Денсаулық. Ауырмаудың жолы бар ма?

Өмірдің тек жақсы жағын көру керек! Әр күн керемет өтпеуі мүмкін, бірақ әр күнде бір жақсылық болады! Үнемі осылай ойлайтын оптимистердің денсаулығы жақсы, өмірі ұзақ болады. Оны ғылым да түсіндіре алады.
Егемен Қазақстан
09.04.2017 1311

XI ғасырда Ибн-Сина екі тоқтыға тәжірибе жасайды. Екеуіне бірдей жем-шөп береді. Тек біреуін қасқырдың жанында ұстайды. Көп кешікпей сол тоқты арықтап, ауру болады. 

70-жылдары Израиль дәрігерлері де жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан 10 мың адамды зерттеген екен. Бір қызығы, олардың көбі күйзеліске ұшыраған, жақынының сүйіспеншілігі мен қолдауын сезінбегендер болып шығады.

Психосоматика психологиялық факторлардың тән ауруларына әсерін зерттейді. Мысалы, ракпен ауыратын адамдарға арнап бірнеше кітап жазған Венди Харфэм атты терапевт өзі де иммунды жүйе рагына шалдыққанда үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүруді қолға алады. Нәтижесінде соңғы 12 жылда оның ауруы бір деңгейде тұр.

Ғалымдардың айтуынша, дене ауруларының 32-40%-ы күйзеліс пен жан жарақатынан пайда болады. Яғни, адамның өмірге деген көзқарасы ағзаға да әсер етуі мүмкін. Мысалы, үнемі жаман нәрселерді ойлау әдетке айналса, ол созылмалы ауруға ұшыратады. Уайымшыл адамның асқазаны, ашу-ызасын сыртқа шығармайтын адамдардың бауыры ауырады. Көтеріңкі көңіл-күй мен жақсы сөздер иммундық жүйені нығайтады. Ал үнемі жақсы нәрсені ойлау қан қысымы, жүрек ауруы, артық салмақ және диабет секілді аурулардың алдын алады.

Жиі кездесетін ауруларға қандай психологиялық жағдай әсер етуі мүмкін? Бұл сұраққа «Твое тело говорит: Люби себя!» (Лиз Бурдо) мен («Исцели Себя Сам» (Луиза Хей) атты кітаптар негізінде жауап іздеп көрсек.

Ұйқышылдық өмірдің қиын кезеңдерінде жиі пайда болады. Адамның қиындықтарға төтеп беруге әзір еместігін көрсетеді.

Себепсіз шаршау нақты мақсаты жоқ адамдарда болады. Болашаққа деген қорқыныш пен сенімсіздік олардың энергиясын алады.

Аппендицит өмірден қорқу, өзі қалаған нәрседен бас тарту кезінде болады.

Астигматизм. Сол көз өз пікірін, оң көз қоғамдық пікірді білдіреді. Көбіне адам өз пікірін дұрыс санап, басқалардың ойымен санасқысы келмегенде туады. Кейбір астигматиктердің жан дүниесі мен қоғамдық өмірі бір-біріне сай келмеуі мүмкін.

Астма адам тығырықтан шығатын жол таппаған кезде пайда болады. Кейде мойнына тым ауыр жүк алғандарда да кездеседі.

Артрит – өзіне де, өзгелерге де қатты адамда болады. Үнемі сыни көзқараспен жүретіндерде де болуы мүмкін.

Алыстан нашар көрушілік болашақта болатын оқиғалардан қорқудан туады. Өзіне қатысы жоқ нәрселерді көргісі келмейтін, айналада не болып жатқаны қызықтырмайтын адамда, көбінесе, балалар мен жастарда, 40-тан асқандарда кездеседі.

Бас сақинасы өзі туралы басқалардың не ойлайтынына алаңдау сезімінен болады.

Бас ауруы басқалардың қателігіне өзін кіналау сезімінен пайда болуы мүмкін. Адамның өз-өзіне деген сенімділігі жоғалған кезде бас сүйегінің үстіңгі бөлігі ауырады.

Бұлшық ет ауруларына жұмысқа байланысты қиындықтар әсер етеді. Бір шаруаны атқара алмау немесе істегісі келмеу сезімінен болады.

Бронхит отбасында қиындықтар туындаған адамдарда жиі кездеседі. Қарсылығын ашық білдіре алмау сезімінен туындайды.

Гастрит ашу-ызаны іште сақтаған адамдарда жиі байқалады.

Гайморит өз-өзін іштей аяу сезімінен болады.

Жұқпалы аурулар пессимистерге тән. Сондай-ақ басқалардың сөзін жүрегіне жақын қабылдайтын адамдарда да кездеседі.

Иммунитеттің төмендігі өзінің «Менін» қорғай алмаудан, басқаларға қарсы келе алмаудан болады.

Себепсіз жөтел ашуланшақ адамдарға тән.

Артық салмақ өзін психологиялық тұрғыда қорғай алмайтын немесе өзінің қорғаны барына сенімсіз адамдарда байқалады.

Тұмауға өз-өзін аяу немесе шықпай қалған жас себепші болады.

Рак қатты психологиялық соққы алған адамдарда жиі кездеседі.

Диабет қасындағы жақындарының бәріне қамқор болғысы келетіндерде тән.

Дайындаған Гүлнұр Қуанышбекқызы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.05.2018

Қ.Тоқаев: Атырау облысы – ел экономикасының флагманы

23.05.2018

Жаңаөзенде судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

23.05.2018

Маңғыстауда өрт қауіпсіздігі бойынша 77 бекет орнатылды

23.05.2018

Маңғыстаулық полицейлер мұқтаж отбасыларға көмек берді

23.05.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі С.Шойгумен кездесті

23.05.2018

Менингиттен қалай қорғану керек?

23.05.2018

«Баян сұлу» жобасының жеңімпазы анықталды

23.05.2018

Қазақ әдебиеті әлем тілдерінде сөйлейді

23.05.2018

Л.Гирш көпшілікке «Стихи о войне и мире» өлеңдер жинағын таныстырды

23.05.2018

Қазақстан Президенті қорғаныс ведомстволарының министрлерімен кездесті

23.05.2018

Қызылордада жасырын казино ашқан азамат ұсталды

23.05.2018

Сотқа жүгінбей татуласуға болады

23.05.2018

«Петропавл–Қорған» бағытындағы тас жолға 27 миллиард теңге бөлінбек

23.05.2018

Маңғыстауда сот жүйесін жетілдірудің 7 бағыты талқыланды

23.05.2018

Петропавлда омарташы мамандар оқытыла бастады

23.05.2018

Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады

23.05.2018

«Азаматтарға арналған үкімет» 8 млн адамның цифрлық сауаттылығын арттырмақ

23.05.2018

«Арсеналға» жаңа бапкер келді

23.05.2018

Елбасы V халықаралық «KADEX-2018» көрмесінің ашылу рәсіміне қатысты

23.05.2018

Алматыда «Жас өркен» жастар орталығы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Мектеп вальсі туралы ой

Соңғы қоңырау – мектеп бітіруші түлектердің жанын тербететін аяулы сәт. Алабұртқан сезім, алып-ұшқан арман, үміт пен күдік. Одан өзге? Мектеп вальсі. Иә, мектеп вальсі туралы әр жүрек түкпірінде жазылмаған бір-бір шығарма бар шығар. Бұл – мектеп қабырғасымен, дос-құрбылармен ғана қоштасу емес, іште бұғып жатқан мөлдір, алғашқы алақұйын сезімдермен де қоштасу.

Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан»

Қызғаныш деген қызыл ит

Заты адам баласымен бірге жасасып келе жатқан, көнермес те көгер­мес сезімдердің бірі – қызғаныш. Адам­ның көзіне шел қапта­та­тын қара қыз­ға­ныштардан кекшілдік пен күн­шілдік, бақас­тық пен бақталастық қоз­дап, неше түрлі қылмыстар жасалып жата­ты­ны да ешкімге құпия емес. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Алматының алмасы. Шырын қайда?..

Алматы жұрты күнде жауған жауын­мен, түнде ұрған суықпен жағаласып жүріп Алатаудың бөктеріндегі биылғы алма бақ гүл шашқан көркем шақтан көз жазып қалған сыңайлы. Содан ба екен, біреу «Биыл алма гүлдеді ме?» десе, біреу «Биыл өзі алма бола ма?» дейді қамығып. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Рух көтерудің жолы

Кейінгі өскелең жас ұрпақты патриот­тық рухта қалай тәрбиелейміз, ертеңгі ел қорғар өрендеріміздің бойына отаншылдық пен патриотизмді, елге, жерге деген сүйіс­пен­шілік сезімін  қалыптастырып, келешекте ержүрек, батыл болып өсулері үшін не істеуіміз керек деп,  жастардың ертеңгі тағдыры мен таңдауына жиі бас ауыртып, жанымыздың жабырқап жататыны рас.

Қамбар Ахмет,

Каспий мен Қара теңіздерді жалғау кімге тиімді?

Мамырдың екінші онкүндігінде ақпарат һәм саясат алаңында қызу тал­қыланған тақырыптың бірі – Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каспий мен Қара теңіздің арасын жал­ғайтын «Еуразия» каналын салу жөніндегі пікірі болды. 

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу