Бірлік қуаты

Ел дамуының жаңа кезеңінде қоғамға серпін берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы экономикалық өрлеу мен конституциялық реформа бағыттарын айқындаумен бірге, ұлттық сананы сапаландырудың негіздері мен ұстындарын жүйелі атап көрсетті.

21.04.2017 269

Қазіргі күрделі заманда дүниенің әр бұрышында жантүршігерлік оқиға­лар белең алып, жалпыадамзаттық құн­дылықтардың қадірі қашып, гуманизм көмескіленген кезеңде, азамат­тары­мыздың санасын жаһанданудың жағым­сыз үрдістерінен сақтау − маңызды міндет. Осындай сын сағатта Елбасы жамандық атаулыдан сақтандыратын елдік және ұлттық негіздерді ұсынып, көптің көкейіндегісін дөп басты. 

Сын-қатерлер кезеңінде тығырықтан шығар ой-пайымды естіген жұртшылық еңсесін тіктеп, аталы сөзге ұйып, осыған байланысты көзқарас-пікірлерін бұқара­лық ақпарат құралдары жүзінде және әлеуметтік желілерде шынайы білдіріп жатыр.

Талай қиындықты еңсеріп, тәуелсіз­діктің ширек ғасырын табан ақы, маңдай термен жүріп өткен еліміздің сана­сы өсті, сапасы артты. Ешкімге есесін жібермейтін оразды мемлекетке айнал­дық. «Есті кісіге ақыл айтпа, жөнін айт» даналығын басшылыққа алған Елбасы туған халқына тағы да жөнін айтты, өз жолымызды – рухани жаңарудағы Қазақстан жолын көрсетіп берді.

Тарихтан сабақ алмаса, өткенге баға бере отырып, өзгермесе сана сапаланбайды. Елбасы әз-Тәуелсіздікке қол жет­кізген арайлы күндерден бері осыны айтып келеді. Соның ішінде «Дауыл­дармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық­пыз» деген бір ғана тезисінен на­мыс­­ты да, шерді де, толғамды да, тоқ­там­ды да аң­ғаруға болады.

Рухани бетбұрыс жылдың сәуірін тәуір еткен тұжырымдамалы еңбектегі Елбасының ХХ ғасырдағы төңкерістерге тоқталып, салдарын жіліктеп бергені де әр азаматқа ой салғаны сөзсіз. Мәселен, қоғамдық формациялардың сырттан таңылуы, түрлі үдерістердің дамуды шідерлеуі қоғамның ой-өрісін тоқыратты, халықтың өсімін тоқтатты, ұлттық код – тілінен, дәстүрінен, мәдениетінен айы­ра жаздады. Өмір сүру дағдысынан жаңыл­дырды. Экологиялық қасіреттердің теп­кінімен ғасырлар бойы мекендеген ата қонысынан бездірілді. Осының бәрі ұлт санасына салмақ салды.

Дүниені астан-кестен етіп, бәрін әп-сәтте өзгерте саламыз деушілер әлі де бар. Президент мақаласында популизм­нің де түрлерін тарқатып айтып берді. Бөтен пиғылдың салқынынан сақ болу үшін ұлтымыздың ұстамдылығы мен сабырлылығын еске салды.

Естияр адам «өзгені емес, өзіңді түзе» деген сөзді әуелі ата-анасынан, өсе келе ұстаздарынан естіген болар. Оны айтудың да сан түрі бар. Аялап, іш тарта, абайлап, ескертіп немесе қорқытып-үркі­тіп, зекіп, қорлап жеткізу деген сияқ­ты. Әлемдік деңгейдегі қаламгер А.П.Чеховтың жазуына қарағанда, «иә», яки «жоқ» деген сөздің өзін елу түрлі етіп айтуға болады екен.

Қоғамға ой салған мақаланы оқыған әрбір азамат «елдің ертеңі үшін ғана емес, жеке басың мен ұрпағың үшін өзіңді түзе!» деген Елбасы даналығын ұғады. Елбасымыз осы жанашыр пайымын халыққа, әрбір азаматқа зор сенім артып, жауапкершілікпен жеткізіп отыр.

Жалпы, Елбасы мақаласында сананы өзгерту – саяси реформа мен эконо­микалық жаңғыртудан да ауқымды, іргелі іс екендігі байыпталған. Бұл жерде дәйек те, дерек те, дәлел де жеткілік­ті. «Уәжге түйе де шөгеді» демекші, ай­тыл­ған ойлардың маңызына «қит етсе қисая кететіндердің» де, ұсақ-түйекке үйір­лердің де көзі жеткендей.

Шындығында, сананы жаңарту – ұлттың сапасын көтеру деген сөз. Оның негізгі қағидаты – өзгені емес, өзіңді түзеу. Әдепсіздіктен, көзбояушылықтан, құлдық психологиядан құтылу. Адамгершілік қасиеттерді, имани құндылықтарды қастерлеу, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету. Ұлтына, дініне қарамай, қауым ішіндегі отандастарымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеу.

Бойға сіңген таптаурын әдеттен арылу жайы. «Жақсыдан үйрен, жаман­нан жирен» деген нақылды бала күннен айтудайын айтып келеміз, іс жүзіне келгенде қандаймыз? «Уайымсыз салғырт­тық деген нәрсе бар, ол Алланың, халық­тың, дәулеттің, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бірі бар жерде бірі болмайды», дейді Абай. Заманында бұл сөз ата-бабаларымызды серпілту үшін айтылғаны даусыз.

Тарихи тәжірибе мен ұлттық дәс­түр­ге атүсті қарамау туралы. «Уық­ты басқұр ұстайды, елді дәстүр ұстайды» деген мақал бекер айтылмаса керек. Қоғамдағы келеңсіздіктерге жалпыға бірдей заңнан өзге нені қарсы қоюға болар еді? Әрине, ғасырлар сынынан өткен, уақыт тезінде сұрыпталған әдет-ғұрып, дәстүрлерді сақтай отырып, көп мәселені шешуге болатыны – атқан таңдай ақиқат.

Тал бесіктен жер бесікке дейін салт-дәстүрін сақтап, осыны ұрпағына жүйелі аманаттаған жұрттың адаспайтыны анық.

Бүгінде халқымызға ауадай қажет прагматизмді, ұлттық бірегейлікті, бәсе­кеге қабілетті білімді, сергек сананы, зерек зердені жаңа заманның жасампаз дәстүріне балар едік.

Мәселен, мақалада сөз етілген эколо­гиялық өмір салтын алайық. «Жай жатқан жер жау шақырады» деген сөз бар. Жерді ұтымды пайдалану дегеніміз − оны жетімсіретіп, құнарын тауысу деген сөз емес, қайта оның тиімділігін арттырып, оңтайлы игеру. Қолдан келгенше суландырып-нуландыру, көгерту, құрылыс салғанда әрбір шаршы метріне үнеммен, жанашырлықпен қарау, ғылыми жетістіктерді қолдану. Күтіммен қарап, қадірлеген адам ғана Жер-Ананың мейі­ріміне бөленіп, берекеге кенеледі.

Жердің қасиетін кетіру, тау-тасты қопару, өзен-суларды ластау, орта мен айналаны қоқысқа толтыру көз үйренген, қалыпты жағдайға айналғандай. Түптеп келгенде, бұл адамзатқа, ғаламға ор қазумен бір есеп емес пе?

Қоршаған орта тазалығын сақтауға келгенде, ата-бабамыздың өнегесі тағы­лымды-ақ. Шыбын-шіркей ілес­пеуі үшін мінген атын үй жанына байламайтыны, оттың күлін соңынан жерге көміп кете­тіні, қора-қопсыны әрқашан таза ұстай­тыны – саламаттылықтың әліппесі еді.

Дүниеде барлық жан-жануардың, мал-мүкаммалдың иесі де бар, киесі де бар. «Судың да сұрауы бар». Ендеше, Жарат­қан үйлесіміндегі құбылыс арқауын бұзу мен бүлдіру – айналып келгенде, ең бірінші, адам баласының өзіне қауіпті. Ұлт дәстүрінде бұл жағы да шегеленіп парықталған.

Елбасы көрсеткен тағы бір анық – «болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қа­бі­летімен айқындалатыны» туралы.

«Құбылған әлем жарысы –

Ақылды жанның табысы», −

деп Шәкәрім ақын жырлағандай, бәсеке – бүгінгі заманның әрі тынысы, әрі жұмысы. Замана көшінің алдыңғы легіндегі озық технологияны үйрену, нарықтың сұранысына сай білім алу – жастардың жасампаздық мүмкіндігі.

Шын ілім, нағыз білім адамдарды биік із­гілікке үйретеді. Ізгілік – бақуатты өмір­дің бастауы, ұлттық сананың кемелденуі.

Тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, т.б. пәндер бо­йынша заманауи білімге мол мүмкіндік туғызу мақсатында жоғары оқу орындарына қажетті «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынатын болды.

Елбасы мұның мақсатын да таратып айтты: «Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім бере бастаймыз. Содан соң, бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге не­ғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз. Оған қоса, бұлар – ашық-жарқындық, прагматизм мен бәсекеге қабілеттілік сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаттарын қо­ғам­да ор­нықтыратын бас­ты күшке айналады».

Істің көзін табу – мәселені шешудің алғышарты. Ұлт даналығы «Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ» дейді. Егер ғылым мен білім кілті – оқулық болса, неге әлем мойын­даған классикалық оқулықтарды аудармасқа? Елбасы мәселеге осы тұрғы­дан қарап, мүмкіндіктерді еселей түсетін Ұлттық аударма бюросын құру жөнінде тапсырма берді. Бұл – орайлы бастама және қайтарымы мол ізашар іс.

Осы орайда шет елде «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген мамандар мен білікті аудармашылар күш біріктіріп жатса, нұр үстіне нұр.

Реті келгенде айтайық, елімізде ғылы­ми және практикалық аударма ісі сала­сына кешенді көзқарас қажет. Тәуел­сіз­дік жылдары жоғары оқу орындарын бітірген аудармашы мамандар сапасы қандай деңгейде? Жалпы, бізде қанша кәсіби аудармашы бар? Қазақ классикалық дүниелерін қанша елдің тіліне аудара алдық? Аударма қаламақысы мен ынталандыруы сын көтере ме? Бұл сұрақтарға жауап іздейтін мезгіл әлдеқашан жетті.

Мемлекет басшысы латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшудің, оны жүзеге асырудың алгоритмін нақты баяндаған. Бұл басқа мемлекеттер тәжірибесінен сабақ алуға мүмкіндік береді. Шынтуай­тында, бұл шара − елімізде 1929-1940 жылдары ресми қолданыста болған латын әліпбиіне қайта оралу.

Латын әліпбиі – қазіргі технологияның әліпбиі. Дәл бүгінгі күнде ол қаріптер осы заманның құралы – смартфондар мен гаджеттер арқылы үлкенге де, кішіге де етене таныс.

Нұрсұлтан Әбішұлының отаншылдық бағытта «Туған жер» бағдарламасын ұсынуын – «Мәңгілік Ел» мұратының құрамдас бөлігі деп қабылдаймыз. Бұл бағдарлама туған жеріне қолұшын беруге бейіл, жомарт азаматтарды ынталандыруы тиіс. Кезінде білім іздеп немесе басқа да себеппен қалаға кеткен немесе шет елге қоныс аударған жерлестерін мейірімді ауыл сағына күтеді. Туған жер әркімге де ыстық. Бұл жерде мәселе тек материалдық игілікте десек, қателесеміз. Ғалым дәрісі, маман кеңесі, тәжірибе жолы ауыл мен қала арасын жақындатып, туған жердің қадірін арттырады. Мұның да арғы жағында ұлттық код – дәстүр тағылымы тұр.

Ауылды айтқанда, етекті жасқа толтырмай, нақты іспен айналысу, қарлы­ғаш­тың қанатымен су сепкендей көмек көрсету – азаматтық борыш.

Қасиетті жерлер мен киелі мекендерді сақтауға және туризм инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік беретін «Қазақстан­ның киелі жерлерінің географиясы» жобасының берері мол. Түптеп келгенде, бұл жоба ұлттық тұтастыққа, ел бірлігін арттыруға қызмет етеді.

Біріншіден, тарихи, танымдық орындармен танысу – Отан танымалдығын арттырады. Бұл ретте зиярат етушілерге қолайлы жағдай туғызу, жол-көлік бағыт­тарын жетілдіру – нарық жағдайында қайтарымы мол жұмыс.

Екіншіден, осы орайдағы шаралар кешені еліміз бен елдігімізге жат идео­логия элементтерін тыяды. Мемлекет басшысының сөзімен айтқанда, олар − «символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы».

Әлем картасында ешкімге ұқсамайтын дербес ұлттық болмысымызды көрсететін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру міндеті қойылды. Биыл қандай жетістіктерді көрсететініміз айқындалатын болады.

Осы тізімге Елбасы негізін қалаған бірлік пен татулықтың қазақстандық үлгісін айшықтаған өнер туындылары әлемдік өркениетке, үйлесімге қосылған үлес ретінде енетініне сенімдіміз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы сол бағыттағы туындыларды іріктеуге, авторларын замана мақтанышы ретінде насихаттауға атсалысады. Түптеп келгенде, рухани жаңғыруды жүзеге асыратын «Мәңгілік Ел» идеясы төңірегіне айрандай ұйыған сан алуан этнос өкілі екені сөзсіз. «Қазақстандағы 100 жаңа есімді» анықтау мен ұлықтау – барша отандастарымыздың асыл борышы.

Рухани жаңғыру негіздерін баяндаған бағдарламалық мақаласында Президент – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел алдына, сондай-ақ, Ассамблея алдына да, ауқымды және өзекті міндеттер қойып отыр.

Біз барша азаматтарымызды осыны жауапкершілікпен іске асыруға шақырамыз. Бірлік қуаты – елдік қуаты, елдің қуаты. Елбасының «Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры – алауыздықта» деп тәуелсіздіктің елең-алаңында айтқан темірқазық сөзін ұмытпалық.

Ассамблеяның мыңдаған белсенді мүшесі қоғамда жасампаздық рухтың орнығуына аянбай үлес қосып келеді. Түрлі деңгейдегі ассамблеялар­да, этно­мәдени бірлестіктерде, қоғам­дық келісім кеңестері мен аналар кеңестерінде, медиа­ция орталықтары мен ҚХА-мен ықпалдас құрылымдарда жұмыс істей­тін мемлекетшіл, отаншыл азаматтар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ең­бе­гін терең түсіністікпен, адами қасиет­пен, кәсіби бағдармен қабылдады деп санаймыз.

Ассамблея және этномәдени бірлес­тіктер мүшелері Мемлекет басшысы бағдарламалық мақаласының түйінімен үйлесетін халқымыздың «Бірлік бар жерде тірілік бар» даналығына иек арта отырып, бүгінгі күн міндеттері мен жаңа дәуір талаптарын жүзеге асыруға жұмылары сөзсіз.

Дархан МЫҢБАЙ,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі 



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

30.04.2017

​Бүркіт балапаны және оның сыны

30.04.2017

Алты Алаштан – Ассамблеяға

30.04.2017

СҚО-да төрт елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды

30.04.2017

Мектептерде сабақтардың басталу уақыты бұрынғыша қалады - Исекешев

30.04.2017

Жексенбіде ел аймақтарында күн райы құбылмалы

29.04.2017

Сағынтаев Сауд Арабиясының министрі Халид Әл-Фалихпен кездесті

29.04.2017

Назарбаев қырғыз президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

29.04.2017

Жоғарғы Сот ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

29.04.2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы түрік тіліне аударылды

29.04.2017

Қызылорда облысының әкімі Қазақстан этносаясаты бойынша дәріс оқыды

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

29.04.2017

Елбасы Өзбекстан президентімен кездесті

29.04.2017

Сенаторлар сенбілікке қатысты

29.04.2017

Назарбаев табиғат апатына байланысты Қырғызстан Президентіне көңіл айтты

29.04.2017

Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «Caspian Food» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды

КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жол салсаң, мол сал

Санаулы күндерден кейін әлемдік деңгейдегі айтулы шаралардың бірі – ЭКСПО-2017 Халықаралық көр­ме­сінің де жалауы желбіремек. Яғ­ни, бас қала ел айнасы болса, жол-кө­лік инфрақұрылымы оның беделін арт­тыратын бренді болып табылады. Мемлекет басшысының елорданы одан әрі өркендету мәселесінде қа­ла­ның базалық инфрақұрылымын, оның ішінде қала жолдары мен жол ай­рықтарын барынша дамытуға үнемі ба­сымдық беріп келе жатқандығы да сон­дықтан.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Дәріге байланған ғұмыр

«Қазір еліміздегі донор жетіс­пеу­шілігі өте өткір мәселе. Бүгінде ал­мас­тырылған органның 90 пайызы ті­рі донорлардан алынады. Егер бұ­лай кете берсе, енді бір 20 жылда бір бүй­ректі ұлт атану қаупі барлығын жа­сыруға болмайды. Одан шығудың жо­лы қандай?

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Көрменің көрігін спорт қыздырады

Ағымдағы жылдың 10 маусы­мында Астанада ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месі келушілерге айқара есік ашады. Күллі әлем көз тіккен көрменің өтетін мерзімі жақындаған сайын бойды толқыныс сезімінің билейтіні түсінікті жайт. Иә, «Қонақ аз отырып, көп сынайды». Әлемнің әр қиырынан ағылған меймандардың алдында жайылып жастық, иіліп төсек болу өз алдына, қолдағы барды көрсете білудің өзі өнер һәм зор міндет.

Зарема ШӘУКЕНОВА, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Этностар мүддесі барынша қорғалған ел

Қазақстан заманауи өмірге, ха­лықаралық қоғамдастыққа се­німді түрде кірігіп отыр. Біз елі­міз­дің имиджін көтере отырып, ин­вестициялық және экспорттық әлеуетімізді, экономикамызды қа­р­қынды дамытуға баса назар ау­дарып келеміз. Осы саясаттың ар­қасында Қазақстан әлем мой­ын­даған елге айналды.

Гүлзейнеп Сәдірқызы, «Егемен Қазақстан»

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Пікірлер(0)

Пікір қосу