Дана Нұрсұлтаннан бала Нұрсұлтанға ақ бата

Егемен Қазақстан
01.12.2016 140
20161115_090330Арқа төсіндегі кен өндірісінің алыбы саналатын Жезқаз­ған аймағына Елбасы Н.Ә.Назарбаев сан мәрте ат басын бұрды. Қоңсылас жатқан Жезқазған, Сәтбаев қалаларын­дағы халықтың әл-ауқатын, өндірісті шаһарлардың өсіп-өркендеу жолындағы игілікті істерін көзбен көріп, оң істерге сәттілік тілегенін қалың жұртшылық жақсы біледі. Әр сапарында Елбасы ел игі­лігі­не қажетті, маңызды әлеу­мет­тік нысандар мен ірі жоба­лар­дың тұсауын кесіп, жан бі­тір­ді. Мұн­дай істе еліміздің Тұң­ғыш Пре­зи­дентінің қол­таң­басы қал­ғанын қос қаланың азаматтары мақ­тана да, мадақтай да айта алады. Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің қасиетті мекенге табан тіреген сапарларында кеншілер қаласын да назардан тыс қалдырған емес. Әлемдік деңгейде алпауыт компания атан­ған «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің мұрындық болуы­мен бой көтеріп, қайта жөндеуден өткен әлеуметтік нысандардың ашы­лу салтанатында құрметті қонақ болды. Қарап отырсақ, Президенттің шағын шаһарда болуының өзі тарихи оқиғаларға толы. Жоғары­да атап өткендей, «Қа­зақ­мыс» корпорациясының қар­жылан­дыруы­мен қайта жан­данған, не болмаса еңсесін тік­теген ғимарат­тар Сәтбаев қала­сына сән беріп, халыққа қал­т­қысыз қызмет етуде. Осындай ны­санның бірі де бірегейі ретінде компанияның көмегімен тамырына қан жүгірген қалалық орталық аурухананы айтуға болады. Кеншілер қаласына деген ком­панияның мұндай сыйына Елбасы өзі куә болған еді. Тоқ­са­­ныншы жылдардың тоқы­рау­ына тап келген қаладағы жал­­­­­ғыз емхананың алдағы тағ­ды­­­рына алаңдаған компания бас­­­­шылары да, Елбасы да оның ха­­лыққа қолайлы жағдайда жұ­мыс жасауына көп көңіл бөлді. Ем­­ха­­наның күрделі жөндеуден ке­йін қайта жанданған сәтіне ха­лық­пен бірге қуанып, мұндағы білік­ті мамандардың ісіне сәт­тілік тіледі. Бұл 2003 жылдың жиырма бесінші қазаны болатын. Содан бері арада он үш жыл өтті. Осы тарихи оқиғаның бірден-бір куә­гері ретінде кеңінен сөз қоз­ғай ала­тын қалалық орталық ауру­хананың бас дәрігері Жо­март Ахановтың айтуынша, Нұр­сұлтан Әбішұлы емхананы ашу салтанатына қатысқанда талай адамның тағдырына тікелей әсерін қалдырған... Иә, дәл солай. Кеншілер қа­ла­­сындағы жалғыз орталық ауру­хананың ашылу салтана­тына келгенде Президент халықтың «Енді бұл емхананың алдағы тағдыры не болады екен?» деген алаңдаушылығын бір сейілтсе, Президенттің осы сапарымен тұспа-тұс өмірге келген сәбилерге де аталық ақ батасын берді. Мен сөз еткелі отырған сол сәби бүгінде ат жалын тартып мініп, құрбы-құрдас, дос-жарандарының арасында білімпаздығымен, өнерімен дараланып жүр. Ол қаламыздағы алдыңғы қатарлы білім ошағы саналатын, сұңғыла жырдың дара­бозы Сәкен Сейфуллиннің атын еншілеген гимназияның 8 сынып оқушысы Нұрсұлтан Нұржігіт. Онымен жүздесуге арнайы білім ошағына іздеп бардым. Бір көргеннен көпшіл, үлкенді сыйлап, кішіге ізет білдіретін па­йым-парасаттылығымен көзі­ме оттай басылған Нұрсұлтан зеректігін байқатты. – Дүние есігін ашып жатқан миллиондаған сәбидің ішінен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ма­ған өз есімін қойып, куәлігіме «Бақытты бол!» деп ақ пейіл ті­леу­лестігін білдіруі мен үшін үл­кен абырой әрі үлкен жауап­кер­­шілік. Оң-солымды енді танып жатқанда анам маған «Сенің есіміңді тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті қойған. Балам, сондық­тан осы атаққа лай­ықты азамат бол», деп үнемі ай­тып отыратын. Әрине, мұның мә­нісін енді түсініп, бұл есімнің қа­дір-қасиетін ұғынғандаймын. Нұрсұлтан атаның қазақ елі­не жасаған игі істерін, еліміздегі тату­лық пен біртұтастық идея­сын қалыптастырудағы өзіндік сара жолын газет-журналдар мен теле­арналардан үнемі бақылап, өзімді-өзім анам айтқандай абырой­лы азамат болып ержетуге шыңдай­мын. Елбасына елік­теп, үнемі білім­ге, білуге құмар­тамын. Ол кісінің өмір жолы жай­лы деректерді оқып, кинолар­ды көргенде бала жасы­нан оқуға, білуге құштар бол­ғанын байқадым. Менің өмір­дегі жолыма жарық сәуле сый­лаған Нұр атаның «Бақытты бол!» деген сөзі сәл мұңайған сә­тім­де сейілтіп, серпін береді. Елбасының бұл сөзі маған «Мәңгілік қазақ елінің, айбынды да айбарлы еліңнің қамқор азаматы бол, сонда сенің бақытты жұл­дызың жанады» деп рух берет­індей. Ал жауапкершілігіне келер болсақ, менен көп ізденуді, оқып, білім алып, келешекте елімнің еңселі азаматы болып өсуге тәрбиелей­тін­дей,– дейді бала Нұрсұлтан. Ұстаздарының айтуынша, Нұрсұлтан өте алғыр. Ол, әсіресе, математика пәнін құмарта оқи­ды. Бос уақытын спорт залында, кі­тапханада өткізетін дарынды баланың сабақ үлгерімі өте жақ­­сы. – Мектебімізде мұндай ба­ланың тәлім мен тәрбие алып, бі­лім­ге сусындауы біз үшін де мақ­таныш. Адам кімге еліктеп, кімді үлгі тұтса сол адамның жолын өзіне сара жол етіп таңдап алады ғой. Нұрсұлтан Елбасы жолын таңдап, еліне етене ұл болып жатса, нұр үстіне нұр емес пе? – дейді гимназия директоры Гүлбану Сүйінжанова. Тәуелсіздік – бізге теңдік пен бос­тан­дық таңын сыйлаған аса кие­лі ұғым. Сан ғасырлар бойы ата-баба аңсаған азат күннің Қазақ елі­­нің кө­гінде көтеріліп, көк Туы­мыз­дың желбіреуі ұлттар мен ұлыс­­тар үшін баға жетпес бай­­лық. Ши­рек ға­сыр ішін­де шежі­ре­лі та­ри­хын қа­лып­тас­ты­рып, ең­­се­­сін тіктеген еліміз Ел­басы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал сая­саты­­­­ның арқасында әлем елде­рі­нің қа­­та­ры­­нан ойып тұрып орын алды. Қазақтың бағына біткен мұн­дай тұлғаның тағылымы – елі­міздің келешегі деп сенім артқан жастарға үлгі. Бағдат ҚАЗКЕНОВ, журналист Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.12.2018

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырады

13.12.2018

Түркістан облысында мақта қалдықтарынан электр қуатын өндіретін зауыт салу жоспарлануда   

13.12.2018

«Мұрагер ханзада» компаниясының өкілдері Екібастұзда болды

13.12.2018

Елбасы Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті

13.12.2018

Қыздар университетінде Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш тақта орнатылды

13.12.2018

Тағы төрт спортшы допингпен ұсталды

13.12.2018

Ұлағатты ұстазбен кездесу өтті

13.12.2018

Түрікменстанның вице-премьері: екі ел арасындағы әрекеттестіктің деңгейі жоғары

13.12.2018

«БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясына» 70 жыл» шарасы өтті

13.12.2018

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті

13.12.2018

«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген депозиттері бойынша өтемді ВТБ-дан алатын болды

13.12.2018

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе ашылды

13.12.2018

Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды

13.12.2018

Джиу-джитсудің хас шеберлерінің жүлдесі үшін жарыс өтеді

13.12.2018

Қ.Тоқаев қытайлық Genertec холдингінің басшысын қабылдады

13.12.2018

«Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді

13.12.2018

Алматыда АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмектесетін мобильді қосымша таныстырылды

13.12.2018

Үш ардагерге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді

13.12.2018

Левандовски мергендер көшін бастады

13.12.2018

Қазақфильм «Қызғалдақтар атамекені» деректі фильмін жарыққа шығарды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу