Деңгейі биік дарындылар мектебі

Егемен Қазақстан
03.12.2016 154
dsc_3826Тәуелсіздік жылдарында елімізде лицейлер мен гимназиялар және арнаулы мамандандырылған мектептер көптеп ашылды. Уақыт өте келе дарынды балаларға арналған білім берудің жаңа жүйесі теориялық тұрғыдан да, тәжірибелік тұрғыдан да одан әрі тереңдеп толыса түсті. Сөйтіп мұндағы білімнің сапасы мен деңгейі өркениетті елдермен теңесе бастады. Еліміздің әр қиырында осы бағыттағы мектептер желісінің құрылуы, әрі ұзақ уақыт өтпей-ақ олардың әлемдік-элитарлық білім беру деңгейіне көтерілуі – тәуелсіздіктің басты нәтижелері мен жемістерінің бірі болып қала бермек. Осы салада еңбек етіп жүрген білікті педагог мамандардың айтуы бойынша дарынды балаларды іріктеп, топтап оқыту үрдісін орнық­тырудың тиімділігі мен пайдасы өте мол. Бұл оларды болашақта алатын мамандығына алдын-ала әзірлейтін бейінді әрі бейімді білім беру қағидасы арқылы жүргізілетініне осы материалды газет өндірісіне әзірлеу барысында айқын көз жеткізе түстік. Осы орайда Орал өңіріндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатты мысалға алғанды жөн көрдік. Бұл үшін ең алдымен аталған оқу орнының тәуелсіздік жылдары қол жеткізген биік нәтижелері мен көрсеткіштерін айтқан орынды деп санаймыз. Атап айтқанда, соңғы он жылдың аралығында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының  бірінде ашылған осы мектепті бітірген түлектердің жоғары оқу орындарының грантын иелену көрсеткіші жүз пайызды құрайды. Бір жылда «Алтын белгіге» қол жеткізгендердің саны 23-ке дейін өскен. Ал ең жоғары 125 баллға ие болушылар оннан асып түседі. Мұнда Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде барлық түлектердің жинаған орташа балы 120,7-ге жеткен. Соның нәтижесінде негізінен шал­ғайдағы ауыл балалары оқитын мек­теп-интернаттың жүзден астам түлегі «Болашақ» стипендиясы бойынша әлемнің ең таңдаулы университеттерінде білім алу мүмкіндігін иеленді. Оның бірқатары М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік уни­верситеті жанындағы А.Н. Колгоморов атын­дағы физика-математика мектебін аяқтаған. Түлектердің тағы бір толқыны еліміздің ең жетекші элитарлық жоғары оқу орындарында оқып жүр. – Алдыңғы жылы Білім және ғылым министрлігі ҰБТ моделінің республика бойынша рейтингін шығарды. Оның нәтижесінде біздің мектеп-интернат ҰБТ-дан ең жоғары көрсеткішке жеткен республикамыздағы ең үздік алты мектептің көшбасынан көрінді. Сонымен бірге елімізде соңғы 11 жыл бойы республикада түлектері тұрақты түрде жүзден жоғары көрсеткішке жеткен екі мектептің бірі әрі бірегейі атанды, – деді бізге Батыс Қазақ­стан облыстық дарынды балаларға ар­нал­ған мамандандырылған мектеп-интернаттың директоры, педагогика ғылымының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері Нәсіпқали Дәулетов. Әрине, бұл арада біз мектеп ұжымының биік белестерін дәріптеуді емес, керісінше олардың осы нәтижелерге қалай қол жеткізгендерін оқырмандарға таныс­тыруды мақсат етіп қойған едік. Сондық­тан осы мәселеге ойысар бол­сақ, мұнда оқу­шы­лардың қабілеті мен қызығу­шы­лығы­на қарай бағдарлы пәндерді жалпы білім беретін мектептермен салыстырғанда 2-3 есеге дейін тереңдетіп, сараптап оқыту тәжірибесі орныққан. Білім сапасын көтеруге мамандандырылған мектепте құрылған педагогикалық мониторинг тәсілінің тигізіп жүрген ықпалы мол екені аңғарылады. Мұның басты элементі – бақылау. Осылайша оқыту жүйесін тұрақты әрі жүйелі түрде бақылап отыру арқылы оқушылар білімнің сапалық деңгейіне көтеріле алады. Әрі бұл арада орын алған кемшіліктер көрініп қана қоймай, оның себептері мен салдарлары айқын­дала­тыны, әрі оны жоюдың жолдары белгіле­нетіні қандай жақсы. Мұндай үрдістен үйре­не­тін тұстар да аз болмаса керек. Мектеп педа­гог­тарының түпкі әрі негізгі мақ­саты да осы екен. Мұндағы оқушылар мектепті аяқтаған соң өздерін мемлекеттік Ұлттық Бірыңғай Тесті­леу моделі күтіп тұратынын жақсы сезінеді. Сондықтан да олар белгілі бір пәннен күнде­лікті баға алу үшін емес, ҰБТ-да жоғары балл жинауды мақсат етуге дағдыланған. Апта, ай, тоқсан сайын әрі жыл аяғында негізгі пәндер бойынша жүйелі әрі тұрақты мектепішілік бақы­лаулар да оқушылардың күнделікті өткізілген материалдарды толықтай меңгеруіне ықпалын тигізген. Мұның өзі оқытудың тиімді тұстарын одан әрі жетілдіріп, кемшіліктерді жою жолдарын іздестіруге алғы шарт қалапты. «Қысқасы мамандандырылған мектептегі бақы­лау жүйесі оқушыға да, оқытушыға да тың міндеттер қоя алады. Оларды жаңа жетістіктерге жетуге итермелейді. Білім беру үдерісін сырттай бақылау мен бағалау оны тікелей іске асырғаннан гөрі әлдеқайда тиімдірек», дейді мектеп басшысы Нәсіпқали Дәулетов. Соның нәтижесінде білім сапасының төмендігін немесе қалыпты екендігін тез байқауға болады. Бұл тәсіл мұғалімдердің бағаны көтеріп қою әдетін болдырмауға да ыңғайлы. Ең бастысы оқушының күнделікті материалдарды жан-жақты әрі терең меңгеруге ұмтылысын қалыптастыру үшін өте қолайлы. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.01.2019

Қарағандылық инспекторға оқ атқан күдіктілердің фотосы жарияланды

18.01.2019

ҰБТ-дан жоғары балл жинаған түлек «Болашақ» арқылы шетелдерде оқи алады

18.01.2019

Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Ғали Исқалиев тағайындалды

18.01.2019

Ақтөбе облысының шаруалары былтыр 228 млрд теңгенің өнімін өндірді

18.01.2019

Полиция департаменті айыппұлды уақытылы төлеуге шақырды

18.01.2019

Елордалық аурухана тұңғыш рет неврологиялық асқынуды азайтатын құрылғыны қолданды 

18.01.2019

Елордалық құтқарушылар жанып жатқан үйден 6 адамды шығарды

18.01.2019

Колумбиядағы жарылыс салдарынан 21 адам қайтыс болған

18.01.2019

Тимур Қожаоғлы: «Егемен Қазақстан» – Еуропа құрлығындағы маңдайалды басылым

18.01.2019

Алматыдағы тікұшақ апатынан кейін «Sky Service» рейстері тоқтатылды

18.01.2019

Геннадий Головкин ұлды болды

18.01.2019

Солтүстік Қазақстанда «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасты

18.01.2019

Головкиннің қарсыластары бір-бірімен жұдырықтасады

18.01.2019

Петропавлда ресейлік бас киімдер көрмесі ашылды

18.01.2019

Ақтөбеде жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету меморандумына қол қойылды

18.01.2019

Алматыда газбен жүретін жаңа автобустар іске қосылады

18.01.2019

СДУ-да IT технологиялары саласында білім беру жобасы басталды

18.01.2019

Мемлекет басшысы «Smart Aqkol» ахуалдық орталығына барды

18.01.2019

Елбасы кітапханасының Ақтөбеде өткен көшпелі көрмесін 120 мыңнан аса адам тамашалады

18.01.2019

Атырауда қазақтың үш биіне ескерткіш орнатылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Ońtaılandyrý ońalta ma, omalta ma?

Orta bilim salasyna qatysty taǵy bir ońtaılandyrýdyń qulaǵy qyltıyp, «bul qalaı bastalyp, qalaı aıaqtalady?» degen sansyz suraq kóptiń kókeıin búlkildetip otyr. «Qundylyqtar aýysatyn, shyndyqtar shatysatyn uly ózgerister týysynda ómirdiń ózi karnavalǵa uqsap ketedi», dep Mıhaıl Bahtın aıtpaqshy, bilim salasyndaǵy mundaı reformalardan jurttyń júıkesi juqarý bylaı tursyn, karnavalǵa aınalyp bara ma degen kúdik joq emes. Qabyldanǵan, tolyqtyrylǵan zańdar, ár mınıstrdiń tusynda túzilgen baǵdarlamalar, oǵan bólingen qarjy – «óıtemiz de, búıtemiz» dep keletin jarnamaǵa bergisiz jıyndar, konferensıalar, onda sóılenetin sózder qısapsyz desek, artyq aıtqandyq bolmas.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Úılený men úı bolýdyń arasy

Statıstıka komıtetiniń ótken jylǵy máli­me­tine qaraǵanda, elimizde sońǵy on jylda 1,5 mıllıon jup otaý qursa, osy kezeńde 1 mıl­lıonnan astam jup ajyrasqan. Bul – árbir úshinshi neke buzyldy degen sóz.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу