Бөлінген қаражат мақсатты игерілуі тиіс

Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге дайындық барысы және 2016 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру жайы талқыланды.
Егемен Қазақстан
29.03.2017 650

Көктемгі егіске дайындық көңілден шыға ма?

Ауыл шаруашылығы бірін­ші вице-министрі Қайрат Айту­ға­новтың айтуынша, биыл ауыл­ша­руа­шылық дақылдарын 22 млн гек­тар алқапқа себу жоспарланып отыр, өткен жылғымен салыс­тырғанда 311 мың гектарға артық. Мұның ішінде көктемгі егіс алқабының көлемі 18,5 млн гектарға жуықтайды. Дәнді дақылдар 15,1 млн гектар жерге егіледі, ал бидай  12,1 млн гектар алқапқа себілмек. Бұл дақыл өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 339 мың гектар алқапқа азайтылған. Сонымен қатар, су сіңіретін дақылдар алқабын азайту көзделіп отыр. Мәселен,  күріш алқабы – 1,9 мың гектар, мақта алқабы 4,6 мың гектарға қысқартылып, басымдықты дақылдар алқабы арттырылады. Сондай-ақ, вице-министр мал азығы дақылдары (арпа, сұлы, дәндік жүгері, бұршақ, ноқат) алқабы 208 мың гектарға, жарма дақылдары алқабы 10 мың гектарға  арттырылатынын жеткізді. Майлы дақылдар алқабы 2,1 млн гектарға дейін жеткізіледі.

Ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерді жоғары сапалы тұқымдармен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бағ­дар­лама аясында тұқым шаруашы­лығын қолдау тетігі жетілдірілді. Айталық, биылдан бастап түпкі және таңдаулы тұқымдарды субсидиялау қайта жандандырылады, ал алғашқы репродукция тұқымдары тек басымдықты дақылдар бойынша, минималды нормаларсыз субсидияланатын болады. Сонымен бірге, жеміс-жидектер мен жүзімдердің таңдаулы көшеттерін, бірінші буындағы гибридтерді субсидиялау жалғасады, деп атап өтті Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.   Биыл сондай-ақ, мемлекет АӨК-тің 1500 субъектісіне көктемгі егіс және оны жинау жұмыстарын жүргізу үшін шекті мөлшерлемесі жылына 6 пайыздан аспайтын қаржыландыру жүзеге асырылмақ. Осы жылы көктемгі егіс және оны жинау жұмыстарын қаржыландыруға 60 млрд теңге сомасында бюджеттік несие бөлінген.

2017 жылдың басындағы жағдай бойынша республикада 153 мың трактор, 83 мың тұ­қым сеп­кіш, 292 мың топырақ өңдей­тін құ­рал-жабдық, 5 мың бүркуіш, 3,6 мың заманауи өнімділі­гі жоғары егіс кешені бар. Ал көк­тем­гі егіс жұ­мыс­тарын уақтылы жүр­гізумен қамта­масыз ету мақ­сатында дизель отынының 375 мың тонна кө­ле­міндегі қажетті көлемі анықталған.

Премьер-Министр Б.Са­ғынтаев облыс әкімдерінің де көк­темгі егіс науқанына дайын­дық­тары жайында есептерін тың­дап, жауапты мемлекеттік орган­дарға алдағы жұмыстарды жүргізу аясында бірқатар тапсырма берді.

Премьер-Министр Үкімет тарапынан көктемгі егіс жұмыстарын қаржылық және материалдық-тех­никалық қамтамасыз ету бойынша барлық шешімдер қабылданғанын атап өтті. Осыған байланысты бар­лық ауыл шаруашылығы жерлері тиімді пайдаланылуы керек. Бюджетте егістік үшін қарас­ты­рылған қаражат қатаң түрде өз  мақсатына бағытталуы тиіс, бұл мәселе тұқымдарды субсидиялауға да қатысты айтылды.    

Премьер-Министр Б.Са­ғын­таев өзінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мыр­­захметовке Энергетика министрлігімен бірлесе отырып ауыл­шаруашылық тауар өндіруші­лерін дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, «ҚазАгро» холдингіне ақшалай қаражатты уақтылы бөлу және ауылдықтар үшін оның қолжетімділігін қам­тамасыз ету тапсырылды.

Индустрияландыру индикаторы қандай?

Үкімет отырысында қаралған келесі мәселе – 2016 жылдың қоры­тындысы бойынша 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік индус­триялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бағдарлама мен оны іске асыру бойынша шаралар жос­парында 4 мақсатты индикатор және 10 нәтижелер көрсеткіші қарастырылған. Бағдарламада жос­пар­ланған 10 нәтижелер көрсет­кішінің 2016 жылғы қорытын­ды­сы бойынша 8-і жүзеге асырыл­ған. Нәтижесінде, дәстүрлі сек­тор­­лар­дағы кәсіпорындарды жаң­ғыр­ту есебінен қолданыстағы өнді­ріс­терді жаңғырту мен кеңейту бойын­ша, жалпы сомасы шамамен 68,7 млрд теңге болатын, еліміздің 7 өңірін­де 10 жоба іске асырылған.

«Жалпы, бағдарламаның инди­каторлар мен нәтижелер көрсет­кішінің жүзеге асырылу деңгейі 84,6 пайызды құрады», деді Ж.Қа­сымбек. Ал, шаралар жос­парының тармақтарын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іске асыру деңгейі 97,6 пайызды құраған.

2016 жылы Индустрияландыру картасы аясында 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары ашылыпты. Өз кезегінде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов те бұл бағыттағы жұмыстардың жүйелі жүріп жатқанын алға тартты. «Бағдарламаны жүзеге асыру қорытындыларын оң деп бағалауға мүмкіндік бар деп санаймыз», деді министр.

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев баяндамашыларды тыңдап болған соң өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық қайта жарақтандыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.  Премьер-Министр Мемлекет басшысы өз Жолдауында индустрияландыру мәселелерінің маңызды рөлі көрсетілген Қазақстанның үшінші жаңғыруын іске асыруға байланысты тапсырма жүктегенін атап өтті.

«Бізге Индустрия 4.0 элемент­терін енгізумен қатар, өнеркәсіптің базалық салаларын технологиялық  қайта жарақтандыру бойынша ауқымды әрі көп еңбекті талап ете­тін жұмыстар істеу қажет», – деді Б.Сағынтаев. Сонымен қатар, Пре­мьер-Министр еңбек өнім­ділігін одан әрі арттыру мәселе­леріне баса назар аудару қажет­тігін айтты. Қазақстандағы инвести­ция­лық ахуалды жақсарту және шикі­зат­­тық емес экспортты дамыту бо­­й­ын­ша бірқатар тапсырмалар берді.

Премьер-Министр қазіргі сәтте Үкіметтің инвестициялар­ды тарту жүйесін өзгерту бойын­ша жұмыстар жүргізіп жатқа­нын және биылғы жылдың маусым айының соңына дейін Инвес­ти­ция­ларды тарту бойынша ұлттық стратегия әзірленетінін, соны­мен қатар, бірыңғай ақпарат­тық-мониторингтік жүйе енгіз­іле­тінін атап өтті. Бұл шаралар ин­вес­тициялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Сонымен қоса, Үкімет басшысы жұмыс көрсеткіштерінің бірі инвесторларға ұсынуға болатын пысықталған жаңа жобалар болуы тиіс екеніне назар аударды. Осыған орай индустрияландыру басымдықтарына сай келетін жобаларды сапалық тұрғыдан іріктеуге ерекше көңіл бөлу қажет. Сондай-ақ, Премьер-Министр Мемлекет басшысы Үкімет алдына шикізаттық емес экспорт көлемін 2025 жылға қарай 2 есеге дейін арттыру туралы міндет қойғанын айтты. Қойылған міндетті жүзеге асыру экспорттық қолдау жүйесін «қайта жүктеу» бойынша жүргі­зілетін жұмыстарды ескерумен және жалпы экономиканың басым сала­ларында бәсекеге қабілетті экспорт­тық өндірістерді дамытумен жүзеге асырылуы тиіс. Пре­мьер-Министрдің бірінші орынба­сары А.Маминге аталған мәсе­лелерді бақылауда ұстау жүктелді.  

Мәселенің бәрі Үкімет назарында

Айтқандай, Үкімет отырысы­ның басында ағымдағы мәселелер жайы да сөз болды. Мәселен, Пре­мьер-Министр бұрнағы күні Қызылорда облысында Сырдария өзенiнде су тасқыны басталғанын айтып, аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев пен IIМ басшысы Қалмұханбет Қасымовтан жағдайды баяндауды сұрады. Тиісті шаралар дер кезінде қолға алынуы керектігін баса айтты. Үкімет басшысы сондай-ақ, кешелі бері қоғам назарын аударған тағы бір мәселе − Ақтөбедегі газ тапшылығының туындауына қатысты да мән-жайды сұрады. Бұл ретте Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Энергетика министрі Қанат Бозымбаев сөз алды. Олар аймақтағы сұйық отынның жетіспеушілігінің алдын алу шаралары туралы есеп берді.  Премьер-Министр мәселені Үкіметтің назарда ұстайтынын айтып, жанармай тапшылығын жою бойынша алдын ала жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан»



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2017

Транзиттік әлеует артады

21.09.2017

Бізді біріктіре түседі

21.09.2017

Жаңғыру мен дамудың ұстыны

21.09.2017

Латын әліпбиі тілді жаңа сапалық деңгейге көтереді

21.09.2017

Сапасыз білім сан соқтырады

21.09.2017

Өрелі өрен іздеймін

21.09.2017

«Қасиетті Қазақстан» картасы жасалуда

20.09.2017

ОҚО-да топырақсыз жем-шөп шығаратын жаңа қондырғы іске қосылды

20.09.2017

Ресей жинақ банкінің Басқарма төрағасы өзі оқыған мектебіне тарту жасады

20.09.2017

Оралда балалар кафесіне айналған ұшақ қызмет көрсетеді

20.09.2017

«Qazaqstan3D» веб-сайты мен «Жеті қазына» жобасы таныстырылды

20.09.2017

Дәурен Абаев жалған ақпарат таратқан БАҚ-қа жүктелетін міндетті айтты

20.09.2017

Жетістікке жетуіңе қай жерде туғаның да әсер етеді

20.09.2017

Солтүстік Корея санкцияны елейтін емес

20.09.2017

ЭКСПО-2017 кезінде 9 мың адам медициналық көмекке жүгінген

20.09.2017

«Астана» қаржы орталығы инвесторларға теңдессіз жеңілдік ұсынбақ

20.09.2017

Елімізде арбитраж орталығы мен тәуелсіз қаржы соты құрылады

20.09.2017

Мәжілісте транзиттік әлеуетті күшейтетін заң жобалары мақұлданды

20.09.2017

Бесқарағайда Нұрлыбек Баймұратовтың 130 жылдығына орай айтыс өтеді

20.09.2017

Астанада 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Сапасыз білім сан соқтырады

Спортшылардың «спорттық ғұ­мы­ры» қамшының сабындай қыс­қа. Жұрттың бәрі Головкиндей отыз­дың жуан ортасында жай оғындай жар­қылдап жүрмейді. Жасы келіп, күш-қуаты кемігенде боксшы қолғабын, фут­­болшы бутсысын шегеге іледі. Иә,­­ талай жылғы серігімен қош ай­­­тыс­қан ардагер спортшының қай-­қайсысы болса да «Әрі қарай не­ істеймін?» деген тағдыршешті сұрақ­қа түбі бір маңдай тірейді. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Өрелі өрен іздеймін

Халқымыз  «Ұлың өссе ұлық­ты­мен, қызың өссе қылықтымен ауылдас бол» деп бекер айтпаған. Өйткені, жа­ңа көктеп келе жатқан жас шыбық қа­тарына қарап бой түзейді, бір-бі­рінің ойын байытады немесе кері әсерімен қисық, қыңыр болып өсуіне де әсерін тигізеді. Қанатты сөз осындайларды көріп ой түйгеннен туса керек.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Такси мен «тәбет»

Астанадағы автобустардың қыз­мет көрсету сапасы жайлы мақала шық­қан­нан кейін («Қоғамдық көлік және жолаушы мәдениеті», «Егемен Қазақ­стан», 7 қыркүйек, 2017 жыл) бірнеше оқырман хабарласып, «Так­сист болып бір-екі күн жұмыс істеп көріңізші, біраз мәселеге қанығар едіңіз» деп ой тастады. 

Жанат МОМЫНҚҰЛОВ, Сарапшы

Қазақстанның миссиясы айқын

Еліміздің сыртқы әлемдегі абы­рой-атағы мен халықаралық бе­делі жүзеге асырылып жатқан ірі­ бас­тамалар мен кең ауқымды іс-шаралардан көрініс тауып, өзі­нің тиісті бағасын алып отыр. 

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Рухани айналымға түспеген фильмдер

Кино туралы сөз қозғалса, жұрттың назары әсіресе тарихи-биографиялық, комедиялық фильмдерге көбірек ауатыны белгілі. Қоғамдық пікір негізінен осы екеуінің айналасында өрбіп жатады. Қазіргі біздің жағдайы­мыз да дәл осындай. Оның себебі түсі­нік­ті ғой.  

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу