Донорларға зәру заман

«Жаман айтпай жақсы жоқ». Қуанышы мен қайғысы аралас өмірде бәрі де мүмкін. Күні кеше күллі халық Жаңа жыл мерекесін тойлап жатқан 1 қаңтар күнгі Шахан кентіндегі апат айтып келді ме?.. Құстың сүтінен басқаның бәрі бар заманда дәрі-дәрмек табылар, қансыраған адамға жан берер сұйық табылмай жататын жайларды бұрын да талай естіп-көргенбіз. Емдеу мекемелерін қанмен және оның құрамдас бөліктерімен толықтай қамтамасыз ету үшін елде мың адамға шаққанда орта есеппен елу донордан болуы керек көрінеді. Ал біздің елімізде бұл күндері мың қазақстандыққа 18 донордан ғана келеді екен.
Егемен Қазақстан
17.01.2017 2453

Ешкімге күштеп қан тапсырта алмайсыз. Статистикалық деректерге сүйенсек, бүгінде елімізде 200 мыңдай тұрақты донор бар. Ал негізі, осыдан жиырма жылдай бұрын олардың саны бұдан үш есе көп болған. Ал қанға деген сұраныс ешқашан азайған емес. Ауру-сырқауларды айтпағанда, көлік те, сәйкесінше әрлі-берлі қозғалыс та көбейген заманда жол апаттарының өзі, шыны керек, ауруханаларды толтырып тұр…

Қан керек болғанда адам тағдырын әр минут шешетіндей қысылтаяң болады. Сондықтан, әсіресе, ірі елді мекендерде бел­гілі мөлшерде қан қоры болуы міндетті. Науқасқа дер кезінде көмек көрсету, оған керекті қан құрамын сәйкестендіріп тауып беру үшін қан орталықтары күн­діз-түні жұмыс істейді.  Қан тапсырушылар мен қан түрлері (топтары) неғұрлым мол болса, ауруханадағы адамның өмі­рін сақтап қалу мүмкіндігі де со­ғұрлым арта түседі.

Қан орталығы қыз­мет­кер­лері күн сайын эри­тро­ци­тар­лық қоспа, қан плазмасын, тромбоциттер мен басқа да құрамдас заттар  даярлайды. Өткен жылы елімізде барлығы 200 мыңға жуық адам қан тапсырған. Содан жасалған препараттармен 75 мың сырқатқа көмек көр­сетіліпті. Қазіргі уақытта Қазақ­станда екі республикалық, 14 облыстық және екі қалалық қан орталықтары жұмыс істеп тұр.

Қарағанды облыстық қан орталығы донорларды ірік­теу бөлімінің меңгерушісі Оксана Чернышованың айтуынша, былтыр өз еркімен қан тапсыруға ­келген 16 600 адамның 2300-дейін медицина қызметкерлері оның денсаулығына немесе бас­қа да дәлелді себептермен қабылдамай, кері қай­тар­­ған. Донор болу үшін әр тілек білдірушінің жасы 18-ден асқан, денсаулығы жарамды және қан орталығы қарайтын облыста тіркеуде болуы шарт. Орталыққа алғаш келген адамның мәліметтері Бірыңғай донор орта­лығының компьютерлік базасы арқылы тексеріледі. Содан соң оны терапевт дәрігер қарап, арнайы зертханалық тексерістен өтеді. Яғни, оның қанына кли­ни­калық, биохимиялық тал­дау жасалып, жұқпалы аурулар вирусының жоқтығына көз жет­кізіледі. Қандай да бір жұқ­­палы сырқаты бар, әлжуаз, ішім­­дік ішкен, наркологиялық дис­пан­сер есебінде тұрған адамдар, екіқабат немесе бала емізетін әйел­дер донор бола алмайды.

Қарағандыдағы Қан орта­лығы былтырғы жылы барлығы 7 миллион литрден астам донор қанын даярлаған. Бір қуанарлығы, өз қанын ақылы негізде тапсырғандар барлық донорлардың 0,6 пайызын ғана (85 адам) құрайды екен. Былтыр 256 адам бір жыл ішінде үш рет келіп қан тапсырса, 3 154 адам қан тапсыруға өмірінде алғаш рет келген.

Әлбетте, қан тапсырушы­лар­дың көпшілігі қан қажет бол­ған жақын-туыстары мен әріп­т­ес­теріне көмек үшін келеді. Де­ген­мен, бұқаралық ақпарат құ­рал­дарынан болған апат туралы естіп, танымайтын адамға көмек үшін келетін жерлестеріміз де баршылық екен.

Айта кету керек, донорларды қайталап қан тапсыруға ынталандыру мақсатында, біреу үшін қан тапсырғандарға 0,25 айлық есептік көрсеткіш, ақылы негізде тапсырғандарға 2-8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде тө­лем жасалады.  Қанды бір тапсырғаннан кейін қайтадан тек арада екі ай өткен соң ғана тапсыруға болады. Алдын ала медициналық тексерістен өту қажет және қан тапсыру күндері донор заңды түрде жұмыстан босатылады және жалақысы сақталады. Берілетін екі күн демалысты бірден немесе еңбек демалысына қосып алуына болады. Тегін және тұрақты қан тапсыратын донорлар «Денсаулық сақтау iciнe қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және Алғыс хатпен марапатталады.

Қарағанды облысының қан орталығы донор болуға насихат жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Түрлі қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындарда қайырымдылық шараларын өткізеді. Әсіресе, қан тобы сирек кездесетін донорлармен жұмысқа көп көңіл бөлінеді. Ондай қаны бар жандар туралы мәліметтер ақпараттар базасына енгізіліп, олармен тұрақты байланыс орнатуға ден қойылған.

Қысқасы, күнделікті тірші­лік­те мән бере қоймайтын осы бір аса қажет қызметтің Қара­ғандыдағы жұмысы қа­лып­ты жүріп жатыр. Сөз басында айтқанымыздай, өмір болған соң, небір жағдай орын алуы мүмкін.  Сондықтан, «Адамның күні адаммен» деген қағиданы ескеріп, жамандықтың алды-артын тұсауға ұмтылайық, ағайын.

Қайрат ӘБІЛДИНОВ,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

25.04.2018

Астанада орталық сараптама кеңесінің кезекті мәжілісі өтті

25.04.2018

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау жұмыстары басталды

25.04.2018

Оралда Мәдениет саласының үздіктері анықталды

25.04.2018

Таңсұлу Алдабергенқызының «Әйелмен әлем әдемі» атты кітабының тұсаукесері өтті

25.04.2018

Қостанайда сенаторлар көшпелі отырыс өткізді

25.04.2018

Облыс мектептеріне тексеру жүргізілетін болды

25.04.2018

Ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына

25.04.2018

Сырттай оқыту қаншалықты тиімді?

25.04.2018

«Жас қанат» жас орындаушы­лар және шоу-бағдарлама жүргізу­шілерінің байқауы өтті

25.04.2018

Шұбайқызылда қызғалдақ фестивалі өтті

25.04.2018

Астанада IELTS сертификатын сатып алған 100-ден астам студент оқудан шығарылды

25.04.2018

Астанада Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығына арналған халықаралық форум өтіп жатыр

25.04.2018

Астанада Ауған соғысы ардагері атындағы қор ашылды

25.04.2018

«Әміре» фильмі: кемшілігі һәм жеңісі

25.04.2018

Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттарын алуға ұсынымдар қабылдау басталды

25.04.2018

Ауыл мен  қауым

25.04.2018

Қазақстан тәуелсіздіктен бері қандай елдермен тиімді құқықтық келісімдер жасасты?

25.04.2018

Заңгер кеңесі: Шаруа қожалығын қалай ашуға болады?

25.04.2018

Госпитальдағы ардагерлердің әңгімесі

25.04.2018

Қазақстанның көктегі көзі – ғарыш қызметін дұрыс пайдаланып жүрміз бе?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ауыл мен  қауым

Ауыл десе теңіздей аласұрып, жү­рек шіркін алып-ұшып тұрады-ау. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Қазақстанның көктегі көзі – ғарыш қызметін дұрыс пайдаланып жүрміз бе?

Жақында отандық телеарналардың бірінен, шамасы бұл Парламенттегі Үкімет сағаты болса керек, еліміздің Ұлттық ғарыш агенттігінің жерді қашық­тық­тан зондтауға (байқауға) қатысты түсірілімдерінің сапасы туралы әңгіме болды.

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Киберспортпен күнелткендер

Балаңыз телефон немесе теледидар арқылы түрлі ойындар ойнаса аса қатты қорықпаңыз. Ол қазір еріккеннің ермегі емес. Мұны қазіргі жаһанданған әлемде киберспорт деп атайды. Ғаламтордың дамуымен бірге бұл спорт қазір елімізде де белең ала бастады.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Не ішіп-жеп жүрсіз, ағайын?

Жақында Астананың ірі азық-түлік дүкенін аралап жүріп бір қыздың атағы бүкіл Қазақстанға танымал мүйізі қарағайдай компанияның сүтін іздеп таба алмай, ол неге жоқ деп жағалай сұрап жүргенін кө­ріп қалдым. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Тажалға қарсы табанды күрес керек

Ашығын айту керек, есірткі мәселесі біздің елде өте күрделі. Ол небір отба­сының шаңырағын шайқалтып, айық­пас кеселге ұшыратып жатыр. Сондықтан да Елбасы «Таразының бір басында оны әкеліп, тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның  «көмегімен» қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр» деді.

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу