Екі мың теңге

Қайбір күні екі-үш ауданды аралап, Таразға кештетіп жеттім. Көлігімді жуатын орынға қойдым да, кілтті көлік жуушы жігітке ұстатып, асығып мешітке қарай жүгірдім.
Егемен Қазақстан
20.01.2017 915

Мешіттен шыққаннан кейін ауладағы діни кітаптар сататын шағын дүңгіршектің қасынан өтіп бара жатып, бір кітапқа көзім түсті. Қайрат Жолдыбайұлының кітабы. Негізі осы жігіттің жазғандары, ойлары, пайымдары ұнайды. Содан ішке кіріп бағасын сұрадым. 1400 теңге тұрады екен. Тағы мұсылманша күнтізбе алдым. Одан сатушы жігіттің майдасы болмай, тағы бір заттарды қосып, тура екі мың теңгеге сауда жасадым.

Пендеміз ғой… Үй тола кітап. Оқып жатқаным да шамалы… «Екі мың теңгеге одан да көлігіме бензин құйған да болар ма еді, әлде үйдегі бала-шағаға бірнәрсе алған да болар ма еді?» деген де ой келді. Сол заматта-ақ «Бұл кітаптарды кейін аламын» деп, сатушыдан ақшамды қайтарып алғым да келді ме?!. Әйтеуір әрі-сәрі боп тұрып қалғаным рас. Бірақ ұялдым.

Сонымен кітаптарды құшақтап, көлігіме келсем, жігіттер айнадай жарқыратып аулаға шығарып қойыпты. Кілтті алып жатсам, көлік жуған жігіт «Аға, салоннан мынаны тауып алдым» деп, қолыма екі мың теңге ұстатады.

– Тауып алғаны қалай?

– Орындығыңыздың жанында қыстырулы тұр екен.

Сол кезде есіме түсті. Алыс ауданнан келе жатып, жол-жөнекей қол көтерген үш жігітті ала кеткен болатынмын. Танысып, жап-жақсы әңгімелесіп келдік. Қалаға келген соң олар осы теңгені ұзатқан.

– Жігіттер, жол қысқарып, жақ­сы әңгімелесіп келдік. Ақша­ларыңа рахмет,  – деп, қолдарын қайтарғанмын. Сөйтсем жүк салғыш­тан сөмкелерін алып беріп жат­қанда ол жігіттер ақшаны орын­дықтың жанына қыстырып кеткен екен ғой.

«Ой, Алла-ай!» деп, әлгіндегі пендешілік қылығыма қатты қысылдым.

Оралхан ДӘУІТ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2017

Абаев Қазақстан мен АҚШ президенттерінің телефонмен сөйлесуіне пікір білдірді

21.09.2017

Дәурен Абаев: ИЫҰ саммитінің мәртебесі ЕҚЫҰ саммитінен кем түспейді

21.09.2017

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор - министр Абаев

21.09.2017

Ұлттық ұланның халықаралық турнирі басталды

21.09.2017

ОҚО-да ЭКСПО-2017 көрмесіне атсалысқан ерікті жастар марапатталды

21.09.2017

Астанада EXPO-2017 көрмесінің 16 «жасыл» жобасы іске асырылмақ

21.09.2017

«Kostanay Invest–2017» инвестициялық форумында 26  меморандумға қол қойылды

21.09.2017

Келер жылы мектеп бағдарламасына қоғам және дінтану сабағы енгізілуі мүмкін

21.09.2017

Қазақстанда қалайы өндіруге салық мөлшері азайтылмақ

21.09.2017

Біртанов МӘМС бойынша жиын өткізді

21.09.2017

Чемпиондар лигасының 2019 жылғы финалы Мадридте өтетін болды

21.09.2017

Жас журналистерге арналған жоба іске қосылды

21.09.2017

Студенттерге елордадағы хостелдерден жеңілдік ұсынылды

21.09.2017

«Zhangyru» корпоративтік оқыту» жобасына іріктеу басталды

21.09.2017

ЭКСПО-2017 Маңғыстау облысына қуатты серпін берді - Е.Тоғжанов

21.09.2017

Отбасылық еңбек өтілі 100 жылдан асқан ұстаздар марапатталды

21.09.2017

Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен партиялық тыңдау өтті

21.09.2017

Мемхатшы әлеуметтік қамсыздандыру мәселесін талқылады

21.09.2017

Астана әуежайындағы автотұрақ бағасы арзандайды

21.09.2017

Сағынтаев экономика мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің кезекті отырысын өткізді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан»

Сапасыз білім сан соқтырады

Спортшылардың «спорттық ғұ­мы­ры» қамшының сабындай қыс­қа. Жұрттың бәрі Головкиндей отыз­дың жуан ортасында жай оғындай жар­қылдап жүрмейді. Жасы келіп, күш-қуаты кемігенде боксшы қолғабын, фут­­болшы бутсысын шегеге іледі. Иә,­­ талай жылғы серігімен қош ай­­­тыс­қан ардагер спортшының қай-­қайсысы болса да «Әрі қарай не­ істеймін?» деген тағдыршешті сұрақ­қа түбі бір маңдай тірейді. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Өрелі өрен іздеймін

Халқымыз  «Ұлың өссе ұлық­ты­мен, қызың өссе қылықтымен ауылдас бол» деп бекер айтпаған. Өйткені, жа­ңа көктеп келе жатқан жас шыбық қа­тарына қарап бой түзейді, бір-бі­рінің ойын байытады немесе кері әсерімен қисық, қыңыр болып өсуіне де әсерін тигізеді. Қанатты сөз осындайларды көріп ой түйгеннен туса керек.

Ғалым ОМАРХАН, «Егемен Қазақстан»

Такси мен «тәбет»

Астанадағы автобустардың қыз­мет көрсету сапасы жайлы мақала шық­қан­нан кейін («Қоғамдық көлік және жолаушы мәдениеті», «Егемен Қазақ­стан», 7 қыркүйек, 2017 жыл) бірнеше оқырман хабарласып, «Так­сист болып бір-екі күн жұмыс істеп көріңізші, біраз мәселеге қанығар едіңіз» деп ой тастады. 

Жанат МОМЫНҚҰЛОВ, Сарапшы

Қазақстанның миссиясы айқын

Еліміздің сыртқы әлемдегі абы­рой-атағы мен халықаралық бе­делі жүзеге асырылып жатқан ірі­ бас­тамалар мен кең ауқымды іс-шаралардан көрініс тауып, өзі­нің тиісті бағасын алып отыр. 

Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ, кинотанушы

Рухани айналымға түспеген фильмдер

Кино туралы сөз қозғалса, жұрттың назары әсіресе тарихи-биографиялық, комедиялық фильмдерге көбірек ауатыны белгілі. Қоғамдық пікір негізінен осы екеуінің айналасында өрбіп жатады. Қазіргі біздің жағдайы­мыз да дәл осындай. Оның себебі түсі­нік­ті ғой.  

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу