БҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1100 пәтер пайдалануға беріледі

Батыс Қазақстан облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына 1 100 пәтер пайдалануға беріледі. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) жаңа филиалының ашылуы салтанатында айтып өтті.

Егемен Қазақстан
22.02.2019 30
2

Орал қаласындағы ескі бөлімше Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері үшін тар болып келген болатын. Бұрын қаржылық ұйым қызметкерлері ауданы 500 шаршы метрді құрайтын бөлімшеде күн сайын шамамен 500-ге жуық адамға қызмет көрсететін. Ал қазір аймақ тұрғындарына қолайлы болсын деген мақсатта ауданы 1200 шаршы метрді құрайтын жаңа кеңсе ашылып отыр. Бөлімше аумағының 70%-ы клиенттік аймаққа берілген.  

Жалпы алғанда, банк облыс бойынша 68,6 мың адамға қызмет көрсетеді. Салымшылардың дәл осы саны, яғни облыстың әрбір оныншы тұрғыны болашақта үй аламыз деп Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарына қаражат жинақтап жатыр. Олардың депозиттеріне жиналған қаражаттың жалпы сомасы 34,6 млрд теңгені құрайды.  

Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының банк өнімдеріне деген жоғары сұранысы олардың қолжетімділігімен және тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіштерінің жыл сайынғы өсімімен түсіндіріледі, бұл – облыс әкімдігінің тиімді жұмысының нәтижесі екендігінің де айғағы. Мысалы, 2014 жылы аймақта  257,1 мың ш.м. тұрғын үй салынған болса, 2017 жылы – 392,2 мың ш.м., ал 2018 ж. нәтижесі бойынша 432,2 мың ш.м. баспана құрылысы бой көтерген.

Осы жылы пайдалануға берілетін тұрғын үйлер көлемінің бұдан да артық болуы мүмкін. Тек «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 9 үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Олардың ішінде 1 100 пәтері Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына берілетін болады.  

- Батыс Қазақстан облысында қазақстандықтарға берілген заемдардың жартысынан көбін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қамтамасыз етеді. Клиенттердің барынша қысқа мерзім ішінде қызметтерді алуы үшін біз жаңа филиалдарды ашып қана қоймай, сондай-ақ онлайн-құралдарды да енгізіп жатырмыз. Кез келген қазақстандық банктің кеңес берушісін үйіне немесе жұмысына шақыра отырып, қашықтан депозит аша алады. Жақында ғана біз Қуаныш деп аталатын виртуалды көмекшіні іске қостық. Бұл – Telegram-дағы чат-бот. Қуаныш  сіздің депозитіңіз және кредитіңіз  бойынша дербес ақпаратты алуға көмектеседі. Тағы бір ноу-хау –бейне-кабиналар. Олармен жаңа бөлімше жабдықталады. Мұнда кезекте тұрмай-ақ виртуалды түрде барлық қажетті ақпаратты алуға болады, - деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма бөрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жаңа филиалмен бірге Батыс Қзақстан облысында «Jas Maman» акциясын іске қосты. Жоба аясында банкте бос лауазымдар бөлінді: банк 18 бен 35 жас аралығындағы аймақ тұрғындарын штаттан тыс кеңес берушілер ретінде жұмысқа қабылдауға дайын. Үміткерлерге жоғары және орта арнайы білімі, сондай-ақ қаржы саласындағы жұмыс өтілінің болуына қатысты қатаң талаптар қойылмайды.

Цифрлық технологиялардың арқасында банктің жаңа қызметкерлері қызметтерді қашықтан көрсете алады. Яғни кеңседе отыруы міндетті емес. Клиенттерге кеңес беру және оларға депозиттер ашу облыстың бүкіл аумағы бойынша, тіпті ең шалғай аудандарда да мүмкін болады. Осы орайда кеңес беруші жұмысын негізгі жұмыспен немесе оқумен қатар жүргізуге рұқсат беріледі.

БҚО-дағы кеңес берушілердің орташа жалақысы айына 180 000 теңгені құрайды. Мұндай жалақы жас мамандарға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарына қаражат жинақтауға және болашақта баспана сатып алуға мүмкіндік береді.  

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.03.2019

Нұрлы шаһар мемлекет мерейін асыра берсін

25.03.2019

Қажыр-қайратқа халықтың қайтарымы

25.03.2019

Әділетті әрі дер кезінде қабылданған шешім

25.03.2019

Нұр-Сұлтан – жаңа бренд

25.03.2019

Тұңғыш сапар Түркістаннан басталды

25.03.2019

Елдік пен мемлекеттіліктің жаңа бренді

25.03.2019

Әз-Наурыз мерекесі тойланды

24.03.2019

Солтүстік Кореяның келесі қадамы қандай болмақ?

24.03.2019

Қ.Тоқаев Қазақстан - Ресей кездесуін тамашалады

24.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен хаттар

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жеделхаттар мен құттықтаулар

24.03.2019

Футбол: Қазақстан құрамасы Ресейден ойсырай ұтылды

24.03.2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

24.03.2019

Нұр-Сұлтан қаласы. Астананың атауы өзгерді (видео)

24.03.2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

24.03.2019

Қаламқас кен орнында болған апат себептері анықталып жатыр

24.03.2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Алик Шпекбаевты қабылдады

24.03.2019

Астана мен Алматы ТМД-да ең танымал қалалардың қатарына қосылды

24.03.2019

Елорда атауының өзгеруіне байланысты құжаттарды ауыстыру қажет емес

24.03.2019

Жетісудағы жетістіктер Үкімет басшысының назарына ұсынылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу