«Біз мұндайды армандаған да жоқпыз!..»

Универсиада астанасы Алматының өзінде өтетін Алау эстафетасына қаты­сушылардың бірі – белгілі қаламгер, спорт журналистикасының көрнекті өкілі Несіп Жүнісбаев. Межелі күн таяған тұста ағамызға жолығып, аз-кем әңгімеге тартқан едік.
Егемен Қазақстан
30.01.2017 1895

– Несіп аға, алаугер болыпсыз, құтты болсын!

– Айтсын. Алау эстафетасына қа­ты­сатын 29 адам Алматы қала­сы­ның әкімі Бауыржан Байбектің қа­был­дауында болдық. Арамызда Олим­пиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров, Ермұхан Ыбрайымов, Ольга Шишигина, Дмитрий Баландин, Республикалық спорт колледжінің директоры Амалбек Тшанов, ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, өнер адамдарынан Сәкен Майғазиев, Қайрат Нұртас секілді елімізге бел­гілі тұлғалар бар. Мені алаугерлер қа­тарына шақыруы спорт журналисти­касына деген құрмет деп білемін. Мұ­ның алдындағы қысқы Азиадада да алау алып жүгірген болатынмын. Еңбегімізді бағалағаны шығар…

– Сіз қай аралықта жүгіресіз?

– Сейфуллин көшесі бойымен төмен қарай Қазыбек би көшесінен Төле би көшесіне дейін 200 метр жүгірдім. Мен 200 метр жүгірген кезде бір дарынды баланың жүрегінде спортқа деген махаббат отын жаға алсам, бір мақсатқа жеттім деп есептер едім. Қазақстан бойынша әрбір алаугер бір баланың спортқа деген ықыласын тудырса, яғни 800 баланың жүрегінде от жақса, тамаша емес пе?!

– Универсиада туралы ойыңыз қандай?

– Өткен ғасырдың 70-ші жыл­да­рындағы Сейдахмет Бердіқұлов, Сұлтанғали Қаратаев,  Жақсылық Темірбеков ағаларымыздың заманын­да біз мұндайды армандаған да жоқ­пыз. Қазақстанда осындай спорт ғимараттары салынады, Азиада, Уни­версиада өтеді деген үш ұйықтасақ тү­сімізге кірмеген. Бұл деген еліміз өркениет көшіне ілесті деген сөз. Соған қуану керек. Кейбір керауыз БАҚ  көп ақша кетеді, осының не керегі бар деп сарыуайымға салынады. Мен айтар едім: иә көп ақша кетеді, бірақ бұл біздің спортымыздың дамуына дүмпу, қозғалыс болмай ма? Қаншама спорт нысандары салынды, солардың бәрі келешекте ел игілігі үшін жұмыс істейді ғой. Алатауымыз, «Медеуіміз», «Шымбұлағымыз» бар, соларды әлемге әйгілей бергеннен ұтылмаймыз. Анда-санда, жиырма жылда бір үлкен спорт жарысын өт­кіз­бегенде оларды не істейміз?

– Сіздіңше осы Универсиадада Қазақ­стан құрамасының мүм­кін­дік­тері қандай?

– Әрине, Қазақстан топ жара қоймас, Италия, Норвегия, Ресей және басқа да қысқы спорты мықты елдер бар. Біз үштіктің, бестіктің ішіне іліксек те үлкен олжа. Қазақ елінің намысын қашанғы Смирновтар мен Ковальчуктар қорғайды? Енді кезек өзіміздің қыз-жігіттерге келді. Кешегі Сочиде жүлдеге бір табан жақын болған, бүгінде талай додаларда топ жарып жүрген шорт-трекшілер Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев, Аслан Даумов, фристайлшы, әлем чемпионаты мен Әлем кубогының күміс жүлдегері Жанбота Алдабергенова сияқты дарынды спортшыларымыз бар! Соларды көрсетуіміз керек, шашбауын көте­руіміз керек. Журналистерге айтарым: Универ­сиаданың көлеңкесін емес, күнгейін көрсету қажет. Егемен елімізді дәріптей білуіміз керек.

– Қазір өзіңіз қайда қызмет іс­тейсіз?

– Мен қазір «Қазспорт» телеарнасында келісімшарт бойынша сарап­шы-редакторлық қызметтемін, теле­жур­налистердің тілі мен стилінің дұрыс болуын қадағалаймын, мүмкіндігінше ақыл-кеңесімді берем. Тіл дұрыс болуы керек, қазақтың көркем тілі спортта да үстемдік құруы үшін еңбек етіп жатқан жайым бар.

– Әңгімеңізге рахмет! Қазақ елінің спорттағы абыройы арта берсін!

Қайрат ӘБІЛДИНОВ,

«Егемен Қазақстан»

АСТАНА

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2017

Абаев Қазақстан мен АҚШ президенттерінің телефонмен сөйлесуіне пікір білдірді

21.09.2017

Дәурен Абаев: ИЫҰ саммитінің мәртебесі ЕҚЫҰ саммитінен кем түспейді

21.09.2017

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор - министр Абаев

21.09.2017

Ұлттық ұланның халықаралық турнирі басталды

21.09.2017

ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне атсалысқан ерікті жастар марапатталды

21.09.2017

Астанада EXPO-2017 көрмесінің 16 «жасыл» жобасы іске асырылмақ

21.09.2017

«Kostanay Invest–2017» инвестициялық форумында 26  меморандумға қол қойылды

21.09.2017

Келер жылы мектеп бағдарламасына қоғам және дінтану сабағы енгізілуі мүмкін

21.09.2017

Қазақстанда қалайы өндіруге салық мөлшері азайтылмақ

21.09.2017

Біртанов МӘМС бойынша жиын өткізді

21.09.2017

Чемпиондар лигасының 2019 жылғы финалы Мадридте өтетін болды

21.09.2017

Жас журналистерге арналған жоба іске қосылды

21.09.2017

Студенттерге елордадағы хостелдерден жеңілдік ұсынылды

21.09.2017

«Zhangyru» корпоративтік оқыту» жобасына іріктеу басталды

21.09.2017

ЭКСПО-2017 Маңғыстау облысына қуатты серпін берді - Е.Тоғжанов

21.09.2017

Отбасылық еңбек өтілі 100 жылдан асқан ұстаздар марапатталды

21.09.2017

Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен партиялық тыңдау өтті

21.09.2017

Мемхатшы әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін талқылады

21.09.2017

Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды

21.09.2017

Сағынтаев экономика мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің кезекті отырысын өткізді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Сапасыз білім сан соқтырады

Спортшылардың «спорттық ғұ­мы­ры» қамшының сабындай қыс­қа. Жұрттың бәрі Головкиндей отыз­дың жуан ортасында жай оғындай жар­қылдап жүрмейді. Жасы келіп, күш-қуаты кемігенде боксшы қолғабын, фут­­болшы бутсысын шегеге іледі. Иә,­­ талай жылғы серігімен қош ай­­­тыс­қан ардагер спортшының қай-­қайсысы болса да «Әрі қарай не­ істеймін?» деген тағдыршешті сұрақ­қа түбі бір маңдай тірейді. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Өрелі өрен іздеймін

Халқымыз  «Ұлың өссе ұлық­ты­мен, қызың өссе қылықтымен ауылдас бол» деп бекер айтпаған. Өйткені, жа­ңа көктеп келе жатқан жас шыбық қа­тарына қарап бой түзейді, бір-бі­рінің ойын байытады немесе кері әсерімен қисық, қыңыр болып өсуіне де әсерін тигізеді. Қанатты сөз осындайларды көріп ой түйгеннен туса керек.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Такси мен «тәбет»

Астанадағы автобустардың қыз­мет көрсету сапасы жайлы мақала шық­қан­нан кейін («Қоғамдық көлік және жолаушы мәдениеті», «Егемен Қазақ­стан», 7 қыркүйек, 2017 жыл) бірнеше оқырман хабарласып, «Так­сист болып бір-екі күн жұмыс істеп көріңізші, біраз мәселеге қанығар едіңіз» деп ой тастады. 

Жанат МОМЫНҚҰЛОВ, Сарапшы

Қазақстанның миссиясы айқын

Еліміздің сыртқы әлемдегі абы­рой-атағы мен халықаралық бе­делі жүзеге асырылып жатқан ірі­ бас­тамалар мен кең ауқымды іс-шаралардан көрініс тауып, өзі­нің тиісті бағасын алып отыр. 

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Рухани айналымға түспеген фильмдер

Кино туралы сөз қозғалса, жұрттың назары әсіресе тарихи-биографиялық, комедиялық фильмдерге көбірек ауатыны белгілі. Қоғамдық пікір негізінен осы екеуінің айналасында өрбіп жатады. Қазіргі біздің жағдайы­мыз да дәл осындай. Оның себебі түсі­нік­ті ғой.  

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу