­та­маның өңірлік кооперациясының жаңа моделінің мықты тұс­тарына ерекше тоқталды. 

«Бірлесе даму арқылы тұ­рақ­­тылыққа қол жеткізу» ұс­танымы бүгінде ондаған елдің эконо­микалық мүддесіне сай келетін халықаралық ынты­мақ­тастықтың тартымды формасы болып саналады. Осыған орай, Жібек жолының нақты сұлбасы көріне бастаған қазіргі кезде бұл мак­роөңірлік кооперацияның бір­лескен стратегиялық үйлесімі қажет. Сондай-ақ, Жібек жолы бас­тамасын іске асыру тұтас бір өңірлерді, соның ішінде Орта­лық Азияны жаһандық контекс­те жаңа тұрпатта танытуға мүм­кіндік береді», деді Қазақстан Президенті. 

Нұрсұлтан Назарбаев Ор­та­лық Азия әлемнің ең ірі на­рық­­тары арасындағы басты дәне­керге айналып, қайтадан стра­тегиялық маңызға ие болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Еуразиялық эконо­ми­­калық одақтың осы процестегі маңызды рөліне тоқталды. 

«Үлкен Еуразияның» бір­тұ­тас экономикалық кеңістігін құру идеясы жаңа мәнге ие болуда. Жібек жолының эконо­микалық белдеуі Шанхай ынты­мақтастық ұйымы, Еуразиялық эко­номикалық одақ және Еуро­палық одақ платформаларын өркендеудің біртұтас өңір­лік аумағына ұтымды түрде тоғыстыра алады», деді Мем­лекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру жөнінде бірқатар нақты ұсыныстарын білдірді.

«Жібек жолы экономикалық белдеуінің транзиттік әлеуетін тиімді игеру үшін қызмет көрсету деңгейін жақсартып, әкімшілік кедергілерді жою арқылы тауар ағынын өткізуді бірте-бірте жеңілдету қажет. Қазақстан бұл мәселе бойынша нақты шаралар қабылдауда. Ол сараптама мен тиісті қаржыландыруды талап етеді. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі осындай бағдарламаларды белсенді түр­де қаржыландыруы керек деп есеп­теймін. Бұл – болашаққа арнал­ған инвестиция», – деді Қазақ­стан Президенті.  

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жаңа Жібек жолы бойында орналасқан елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету мақсатымен ауыл-шаруашылығы кооперациясын дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев инновациялық және ғылыми-техникалық даму саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуді ұсынды.    
«Жобаларды бірлесе қар­жы­лан­дыру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструк­тор­лық жұмыстар мен технологиялар трансферті орталықтарын, инновациялық компанияларды, венчурлық қорларды құру мәселелерін қарастырған дұрыс. Осы орайда, қазақстандық ғалымдардың Жібек жолының Халықаралық ғылым академиясын құру жөніндегі ұсынысына назар аударғым келеді. Сонымен бірге, қоршаған ортаның, соның ішінде көлік артериялары бола алатын ішкі континенталды трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиімді басқару мәселесін де назардан тыс қал­дырмаған жөн», деді Елбасы.  

Соңында Мемлекет басшысы «Бір белдеу, бір жол» идеясын ойдағыдай іске асыру үшін мүд­делі елдер арасында өзара сенім­нің орнығуы, олардың тең құқық­тылыққа және жан-жақты ынты­мақтастыққа дайын болуы маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы фо­рум­ның «Өзара байланысты ын­ты­мақтастық жолындағы бір­лескен іс-қимыл» тақырыбында өткен сессиясына да қатысты. Елба­сы онда сөйлеген сөзінде Қазақ­станның құрлық елдері ара­сын­дағы тату көршілік қаты­нас­тарды нығайтуды белсенді түрде жақтайтынын және Қытай­дың трансөңірлік кооперацияны дамыту жөніндегі талпынысын қолдайтынына тоқталды. 

Қазақстан Президенті бүгінгі таңда «Нұрлы жол» және Жібек жолы экономикалық белдеуі бағдарламаларын ұштастыру жоспары аясында Қазақстан мен Қытайдың индустрияландыру саласындағы ынтымақтастығын үйлес­тіру ісі басталып кетке­нін айтты.  Қытай Халық Республи­касының Төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың сөй­леген сөзін жоғары бағалап, Қазақстанды трансқұрлықтық транзиттік тасымалдаудың «чемпионы» деп атады. 

Соңында Мемлекет басшы­сы осындай кездесулерді жо­ға­ры деңгейде өткізудің маңыз­ды­лы­ғына назар аударып, Форум­ды ұйымдастырғаны үшін Си Цзинь­пинге алғыс айтты.
Қазақ мұндайда «төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дей­тін. Әрине, екі күнді енші­леген ауқымды шараның ерек­шеленіп «ынтымақтастық фору­мы» деп аталуының өзі жайдан-жай болмаса керек. Шын­дығында, қазіргі таңда жаппай жаһанданудың да, болмаса күштеп әлімжеттік танытудың да, тіпті алпауыттардың ғана бі­рі­гіп алып әлемді билемекке ұмты­луы сияқты түсініктердің де кө­мескілене бастағаны сезіле­ді. Соған қарамастан, тома­ға тұйық, «жалғыз жолды» таң­даудың да тиімсіздігі білін­ді. Ендеше, адам­затты алға сүй­рейтін бір жол – ол ынтымақ­тастыққа құрыл­ған, келелі келі­сімдерге ғана негізделген бай­ланыстар екен­ін дамудың дара даңғылына ұм­тылғандар неге білмесін?! Бүкіл Орталық Азия­ны бір үстел басына жинап, пікір алмасудың да көздегені осы ойдың айналасы болатын. Енде­ше, кең ауқым­ды қамтыған халық­аралық ынты­мақ­тастық фору­мының жоғары деңгейде өт­кені мүдделі мақсат­тарды ме­желеді деуге дәлел болатындай. 

Динара Бітікова,
«Егемен Қазақстан» – 
Бейжіңнен 

Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.06.2018

Жаңаөзенде балаларға арналған тегін ІТ сыныбы ашылды

21.06.2018

Ақтөбе облысында қаржы ұйымының озық технологиямен жабдықталған бөлімшесі қызмет көрсете бастады

21.06.2018

Солтүстік Қазақстанда журналистер спартакиадасы өтті

21.06.2018

Таразда тұңғыш рет трансплантациялық ота жасалды

21.06.2018

Б. Сағынтаев пен Ә. Жақсыбеков Түркістан қаласының облыс орталығы ретіндегі даму келешегімен танысты

21.06.2018

Түркістан - бүкіл түркі жұртының рухани астанасы - Сенат Төрағасы

21.06.2018

Алматының әкімі стартап-компанияларының өкілдерімен кездесті

21.06.2018

Еуропа лигасындағы қарсыластар анықталды

21.06.2018

«Жетісу» газетінің жарық көргеніне бір ғасыр толды

21.06.2018

Джокович үлкен тенниске қайта оралды

21.06.2018

Тайсон келесі кездесуін тамызда өткізеді

21.06.2018

Уилшер «Арсеналмен» қоштасады

21.06.2018

«Егемен академиясының» бірінші маусымынан видеорепортаж

21.06.2018

ӘЧ: «Неміс машинасы» атағын қорғай ала ма?

21.06.2018

ӘЧ: Тоналған фанаттар мен жаңарған рекордтар

21.06.2018

Алтынбек Абайұлы: Мақсатым – ақылды адамдарға арналған ұйым құру

21.06.2018

Түркістан облысы: Зиялы қауым не дейді?

21.06.2018

Шетел басылымдары. Түркістанды бауырлас халықтар да қолдайды

21.06.2018

Түгел түркінің тілегі орындалған күн - Құлбек ЕРГӨБЕК

21.06.2018

Астанада көптілділікті дамытуға арналған жиын өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Ақты ақ, қараны қара деген ұтады -Александр ТАСБОЛАТ

Сотқа жүгінбейтін адам жоқ. Бірақ солардың дені «Мен сүттен ақ, судан тазамын» дейді. Яғни «Мен кінәлімін, мен ұры­мын, мен парақормын» деп ешкім айта қоймайды. Және тараптардың қай-қай­сының да сотта келтірген уәждері сенім­ді көрі­неді. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Астық шығымы неге артпайды?

Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бас­тағаны белгілі. 

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Түркістан – тамырластық тұғыры

Түркістан екі дүние есігі ғой, Түркістан ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде туған, Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әр қазаққа қажет ұстаным

Қазіргі өмір барысына ой жіберіп қараған кезде ақыл-ойымыздың тереңдігіне малданып, сезімтал аңғарғыштығымызды артықшылыққа балайтын жөніміз бар ма? Аға ұрпақ санатына қосылған ендігінің ақсақалы біздер қазақ сөзіне әкелген жаңалығымыз, яғни бейнелі тіркес­теріміз кәне дегенге кесімді жауап беру қиын-ау. Ұлғайыңқы тартқан осынау шағымызда қазақ қарияларының сөз саптау мәдениетін жиі-жиі еске алып, жадыда жаңғыртуға тырысатын дертке шалдықтық. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Арайланған, абаттанған Астанам!

Махамбет «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» деп жалынды жырына қосқандай, бүгінде еңсесі биіктеген елорда көз алдымызда қанатын жайып, өсіп-өркендеп, сары даланың сәніне сән қосқан керім қалаға айналғаны анық.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу