Донор сыйлаған өмір

Аз уақыт болса да ғұмырдың ұзарғанына не жетсін! Жақын жанның айықпас дертке ұшырауы кімнің жанын жараламайды, кімге уайым арқалатпайды?
Егемен Қазақстан
28.03.2017 605

Қолдан келер дәрмен жоқ, айтып келген ажалға қарсы тұруға болмайды дейтін уақыт емес, медицинаның күннен-күнге жетілуімен бір кездердегі беті қайтпас түрлі дерттердің емдеуге көнген заманында өмір сүрудеміз. Әлде бір механизмнің сынған бөлшегін жаңасына айырбастағандай ауыратынын алып тастап, донорлық орган салып, жазылып шыққанды көру пәлендей жаңалық болмай қалды.  Адам ғұмырын осылайша ұзартатын медицинадағы трансплантология саласы дамып келеді дегенмен, осы тұста үлкен бір проблема оның жолын кескестеп тұрғандай. Ол – донор жетіспеушілігі.


Жамбыл облысы, Талас ауданының тұрғыны 1980 жылғы Тәкен Жаман­құлов­тың кішкентай күнінен бүйрегі ауырады. Ақыры не керек, 12 жасын­да бүйрегі алынып тасталып, сыңарынан айырылған бір бүйрекпен жүргенінде ол да істе­мей қа­лады. Жасанды бүйрек аппараты­мен 2 ай гемодиализге отырғанға дейін Тәкен ор­ган алмастыру операцияларының елі­міз­д­е жасалуынан мүлде бейхабар екен. Жан­дәрмен ақпарат іздегенде егер донор та­была қойса, отандық дәрігерлер-ақ ота жа­­сай­тынын білгенде жақындары тегіс қуан­ған. 

А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылы­ми хирургия орталығындағы дә­рі­герлер бүй­регін беруге келіскен әке­сі мен қа­рын­дасының және туған на­ға­шы­сы­ның анализ­дерін сараптағанда на­ға­шы­­сы Берікжан Қоқанбаевтың донор бо­лу­ға сәйкестігі анықталады. 5 сағатқа со­зылған операцияда Жаманқұловтар әу­летінің үзіле жаздаған үміті қайта жал­ғанды, Тәкен қазір, құдайға шүкір, ту­ған нағашы ағасы берген бүйрегімен тір­ші­лі­гін кешуде. Донор сыйлаған ғұмыр осы да!

ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында трансплантология хирургия­ның  ең бір озық жетістіктерін өзіне тоғыс­ты­рып, анестезиология, иммунология, фар­макология және өзге де бірқатар ме­ди­­цина, биология ғылымдарының адам­­ға қызмет етуінің көжиегін кеңейте түс­­кен. Алайда, трансплантологияда түр­­лі тех­нологияларды қолданудың ме­ди­­­ци­на­лық және этикалық, құқықтық мә­се­­ле­­лерінде шешімін таппаған көп түйткілдердің бар екені анық.

Мәселен, дәрігерлердің пайымын­да медициналық тұрғыда донорды анық­тау­да біраз қиын­дықтар бар. Алды­мен, донор денсау­лығының дұрыс болу­ын тексеруден өткізу, оған за­лал кел­тірмеу, органның көптеген па­ра­метр­лер бойынша сәй­кес келуімен қа­тар, реципиентке орган алмасқанға дей­ін және одан кейін жүр­гізі­летін имму­нносупрессивті тера­пияда мән бе­рі­летін тұстар көп. Донор болғысы кел­ген туыс, дені сау адам­ның өзінің ағзасы анатомиялық тұрғы­дан сәйкес келмеуі әбден мүмкін. Себебі, анасына ба­ла­сының бауырының бөлшегі тран­сплантацияланған күнде, қанша туыс дегенмен, ол адамның генетикалық ақ­паратының жартысы анасынан, ал жартысы әкесінікі, яғни өзге ағзаның де­регі бар тін. Екі ақпараттың арас­ын­да­ғы қайшылықты тұншықтыру үшін опе­рация­ның алдында да, соңынан да, тіп­ті өмір бойына кері итеру үде­рісін жүр­гізбейтін дәрі – иммунды деп­ре­с­санттар қабылдап отырады, осы­лай­ша пациенттің иммуни­тетін тежеп отыр­а­мыз. Әйтпесе, орнатыл­ған ағзаны кері те­бу, қабылдамау үдерісі жүреді. Егер до­нор реципиент үшін монози­готадан, яғ­ни бір ғана ұрықтың бөлінуінен жа­ра­тылған бір-бірінен генетикалық тұр­ғы­да айнымайтын егізінің сыңары бол­са ғана иммунносупрессивті тера­пия жүргізілмейді, себебі, олардың ағ­з­а­сының айырмасы жоқ. Донордан алын­ған органды бөтенсу мүлде бол­май­ды. Ал өзге жағдайда донор берген ор­ган­ды ағзаның кері итеруі, бөтенсуі жү­ре­ді. Донорлық органдар да туыстан жә­не мүрдеден алынған деп бөлінеді, дей­ді әңгімеге тартқан оташы дәрігер Бауыржан.

− Қазір еліміздегі донор жетіс­пеу­ші­лік мәселесі өте өткір күйінде тұр. Бүгінгі күні алмастырылған органның 90 пайызы тірі донорлардан алынады. Егер бұлай кете берсе, енді бір 20 жылда бір бүйректі ұлт атану қаупі барлығын жасыруға болмайды. Одан шығудың жолы қандай? Ол – мәйіттен алынған органдарды салу. Бұл жерде халықтың, әсіресе, оның ішінде қазақтардың оны беруге деген ынтасының аздығынан қаншама пациент күткен күніне жете алмай, сағағынан ерте үзілген гүлдей, орган жетімсіздігінен ерте солып жа­тыр. Күту парағына қанша сарыла қа­ра­ған­мен, донор жоқ. Мәселен, Еуропада ал­­мастырылатын органдардың 70-80 пай­ызы мәйіттен алынады. Әрине, дәл бұрынғыдай емес, біздің елімізде де шамалы қозғалу бар, бірақ ол тым мардымсыз. Жылына 15-16 мәйіттен орган алынады. Ал қазір 3 мың адам бүйрек ауыстырудың кезегінде, 1,5 мың пациент бауыр беретін донор та­был­са деп отыр. Бұл екі органды ті­рі донордан алуға келсе, ал жүрек, өкпе үшін тек мәйіт керек, дейді Аста­на­­дағы Ұлттық ғылыми онколо­гия жә­не тра­нс­пла­нтология орталығы ағ­за тра­н­сп­лан­та­циясы бөлімшесінің мең­ге­р­­­ушісі Ғани Құттымұратов.

Қазір әр облыс орталығында донор мәселесімен айналысатын үйлестіру ор­талықтары бар. Олар күнбе-күн жан­сақтау бөлімдеріне түскен пациенттің миы өлді деген диагноз қойылған жағ­дай­да туысқандарымен сөйлеседі. Қай­та­лап айтамын, тек миы өлген жағ­дайда ға­на. Бірақ жақындар тарапынан, мына жал­­ғанмен қоштасқалы жатқан жанның, дәл кетерінде де Аллаға жағар іс атқарып, бі­реуге өмір сыйлап кетуін қолдаушылар табыла бермейді. Мысалы, Иранда до­норлық органдар 90 пайыз мәйіттен алы­нады. Кәдімгі мұсылмандық жолды ұс­танған мемлекетте. Өйткені, Аятолла Хомейни көзі тірісінде мен өлген соң органдарым өзгенің өмірін жалғасын деп өсиет қалдырған. Испанияда, Еуропаның бір­қатар елдерінде ғибадат, құлшылық жа­сар орындарға «Органдарыңды жер­де қалдыр, көкте оның саған қажеті жоқ» деген жазбалар ілініп қойылған, де­­ген Ғани Мұратұлына миы өлген де­ген диагноз қойылды дейік, ал донор­дың сәй­кес, сәйкес еместігі қалай анық­та­ла­ды, деп сұрақ қойдым.

– Бұл жерде де үлкен бірнеше проб­лема бар. Мидың өлімі дегенде ми қ­а­бығының өлімі және тұтас мидың өлуі бар. Алдымен дәрігер үшін осы тұтас ми өлді деген диагноз қою оңай емес. Бұл үлкен біліктілікті қажет етеді.  Ми өлімі деген биологиялық тұрғыда өмір сүрудің тоқтауы, қарапайым тілмен айт­сақ, ажалдың жеткені. Миы өлген адам ең ұзағанда 5-6  күн аппаратпен жатуы мүм­кін, бірақ бәрібір бірте-бірте ағзада жү­ріп жатқан өшу үдерісі науқасты қай­т­-

­пас сапарға аттандырады. Дәрігерлік кон­силиум жасалып, науқастың миы өл­ген, бірақ аппарат арқылы жүрегі со­ғып тұр, өкпесі демалып тұр, бүйрегі зәр өткізіп тұр деген қорытындыға кел­се ғана, па­циент донор ретінде қа­ра­стырылып, жа­қындарымен әңгіме жү­реді. Ал жүрегі тоқтап қалса, онда органдары донорлыққа жарамайды.  Осы жерде алдымен дигноз қоюда дәрігерлердің біліктілігі қажет болса, әрі қарай тұтас ағзадағы барлық органдар қызметінің өліміне әкелетін үдерістен алынатын органды сапалы қалпында ұс­тап тұруда біліктіліктің өте бір жо­ғары деңгейі керек. Анализдер алып, ор­гандардың қай пациентке сәйкес ке­луін анықтау бірнеше сағаттарға, тәулікке созылуы мүмкін. Сол кезеңде дә­рілермен алынатын органдарды сақ­тамаса, қажет болса қан құйып, дәрі­лер жібермесе, мысалы, бүйректе зәр жүр­мей қалса ол бүйрек алуға жарамай қалады. Сондықтан да сапалы күйінде ұстап тұру үлкен біліктілікті қажет етеді. Бұл орайда проблемалар бар, қарапайым дәрігерлерге оны анықтау оңай емес. Сондықтан консилиум шақырылады, – дейді Ғ.Құттымұратов.  

Ал заң жүзінде елімізде донорлыққа кедергі жоқ көрінеді. Егер Қазақстан азаматы ирандықтар тәрізді өзінен кейін адамдарға өмір сыйлаймын десе, бұл шынымен ана дүниеде құдайдың ал­дында сауап емес пе? Бұл жайында мүф­тияттың пәтуасы бар. Дегенмен, халықтың бұл тұрғыда ақпараттары мардымсыз. Мәсе­лен, мешіттерде халық көп жиналған уақыттағы уағызда осы айтылса екен. Сосын біздегі заңда донорлықта пре­зумция келісімі деген пайым бар. Ол не? Ол – егер адам өзінің көзі тірісінде мен әлдеқандай жағдайда органымды донор ретінде алуға қар­сы­мын деп үй­лестіру орталығына жаз­баша өтініш қалдырмаса, ол келісімін бер­ген болып есептеледі. Мысалы, кө­лік апатынан, оқыс бір жағдайдан жан­сақтау бөлімінде адамның миы өлді де­ген дигноз қойылса, жоғарыдағы ба­задан қаралады. Қарсымын деген жаз­басы тіркелсе, еш әңгіме жоқ. Ал егер ж­азбаған, тіркелмеген болса, ол ық­ти­мал донор болып есептеліп, туыс­қан­да­ры­нан келісім сұралады. Отба­сын­дағы 10 адамның 9-ы келісіп, 1-уі келіс­пеген жағ­дайда орган алынбайды. Ал заң бо­-

й­ын­ша алуға еш тыйым жоқ екен.

– Біз, дәрігерлер оған бармаймыз, тіп­ті соттасып жатса,  жеңіп шығар едік, бірақ ол қаншама жүйке кететін, жұ­мыстан алаңдататын, кедергі болатын іс. Сондықтан жақындарының ке­лі­сімсіз орган алынбайды. Жалпы, қа­зір­гі донорлардың дені – туысқандар. Және бір айта кетерлігі, біздің елімізде донор тек тікелей генетикалық туыс бол­у қа­жет деген қатып қалған заң жоқ. Мы­салы, әйелінің туыстары да донор бола алады, бірақ бұл жерде орган сату деген мәселе бар. Біз, дәрігерлер орган саудаланбайтынын білеміз, сол себептен нотариуспен бекітілген тегін, туысқан ретінде органымды беремін деген құжаттың сыртында донормен әңгіме міндетті түрде өткізіледі. Бір жағынан, туыстан алынған орган сапалы, бірақ ол сау адамның қос бүйрегінің біреуін алып, туысына салудың өзі амалсыздың ісі ғой, − дейді Ғани Мұратұлы.

Біз балаларға қатысты орган ауыс­ты­ру мәселесін де сұрадық. Жалпы,  елі­­мізде заң бойынша 18 жасқа тол­ма­ған жан донор бола алмайды.  «Балаларға үлкен адамның бүйрегін, бауырын салуға болады, ал ересек адамның жүрегі балаға келмейді, көлемі үлкен. Сондықтан, кішкентай балаларға дертті жүректі алмастыру мүмкін емес. Шет елдерде жаңа туып, шетінеп кететін балалардың да органдары алынады, оларда бұл заң­мен реттелген. Періште сәбилер жүректің айықпас дертіне шалдықса, еш көмектесе алмаймыз, бұл да бір үлкен проблема. Мәселен, о дүниелік бір адамның 4-5 адамға жүрек, бүйрек, бауыр, өкпесін тастап кетуіне болады. Қаншама адамға қуаныш сыйланып, бақиға аттанған жан сауап арқалап кетер еді», дейді дәрігер.

Донор сыйға тартқан өмір ерекше қадірлі тәрізді. Себебі, бір ғана адамның емес, екі бірдей пенденің  ағзасында қызмет етіп, бірінің таусылған тұз-дәмін екіншісіне жалғаудың сыртында қаншалықты жүректің кеңдігі, пейілдің дархандығы жатыр десеңізші?!


Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»




СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

28.06.2017

Үркер-2017. Қазақстан туралы үздік танымдық мақала авторы анықталды

28.06.2017

Жанболат Аупбаев "Үздік журналистік зерттеу" номинациясы бойынша "Үркер" сыйлығын алды

28.06.2017

«Егеменнің» фототілшісі «Үркер-2017» сыйлығын алды

28.06.2017

Елбасы Әсет Исекешевті қабылдады

28.06.2017

Орал қаласының әкімі Нариман Төреғалиев сенатор атанды

28.06.2017

Премьер-Министр Қызылордада «Нұрлы жер» бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты

28.06.2017

«Мерейлі отбасы» лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті

28.06.2017

Премьер-Министр Қызылордада Елбасы Жолдауын іске асыру барысын талқылады

28.06.2017

Биылғы «Қазақстан барысы» турнирінде қандай өзгеріс бар?

28.06.2017

Қызылорда облысында балық экспорты үш есеге артты

28.06.2017

Дәурен Абаев журналистерді мерекемен құттықтады

28.06.2017

Елбасы Астана маңындағы көлдердің туристік әлеуетін арттыру қажеттігін айтты

28.06.2017

Қазақстанда дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы бекітілді

28.06.2017

Үкімет басшысы Сыр өңірінің білім беру саласындағы жобаларымен танысты

28.06.2017

Премьер Қызылордадағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын аралады

28.06.2017

ОҚО-да бюджет қаржысын тиімсіз жарату деректері әшкереленді

28.06.2017

Премьер Қызылордада МӘМС жүйесін енгізуге дайындық барысымен танысты

28.06.2017

Премьер-Министр Сырдария өзеніндегі гидротехникалық құрылыспен танысты

28.06.2017

ҚР Омбудсмені Қазақстандағы Нидерланды Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті

28.06.2017

Қостанайда жаңа басқармаға жаңа басшы тағайындалды

КОЛУМНИСТЕР

Атамұрат  ШӘМЕНОВ,

Кәсіпке баулудың кейбір мәселелері

Елімізде еңбекке қабілетті адамдар саны 9 миллион екен, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 8,5 миллион, 6,3 миллион – жалдамалы жұмыскерлер, 2,2 миллион – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Ал жұмыссыздар 445 мың адам. Ал жұмыспен қамтылған­дар саны жұмысқа жарамды адам­дар санының 67 пайызын құрайды, ал бұл көрсеткіш біз ұмтылып жүрген өркениетті 30 елде орташа алғанда 82 пайызды құрайды. Яғни, Қазақстан үшін халықты шынайы жұмыспен қамту жайы өзекті болып отыр.

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Болашақтың мамандықтары

Білім – шамшырақ. Алдағы жол андыздап көрінеді. Сүрінбейсіз, жортақтауыңыз, желе жортуыңыз, бауырыңызды кең жазған шабысыңыз жиған білімге байла­ныс­ты. Білім – ырыстың тіз­гіні. Ырысты тал бесіктен жер бе­сік­ке дейін іздейтін уақыт туды. Өй­т­кені, білгірге ділгірлік бар. Тес­тілеу қортындысы бойынша жо­­ға­ры оқу орындарына құжат тап­сы­ратын талапкердің өмірлік мақ­­сат-мұратын айқындауы – ел болашағына қосар үлесін ай­қын­да­уы. Сондықтан мамандық таң­дау­ға бейжай қарауға болмайды.

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Қазақ киносы және киноархив

Бүгінгі күн ертең тарих болып қалары сөзсіз. Ертең кешегі күннің ізін іздейміз. Өнерде де дәл солай. Өт­кен күннің іздерін сол күйінде «қал­пына келтіру» арқылы жеке шы­ғар­ма­лардың ғана емес, тұтас бір ке­зең­нің тарихын мейлінше объек­тив­ті түр­де шынайы суреттеуде, зерт­теу­де ар­хивтің, ондағы сақталған ма­те­ри­ал­дардың маңызы орасан зор.

Нұрлан СЕЙДІН, саясаттанушы

Төрағалық табыстары

Қазақстан өзінің Шанхай ынтымақ­тастық ұйымындағы (ШЫҰ) 2016-2017 жылдардағы кезекті төрағалығын үстіміздегі жылдың 9 маусымында Астанада өткен Мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қоры­тын­дылады. Әдеттегідей, еліміз бұл төраға­лыққа үлкен дайындық­пен келіп, ұйымның жаңа сатыға көтерілуіне, аймақ мемлекеттері ара­сын­­дағы саяси-экономикалық, қауіп­сіз­дік және мәдени-гуманитарлық сала­лар­дағы ынтымақтастықты нығай­туға барынша күш салғаны белгілі.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Төрінен қонақ үзілмейтін үлкен үй

Кез келген қаладағы келімді-кетімді жолаушыларға лайықты қызмет көрсетіп, адамдардың демалуы мен жүріп-тұруына жағдай жасау – жауапты міндет. Әлемнің дамыған елдері бұл бағыттағы жұ­мыстарды логистикалық карта аясында жүргізіп, қонақ қабылдау мен қызмет көрсетудің де озық үлгі­лерін қалыптастырып отыр. Яғни, туризмнің дамуына күш, қай­рат, қаржы жұмсау арқылы оны есе­леп қайтарып алу қамында көптеген жұ­мыстар жасалуда. Қуанарлығы, еліміздегі логистика бағытындағы дамыту жұмыстары өз деңгейінде жүріп жатыр. 

Пікірлер(0)

Пікір қосу