Болаттан 200 есе берік графен көптеген жобалардың өзегіне айналады

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіндегі Ұлыбритания павильонына келген қонақтар графеннен жасалған шамдарды көре алады. Адам шашынан бір млн есе жіңішке әрі жеңіл материал болаттан 200 есе берік. Кеше көпшілік назарына ұсынылған инновациялық графен 2004 жылы ашылған. Ал 2010 жылы бұл ерекше материалды тапқан ғалымдар Нобель сыйлығына ие болды.
Егемен Қазақстан
22.06.2017 832
2

«Графен графитті шегіне дейін өңдеу арқылы алынды. Ол әлемдегі ең жіңішке, берік әрі жеңіл материал. Оның жуандығы бір атомды ғана құрайды. Сондай-ақ, болаттан 200 есе қатты. Қазіргі таңда графен басқа материалдармен бірігіп қолданылады», деді павильон комиссарының орынбасары Сара Эверет. Ол сөз орайында Ұлыбританияның қазақ елін қандай жобамен таңғалдыруды жоспарлап отырғанын айтты.
«Біз графеннен жасалған электр шамдарын алып келдік. Шамдағы вольфрамның сымы графенге алмас­тырылған. Бұл электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шам қатты қызбайды. Тіпті, оны қолмен ұстап көруге болады. Бұл шамдарды тұрмыста 8 жыл қолдана аласыз. Оның нарықтағы құны – 10 еуро. Алдағы уақытта баға бұдан да төмен болуы мүмкін», деген павильон өкілі графен материалын басқа да мақсатта пайдалануға болатынын жеткізді.
«Алдағы уақытта графен су мен ауаны тазалауда қолданылуы мүм­кін. Арнайы графеннен жасалған түтікше арқылы тұзды суды іше беруге болады. Яғни, түтікше суды тұздан толығымен тазартады. Енді ауаны тазалауға тоқталсам, лас ауа арнайы графен сүзгісінен өтеді. Нәтижесінде, ауадағы көмірқышқыл газы графендегі фильтрде қалады. Ал көмірқышқыл газын басқа да мақсаттарға пайдалануға болады. Бұл жобалар бойынша әлі жұмыстар жүргізілуде. Графен материалына қатысты жобалармен Манчестер уни­верситеті айналысады», деді комис­сардың орынбасары.

Топтаманы әзірлеген 
Асхат РАЙҚҰЛ,  «Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсірген 
Орынбай БАЛМҰРАТ,  «Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2018

Маңғыстауда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті

19.11.2018

Маңғыстауда өткен тарихи турнир өз мәресіне жетті

19.11.2018

Энергия үнемдеу бойынша Қазақстан 32-ші орында

19.11.2018

Көкшетауда жылу ақысы арзандайды

19.11.2018

Теміртауда Президенттік пән олимпиадасы өтті

19.11.2018

Бітіруші түлектер мансап орталықтары арқылы жұмысқа орналасады

19.11.2018

Павлодар облысында кәсіпкер әйелдер 113 жоба жүзеге асырған

19.11.2018

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі күнгейліктерді теріскейге шақырды

19.11.2018

Петропавлда жаңа шіркеу ашылды

19.11.2018

Қостанайда жол қозғалысы ережесінің бір күнде 375 рет бұзылғаны анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда 1 миллион тоннаға жуық майлы дақыл жиналды

19.11.2018

«Ко­рей хал­қының дәс­түрлі маскалары» көр­ме­сі ашы­лды

19.11.2018

Қасқырдан құтқарып қалды

19.11.2018

Алматыда инклюзивті білім берудің үздік оқытушылары анықталды

19.11.2018

Солтүстік Қазақстанда спорт кешеніне Батыр Баянның есімі берілді

19.11.2018

Батыс Қазақстанда жаңа портал жұмысын бастады

19.11.2018

Жолдау бәсекеге қабілеттілікті арттырады

19.11.2018

Қыс мезгіліне дайындықтың жай-жапсары қозғалды

19.11.2018

Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

19.11.2018

Жолдау-2018: Тұрмыс сапасына басымдық беріледі

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу