Дәрілік өсімдіктер жойылып барады

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын бағдарламалық мақаласында туған жердің табиғатын, оның байлығы мен әралуандығын сақтау жайында талғамды ой айтқан болатын. Мұның өзі ендігі арада байтақ даламыздың өсімдік және жан-жануарлар әлемін сақтау, жердің құнарын арттыру, өте сирек кездесетін дәрі-дәрмектік емдік өсімдіктерді кәдеге жаратуда бей-берекетсіздікке жол бермей, олардың жойылып кетпеуін қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелердің үлкен жауапкершілігін алға тартады.
Егемен Қазақстан
13.06.2017 713

Қазір мамандарымыз елімізде жалпы дәрілік өсімдіктердің 1,5 мыңға жуық түрі өсетіндігін, олардың тек 40-қа жуығының ғана медициналық шикізат ретінде пайдаланарлық қоры бар екендігін айтып отыр. Өкінішке қарай, осыған қарамастан, оңтүстік өңірлерде ғана  өсетін емдік дәрі-дәрмек жасауда таптырмас бағалы мия та­мы­­рын жинау тоқтамай тұр. Мы­салы, тек  Қызылорда облысы бойынша ғана екі жылдың ішін­де 1800 тонна қызыл мия тамы­ры Қытайға жөнелтілсе, Оң­түс­тік Қазақстан облысының ау­мағынан да соңғы төрт жыл ішін­де 63 мың тонна мия тамыры жи­налып, өзге елдерге әкетіліпті. Соның салдарынан мыңдаған гектар аридтік аймақтардағы жерлер деградацияға ұшырауда, табиғатқа орасан зор зиян келуде.

Тағы бір мәселе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының аумақтарында ғана  өсетін емдік қасиеті өте жоғары болып саналатын дәрілік  сасық кеуректің (ферула вонючая) майын (сағыз) шетелге заңсыз шығару кең етек алып отыр. Айта кету керек, сасық кеу­рек деген жалпы атпен белгілі өсімдіктің 10-нан астам түрі бар, олардың барлығы да Қазақстан Республикасының «Қызыл кітабына» енген. Сасық кеурек өсімдігінің шикізаты Үндістан, Пәкістан, Иран, Ауғанстан сия­қты елдерде үлкен сұранысқа ие және бұл елдерде осы өнімнің бір килограмы 100-150 доллар шамасында бағаланады. Ауғанстанда аса бағалы дәрілік зат ретінде құн­ды саналатын сасық кеурек аяу­сыз жиналып, қазіргі уа­қыт­та мүлдем жойылып кеткен көрінеді.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Арыс, Отырар аудандарында сасық кеурек дайын­дау үшін көптеген фирмалар құрылған және де олар өнім дайындауға шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарта бастаған. Мысалы, тек 2009 жылы ғана ау­ғанстандық мыңнан астам азамат туристік визамен келіп, 7000 ки­лограмм шикі өнім (сағыз) дай­ындап, сыртқа жөнелтіпті. Ал 2016 жылы Ауғанстанға 14 тоннадан астам шикізат (сағыз) жі­берілген. Осындай заңсыз іс-әрекеттерге байланысты аса ба­ғалы дәрілік өсімдіктер азайып­ қана қоймай, мүлдем жойылып кету қаупінің алдында тұр. Сасық кеуректің   құм және шөлді (аридтік) аймақтарда өсе­тіндігін ескерсек, оны құр­ту жердің тозуына, құмның кө­шуі­не алып келетіні сөзсіз. Ең со­рақысы сол, «Қызыл кітапқа» ен­ген өсімдік әлемін қорғауға тиіс ғылыми-зерттеу инс-
титуттары, мысалы, Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ботаника және фитоинтродукция» институты табиғи өсім­дік­тер­ді заңсыз жинап, экс­порт­қа шы­ғарып жүрген фирмалармен келісімшарт жасасып, ақша тауып отыр. Осы құжат олардың заңсыз әрекетіне жол ашып беруде.

Қазақстан бойынша дәрілік өсімдіктерді жинап, пайдалану мәселелері заңдық тұрғыдан реттелмегендіктен, ол «көлеңкелі эко­н­омикаға» тікелей жұмыс іс­теп тұр. Өйткені, жергілікті жер­­лерде бақылау жоқ. Міне, сон­­дықтан да  түрлі емдік жә­не дәрілік өсімдіктер соңғы бір­неше жылда түп-тамырымен қо­па­рылып, шет елдерге сатылып келеді және оның жабайы өсе­тін таралымы жойылып, та­би­ғи экожүйелерге үлкен залал кел­тіруде.

Біздің мамандарымыз дәрілік өсімдіктерді қолдан өсіретін және оны терең өңдейтін технологияларды пайдалануды жол­ға қоя алсақ, ел экономикасына миллиондаған теңге табыс әке­луге болатындығын айтады.    Мы­салы, көрші Өзбекстанда мия та­мы­рын қолдан өсіріп, терең өң­дейтін АҚШ, Жапония, Қытай ин­вестициясына салынған 20 кә­сіпорын жұмыс істейді. Олар мия экспортының 70%-дан астамын терең өңдеп сатуда екен.

Бізде «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пай­далану туралы» Заң бар да, өсімдік әлемін қорғау туралы арнайы заң жоқ. Сондықтан да қысқа мерзімде «Өсімдік әлемін қорғау туралы» заң қабылданса, табиғи емдік-дәрілік өсімдіктер осы заңмен қорғалған болар еді. Оның еліміздің бай табиғатын сақтауға толық мүмкіндік бере­тіні сөзсіз.

Мұрат БАХТИЯРҰЛЫ,
Сенат депутаты

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.01.2018

Кабулдегі террорлық шабуылда 18 адам қаза тапты, соның біреуі Қазақстан азаматы

21.01.2018

Баянауылдың аэродромын аяқтау үшін 250 млн теңге қажет

21.01.2018

Павлодарда металлургтерге 10 көлік берілді

21.01.2018

Алексей Полторанин әлем кубогы кезеңінде топ жарды

21.01.2018

Аязға байланысты үш өңірде жол жабылды

21.01.2018

Павлодарда коттедждер кенті салынады

21.01.2018

Биыл Өскеменде 30 аула абаттандырылады

21.01.2018

Ертең Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептерде сабақ болмайды

21.01.2018

Астанада энергетикалық кешеннің алдағы қатты аязға дайындығы тексерілді

21.01.2018

Түпқараған ауданында сүт зауыты ашылды

21.01.2018

ОҚО-да биыл «Индустрияландыру картасы» шеңберінде 9 жоба іске қосылады

21.01.2018

Өскемен мен Аягөздегі әскери бөлімдер жауынгерлік даярлықтарын пысықтады

21.01.2018

Ольга Рыпакова турниріне 8 мемлекеттің жеңіл атлеттері қатысты

21.01.2018

Ақтөбедегі автобус өртінен қаза тапқандардың толық аты-жөндері белгілі болды

21.01.2018

Алматыда «Ұлы Дала саздары» атты концерт өтеді

21.01.2018

Қазақстанның төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесінде министрлік деңгейінде дебаттар өткізілді

21.01.2018

Білім басқармасы ауа райы жағдайына байланысты сабақтарды тоқтату қалай қабылданатынын мәлімдеді

21.01.2018

Сыртқы істер министрі Нью-Йоркте бірнеше кездесу өткізді

21.01.2018

Қазақстан арқылы Әзербайжанға жөнелтілетін Қытайдың жүк пойызы жолға шықты

21.01.2018

Оңтүстік өңіріндегі көне қалалар бойынша деректі фильм түсірілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Дархан ӨМІРБЕК, «Егемен Қазақстан»

Сөз еркіндігі және балама пікірге төзімділік

АҚШ-та білім алып жүргенімізде екі апта бойы сөз бостандығы абсолют­тік болуы тиіс пе деген тақырыпты тал­қыладық. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ғажайып жаңалықтар

Заманауи экономиканың дамуы адамзатқа орасан зор жаңа мүмкіндіктер ұсынатындығын, соған сай экономиканың кейбір дәстүрлі салаларының түбегейлі өзгеріске түсетінін қазірдің өзінде байқауға болады. Тек бір ғана ауыл шаруашылығын алып қарайықшы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қайдасың, менің ертегім?!

Алпысыншы жылдардың басында мектеп табалдырығын аттаған біздің толқынның бала қиялын баураған ғажап – қазақтың ертегілері мен батырлар жыры еді-ау. Сол кезде сол бір ғажайыптар әлемінен санамызға сің­ген сансыз суреттер бұл күнде сағындырып, сабырымызды сарқып ішкендей болады. Сондағы небір керемет сиқырларды көруге көңіл ынтығып, көкірек көзі құмартып, құштарлана ашылғандай күйге енеті­німіз бар.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, «Егемен Қазақстан»

Тажалды тізгіндеудегі байыпты бітімгерлік

Вашингтондағы кездесулер жоғары деңгейде өтті. Әлемнің белді, белгілі ақпарат құралдары да ол туралы жарыса жазуда. Маңызды кездесулердің өзекті тұсы – Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі табанды ұстанымы мен байыпты қызметін жоғары бағалау болды. Бұл іс жүзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бейбітшілікті сақтау мақсатындағы жеке бастамалары мен осы бағыттағы қажырлы қызметіне, әлем­дік деңгейдегі қайраткерлік болмысы­на берілген баға деп пайымдаймыз. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Тілді кез келген жаста үйренуге болады

Әлемде қанша тіл болса, адам сол тілдерді үйренуге ұмтыла береді жә­не бұл қызығушылық ешқашан тоқ­тамайды. Әрине кейде бір тіл басқаларына қарағанда маңызды, танымал, оңай, әдемі болып көрі­нуі мүмкін. Дегенмен адамның қы­зығушылығы мен сүйіспеншілігі ой­ға келмеген тілдерді де үйренуге жетелейді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу