Дәурен Абаев Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барды

2017 жылғы 17-18 сәуірде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев Беларусь Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады mic.gov.kz.

19.04.2017 290

Сапар барысында  Д.Абаев Беларусь Республикасының «Жоғары технологиялар паркінде» болып, парктің және IT саладағы бизнес-инкубаторлардың жұмысымен танысты. Парк басшылығымен кездесудің қорытындысы бойынша ЖТП мен «Зерде» холдингінің арасында тығыз ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу бойынша келісімге қол жеткізілді.

Бұдан бөлек, Д.Абаев Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың Байланыс әкімшіліктері басшылары кеңесінің 52-ші отырысына және ТМД-ға мүше мемлекеттердің ақпараттандыру жөніндегі Үйлестіру кеңесінің 23-ші отырысына қатысты.

Байланыс саласындағы өңірлік достастық отырысы шеңберінде Д.Абаев Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан елдері байланыс әкімшілігінің басшыларымен, сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Х.Чжаомен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, Д.Абаев Еуразиялық экономикалық одақтың Цифрлық күн тәртібін әзірлеу жөніндегі ЕАЭО уәкілетті органдары басшыларының отырысына қатысты. Отырыс барысында тараптар бірлескен цифрлық жобаларды әзірлеу мәселелерін қарастырды.

КОЛУМНИСТЕР

Гүлзейнеп Сәдірқызы,

Ең ауыр күнә

Ана құрсағындағы шара­на­ның 18 күнде жүрегі соғып, 8 апта­да айналасындағы тір­ші­л­ікті се­зе бастайды екен. Ал 12 апта­да саусағын сорып, ба­сын қимылдатады. Міне, сол кеу­де­сі­не жан бітіп, адам кейпіне келген шақалақ өзіне келе жатқан қау­іпті, жасалатын қиянатты сез­генде жиырылып қарсылық көр­сететін көрінеді. Демек, әйел ағ­­засында жүріп жатқан табиғи қа­лыпты күшпен бұзып, баланы жасанды жолмен алдыртып тас­тау әйел үшін құдай алдында күнә, адам алдында қылмыс де­се де болғандай. Өйткені, Ис­лам дінінде кісі өлтіру ең ауыр кү­нә болып есептеледі. Ал ана құр­са­ғындағы кеудесінде жаны бар шарананы кесіп, бөлшектеп алып тастау ауыр күнәға жатпай ма?..

Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан»

Ұлттарды ұйыстырудың ұтымды үлгісі

1995 жылғы 1 наурызда Мемле­кет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Сөйтіп, Президент жанынан басты міндеті мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы әріптестік негізінде этностар мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, тиімді этносаралық іс-қимыл жүргізу, біртұтас саяси, құқықтық, мәдени орта қалыптастыру болып белгіленген жаңа консультативті-кеңесші орган құрылды.

Айбын ШАҒАЛАҚ, "Егемен Қазақстан"

​Елбасы һәм елдік жобалар

Ғасырға бергісіз осы 25 жылдың ішінде біз санамыздағы «сарысулардан» арылып, еңсемізді тіктедік, елдігіміздің іргесін бекіттік. Отарлық саясат құрдымға жібергісі келген ұлттық құндылықтарымызбен қау­ыштық. Дініміз бен діліміз қайта жаң­ғырды. Тағдыр жазуымен түрлі кезеңдерде киелі Қазақ жеріне келіп тұрақтаған ұлыстардың ынтымақ-бір­лігі нығайып, біртұтас халық ретінде қалыптасуға бет алды. Оның бүгінгі айқын көрінісі – Елбасының Мәңгілік Ел идеясының Қазақстан қоғамы тарапынан дұрыс қабылдануы және осы мұрат жолында ұйыса бастауы.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

​Тарих кені – туған жер

«Қазағымның көп тарихы Көк­шеде, қаланып тұр Оқжетпестей текшеге»... Осыдан біраз жылдар бұ­рынғы бір өлеңімізде осылай деп­піз. Шын мәнінде де Көкшетау халқымыздың кенен тарихы қат­пар­ланған қасиетті жерлерінің қа­тарынан ойып тұрып орын алатынына сөз бар ма?

Алдан СМАЙЫЛ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

​Ұлтты танып болдық па?

Өткен 25 жылдың ішінде дамыған елдердің үлгісінде технологиялық трансфертті жүзеге асырдық. Алыс-жақын мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынастарды реттедік. Осы үдерістерді қорытындылаған ғылыми орталықтар Қазақстанда экономиканы нарыққа көшіру үрдісі аяқталды деп отыр. Яғни, ендігі кезекте әлеуметтік-рухани, адами-шығармашылық мұрат­тарды сол экономика арқылы баянды етуді шұғыл қолға алу керек.

Пікірлер(0)

Пікір қосу