Бокс: Әкесіне қарап ұл өсер

Егемен Қазақстан
31.01.2014 216
Eleusinovter boxing   Дәурен мен Данияр Елеусіновтердей екі чемпионды боксқа баулып, шаршы алаңда өнер көрсетудің қыр-сырын үйреткен, қазірде сол жігіттердің жеке жаттықтырушысы болып жүрген Марат Елеусінов жақында 2013 жылдың «Жыл бапкері» сыйлығын алды. Жақында біз еліміздің Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі тағайындаған жүлдесімен ағамызды құттықтап, білікті бапкермен әңгімелесуді жөн көрдік. -Марат аға, «Жыл бапкері» атағымен құттықтаймыз! -Рахмет, бапкердің еңбегі көрініп, бағаланып жатса нұр үстіне нұр. Кім кімге де абырой. -Боксқа қалай келдіңіз? Әңгімені содан бастасақ. -Мен бокспен әскер қатарында жүріп айналыса бастадым. Ауылда өскен баламыз ғой, бокстың не екенін білген жоқпыз. Әскери борышымды өтеп келгеннен кейін, Алматыдағы халық шаруашылығы институтының дайындық курсына оқуға түстім. Онда Ғазиз Құдайбергенов деген бапкермен таныстым. Соның қарамағында бокспен айналыстым. Кейіннен, бір себептермен оқуды тастап кетіп,  № 1 автожөндеу ұйымында автослесарь болып жұмысқа кірістім. Сол жерде жұмыс істеп, институттағы бапкерімнің жаттығу залына барып жүрдім. Жаттықтырушым мені шеттеткен жоқ. Керісінше, жарысқа дайындап, маған институт біріншілігіне қатысуыма мүмкіндік берді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, оқудан шығып кетсем де кафедрамның атынан чемпион атандым. Содан кейін қаланың біріншілігін ұтып алдым. Ол кезде 20 жаста болатынмын. -Сіз Балқашта Олимпиада чемпионы, «Вэл Баркер» кубогының иегері Василий Жировтың бапкері Александр Апачинскийден тәлім алдыңыз ғой. -Иә, спортшы жігіттермен танысып, солар оқитын Балқаштағы педагогикалық училищенің дене шынықтыру бөліміне барып, емтиханды «жақсы» деген бағаға тапсырып оқуға түстім. Сөйтіп, Апачинский бапкерге бардым. Сол кісіде айналысып жүріп «Металлург» стадионындағы жаңадан ашылған бокс үйірмесіндегі басқа жаттықтыршыға ауысып кеттім. Училищені аяқтағанша сол жерде жаттықтық. Біраз жарыстарға қатысып, жеңгеніміз де, жеңілгеніміз де бар. Менің жете алмағаныма екі ұлым жетсе де армандап жүруші едім. -Бапкерлікті бастаған кездегі ең алғашқы жетістігіңіз есіңізде ме? -Әрине, әлі есімде. 1985 жылы Балқаштағы училищені аяқтағаннан кейін ауылға қайттым. Батыс Қазақстан облысы Казталовка ауданындағы ауылға оралдық. Сол жерде мектепте де тәрбие жөніндегі мұғалімі болып жүріп, ауыл  балаларына бокс секциясын аштым. Көршілес Ресейдің Саратов облысындағы жарысқа балаларымды апарып жүрдім. Сонда алты балам жеңімпаз болып атанды. Осы жетістіктен кейін аудан басшылығы да боксқа көңіл бөле бастады. Содан кейін біздің облысымызда жылда өтетін жарыстарға шақырту ала бастадым. Жарыста біздің балалар екі алтын, екі күміс, бір қола медаль жеңіп алды. Ал жарыстан оралғаннан кейін бүкіл ауыл болып, той жасадық. Міне, сондай қызық кездер де болды. -Кеңес өкіметі ыдырап, қиын-қыстау заман болған кезде, спорт та біраз күйзеліске ұшырады емес пе? Сол кезді қалай өткердіңіз? -Иә, Кеңес өкіметі тарағанда жағдайымыз шынымен  қиын болды. Сол кезде мұғалімдікті қойып, коммерциямен айналысып кеттім. Мәскеуден халық тұтынатын тауарларды алып келіп, соны саттық. Бірақ, кейіннен 1998 жылы ауылдан Орал қаласына көшіп келдік. А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтына оқытушы болып жұмысқа тұрдым. Сол жерде бокс үйірмесін ашып, студенттерді жаттықтырдым. Дегенмен, айлық жетпейді. Сондықтан, қосымша мектепте дене тәрбиесі пәні мұғалімнің қызметін қатар атқарып жүрдім. -Үлкен ұлыңыз Дәурен боксқа қалай келді? -Ең бірінші бастаған Дәурен. Ол 12 жасынан бокспен айналысты. Институтта студенттердің жаттығуларынан кейін Дәуреннің сыныптастарын жинап алып, 20 шақты баланы дайындадым. Дәуренді жарыстарға жібере бастадым. 2000 жылы Тараз қаласында жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Ол жарыс Серік Қонақбаевтың Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегері атанғанына 20 жыл толуына арналды. Сол біріншілікке Дәурен мен оның браз сыныптасарын алып бардым. Бірақ, жарыс басталғалы жатқанда анам қайтыс болғанын естіп, үйге қайтып кеттім. Дәурен үшінші орын,тағы бір оқушым екінші орын алды. Бұл жаман нәтиже емес. Бұрын соңды Оралдан бокс спортынан Қазақстан чемпионатында орын алғандар болмаған. Осыдан кейін біздің бокс үйірмесіне көңіл бөліне бастады. 2001 жылы Атбасарда жасөсірімдердің ел чемпионаты өтіп, сол жарыста Дәурен чемпион атанды. 2002 жылы спартакиадада чемпион болды. 2003 жылы жастар арасында Қазақстан чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ұлттық құрамаға алынды. 2004 жылы жастар арасында ел чемпионы атанды. Сол жылы әлем чемпионаты болуы керек еді. Алайда Сеулдегі жарысқа Дәурен былай тұрсын, екінші, үшінші орын алған боксшылар емес, үштікке кірмей жүрген бала кетті. Дәурен бара алмай қалды. 2004 жылы ересектерге ауысты. Сол жылы ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатына қатысып, финалда 22:21 есебімен Бақыт Сәрсекбаевқа жол берді. Ұлттық құрамаға алынды. 2005 жылы Атырауда Қазақстан чемпионы атанды. -Дәурен бір жылдары Афина Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевқа мықты қарсылас атанып жүрді ғой. Бірнеше рет финалдық жекпе-жекте кездесіп еді. -2006 жылы Астанада Президент Кубогы өтіп, финалда Дәурен Бақтияр Артаевпен кездесті. Осы кездесуде Бақтияр жеңіске жетті. Сол жылы екеуі Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатының финалында тағы да кездесіп, Артаев сәл басымдықпен ұтты. Осыдан кейні Дәурен 75 килода Артаевтан кейін ұлттық құрамада екінші нөмірлі боксшы болды. Біз үшін Олимпиада чемпионы Артаевтан кейін екінші нөмірлі боксшы болу үлкен абырой болды. Соның өзін үлкен мақтан тұттық. Студенттер арасындағы өткен әлем чемпионатында чемпион атанды.

$12009    жылы Қазақтан чемпионы атанып, Азия чемпионатында қола жүлде алды.

 -Дәурен туралы айттыңыз. Қазіргі таңда ұлттық құраманың капитаны болып жүрген Даниярды қалай боксқа баулыдыңыз? Оның боксқа деген ынтасын қалай байқадыңыз? -Боксқа негізінен 10 жастан алынады. Ал бірақ Данияр ерте айналысып кетті. 8 жасынан бастап, Дәуренге жаттығу жүргізіп жатқан кезде залға келіп жүреді. Ілініп тұрған қапты ұрады. Бір күні 1989 жылы туған,бокспен  алты айдай айналысып жүрген балаларға спарринг жасатып жатқанмын. Бойы кішірек бала болған. Бір кезде Данияр қасыма келіп: «Әке, мен мына баламен шаршы алаңға шығайыншы», деді. Ой, балам қой, оның сенен жасы үлкен, алты ай шұғылданып жүр, сен әлі айналысып жүрген жоқсын дедім. Жалынып, шығайыншы деп болмай қойды. Жарайды деп шығардым. Қарасам, Данияр соққы өткізбейді. Артқа шалқайғанда, қарсыласының қолы жетпей қалады, қарсы соққы жасап үлгеріп жатты. Осыны көргеннен кейін, айналысып жатқан топқа қосып қойдым. -Көп ұзамай алғашқы жетістіктерге де жете бастады ма? -2004 жылы жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатына қатысып, чемпион болды. Ең бірінші рет бапкерлердің көзіне түскен еді. 2006 жылы өз салмағында Қазақстан чемпионы атанды. Жасөспірімдер құрамасына алынды. Азия чемпионатынан алтын медаль алып келді. Одан кейін кадеттер арасында әлем чемпионатында топ жарып, әлем чемпионатының үздік боксшысы атанып келді. Данияр 2007 жылы кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қола алды. 2008 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. -Кез келген адам өзін-өзі жетілдірумен айналысу керек. Солай ғой. -Әрине, міндетті түрде бір орында тұра бермей, біліміңді, біліктілігіңді жетілдіру қажет. Мәселен, жарыстарға барып, оқу-жаттығу жиындарында жүргенде тәжірибесі мол Нұрғали Сафиуллин, Дамир Буданбеков сияқты кісілердің істегенін көріп көп нәрсе үйренесін. Тәжірибе сондай кезде жинақталады. -Марат аға, екі ұлыңызды кішкентайынан жаттықтырып келесіз. Әрі әке, әрі бапкерісіз. Сізден артық қос спортшыны ешкім білмейді. Екеуінің шаршы алаңдағы қимылдарын сипаттап берсеңіз. -Екеуі екі түрлі. Данияр техникалық жағынан шебер болатын болса, Дәурен күшке иек артады. Екеуінің мәнері екі бөлек. Даниярды тура Дәурен сияқты жаттықтыратын болсам, Даниярдан бүгінгідей боксшы шықпай қалушы еді. Дәурен қуатты, Даниярға қарағанда бұлшық еттері өзгеше. Данияр соққы өткізбей, қимылдағанды жақсы көреді. Дәурен өзі бір соққы өткізсе, екі соққымен жауап қайтарғанды ұнатады. Уақытынан бұрын қарсыласын құлатып тастауды қалайды. Данияр өте сезімтал, қарсыласы ұрмай жатып қалай ұрайын деп жатқанын байқап үлгеретін қасиеті бар, қабілеті жоғары. -Сіз қандай бапкерсіз? Қаталсыз ба? -(Ойланып барып) Қаталдығым да бар? Қатал болатын жерде қаталмын. Талап қоятын жерде талап қоямын. Қазір көшеде баланы қызықтыратын нәрсе көп. Талап етпесең, сәл қатал болмасаң, баланы жоғалтып аласын. Қалада қыдыратын жер көп. Түнгі клуб дегендей. Сондай жерлерге бармауға шек қоюға тура келді. Екеуі де одан  аулақ. Ондай жерлерге бармайды. -Ұлттық құрама команданың бапкерісіз. Қазір қандай дайындық жүріп жатыр? -Ақпанның бесінде Астанада оқу-жаттығу жиыны басталады. Бірлескен жаттығуға Ресей, Англия құрамалары келеді. Сосын елордада төрт құраманың мачтық кездесулері өтеді. Оған жаңа аталған үш құрамадан басқа Өзбекстан боксшлары қатысады. Таулы аймақта жаттығу жиынын жасап келдік. -Елеусіновтер әулетінде екі боксшы, бір бапкер бар. Жаттығудан үйге келгенде, бокс туралы сөйлесіздер ме? Әлде басқа тақырыптарды әңгімеге арқау етесіздер ме? -Көбіне бокс. Оралда Сәкен деген досым бар. Сол жолдасым балаларына: «Марат ағаның үйіне барамыз, жүріңдер» десе, баласы бармаймыз деп айтады екен. «Өй жүріңдер. Дәурен, Даниярлармен ойнайсыңдар» десе балалары: «Олар ойнамайды, олар тек бокстаса береді» дейді екен (күліп). -Қызықты оқиғаны еске түсіре аласыз ба? - Дәурен төрт жасында қолын сорпа күйдіріп алған еді. Содан кейін өзіміз оны киіндіріп,  жүретінбіз. Соған үйреніп кеткен қой. Жаттығуға баратын болса, сөмкесі дайын тұрады. Анасы не керек, бәрін дайындап қоятын. Соған әбден үйреніп алған. Бір күні, жаттығуға қолына байлайтын бинтсіз келіп тұр. «Бинтің қайда?» деп сұрасам, «Ой, анам салуға ұмытып кетпі» дейді (күледі). -Данияр мен Дәуренді, өзіңізді спорт сүйер қауым жақсы біледі. Ал қос чемпионның анасы, отбасының өзге де мүшелері туралы айтып берсеңіз? -Екі ұлымның қол жеткізген жетістігіне жұбайым Ғалияның қосқан үлесі зор. Тамақтарын, жаттығу киімдерін дайындайды. Тіпті бинттеріне дейін жуып, әзірлеп қояды. Сол балалардың жағдайын жасап отыру үшін, мұғалімдік қызметінен де кетті. Қазір үйдің шаруаларымен айналысады. Алматы облысының тумасы, өзім Батыс Қазақстан облысынанмын. Алматыда жүргенде таныстық. Биыл құда қаласа, отасқанымызға 30 жыл болады. Қызымыз бар. Есімі - Динара. Қазір тұрмыста. Биге әуес болды. Түрлі байқауларға қатысып, жүлделер алып жүрді. Жоғарғы оқу орнында хореография бойыншы білім алды. 2007 Астанаға көшіп келдік. Қызымыз осында мемлекеттік «Наз» би ансамблінде жұмыс істеді. Қазір ішкі әскердің ансамблінде. Дәурен 2010 жылы үйленді. Екі немереміз бар, үлкені ұл 3 жаста, кішісі қыз. 5 айлық. -Ғалия апайымыз, ұлдардың шаршы алаңдағы өнерлерін тамашалай ма? -Осы Астанада болатын жарыстарды қалт жібермейді. Жанкүйер болып отырады. Боксшылардың аты-жөнін, жетістіктерінің бәрін біледі. Басты жанкүйеріміз деуге де болады. -Немере тәтті ғой, аға. Ата болған қалай екен? Боксшы боламын дей ме? -Оқу-жаттығу жиынынан келгеннен кейін, соны сағынып келемін. Алыста жүргенде телефонмен сөйлесемін. Немере өте ыстық болады екен. Әбілмансұр немеремнің ойыны да бокс. Даниярдың 14-15 жаста киген боксшының аяқ киімін, үстіндегі киімін киіп алып, бокс залына барады. Оны шешпейді. Жылап сөмкесіне салып алады. Анда барып киемін дейді. Залда қолын бинтпен орап алып жүреді, соққы жасайды. Боксшы болам десе, еш қарсылығым жоқ. Бокс та өнер ғой. Данияр айтқандай, бокс ол төбелес емес, ол нағыз өнер. -Марат аға, өкінетін, «қап, әттең» дейтін кездеріңіз бар ма? -(Көп ойланып барып) Бар ғой..... Дәуренді жаттықтырғанда былай істеуім керек еді, былай жасауым керек еді деп, кейін сол кезде жіберген қателіктерімді Даниярды жаттықтырғанда жібермеуге, түзетуге тырысасын. Дәурен сол кезде Қазақстан чемпионы бола тұра, жастар арасындағы әлем чемпионатына қатыса алмады. Сол кезде бір әрекет жасауым керек пе еді деп ойлайсын. Бірақ, Аллаға шүкір. Бұйырған кетпейді дейді ғой. Бұйырмаған нәрсе, тіпті қалай тырыссаң да болмайды. -Бапкер тек спорттың қыр-сырын өз тәрбиеленушісінің бойына сіңіріп қана қоймай, әр кезде қолдай көрсететін психолог та болу керек қой? -Әрине. Жеңілістен кейін еш уақытта Дәуренге де, Даниярға да ұрысқан емеспін. «Бәрі жақсы, бәрі дұрыс балам.  Ештеңе етпейді, кейін анализ жасаймыз» деп балаларды жұбатамыз. -Балаларыңыздың қатты уайымдап, қиналған сәттері болған шығар, аға? -Даниярдың қатты қиналған сәті Олимпиадада қол созым жерде медальдан айырылып қалған кезі. Ширек финалда итальян боксшысына жол берген еді. Бірақ бір жылдан кейін, Алматыдағы әлем чемпионатында есесін қайтарды. Жарыстардың бәрін таспаға жазып алуға тырысамыз. Қарсыластарын қимылын, өздерінің жүргізген боксын үшеуіміз отырып қараймыз. Сараптама жасаймыз. -Осындай сараптама жасау біздің ұлттық құрамада тәжірибеде бар емес пе? Алматыдағы әлем чемпионатына солай әзірлік жасадыңыздар ма? -Бұл тек Алматыда өткен әлем чемпионатының алдында ғана емес, ұлттық құрамаға бас бапкер болып Мырзағали Айтжанов келгеннен бері қолға алынған дүние. Барлық оқу-жаттығу жиындарында, бос уақыт кезінде теориялық сабақ өткізіледі. Әр салмақтағы барлық спртшыларды қарап шығып, қателіктерін, ұтымды жақтарын талқыдан өткіземіз. Әр спортшыға көрсетіп, үйретеміз. Ұрыс тактикасын түсіндіріп, оған қалай қарсы тұру керектігі айтылады. -Бапкердің бір күнін алып қарасақ. Күн тәртібіңіз қандай? -Оқу-жаттығу жиынынан бос кезімді алатын болсақ, қыстыкүні қар жауса, ерте тұрып ауладағы қарды күрейміз, жазда бау-бақшамен айналысамын. Бос уақытымды немерелеріме арнаймын, солармен өткіземін. Енді көбіне оқу-жаттығуда жүргендіктен, ол жақта күн тәртібі қатаң болатыны белгілі. Таңғы 7:45-те сапқа тұрамыз, міндетті түрде спортшылармен бірге әнұран орындаймыз. Сосын таңғы жаттығулар. Жаттығу жасап, жаяу серуендейміз. -Бапкерліктен жалыққан кездеріңіз болды ма? -Жоқ. Алда әлі жетпеген белестер, орындалмаған мақсаттар бар. Соларды орындамай жатып, соларға жетпей жатып, шаршасаң қалай оған жетесің?! -Егер 30 жылға артқа оралып, алдыңызда таңдау тұрса, осы бапкерлік жолды қайта таңдар ма едіңіз? -Таңдар едім. Сол кезде жіберген қателіктерді болдырмай, осы жолды таңдар едім. Ұстаз болу тұқымымызда бар. Әкем 43 жыл ұстаз болған кісі. Балуан болған адам, жастық шағында күрескен. Содан біреудің қабырғасын сындырып, ол әкемізді сотқа берген (күлді) содан ешкіммен күреспеймін деп уәде берген. -Кітап оқисыз ба? -Оқу-жаттығу жиынына кеткенде кітап оқимыз. Данияр да кітаптар алып кетеді. Осы соңғы оқу-жаттығу жиынында Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдер жинағын оқыдым. Данияр «Абай жолы» кітабын оқып жүрген. -Аға, өзіңіздің бойыңызда біз білмейін қандай қасиеттеріңіз бар? -Бұрындары аздап домбыра шертіп, гитарада ойнап, ән айтатынмын. Өзім солақаймын, домбыраны да, гитараны да солақай шертетінмін. Қазір оны қойып жүрмін. -Марат аға, уақыт бөліп, бізге сұхбат бергеніңізге көп рахмет. -Сіздерге де көп рахмет! Әңгімелескен, Жігер Азбергенов. Дереккөз:  confederation.kz
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

11.12.2018

Маңғыстау облысының әкімдігі Халықаралық жасыл технологиялар орталығымен меморандумға қол қойды

11.12.2018

Алматы облысында «Маревен Фуд» зауыты іске қосылды

11.12.2018

Жерлесіміз УЕФА Атқару комитеті мүшелігіне ұсынылды

11.12.2018

Ақтөбе облысының жастары сарапшылармен бірге Президент мақаласын талқылады

11.12.2018

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі 100  жылдығын атап өтті

11.12.2018

Қазақстандық автоөнеркәсіп саласына ірі инвестор келді

11.12.2018

Дональд Трамп Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

11.12.2018

Қ.Тоқаев Чехия және Жапония елшілеріне алғыс білдірді

11.12.2018

Қазақстанда ойнайтын үш футболшы Арменияның үздігі атануға үмітті

11.12.2018

Аян Бейсенбаев «Жыл спортшысы» атанды

11.12.2018

Теміртас Жүсіпов: Жылдың үздік боксшысы атағын аламын деп ойламадым

11.12.2018

Елбасы қазақстандық өнім шығаратын үш кәсіпорынды іске қосты

11.12.2018

Ж.Қасымбек әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады

11.12.2018

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 2,9%-ға артты - А.Евниев

11.12.2018

Биылғы мемлекеттік бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды

11.12.2018

Үкіметте жекешелендірудің кешенді жоспарын орындау барысы қаралды

11.12.2018

Н.Нығматулин Чехияның Қазақстандағы Елшісі Э.Жигованы қабылдады

11.12.2018

ЖІӨ тұрақты өсімі үш ай бойы 4,1% деңгейінде сақталып отыр - ҰЭМ

11.12.2018

Алматыда мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды

11.12.2018

Таразда сатушысы жоқ дүкен ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Aqparattar aýqymyndaǵy aqıqat

Taıaýda Almatyda ótken medıaquryltaıda Qazaqstandaǵy buqaralyq aqparat qural­darynyń qazirgi jaı-kúıi keńinen áńgime boldy. Mamandar tarapynan aıtylǵan pikirlerge qulaq qoıar bolsaq, sońǵy jyldary qazaqstandyq BAQ-tyń, ásire telearnalardyń reıtıngi aıtarlyqtaı túsip ketken. Máselen, 2013 jyldan bergi aralyqta bul kórsetkish 22 paıyzǵa tómendegen eken. Onyń sebebi nede?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Halyq sózinde birtutastyq, birlik bar

«Halyq» sóziniń mán-maǵynasy óte tereń ekeni barshaǵa málim. Másele – osyndaı saıası astary aıryqsha sózdi qalaı qoldanyp júrgenimizde. Merzimdi baspasóz betterindegi habarlardan,  teleradıo arnalardan, ózara áńgimeden «aýyl halqy», «qala halqy» degendi oqyp ta, estip te júrmiz. Máselen, telearnalardyń birinen «Arshaly aýdanynda 27 myń halyq bar» degendi estidim de, «halyq sózin durys qoldanaıyq» dep, ózimniń oı dápte­rime jazyp qoıdym. Sebebi orys tilinde «narod sela» nemese «narod derevnı», «na­rod raıona», «narod goroda» demeıdi, tipti jazbaı­dy. Bul tilde «naselenıe», «jıtelı», «gorojane», «selchane» deıtinin bilemiz. Biz qazaqsha «aýyl turǵyndary», «qalalyqtar» nemese «qala turǵyndary» desek, ekpini báseń bolyp, birdeńe joǵaltyp alatyndaı, «aýyl halqy», «qala halqy» dep qysqa qaıyramyz. Sonda deımin-aý, qazaǵymyzdy bólip, jiktep, birtutas halyq sanatyna qospaı turǵanymyzdy nege ańǵarmaımyz?!

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу