Браконьердің бәрі Батыс Қазақстанда жүргендей...

Ақтөбе мен Торғай даласындағы былтырғы қырғыннан кейін Қазақстанда ақбөкен саны күрт азайып кетіпті. Бүгінде елімізде небәрі 100 мыңнан сәл асатын киік қалған көрінеді. «Оның 70 пайызы Батыс Қазақстан облысы аумағында», дейді мамандар.
Егемен Қазақстан
28.03.2017 912

Прокурордың үрейі

Соңғы кезде Қазақстанның бүкіл бра­конь­ері бөкейлікте ғана қалған киікке көз ті­гіп отырғандай. Статистика солай дейді.

– Киікті заңсыз аулау және оның де­ри­ваттарын алу бойынша қылмыс­тық құқық бұзушылық 2014 жылмен салыстыр­ған­да 5 есеге көбейді. Мысалы, 2014 жылы мұндай оқиға – 4 рет, 2016 жылы 19 мәрте тіркелген. Киік ұша­сымен ұсталу оқиғасы да 4 есе­ге (35-тен 151-ге дейін) артты. Ақ­б­өке­ннің емдік мүйізін тәркілеу оқи­ғасы 7 есеге (70-тен 530-ға дейін) артып отыр. Биылғы екі айдың өзінде киік­тің 40 ұшасы, 176 мү­йізі табылып, тәр­кіленген, – дейді Орал таби­ғат қорғау про­ку­ро­рының міндетін ат­қа­рушы Дәурен Тәжғалиев.

Құқық қорғау органдарының де­ре­гінше, соңғы үш жыл ішінде киік­тің 248 ұшасы, 1117 мүйізі алынып, 558 киік атып алынғаны анықталған. Әрине, бұл қолға түскен қылмыс дере­гі, яғни «айсбергтің ұшы» ғана. Мұны прокуратура қызметкерлері де, Ор­ман шаруашылығы және жануарлар дүние­сі инспекциясының басшысы Қайрат Қадешов те мойындап отыр. «Киік мүйізіне сұраныстың артуы айтарлықтай үрей тудыруда», дейді прокурор. Про­курор үрейленген соң-ақ мәселе шынымен де күрделі екендігі түсінікті шығар.

Полиция – қорған емес...

Ақбөкен Батыс Қазақстан облысының оңтүстік аудандарында – Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Қазталов аудандарында ғана мекендейді. Соған қарамастан, киіктің тұяғы тимеген Орал қаласы мен Зеленов ауданынан 2015-2016 жылдары 551 мүйіз табылыпты. «Бұл дегеніңіз – браконьерлер киіктің аталығын атып, мүйізін еш қиындықсыз облыс орталығына жеткізіп отыр деген сөз ғой», дейді Дәурен Тәжғалиев.

Фактілерді сөйлетейік: 2015 жы­лы 31 шілде күні Орал қаласының іргесіндегі Желаев ауылында Алматы облысының тұрғыны А.Жантөреев ұсталды. Оның автокөлігінен 149 дана киік мүйізі шыққан. Әрине, қылмыстық іс көтеріліп, тергеу жүреді. Арада айдан артық уақыт өте, қыркүйектің 4-і күні дәл осы Жантөреев Бөкей ордасы ауданы аумағынан тағы ұсталған. Бұл жолы оның көлігінен ақбөкеннің 50 мүйізі табылған.

«Жантөреев сотталды», дейді Батыс Қазақстан прокуратурасы таратқан бас­па­сөз парағында. Бір өкініштісі, қыл­мысты құрықтауы тиіс тәртіп сақ­шы­ларының өздері де оңай олжаға кетәрі емес. Мәселен, Д.Мұқанов деген тер­геу­ші Жантөреевтен тәркіленген 149 мү­йіз­ді хаттамаға 49 етіп тіркеп, «сирек кез­де­се­тін жануардың құнды дери­ватын қара базар нарығына екінші мәрте түсуіне жол берген». Салдарынан Д.Мұқанов «по­л­и­­ция майоры» шенінен айырылып, 2 жыл 6 айға бостандығы шектеліп сотталған.

«Браконьерлерді полицияның өзі бүр­ке­мелейді», деген ел ішіндегі қаңқу сөзді мына бір оқиға тағы бір дәлелдеп кетті. Өткен жылдың 14 қарашасы күні таңғы сағат 7-де «Охотозоопром» инспекторлары Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауыл­дық округі аумағынан 820DVA07 нөмір­лі «Нива» автокөлігін тоқтатқан. Ақбө­кен­нің 7 текесі мен 2 ешкісін артқан көлікте Бөкей ордасы аудандық ІІБ учаскелік инспекторы Д.Әшімов отыр екен!

Ғарышты да қосу керек

Қазақстан Республикасының Үкі­метінің 2012 жылдың 25 шілдесіндегі №969 қаулысы бойынша бүкіл ел аума­ғын­да киіктерді, олардың бөліктері мен дери­ваттарын пайдалануға 2020 жыл­ға дейін тыйым салынған. «Бірақ еліміз­де ақбөкен саны көбеймесе, мораторий мерзімі тағы ұзартылуы мүмкін», дейді Батыс Қазақстан облыстық орман шаруа­шылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Қайрат Қадешов. Батыс Қазақстан облысында 2010 жылы киік жаппай қырылып, 12 мың бас ақбөкен жойылған еді. Соңғы үш жылда облыста киік саны 30 мыңнан 70,2 мыңға дейін көбейіпті. «Биылғы көктемде қырғыннан аман болсақ...», дейді киік қорғаушылар.

Қазіргі уақытта облыстық прокура­тура бастамашылығымен «Киік қор­ғау» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба шең­берінде киікті қорғау, сақ­тау мақса­тында «Охотозоопром» ұйы­мының жергілікті бөлімшесіне өтім­ділігі жоғары 5 көлік, қарда жүретін 8 техника берілген. Заңсыз аң аулаудың алдын алу үшін ғарыш серіктерін және пилотсыз ұшатын аппараттарды қолдану, киіктердің мезгілдік көшіп-қону картасын құрастыру үшін «Қазақ­станҒарышСапары» Ұлттық компаниясымен келіссөз жүргізіліп жатыр. Ақбөкеннің Орал популяциясын сақтап қалу үшін олардың тіршілік ареалында «Бөкейорда» табиғи резерватын құру ісі қолға алыныпты.

Қайрат Темірғалиұлының айтуынша, бүгінде Жаңақала, Ақжайық, Қазталов және Бөкей ордасы аудандарында 52 инс­­пек­тор, 22 автокөлік, 3 КУНГ жүк тех­ни­касы, 9 қаршана, 1 тікұшақ іске қосыл­ған. «Уәкілетті және құқық қорғау органдарының киікті сақтау, сондай-ақ, оларды заңсыз жоюдың алдын алу және ескерту бо­йынша атқарып отыр­ған шара­ларының тиімділігі төмен». Прокуратура шешімі осындай.

P.S. «Бір кездері Сыр бойында жолбарыс жайлаған екен» дегенді оқимыз. Біздің балаларымыз да «Бір кездері Қазақстанның байтақ даласында ақбөкен деген жануар жосып жүрген екен» деп аңыз етіп жүрмесін. Жолбарыстың жазығы – азуы мен тырнағы дейік. Ақбөкеннің тірі жанға қиянаты жоқ еді ғой...


Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

ОРАЛ



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.10.2017

Су қоймасының беріктігіне екі ел де мүдделі

24.10.2017

«Нұрлы жол» бағдарламасына 2017 жылы 484,2 млрд тг бөлінген

24.10.2017

«Нұрлы жер» – баспаналы болудың елеулі мүмкіндігі

24.10.2017

Фариза феномені

24.10.2017

Қымызды тұңғыш зерттеген қазақ

24.10.2017

Адвокаттық көмек қайткенде қауқарлы болмақ?

24.10.2017

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

24.10.2017

Нәсіптің көзі атакәсіпте

24.10.2017

Ресми бөлім (24.10.2017)

23.10.2017

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматыға барды

23.10.2017

7 күнде «Сергектің» көмегімен 1300-ден астам бұзушылық анықталды

23.10.2017

Көкшетаулық каратэшілер ел чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

23.10.2017

Моңғолия тауларында 10 альпинист қаза тапты, жетеуі іздестірілуде

23.10.2017

Атырауда заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер талқыланды

23.10.2017

Қасым-Жомарт Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті

23.10.2017

Мың мезет (ой-отау)

23.10.2017

«Шынайы шымылдық» сахна сәнін келтірді

23.10.2017

Шыңғырлауда ұстазға ескерткіш орнатылды

23.10.2017

«Ата, мен қай тілде сөйлеп тұрмын?..»

23.10.2017

Лондон төріндегі қаламгер тойы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Рухани келісім – орнықты дамудың негізі

Тәуелсіздігіміздің елең-алаңында, яғни осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын мемлекеттік дең­гей­де қабылданған шешімдер мен қол­ға алынған бастамалар өзі­нің өмір­шеңдігін көрсете отырып, қо­ға­мы­мыздың игілігіне айнала білді. Әсіресе қоғамды рухани келісімге үнде­ген, татулық пен береке-бірлігі­мізді арт­тыруға бағытталған сауатты да сали­қалы бастамалардың жөні бөлек.

Әйіп ЫСҚАҚ, биология ғылымдарының докторы, профессор

Нәсіптің көзі атакәсіпте

Халқымыз төрт түлік өсіруді атакәсіптің біріне, тіпті бірегейіне балаған. Тіршіліктің нәрі, көзі деп ұққан. Содан болар, ауыл адамдары амандасқанда «мал-жан аман ба?» деп хал-жағдай сұрасып жатады. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қаржы жүйесіндегі тарихи шешім

Алпауыт ел Америка Құрама Штат­тары­ның экономикасы қазіргі кезде өз жарасын өзі жалап жазатын көк­жал қасқырға ұқсайды. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында жазылмастай сыр­қатқа шалдыққан қазіргі қаржы ка­питализмнің ғұмырын барынша ұзартып келеді. Бүгінгі күні бүкіл әлемге билігін жүргізіп отырған ка­пи­тализмнің басты тірегі бастапқы кезде осы формациялық құрылыс­тың отаны әрі таратушысы болға­нымен соңғы жылдары барынша әлеу­меттене бастаған Еуропа емес, нарық­тық жолға түсіп, жедел байып келе жатқанымен Конфуций қағидасы бойынша мемлекетті әке деп қабыл­дап, бүкіл халық үшін одан әкелік қам­қорлық талап ететін дана Қытай емес, корпоративтік рухты ту етіп көтерген еңбекшіл Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азияның елдері емес, нақ осы АҚШ-тың өзі болып отырғандығын біраз жұрт жақсы біледі.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Онлайндағы жұңғо жұрты

Қытай. Жан-жақтан ағылған адамдар мен көлік ағысы толас­тар емес. Бағдаршамның қызыл шамына тоқтаған көлікте отырып, жан-жағыңды бағдарлайсың. Сіз отырған көлікке жапсарласа, бірінен соң бірі жапырлап велосипед мінген жолаушылар сы­наласып тоқтап жатыр. Ал жол жүруге рұқсат берілгенде бей­не құмырс­қалар тəрізді өре жөнелген қос дөңгелекті көлік­ке отыр­ған­дардың шеруін көр­гендейсіз. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Кімді тұлға тұтамыз?

Баяғының жастарына «Мен өмір­ден өзімді іздеп жүрмін» деп сөйлеу тән болатын... Жақында Америкада оқып жүрген қазақ­стандық жас өреннің пікірін тыңдап көруге тура келді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу