Боксшы Димаш Ниязов Астанада жекпе-жек өткізеді

Кәсіпқой бокста бірде-бір жеңіліс көрмеген жерлесіміз Димаш Ниязов Астанада алғашқы кездесуін өткізеді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Егемен Қазақстан
20.06.2017 3711

Халықаралық ЕХРО көрмесі аясында өтетін кеш оған жақсы мүмкіндік ұсынып отыр. Біреу білсе, біреу білмес, дәл осы Димаш Ниязов Нью-Йорктің қазақ полициясы деген атпен кеңінен танымал.

Мұхиттың арғы жағында тұратын жерлесіміз Димаш Ниязов кәсіпқой рингте 11 кездесу өткізіп үлгерді және барлығында жеңіске жетті. Әсіресе Детройтта болған жекпе-жек көпшіліктің есінде ерекше сақталып қалды. Өйткені ол доминикандық қарсыласын 5-раундта жойқын соққысымен нокаутқа жіберді.

- Бокспен ең алғаш Қазақстанда айналыса бастадым. Бапкерім Нұрғали Сафиуллин болатын. Қазір ол олимпиадалық құраманы дайындайды. Міне, сол іргетастың арқасында бокс әлеміне жақсылап сіңісе алдым. Қазіргі жеңістерімнің барлығын қазақстандық мектеппен және қанда бар қасиетімізбен байланыстырамын. Астанадағы кездесу қыркүйек айында өтеді. Қанат Исламның бокс кешінде мен де өнер көрсететін болдым. Өте қуаныштымын. Қазір елорда қатты өзгерген. Халықаралық ЕХРО көрмесі өтіп жатыр. Міне, осының аясында мен де қарсыласымды жеңіп, халқыма ерекше әсер сыйлағым келеді, - деді Димаш Ниязов.

Айта кетейік, Димаш Ниязов Нью-Йоркте тәртіп сақшысы қызметін атқарады және жай ғана полицей емес, бейбіт заманның батыры. Бірнеше рет қауіпті қылмыскерлердің жолын кесіп, арнайы марапат алды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.05.2018

Айдос Қыдырма ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

21.05.2018

Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясы дөңгелек үстел өткізді.

21.05.2018

Қарақиялық оқушылар арасында «Жас құтқарушы» сайысы өтті

21.05.2018

Солтүстік Қазақстанда өрт сөндіру  көпсайысынан аймақаралық чемпионат өтті

21.05.2018

Солтүстік Қазақстан шенділері тегін үйлерді туыстарына үлестірген

21.05.2018

Академик Түймебай Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

21.05.2018

Петропавл әкімдігінің әрекеті тұрғындарды таң қалдырды

21.05.2018

Солтүстік Қазақстанда қазақ күресінен біріншілік өтті

21.05.2018

Алматыда «Музей түні» өтті

21.05.2018

Әлем чемпионатында қазақстандық муайтай шеберлері 7 медаль иеленді

21.05.2018

Қостанайда орманда от жаққандарға айыппұл салынады

21.05.2018

Семейде журналист, жазушы Дәулет Сейсенұлының «Жәнібек ән салады...» пъесасы сахналанды

21.05.2018

Шәмші шығармалары шырқалды

21.05.2018

Ғасыр әдісі (сурет сыры)

21.05.2018

Латын әліпбиімен диктант жазды

21.05.2018

Таңғажайып тас

21.05.2018

Нәсір көкемнің өкпесі

21.05.2018

Қатты қалдықтарды қайта өңдеу – заман талабы

21.05.2018

Көпір құрылысы аяқсыз қалмайды

21.05.2018

«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасын жетілдірген жөн

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Кешегінің жұрнағы, бүгінгінің көнесі 

Әдебиетке әркімнің-ақ таласы бар заман өтіп кеткенін мойындау қалай болған күнде ауыр. Нарық зама­нының елең-алаңында қолына қалам ұста­ған жігіттердің арасынан адамдар кітап­қа оралады әлі дегенді сеніммен айт­қандарына қарағанда әдебиеттің өмірдегі артықшылығына үміттері күшті болған-ау, шамасы. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қолдан жасалған қасірет

Жылда мамырдың соңындағы Аза тұту күні жақындаған сайын мен қазақпын деген әрбір адамның жүрегі қарс айрылмауы, 30-шы жылдардағы саяси қуғын-сүргіннің, ғаламат ашаршылықтың құрбандарын еске алып күңіренбеуі мүмкін емес дер едік. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Оразаның нығметі

«Зор сүйінші айтайын, Мұсылман болып туғанға. Ислам дінін қуғанға...» деп Майлықожа бабамыз жырлағандай, исламды дінім, Мұхаммедті пайғамбарым деп таныған мүміндер үшін қасиетті рамазан айы туды. Аллаға бойұсынушы қауым бұл айды «Айлардың сұлтаны» деп ерекше әспет­тесе, үлкен сахаба Абдулла Аббас «күн­­дердің қайырлысы – жұма, айлардың қайыр­лысы – рамазан» деген екен.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Жол апатын азайту жүргізуші мәдениетіне байланысты

Өткенде екі көлік соқтығысып қал­ды. Олар көшенің бағдаршамы жоқ қиылысында бір-біріне жол бермеген. Содан екі жүргізуші бірін-бірі кінәлап жатыр. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу