Дайындығың қалай, диқан?

Дала отқа оранып жатыр. Әр жерден аспанға жалын атып, будақтаған түтінді көз шалады. Жылда осылай. Өйткені, көктемгі егіс жұмысына дайындық бас­талды. Былтырдан қурап қалған шөптер өртеліп, жер жыртылып, «көктемнің бір күні жылға азық» деген тәмсілді ұстанған диқандардың белі бүгіліп, қызу тіршілікке білек түріп, кірісіп кеткен. Енді қара күзге дейін ты­ным жоқ. Ел қамбасын толтыру жолында тірнектеген еңбек басталады. Биылғы дала жұмы­сына Сырдың бойы нендей дайын­дықпен келді? Енді осыған ойы­сайық. Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бізге мынадай дерек пен дәйек ұсы­ныпты.
Егемен Қазақстан
07.04.2017 929

Тауық жылында облыс бо­йынша 168,7 мың гектар жерге дән түседі деген жоспар бар. Оның ішінде 84,5 мың гектарға дәндi дақылдар, 7,4 мың гектарға майлы дақылдар, 60,1 мың гектарға мал азықтық дақылдар, 16,7 мың гектарға картоп, көкөнiс, бақша өнімдері егілмекші. Дария бойындағы елдің негізгі дақылы күрiштің көлемі 78,4 мың гектар болмақ. Сонымен қатар, был­тырғы күзде қызылордалық ди­қандар 3089 гектар жерге күздік бидай егіп тастаған еді. Бүгінде егіс жағдайы жақсы деп отыр шаруалар. 

Шаруақор жұрт аман болса, егін егілер-ау. Бірақ жерге түс­кен дүниенің өнімді болмағы тұ­қымына тікелей байланысты емес пе? Оның жайы қалай? 2017 жылдың егісіне 612 тонна күз­дік бидай тұқымы дайындалып, егілді дедік. Ал көктемгі дала жұмыстарына 484 тонна жаздық бидай, 20,0 тонна арпа, 147,5 тонна мақсары, 223,5 тонна жоңышқа дап-дайын тұр. Ал күріштің 23 355 тонна тұқымы қамбада жатыр. Онда «Маржан», «Янтарь», «Лидер», «Анаит», «КазЕр-6», «Но­ваторь», «Фаворит», «Ай­сәуле», «Титаник», «КазНИИР-5» секілді күріш сорттары сұрыптан өткен. Минералды тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау мәселесі де жан-жақты шешіліп қойған. Аммоний сульфаты, карбамид, аммофос, аммиак селитрасы, фосфорит ұны мен байытылған суперфосфат сияқты тыңайтқыштар дайын. Шаруа шаршаусыз тіршілікке кірісіп кетіпті. Тұқымыңыз толық дайын екен. Минералды тыңайтқыштан да мәселе жоқ көрінеді. Ал енді техника мен жанар-жағармайдың жағдайы қандай?

Осы қаңтар айындағы есеп бойынша облыстағы шаруа­шы­лық­тардың қолында 1830 трактор, 491 соқа, 245 тұқымсепкіш, 394 автокөлік және 905 трактор тір­кемесі бар. Бұлардың бәрі тың­ғы­лықты тексерілген, жұмысқа жарамды. Биылғы көктемгі дала жұмыстарына барлығы 14 мың тонна дизель отыны қажет дейді мамандар. Осыған орай Ауыл шаруашылығы министрлігінің тікелей араласуымен Энергетика министрлігі тарапынан көктемгі дала жұ­мыс­тарын дизель отынымен қам­тамасыз ету кестесі бекітілді. Соған сәйкес, наурыз айында 3,5 мың тонна, сәуір айында 4,8 мың тонна, мамыр айында 5,7 мың тонна дизель отыны жет­кізіледі. 1 литр дизель отынын шаруашылықтарға жеткізіп беру құны 123 теңгені құрамақ. Қазіргі уақытта наурыз айына бөлінген 3,5 мың тонна арзандатылған дизель отынына толық қаржы аударылып, оның 2680 тоннасы аймаққа әкелінді. Шаруашылық құ­рылымдарында  көктемгі дала жұ­мыстарын жүргізуге өз қара­жаты есебінен 1500 тонна дизель отыны, 1186 тонна бензин, 384 тон­на дизель майы дайындалды.  

Көктемнің басында арнасын кер­неп ағып жатқан дария егіс жұ­мыстары басталғанда сараң­дық танытатын әдет бар еді. Биыл судан проблема болмай ма екен? 20 наурыздағы де­рек бо­йынша Шардара су қойма­сына жоғарыдан секундына 938 текше метр су келуде. Қоймадағы су көлемі 4,5 мил­лиард текше метрді құрап, төменге секун­дына 850 текше метр су жіберіліп отыр. Бүгінде Шардара мен Көк­сарай­да 7,3 миллиард текше метр су жиналып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 миллиард текше метрге ар­тық. Көктемгі су тасқынына сәй­­кес, барлық аудандар мен Қызыл­­орда қаласының су шаруа­шы­­лығы нысандарын дайындау жос­пары жасалынған. Атап айтқан­да, күз-көктем айларында шаруашылықаралық және ішкі шаруа­шылық су жүйелерін тазалау, гидротехникалық құ­ры­лыс­тарды, насос қондырғыларын және гидробекеттерді жөндеу, егістік жерлерді ылғалдандырып, ша­бындық жерлерді суару жұ­мыс­тарының көлемі бел­гі­ленді. Яғни, биыл судан да аса тар­шы­лық көрмейміз деген сөз. Әңгі­менің аяғына қарай субси­дия мәселесіне аз-кем аялдап ке­те­йік. Биылдан бастап «гек­тар­лық» субсидия деген дүние тоқ­­т­а­тылатын болды. Оның ор­ны­­на мемлекеттік қолдау­дың басқа механизмдері мен түр­­лері ен­гізіледі. Күрішке келе­тін бол­сақ, облыстың өзін­дік ерек­­­­ші­ліктеріне байланыс­ты кү­рішті жер­гілікті бюджет есебінен гек­тарлы субсидия­лау Ауыл шаруашылығы министр­лігімен келісіліпті. Сондай-ақ, мұн­дай тә­­сіл жоңыш­қаға да қол­да­ны­ла­ды. Ты­ңайт­қыштар мен гер­би­­цид­­­­тер­дің құнын субсидия­лау мөл­­шері нарық­тық бағаның 50 па­­йы­зын құрамақ. Элиталық жә­не бі­рінші реп­ро­дукциялық тұқым­­­дар да субсидияланады. Суар­­­­малы суға субсидия төлеу же­­ңіл­­­­дейді және жылыжайда өсі­рі­­ле­­тін көкөністерді қолдау бұ­рын­­ғы күйінде қалмақ. Қысқасы, биыл­ғы егіс науқанына Қызылор­даңыз дап-дайын. Енді жасалатын жұ­мыстың берекелі болуын тілейік.


Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы



СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.11.2017

Елордада көлік қозғалысына байланысты ерекше акция өтті

19.11.2017

Еліміздің басым бөлігінде алдағы апта жаңбырлы болады

19.11.2017

Астанадан Жалтыркөл кентіне автобустар қатынайды

19.11.2017

Түймебаев шетелдік жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті

18.11.2017

ОҚО-да биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 1 340 491 млн. теңгені құрады

18.11.2017

Үкімет басшысы Жамбыл өңірінің жай-күйімен танысты

18.11.2017

Атырауда ақын Өтеген Оралбаевтың шығармашылық кеші өтті

18.11.2017

Өзге ұлт өкілдері де латын қаріпті көне кітаптарды ұстап көрді

18.11.2017

Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684 млн теңгеге жуық өнім өндірілді

18.11.2017

ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан

18.11.2017

Төрт дүркін чемпион дүркіретіп той берді

17.11.2017

Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті

17.11.2017

Сағынтаев оңтүстік өңірлердің аграршыларымен кездесті

17.11.2017

ОҚО әкімі жазушы-драматург Дулат Исабековпен кездесті

17.11.2017

Үкімет басшысы Жамбылдағы минералды тыңайтқыштар зауытына барды

17.11.2017

«Нұр Отан» партиясында «Көш көлікті болсын» акциясы өтті

17.11.2017

Қыздар университетінің студенті гран-при иегері атанды

17.11.2017

Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

17.11.2017

Назарбаев «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директорымен кездесті

17.11.2017

ТМД-ға мүше мемлекеттердің жастар ісі жөніндегі Кеңесінің отырысы өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі

Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тек­тес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық ки­но мен  көпшілік, яғни көрермен пси­хологиясының арасында қандай байланыс бар?   

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Зардабын қателіктің тартқан білер

Кез келген адам шешімі күрде­леніп, бірнеше сот процестеріне ұласатын дауға басын сұға қой­май­ды. Одан өзіне пайда жоқ екенін де біледі. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Күйгелектік қадірді кетіреді

«Қоғамда болып жатқан терең өзгерістерге байланысты біздің тарихқа қайтадан үңіліп, сол кездерден бүгінгі күннің проблемаларынан шығудың жолын іздеп, болашаққа сабақ алуымыз керек», деген еді Президент Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабында. Тарихтан сабақ алу – қай заманда болса да күшін жоймайтын, ескірмейтін маңызды мәселе.        G M T     Определить языкАзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский   АзербайджанскийАлбанскийАнглийскийАрабскийАрмянскийАфрикаансБаскскийБелорусскийБенгальскийБирманскийБолгарскийБоснийскийВаллийскийВенгерскийВьетнамскийГалисийскийГреческийГрузинскийГуджаратиДатскийЗулуИвритИгбоИдишИндонезийскийИрландскийИсландскийИспанскийИтальянскийЙорубаКазахскийКаннадаКаталанскийКитайский (Упр)Китайский (Трад)КорейскийКреольский (Гаити)КхмерскийЛаосскийЛатинскийЛатышскийЛитовскийМакедонскийМалагасийскийМалайскийМалайяламМальтийскийМаориМаратхиМонгольскийНемецкийНепалиНидерландскийНорвежскийПанджабиПерсидскийПольскийПортугальскийРумынскийРусскийСебуанскийСербскийСесотоСингальскийСловацкийСловенскийСомалиСуахилиСуданскийТагальскийТаджикскийТайскийТамильскийТелугуТурецкийУзбекскийУкраинскийУрдуФинскийФранцузскийХаусаХиндиХмонгХорватскийЧеваЧешскийШведскийЭсперантоЭстонскийЯванскийЯпонский                   Звуковая функция ограничена 200 символами     Настройки : История : Обратная связь : DonateЗакрыть

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Тілде буын жоқ...

Көп сөйлейміз. Көпіріп. Әңгі­ме­­ні көп айтамыз. Тіл безеп. Ше­шенсиміз. Көсемсиміз. Кеуде ұра­мыз. Біз білеміз дейміз. Біздікі ғана дұрыс. Өзгелердікі сандырақ. Біз ба­тырмыз. Біз ақынбыз. Біздей данышпан халық жоқ. Осының бәрі рас па екен өзі?..

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Түрлі өмірді бастан кешу мүмкіндігі

Оны адамға кітап қана бере алады

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу