Бисенғали Тәжіяқов: Еліме қызмет ету – халқыма қызмет ету

Егемен Қазақстан
30.11.2016 66
tadzhiyakov-b-sh

Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

Ұлттық Банктегі қызметін абыроймен аяқтаған Бисенғали Шамғалиұлын Мемлекет басшысы «Сені жақсы білетінімді ескеріп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің төрағасы лауазымына тағайындаймын», деп жаңа жұмысына сәттілік тілеген болатын. Осылайша, 2014 жылғы қаңтарда лауазымға тағайындалған Бисенғали Тәжіяқов жақында мемлекеттік қызметтегі жұмысын аяқтады. Бұл күндері әйгілі банкир өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтуде. Ол Мемлекет басшысының көңілінен шыққанын, өмір бойы лайықты жұмыс істеге­нін және мемлекеттік қыз­меттегі кәсіби жұ­мысын абыроймен аяқтағанын мақтан тұтады. Оның 49 жылға тең жоғары біліктілігін көрсеткен кәсіби өмір жолында еліміздің қалыптасуы мен дамуына байланыс­ты көптеген атаулы сәттер болды. Олардың барлығы да есте қалатын әрі мемлекет тарихының өтпелі кезеңдерінде орын алған сәттер. Осындай есте қалған сәт­тердің бірі – 1991 жылы Президенттің Мемлекеттік қойманы құру және еліміздің алтын қорын қалып­тастыру туралы Жарлықты қа­былдауы. Алтын мен күмістің ал­ғашқы құймасы республикаға 1992 жылғы  7 қаңтарда жеткізілді. Бұл оқиғаға Мемлекет басшысы қатысып, Үкімет пен Ұлттық Банкке алтын өндіру салаларын дамыту бойынша шаралар қабыл­дауға тапсырма берді. Алтын мен күміс өнімінің жалғыз сатып алушысы Ұлттық Банк болды. Бұл уақытта Ұлттық Банк басқармасы төрағасының бірінші орынбасары және төрағаның міндеттерін ат­қарған Бисенғали Шам­ғали­ұлы жұмыстың нәтижелі болуына және жүйелі ұйым­дастырылуына бар күш-жіге­рін жұмсады. Бұл аса күрделі уақыт еді: 1991 жылдың екінші жартысынан бастап республикада қолма-қол ақшаның жетіспеуі орын алды, проблеманы шешу үшін КСРО Мембанкінің басшыларымен кездесуге Мәскеу қаласына баруға тура келді. Сонымен бірге КСРО Мембанкімен өзара есеп айырысу мәселелері қаралды, себебі кейбір республикалар өздерінің квазивалютасын енгізе бас­тады. КСРО Мембанкі елі­міз­дегі ақша айналысын орталықтандырылған басқару бойынша өкілеттіктерін біртіндеп жоғалта бастады. Президент рес­пуб­ликаны қолма-қол ақшамен қам­та­масыз ету мәселесіне баса назар аударып, КСРО басшы­лығымен кездесу кезінде де бұл мәселе күн тәртібінен түс­педі. 1992 жылдың екінші жартысынан бастап ұлттық валютаны енгізу бойынша дайындық жұмыстары басталды. Тиісті заңдар әзірленіп, қабылданды. Қыркүйекте ағылшын фирмаларының бірі­мен банкноттарды дайындау туралы шартқа қол қойылды. 1993 жылғы 30 наурыз шартты аяқтаудың белгіленген мерзімі еді. Дайындалған банкноттар осы күні Қазақстанға Ан­глиядан толық көлемде жеткізілді. Бұл жөнінде санаулы ғана адам білді. Теңге енгізілгеннен кейін 1993 жылғы 17 желтоқсанда Ұлт­тық Банкке Президент келіп, Банктің жаңа төрағасы Дәулет Хамитұлы Сембаевты таныстырды. Өз сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы Ұлттық Банк басқармасының залында тек Б.Тәжіяқовты ғана танитынын айтты, ол жаңа басшылыққа елдегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және Ұлттық Банктің имиджін көтеруге тапсырма берді. Тәуелсіз Қазақстанның Ұлттық Банкінің басшылық құрамында Ораз Жандосов, Григорий Марченко, Қадыр­жан Дамитов бар қаржы саласының талантты жас буынын әкелді. Әріптестері мен басшылық оны барынша кәсіби және адал басшы ретінде сипаттаған Б. Тәжіяқов төрағаның бірінші орынбасары болып қызметін жалғастырды. Д.Сембаевтың Б.Тәжіяқовтың қолы қойылмай бірде-бір құжатқа қол қой­мағанын атап өтуге болады. Бисенғали Шамғалиұлы келесі төраға О.Жандосов кезінде де – 1997 жылғы шілденің ортасына дейін Ұлттық Банк төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Бисенғали Шамға­лиұлы­ның өмір жолын­дағы тағы бір белес – Президенттің оған сенім білдіріп, 1997 жылғы шілдеде Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы болып тағайындалуы болатын. Мерейтой иесінің айтуынша, оны Премьер-Министрдің орынбасары, Қаржы министрі Александр Сергеевич Павлов шақырып алып, Президенттің тапсырмасы бойынша осы лауа­зымға тағайындайтынын хабарлады. «Бұл мәселе шешілді», деп қорытындылады министр. Бір күннен соң Президентпен кездесуден соң Б.Тәжіяқовты та­ғайындау туралы өкімге қол қойылды. Бұл комитеттің ас­та­наға ал­дағы көшу кезеңімен тұс­па-тұс келді. Дегенмен, Би­сенғали Шамғалиұлына өз ве­домствосының көшуін жүйелі түрде ұйымдастырып, оны жаңа жұмыс орнында орналастыру, ал ең бас­тысы коми­теттің жұмысын ілгері дамыту тапсырылды. Тапсырма сәтті орындалды: Салық комитеті Ақмола қаласына 1997 жылғы 7 желтоқсанда көшті. Мен Президенттің көре­гендігі мен даналығына тәнтімін, – дейді Бисенғали Шам­ғалиұлы. – Бір пәтерден екіншісіне көшкен кезде әбігер болады, ал бүкіл ас­тананы көшіру және оны салу қажет болды. Алайда бұл өте қызықты уақыт еді! Салық комитетін Алматыдан Ақмолаға ауыстырған кезде біз уақытпен санаспай, күнбе-күн жұмыс істедік. Ол кезде тұрмыста да талай қиыншылық болды: тамақ ішетін жер жоқ. Кейбіреуі «Турист» деген кеңестік қонақүйде тұрды. Маман­дардың көпшілігі жатақ­ханада тұрды. Бүкіл коми­тетке небәрі екі-ақ телефон берілді. Ақмоланың климаты көп адамға сәйкес келмеді. Алайда, барлық қиындықтарға қарамастан, осы күрделі жолдан өтуге көмектескен энтузиазм болды. Президентіміз астананы құрудың алдағы уақыт­ша қиындықтарын біле отырып, уақыт көрсетіп отырғандай, еліміз үшін осы батыл әрі көреген шешімді қабылдады. Мен әрдайым Мемлекет басшысының осындай бірегей шешімдерді қабылдауы және адамдарды иландыра білу қасиетіне, қиындықтарды еңсеру қабілетіне ризамын. Сондықтан Президенттің маған сенім білдіруі аса ма­ңызды болды, мен әр­да­йым өзімді Президент командасының мүшесі ретінде есептеймін. Бисенғали Шамғалиұлы ол кезде жақсы көңіл-күй­мен жұмыс істегенін еске түсіреді. Бұл тұрмыстағы қиындықтарды жедел шешуге, комитеттің жұмысын реттеуге жағдай жасады. Ең қиын – қалыптасу кезеңін комитет Бисенғали Тәжіяқовпен бірге өтті. 90-шы жылдары, жала­қы мен зейнетақы уақ­тылы төленбей, өзара бере­шек­тің ауқымды сомасы туындаған кезде комитетке проблемаларға күн сайын мониторинг жасау және Үкіметке есеп дайындау, сол сияқты шешім іздестіру: қалыпты тауар-ақша айналымын бартер ауыстырған кезде ақы төлеу, салық жинау сияқты мәселелерді шешу тапсырылған болатын. Осы мәселе туралы Бисенғали Шам­ғалиұлы Үкіметке ақпа­рат берді. Оның орнына келген жа­ңа төрағаға комитеттің ретке келтірілген құрылымы бар еңбекқор әрі белсенді ұжым қалды. Ал Бисенғали Шамғалиұлының еңбек жолында жаңа кезең басталды. 1998 жылғы қазанда Мем­ле­кеттік кірістер министрлігі құ­рылып, Президент оны министрдің міндетін атқарушы етіп, ал кейіннен осы ведомствоның вице-министрі етіп тағайындады. Алайда кәсіби банкир ретінде Б.Тәжіяқов банк саласына оралғысы келді және бұл тілегі 1999 жылғы сәуірде іске асты. Ол Ұлттық Банкке төрағаның орынбасары болып оралды, бұл жоғары деңгейдегі кәсіби маман үшін заңды жағдай еді. Бұл лауа­зымда ол 2014 жылдың басына дейін жұмыс істеді. …Балалық шағында Би­сенғали осындай кәсіби мансап туралы армандамаған шығар. Ол соғыстан кейінгі 1946 жылы Түрікменстанда дүниеге келді. Бұл жерге оның ата-анасының отбасы – Ақтөбе облысының тумалары 30-шы жылдардағы аштық кезінде көшіп келді. – Өз атам есімде жоқ, біздің әжеміз болды, – деп әңгімелейді Бисенғали Шам­ғалиұлы. – Ол екі ұлын жалғыз тәрбиеледі. Олардың екеуі де – менің әкем Шамғали да, оның ағасы Шамсутдин де – Ұлы Отан соғысына қатысушылар. Әкемнің ағасы Сталинградта соғысты, ал менің әкем қоршаудағы Ленинградты қорғады. Екеуі де тірі қалды, менің әкем ауыр жараланғаннан кейін бір аяғынан айырылды. 1959 жылы әкемнің ағасы Қазақстанға, туған ауданына оралды. Ал 1961 жылы біздің отбасымыз Ақтөбеге көшіп барды. Ата-анам білімді адамдар еді, олар бейбіт өмірде, Түрікменстанда да, Қазақстанда да өздеріне лайықты орындарын тапты. Әкемнің ағасы банк бөлімшесін басқарды, ал әкем Түрікменстанда аудандық байланыс бөлімшесі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. Түрікменстаннан кейін әкем Ақтөбеде 1982 жылдың ортасына дейін облыстық байланыс бөлімінің бастығы болып қызмет етті. Бисенғали Шамғалиұлы әр­дайым өз қаласын, мектебін және достарын еске түсіріп оты­рады. Ерекше жылы сезім­мен бір партада отырған досы – Марат Оспановты еске алады. – Марат маған көшеде алма өсіп тұрған қала туралы әңгімелейтін, – деп күлімдеп еске алады өз досын Бисенғали Шамғалиұлы. Сол кезде оны Алматы қала­сы қызықтырып, әкесінің мақұл­дауымен ол бақ-қалаға оқуға аттанды. 1967 жылы есеп-кредит техникумын аяқ­тап Ақтөбеге жұ­мысқа жолдама алды. Бисенғали өзі банктің аудандық бөлімшесіне жас маман болып жұмыс істеуге ниет білдірді, мамандықтың қыр-сырын басынан бастап меңгеруге талпынды. Ол бір жылдан астам уақыт кредит инспекторы болып жұмыс істеді. – Менің жолымда ылғи жақсы, дана адамдар кездесті, – деп жалғастырады сөзін Бисенғали Шамғалиұлы. – Өмірімнің маңызды сәттерінде мен олардан жақсы кеңес немесе бата алдым. Оқуымды бітірген кезде облыстық кең­сенің басқарушысы маған: «Бисенғали, сен мемлекеттік қызметке барасың. Сен жас кредит инспекторы болсаң да, қолыңда шамалы билік бар. Саған адамдар келген кезде өздерінің жеке проблемаларымен емес, ұжымның проблемаларымен келеді, ол проблемаларын шешуге сен көмектесуің керек», – деді. Бұл тілегі менің өмір бойғы кәсіби кредома айналды. Әлі күнге дейін, адамдар маған келіп өтініш айтқан кезде, мен олардың мәселелерін шешуге көмектесуден ешқашан бас тартпаймын. … Аудандағы қызметінен оны облыстық кеңсеге ревизор жұмысына шақырды. Содан соң аға ревизор болып жұмыс істеген кезде әскери борышын өтеуге шақырылып, Оңтүстік Сахалинде әскер қатарында болды. Оның ма­ман­дығы бұл жерде де талап етілді: Бисенғалиді полктың қаржы бөлігі бастығының көмекшілігіне жіберді. Ол әскерде қалуына болатын еді, бірақ ол одан бас тартты. Үйіне оралып, отбасын құрды. Қазір өзінің зайыбы Гүлзина Сәрсенбайқызымен 45 жылға жуық бақытты өмір сүруде. Олар да Бисенғали Шам­ғалиұ­лымен бірге бір қала­дан екіншісіне көшті: Ақтөбе – Атырау (Гурьев) – Қызылорда – Алматы. 28 жасында ол Қазақ КСР Мембанкінің Ақтөбе облыстық кеңсесінің ең жас бөлім бастығы болды. Өзі басқарған Мембанктің Гурьев және Қызылорда облыстық кеңселерін бірнеше жыл ішінде банктердің рейтингінде барынша жоғары орынға көтере білді. Осыдан кейін оны Қазақ КСР Мембанкі басқармасы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына шақырғаны да кездейсоқ жағдай емес. Облыс басшылары болашағы бар банкирдің өңірлерде ұзақ қалмайтынын түсінді. Осылайша, Бисенғали Тә­жіяқовты Қызылордадан Ал­матыға ауыстыратыны бел­гілі болған кезде облыстық комитеттің сол кездегі бірінші хатшысы Еркін Нұржанұлы Әуелбеков: «Біз кадр­ларды тәрбиелейміз, ал олар астанаға кетіп қалады. Біздің прокурорымыз Бас прокуратураға кетіп қалды, облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары Орталық Комитетке меңгеруші болып ауысты, енді міне, Бисенғали Шамғалиұлы да ҚР Мембанкіне басшы лауазымға кетіп бара жатыр», – деп мұңдана тілек айтқаны бар. Ал кейіннен жеке кездескенде ол: «Сен бізде үш жылдай жұмыс істедің. Мен сенің жұмысыңа ризамын – сен жоғары лауазымға облыстық комитеттің резервінде тұрдың, астанада жұмыс істеген кезде облыс туралы да ұмытпа», деп айтқан болатын. 1998 жылғы 18 желтоқсанда Б.Тәжіяқовты Мембанктің Қа­зақ республикалық кеңсесі бас­қарушысының бірінші орынбасары етіп тағайындау туралы шешімге Мәскеу қа­ласында қол қойылды. Жұ­мыс бірден басталды: банк жүйесінде реформа өткізілді, онда Мембанктің және Құ­рылысбанкінің негізінде мемлекеттің қатысуымен үш мамандандырылған банк қосымша құрылды. Бұл ше­­шімнің ең озық шешім бол­мағанын өмір көрсетті. Алайда бұл кеңестік кезеңнің та­рихы еді... Осыдан соң Б.Тәжіяқовқа әріп­тестерімен және қаржы сала­сындағы жас мамандар­мен бірге Қазақстанның тәуелсіз банк жүйесін құру міндеті қойылды. Ол кезеңде әріптестермен бірге ұлттық валютаның орнықтылығын қамтамасыз етудің күрделі мін­деттерін шешуге тура келді, ол кейіннен еліміздің бүкіл қаржы жүйесінің өзекті орталығына айналды. Теңге енгізілгеннен кейін ғана Қазақ­стан толық тәуелсіздік алып, дербес ақша-кредит және экономикалық саясатын жүргізу мүмкіндігіне ие болды, деп атап өтті банкир. Біздің қаржы жүйеміздің және тұтастай алғанда ел эконо­микасының әлемнің талай қаржы дағдарысынан, талай сын-қатерден өткені, Үкімет пен Ұлттық Банк­тің қандай маңызды әрі күрделі шешімдерді қабылдағаны көп­шіліктің есінде болар. Бисен­ғали Шамғалиұлы бар­лық кезең мен барлық қабыл­данған шараларды олар кеше ғана орын алғандай есінде сақтап отыр. Ол бүгінде де қандай да болсын қабылданған шешімді егжей-тегжейлі түсіндіре алады. Бұрынғы бан­кирлер болмайды деген рас сөз екен. Ол тәуекелдерді, қауіп пен сын-қатерді көріп отыр, орталық банктің қазіргі командасы ахуалды сауатты түрде бақылап, басқарып отыр деп есептейді. Ол бүгінгі күні қаржы жү­йе­сін өзінің кәсіби жолын ұлт­тық қаржының қалып­тасуы­ның күрделі кезінде бас­таған мамандардың басқарып отырғанын мақтан тұтады. Өзі ол кезде шешімдер қабыл­даған және тарихи міндеттерді іске асырған адамдардың қата­рында болды. Қазіргі бан­кирлер едәуір сыннан өтіп, болашаққа шешімдер қа­был­дауға үйренді – бұған Бисенғали Шамғалиұлы өте қуанышты. – Ұлттық Банк қаржы нары­ғындағы тұрақтылықты сақтап отыр, – деп қорытын­дылайды мерейтой иесі әңгімесін. – Мен өзімнің қар­­­жыны басқарудағы бір­шама тарихи тәжірибемді бан­кир­лердің жаңа буы­ны қабылдағанын, тарихи эс­тафетаның дәстүрлі сабақ­тастық табатынын және отан­дық экономиканың болашақ өркен- д­еуіне қызмет ететінін көріп отырмын. Мерейтой қарсаңында Бисен­ғали Шамғалиұлының сақ­тандыру компаниясында бас кеңесші болып жұ­мыс істеп, өзінің еңбек қы­з­­­-метін жалғастырып жат­қа­нын атап өткен жөн. Би­сенғали Шамғалиұлы тек кәсіби қызметінде ғана өрелі жетістіктерге жетіп қой­май, сол сияқты адал жа­ры­мен бірге банкирлер әулетін жал­ғастырған лайық­ты балалар тәрбиеледі. Оның отба­сының және жақын­дарының кәсіби банк қызме­тінің жалпы өтілі бүгінде жүз елу жылға жуық уақытты құ­рап отыр. temirbayevstudio_2016__313

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұжымы,

басшылығы мен ардагерлер кеңесі Бисенғали Шамғалиұлы ТӘЖІЯҚОВТЫ

70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтайды!

Бисенғали Шамғалиұлы Тәжіяқов саналы ғұмырының 49 жылдан астам уақытын мем­лекеттік қызметтегі жұмысқа, оның ішінде 43 жылдан аса Қазақстан Рес­публикасының Ұлт­тық Банкінде жұмыс істеу­ге арнады. Аса ж­оғары кәсі­би білімінің және қар­­жы сала­сындағы ұзақ жылғы тәжіри­бесінің арқасында Қазақстан Республикасының тәуелсіз банк жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ еліміздің қаржы жүйесін дамытуға зор үлес қосты. 1993 жылы ол ұлттық валюта – теңгені енгізуге тікелей қатысты. Астана қаласына ат басын бұрған көшелі көшті бастаушылардың қатарында да Бисенғали Шамғалиұлы болды. Өз ісіне деген зор жауап­кершілік, адалдық әрі кәсі­би біліктілік Бисен­ғали Шам­ғали­ұлын елдің ыстық ықыласына бөлеп, абырой биігінен көрсетті. Өнегелі өмірі мен мол тәжі­рибесі әріптестеріне әрқашан үлгі болды. Еліміздің әлеуметтік-эконо­ми­калық дамуына қосқан айтар­лықтай үлесі, жемісті еңбегі және белсен­ді қоғамдық қызметі үшін Бисен­ғали Шамғалиұлы бірнеше рет мемлекеттік наградаларға ие болды. Үшінші дәрежелі «Барыс», «Пара­сат», «Құрмет» ордендері, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы және 18 ме­рейтойлық медаль – оның мемлекет алдында сіңірген еңбегінің лайықты нәтижесі. Ол сонымен қатар «КСРО Мембанкінің үздігі» белгісімен марапатталған, ҚР ҰБ еңбек сіңірген қызметкері, Мемле­кеттік қызметтің еңбек сіңірген қызметкері және Қаржы минис­трлігі­нің еңбек сіңірген ардагері болып табылады. Бисенғали Шамғалиұлына мық­ты денсаулық, отбасылық бере­ке-бірлік және ұзақ ғұмыр тілейміз!  

Жаңалықтардан қашанда хабардар болу үшін

Қызықты, ең бастысы, қолайлы әрі пайдалы мобильді қосымша ағымдағы жылғы қарашада отандық мессенджерлер нарығында пайда болды. Қазақстанның қаржы реттеушісі «ҚҰБ Online» сервисін іске қосты, ол пайдаланушыларға шұғыл түрде Ұлттық Банк қызметіне қатысты және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы сұрақтарға жауап алуына мүмкіндік береді. Осы қосымшаның арқасында пайдаланушылар кәдімгі WhatsApp, Viber және Telegram мессенджерлерінің көмегімен Ұлттық Банкке тікелей жүгіне алады. Алайда Ұлттық Банктің «ҚҰБ Online» қосымшасы арқылы алынған жауаптың ақпарат­тық-түсіндіру сипатында екендігін және реттеушінің ресми жауабы болып табылмайтынын есте сақтау қажет. Айта кетерлігі, қосымшаны пайда­ланушылардың сұрақтарына жауаптар жұмыс уақытында пайдалану келісіміне сәйкес берілетін болады. Егер пайда­ланушылардың сұрақтары құпия сипатта болып, ресми жауап алуды талап етсе, онда Ұлттық Банк­ке «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға сәйкес жү­гінуге тиіс. «ҚҰБ Online» қосымшасымен жұмыс істеген қолайлы, интер­фейсі түсінікті екенін атап өт­кен жөн. «ҚҰБ Online»-да жеті бөлім бар: «Банкноттар мен мо­неталар»; «Ипотекалық кредит­тер»; «Айырбастау опера­ция­лары»; «Банктерде қызмет көрсету»; «Төлемдер»; «Банко­мат­тар­дың жұмысы» және «Бас­қалары». Осылардың әрқай­сы­сына қысқаша тоқтала кетейік. «Банкноттар мен монеталар». Бұл бөлімде пайдаланушылар тозған банкноттар мен бүлінген монеталарды қай жерде, қалай айырбастала­тыны; ескі және айналыстан шыға­рылған купюралар қандай қағидаларға сәйкес айналыстан алынатындығы; инвестициялық және коллекциялық монеталарды қайдан сатып алуға және олардың тақырыбының толық тізбесін қайдан алуға болатыны туралы сұрақ қояды. Осы жерде оларды қайта сатып алу қағидалары мен талаптары туралы білуге болады. «Ипотекалық кредиттер». Ипо­­т­е­калық кредиттеу жөніндегі бар­лық мәселелерді түсіндірудің, қа­рызды өтеудің немесе қайта қар­жыландырудың қағидалары туралы білудің жақсы мүмкіндігі беріліп отыр. Сонымен бірге, банктердің төлем жасауға қабі­летсіз ипотекалық қарыз алушылармен жұмысы туралы консультация алуға болады. «Айырбастау операциялары». Бұл жерде бәрі бар – уәкілетті банктердің және уәкі­летті ұйым­дардың айырбас­тау пункт­терінің қызметі, шетел валютасын респуб­ликада айырбастаудың жә­не оның айна­лымының басқа аспектілері. «Банктерде қызмет көрсету». Егер коммерциялық банкпен қатынаста түсінбеушілік болып, реттеушіге осы тақырыпқа қа­тысты сұрақ қоятын уақыт жетсе, осы бөлімді қараған жөн. Мұн­да, мәселен, банктік салым шарт­­тарын жасасу, банктердің клиент­тердің өтініштерін қарауы және т.б. сияқты мәселелер бо­йын­ша консультация алуға болады. «Төлемдер». Бұл бөлімде пайдаланушылар банк шотынан; банк шотын ашпай; төлем карточкасын пайдалана отырып, сондай-ақ халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы төлемдер жүргізудің және ақша аударудың талаптары мен тәртібін анықтай алады. «Банкоматтардың жұмысы». Осы жерде екінші деңгейдегі банктер банкоматтарының жұ­мысы туралы, сондай-ақ солар арқылы жүр­гізілген операциялар туралы пікір білдіруге, шағымдануға болады. «Басқалары». Егер пайда­ланушының сұрағы жоғарыда аталған санаттардың біріне сәй­кес келмесе, онда оны осы жерге жіберу қажет. Сонымен бірге, «ҚҰБ Online» пайдаланушыларына KASE-тегі сауда-саттық нәтижелері мен валюталар бағамдары туралы өзекті ақпарат, қаржы на­рығы бойынша деректер және қаржы реттеушісінің басқа да жаңалықтары алғашқылардың бірі болып қолжетімді болады. Қосымшаға күнделікті жаңар­тылып отыратын жаңалықтар жолағы енгізілген. Айта кетерлігі, бүгінгі күні «ҚҰБ Online» мобильді қосым­шасында 2 мыңға жуық пайдаланушы тіркелген, олар қаржы реттеушісіне шамамен 400 сұрақ жіберді. «ҚҰБ Online» мобильді қосым­шасы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде App Store және Play Науket дүкендерінде тегін көшіріп алу үшін қолже­тімді екенін атап өтеміз. Бұл қосымшаны көшіруге берілген сілтеме Ұлттық Банктің www.nationalbank.kz Интернет-ресурсында және Ұлттық Банктің әлеуметтік желілердегі ресми парақ­тарында орналастырылған. Бетті дайындағандар Марат АҚҚҰЛ, «Егемен Қазақстан» және Алевтина ДОНСКИХ
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.05.2018

Солтүстік Қазақстан облысы мен «CLAAS» компаниясы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Торғайдағы Ахмет Байтұрсынов туған үй жөнделетін болды

20.05.2018

Қостанай облысында 18-ші өрт сөндіру бекеті ашылды

20.05.2018

Қостанай қаласы «мерейлі отбасын» таңдады

20.05.2018

Батыс Қазақстан мен Астана әріптестік туралы меморандумға қол қойды

20.05.2018

Каспий жағалауында суға шомылу маусымына байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

20.05.2018

Ақтөбе және Орынбор облыстары ресми делегацияларының кездесуі өтті

20.05.2018

Павлодарда партиялық жоба аясында IT-орталық ашылады

20.05.2018

Екібастұздағы «Шығыс» кенішіне «Liebherr R-976 Litronic» экскаваторы әкелінді

20.05.2018

Павлодарда Медиаторлардың республикалық форумы өтті

20.05.2018

Павлодарда ауыл шаруашылық жерлері электронды картаға түсіріледі

20.05.2018

Павлодарда жүргізушілердің төленбеген көлік салығы 670 миллион теңгеге жеткен

20.05.2018

Хорватия Астанада дипломатиялық өкілдік ашпақ

20.05.2018

Самал Еслямова Канн кинофестивалінде үздік актриса атанды

20.05.2018

20 мамырға арналған ауа райы

20.05.2018

ҚарМУ-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылады

19.05.2018

АЭФ-2018 аясында жаһандық трансформация жағдайындағы азаматтық қоғам институттарының рөлі талқыланды

19.05.2018

Қазақстандық сарапшылар ғаламдық дамудың басты бес мегатренді туралы пікір білдірді

19.05.2018

Н. Назарбаев атап өткен бес мегатренд АЭФ-2018 алаңдарында кеңінен талқылануда

19.05.2018

QazaqGeography «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының» кезектен тыс съезі өз жұмысын бастады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Қазақ қызы осындай

Ұлттық дүниетаным ілімінде халық­тың гүлі қазақ қызының болмысына, әдеп-ілтипатына, сұлулық, ізеттілік қасиеттеріне қатысты «Қызда оттай ыстық мейір бар», «Қызда 40 періште бар», «Қызда 40 көліктік бақыт бар», «Қыздың қабағында құт бар», «Қыз назы 40 кісіні мас қылады», «Қыз 40 істің қисынын біледі», «Бұрынғының қыздары бармағының шұңқырындағы асқа тояды» дейтін сұлулықтың тұңғиық сырларын мәлімдейтін інжу-маржан ойлар, толғамдар, лала лебіздер бар.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу