БҰҰ: Жаппай қырып-жою қаруларын таратпау мәселесі қаралды

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жаппай қырып-жою қаруларын таратпау мәселесіне арналған жиын болды. Ұйымның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде ұйымдастырылған бұл шара ашық пікірталас пішімінде өтті, деп хабарлады Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі.
Егемен Қазақстан
05.07.2017 1723

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ая­сында өткен аталған бас­қо­су­да мемлекеттік емес құ­ры­лым­дар­дың жаппай қырып-жоятын қа­рулармен шабуылдау қаупі жан-жақты сөз болды. Осы орай­­да жиынға қатысушылар мем­­лекеттер тарапынан қолға алын­­ған шараларға қарамастан, лаң­­кестік топтардың ядролық, хи­миялық және биологиялық қа­руларды қолдану қаупі күн сай­ын артып келе жатқанын бі­рауыздан атап өтті.
БҰҰ-ның Қарусыздану мә­селелері бойынша Жоғар­ғы Комиссары Идзуми Наками­цу­­дың сөзіне қарағанда, мем­ле­кет­тік емес заңсыз құры­лым­дар өздеріне қажетті жабдықтар мен материалдарды сатып алуда баламалы интернет порталда­ры, ұшқышсыз ұшу аппаратта­ры, үш өлшемді принтерлер се­кіл­ді озық технологиялардың көмегін пайдалануда. 
Өз кезегінде еліміздің БҰҰ-да­­ғы Тұрақты өкілі Қайрат Ома­ров Қазақстан тарапы ғы­лым мен техника саласында жа­салып жатқан адамзатқа қау­­­­­іп төндіруі ықтимал жаңа­лық­­­­­тарды бақылауға алу мә­се­ле­­­сіне тоқталды. Осы орайда ол Мемлекет басшысы Нұр­сұл­­­­­тан Назарбаевтың жаппай қы­­­рып-жоятын қару жасау жә­не жетілдіру үшін пайда­ла­­ны­луы мүмкін ғылыми жа­ңа­лық­тар­­­дың Тіркеу реестрін тү­зу қа­­­жеттігі тура­лы бастамасын ес­­ке салды.
Өзінің қорытынды сөзін­де Қ.Омаров жаппай қы­рып-жоя­тын қарулардан құ­ты­лу мақ­са­тын­да әлемдік қоғам­дас­тық­тың заман талабына сай күш бі­ріктіруі маңызды екеніне на­зар аударды. 
Жиында қатысушылар жа­һан­ды алаңдатып отырған бұл мә­селенің маңыздылығын, бұл орай­да кешенді шаралар қа­был­дау қажеттігін атап көр­сет­ті.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.08.2018

Азиада-2018: Су добынан Қазақстан қыздар командасы күміс алды

21.08.2018

Атырау облысының шалғайдағы елді мекендеріне газ тартылады

21.08.2018

Азиада-2018: Таэквондошы Жансель Дениз ел қоржынына күміс жүлде салды

21.08.2018

Қазақстандық таэквондошы Руслан Жапаров қола медаль жеңіп алды

21.08.2018

Азиада-2018: Қазақстандық Кирилл Казанцев қола медаль жеңіп алды

21.08.2018

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

21.08.2018

Өзбекстанның Премьер-министрі жол апатына ұшырады

21.08.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне барды

21.08.2018

Астанада дәрігерлерге арналған жатақханалар салынады

21.08.2018

АҚШ-тың Мемхатшысы Құрбан Айт мерекесімен құттықтады

21.08.2018

Астанаға Түркия Жандармериясының басшылығымен арнайы делегация ресми сапармен келді

21.08.2018

Кооператив күш біріктіреді

21.08.2018

Шыңғыстаудағы Шәкәрім тойы

21.08.2018

Егемен ашқан есімдер: Егіз өрім

21.08.2018

72 сағатта 35 метр бөкебай тоқыған

21.08.2018

«Тақиялы періштені» төрткүл дүние көреді

21.08.2018

Жаңа жобаларды меңгеріп жатыр

21.08.2018

Шындық жұтқан тағдыр

21.08.2018

Шариғат жайлы шығарма

21.08.2018

Бұқар жырындағы бүгінгі тұрпат

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Өмір – әділ

Біреулер өмірді қарғап-сілеп жатады. Оның әділетсіз екендігін айтады. Рас-ау дейсің кейде. Егер өмір әділ болса, неге адам баласы әртүрлі? Біреу – бай, біреу – кедей. Біреу – сұлу, біреу – көріксіз. Біреу – ауру, біреу – сау. Расында да өмір дегенің күн мен түн, ыстық пен суық секілді қа­рама-қайшылықтардың ортасы екен ғой.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Уикипедияның үйретері не?

Бүгінде адамдар қолдарына кітапты жиі ала бермейді. Оған себеп – интернет. Халық қажет деген мәліметтерді компью­терді ақтарып, уикипедиядан іздейді. Мұның өзі өскелең уақыттың талабы. Бі­­рақ сол ақпараттық технологияңыз уақыт­­тың талабымен үндескенімен, нақты ақпарат алып, тарихи шындыққа көз жет­кізгісі келген талғампаз адамдардың талабына сай келе бере ме? Міне, мәселенің осы жағына келгенде үлкен күмән туындай­тын тәрізді.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Тілтолғақ пен тілтұтқа

Әлеуметтік желіден «Астана қаласы­ның қаракөз балдырғандары қазақша сөй­лемейтіні несі?» деген сыңайдағы сұрау­лы сөйлем, қобалжулы пікірді көзіміз шалып ойланып қалдық, қапаландық. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу