«Британдықтар да біз сияқты...»

Халықаралық көрме қалашығында қос мемлекет ұлттық күндерін атап өтті. Алғашқысы – Ұлыбритания. Салтанатты шараға ханзада Ричард арнайы келіп қатысты. Екіншісі – Монако. Олардың жиынына да xанзада II Альберт пен оның жұбайы Стефани келді.
Егемен Қазақстан
27.06.2017 559

Жиын әдеттегідей басталды. Алдымен екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, әнұрандары орындалды. Содан кейін Қазақстанның Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров құттық­тау сөз сөйледі. Вице-министр Қазақ­стан мен Ұлыбритания арасында диплома­тия­лық қарым-қатынас орнаған 25 жыл­дың ішінде мемлекеттер арасындағы екі­жақты ынтымақтастық дамуының жоға­ры қарқыны орын алғандығын әңгі­ме­леді. «Ұлыбритания Қазақстанның сауда серіктестерінің үздік ондығына кіреді және тікелей инвестиция көлемі бойын­ша алтыншы орында тұр. Елдеріміз ара­сын­д­ағы мәдени байланыстардың да дең­гейі жоғары екендігін атап өту керек. Қазақ­стан студенттері Ұлыбританияда білім алуда. Астана мен Алматыда британ мектептері бар. Елімізде британ әдебиетінің де танымал екен­дігін айта кеткен жөн. Шекспирді естіме­ген оқырман, Гарри Поттерді білмейтін бала жоқ.

Ұлыбритания дәстүрді ұстанатын елдердің бірі саналады. Бұл ретте Қазақстан мен Ұлыбри­та­ния дәстүр­лерінің бір-бірімен жақын екенді­гін еске салған орынды. Британдықтар сияқты біз де шайды жақсы көреміз», деді Ерлан Хаиров.

Ханзада Ричард бірінші дүние­жүзілік ЭКСПО көрмесінің 1951 жылы Лондонда өткендігін айтып, сол шараның алғашқы салтанатты ашылу рәсімі болғанына қара­мас­тан, оған небәрі 25 ел ғана қатысқанын жеткізді. «Ал Қазақстан астанасындағы көрмеге 100-ден астам елдің қатысуы – зор жетістік. Біз Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы шешімді алғашқы­лардың бірі болып қабылдадық», деді ол.

Марке, Тоскана мен Умбрия өз жетістіктерін көрсетті

ЭКСПО-2017 қалашығында Италияның үш бірдей аймағы – Марке, Тоскана мен Умбрия өз жетістіктерін көрсетті. Аталған аймақтар баламалы энергия жобаларымен бірге, өңірлеріне тән тауарлар мен бұйымдарды алып келген. 

Италияның орталық аймақтарын біріктіріп көрсетудің өзіндік мәні бар. Бүгінде Марке, Тоскана мен Умбрияның әлеуметтік-экономикалық байланысы тығыз. Дегенмен, әрбір аймақтың өзіне тән өндірісі мен кәсібі бар. Мәселен, Марке кәсіпкерлікті дамыту жағынан ілгері келеді. Адриат мұхиты бо­йында орналасқан курорттарға туристер жиі барады. Осы аймақтың өндірістік әлеуеті де жоғары. Былғары, аяқ киім, тоқыма, ағаш пен жиһаз, механика, тамақ өнеркәсібі, кеме жасау – бәрі-бәрі Маркенің дәстүрлі салалары. Оған қоса, жаңа технология негізінде инновациялық өндіріс орындары да жақсы дамып келеді.

Тоскана аймағы Еуропаның қақ ортасында орналасқан. Экономикасы сан салалы. Содан болар, ол жерде мыңдаған компания жұмыс істейді. Италиядағы білікті мамандардың біразы сол жерде еңбек етеді. Себебі, аймақ басшылығы өз кәсібін жақсы білетін адамдарды ұстап қалуға тырысады. Осының арқасында геотермия, биомасса, жел мен су энергетикасы, интеллек­туалды жүйелер және тағы басқа салалар қарқынды өсу жолын тапқан.

Умбрия – Марке мен Тоскананың арасында жатқан аймақ. Онда ауыл шаруашылығын дамыту шаралары­на басымдық берілген. Сондай-ақ, қол­өнер саласы жақсы дамыған. «Біз әрбір ай­мақ­тың ерекшелігін көрсете отырып, үшеуінің байланысын – өзара синергиясын көрсетуді көздейміз. Марке, Тоскана мен Умбрия Италияның «ор­талығы» болып саналады. Үш ай­мақ­тың арасында интеллектуалды, мә­дени-тарихи және әлеуметтік қа­рым-қатынас жақсы. Дегенмен, әрбір ай­­мақ өз ерек­ше­лігін сақ­тауға тырыса­ды», дейді Марке ай­ма­ғының вице-президенті Анна Казини.

Энергетика саласындағы жетіс­тік­терден бөлек, Италия аймақтары керамика көрмесін де ашты.

Литва күніндегі лазерлік шоу

ЭКСПО-2017 көрмесі қала­шы­ғында Литваның ұлттық күні басталды. Салтанатты рә­сімде «Астана ЭКСПО-2017» комиссары Рәпіл Жошыбаев биыл Қазақстан мен Лит­ва­ның дипломатиялық қарым-қаты­на­сы­на жиырма бес жыл толатындығын еске сал­ды. Ол сонымен қатар екі ел арасында се­німді достық пен іскерлік қатынас берік ор­нағандығын атап өтті.

«Соңғы жылдары сауда айналымы 300 млн долларды құрады. Литва халықаралық көр­мені Қазақстанда өткізуді қолдаған ал­­ғашқы елдердің бірі», деді «Астана ЭКСПО-2017» комиссары.

Қазақстандағы Литва Рес­пуб­ли­касының Төтенше және өкілетті ел­шісі Витаутас Наудужас әлем­дегі энергетиканың «жасыл» болып жатқандығына баса назар аударды. «Біз жер жүзі көз тіккен осы көрмеге «Энергия» тақырыбындағы білімімізді жетілдіру мақсатында үш айға келдік. Біздің есебіміз бойынша, 2050 жылға қарай Жердегі адам саны 9 миллиардқа жетеді және халықтың төрттен бір бөлігі қалада тұрады. Бұл уақытқа дейін, 2000 жылмен салыстырғанда энергияға деген сұраныс екі есе өседі», деді Витаутас Наудужас.  

Монакомен мүддеміз тоғысады

Монако xанзадасы ЭКСПО-дағы ұлттық күніне Монте-Карлоның циркін алып келді. Мәртебелі меймандарды Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Нұр әлем» павильонының алдында күтіп алды. 

Мерекелік концертте хан­зада II Альберт өзінің жылы лебізін білдіріп, бұл көрменің екі­жақты байланыстарды нығай­туға тағы бір мүмкін­дік беріп отырғанын айтты. «Біз үшін көрмеге қатысу – үл­кен құрмет. Қазақстан мен Монако бір-біріне ұқ­самай­ды. Деген­мен, мақсат-мін­дет­тері­міз бір. Ол – жа­сыл эко­номи­каны дамыту, балама­лы энер­ге­тиканы нығайту», деді xанзада.

Монако басшысы Қазақ­станның баламалы энергетика бойынша 2050 жылға дейінгі мақсаттарын жақсы білетініне тоқталып, өз мемлекетінің сол жылға дейін көмірқышқыл өндірістерден толығымен бас тартуды көздейтінін атап өтті. «Қазірдің өзінде біраз жобалар қолға алынды. 2050 жылға дейін аз уақыт қалды. Сондықтан, қазірден бастап әрекет ету керек. Оған дейін біз толығымен баламалы қуат көздеріне көшеміз. Оған еш күмәніңіз болмасын», деді II Альберт.

Мерекелік шара барысында Монте-Карлодан келген цирк әртістері өнер көрсетіп, қуыр­шақтар театрымен көрер­меннің көңілін көтерді.

Қытаймен қатынас қарқын алып келеді

ЭКСПО-2017 халық­ара­лық маман­дан­ды­рылған көр­месіндегі Қытай Халық Рес­­пуб­л­икасының павильонында «Астана» ха­лық­аралық қаржы орталығы, Астана қаласының әкім­дігі, «Инновациялық технологиялар паркі» ав­то­номдық кластерлік қоры және «Zhejiang «Jumore» E-commerce Co. Ltd» компаниясы арасын­да өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды. 

Чжэцзян провинциясының күні аясында өткен бұл шараға осы провинция вице-губернаторы Лян Лимин, ҚХР Халықаралық сауданы дамытуға ықпал ету жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Чэнь Чжоу, ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй қатысты. Қол қойылған құжаттар аясында тараптар «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасы мен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасында көрсетілген мақ­сат-міндеттерді жүзеге асыру, Қазақстанның Үшін­­ші жаңғыруы шеңберінде экономиканың же­делдетілген жаңғыруын жүзеге асыру мақ­са­тында цифрлық сервистерді енгізу және оған жа­ғымды жағдай жасау үшін ынтымақтасып жұ­мыс істеуге келісті. 

«Jumore» компаниясы тиісті онлайн-плат­фор­­­маны пайдалану арқылы қазақстандық жә­не қытайлық компаниялар арасындағы ынты­мақ­тастықтың орнауына жағдай жасаумен, элек­трон­дық коммерция, логистикалық және қаржы қыз­меті салаларын дамытумен айналысады, Ав­тономдық кластерлік қоры қажетті сараптама мен операциялық бақылау жасайды. Астана қаласы әкімдігі технологиялық кә­сіпкерлікпен айналысатын компаниялар мен стартаптарды тартпақ. Ал АХҚО өз кезегінде онл­айн-платформа базасындағы қаржылық тех­нологиялардың дамуына бағытталатын компаниялар мен стартаптардың жұмысына қажетті қолдау көрсетумен айналысады.

Топтаманы әзірлеген
Асхат РАЙҚҰЛ,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2018

Астанада журналистер арасында футболдан «BAQ league» басталады

20.02.2018

«Алтын сапа» сыйлығына байқау жарияланды

20.02.2018

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

20.02.2018

Бүгін Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланды?

20.02.2018

Бақытжан Сағынтаев Deutsche Bank AG өкілдерімен кездесті

20.02.2018

Есеп комитетіне жаңа басшы тағайындалды

20.02.2018

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

20.02.2018

Ғарифолла Есім: Бүгіннен бастап аты-жөнімді латын графикасында жазамын

20.02.2018

Олимпиада жүлдегері Юлия Галышева елге оралды

20.02.2018

Астана әкімдігінде қаланың маңызды тыныс-тіршілігін талқылады

20.02.2018

Астанада мұғалім мамандығының беделін арттыру мәселесі талқыланды

20.02.2018

Мырзатай Жолдасбеков: Әліпбимен қазақ тілінің мамандары айналысуы керек

20.02.2018

Бақытжан Сағынтаев: Су тасқынының алдын алу – ерекше бақылауда

20.02.2018

Алматыда білім беру мен маман даярлау мәселесі талқыланды

20.02.2018

Берік Әбдіғалиұлы: әліпбидің ұлттық сана-сезімге, мәдениетке ықпалы өте зор

20.02.2018

Ақтоғайда «Қараөлең - қарашаңырақ» атты жыр кеші өтті

20.02.2018

Дәурен Абаев латын әліпбиінің жаңартылған нұсқасына қатысты пікір білдірді

20.02.2018

Елбасы мемлекет қайраткері Жәнібек Кәрібжановпен кездесті

20.02.2018

Әсет Исекешев тегін дәрілерді жеткізуге қатысты жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

20.02.2018

Ақтөбе облысы әкімінің аппарат жетекшісі тағайындалды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Жүздік құрылымда рулық үлес жоқ

Жақында танымал антрополог-академик Оразақ Смағұловтың «Қазақ халқының шығу тегі» атты еңбегі жарыққа шықты. Туындыда қазақ халқы осыдан қырық ғасыр бұрын Еуразия даласында дара этнос ретінде қалыптасқаны физикалық антропология арқылы дәлелденіпті. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Тобасыз тойымсыздарға тоқтам бар ма?

Қазаққа адал қызмет етуді парыз да қарыз санаған ұлт көсемі Әли­хан Бөкейханов: «Алаштың баласы, бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгі­ні өзінде бөлек мемлекет болар» деп­ті. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Әлеуметтік әділеттілік жолы

Енді ғана тағайындалған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрі Мәдина Әбілқасымова Үкімет отырысындағы өзінің алғашқы баян­дамасында « МӘМС жүйесін енгізуді бастау үшін үстіміздегі жылы толық­қанды дайындық жұмыстары қам­тамасыз етілетін болады» деп атап көр­сетті. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Жаһандық қауіп арта бастады

Жақында АҚШ өзінің жаңа ядро­лық стратегиясын жариялады. Он­да қандай қауіп болған жағдайда Пента­гонның аждаһа қаруға жүгіне­тіні нақты айтылған. 

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Пассионар

Гумилев анықтамасына жүгін­сек,­ пассионарлық – жұлдыздардың әсе­рімен, табиғат пен тарихаттың қи­лы­ дүмпулерімен қайталанып тұра­тын­ заңды құбылыс. Пассио­нарлар бой­­­ларында тасыған күш-қуат­ты, жү­рек­теріндегі жалын жі­гер­ді айнала тө­ңірегін, келе-келе күллі қауым-жұр­тын өзгерту ора­йын­дағы мақсатты жұ­мысқа жұм­сайды. Олай болса, пассио­нарларды қоғамдық қозғалыстың не­ғұрлым белсенді тегершіктері, жа­ңа­шылдар, жасампаздар десек те жа­раса­ды.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу